«Ақниет» шағын орталығы
«Қош келдің, мол ырысты-алтын күз!»
( Ертеңгілік )
Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы,
Қожакент ауылы И.Әбдікәрімов
атындағы №168 орта мекетбінің
жанындағы «Ақниет» шағын орталығының
тәрбиешісі Карарова Жулдызай Балтакожаевна
Қошкелдің, молырысты-алтын күз!
Зал іші алтын, сары, қоңыр түсті жапырақтармен безендірілген, сахна жаққа алма,алмұрт ағаштарының макеті қойылған. Қабырғаларға шарлар, күз мезгілінің бейнесі салынған плакаттар ілінген. Жоғарыға ұшып бара жатқан құстар макеттері ілінген.
Жүргізуші:
Сарғайды тоғай
Сап – сары маңай.
Соңғы әнін айтып
Құс кетті қайтып.
Жаздай күткен бәріміз,
Сары алтын, сары күз.
Алтын ұя бақшада,
Күтіп алар шағымыз.
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар?! Бүгінгі «Қош келдің, мол ырысты – Алтын күз!»атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Қошеметпен «Ақниет» шағын орталығының тәрбиеленушілерін қарсы алыңыздар!
(Балалар қол ұстасып, музыка әуенімен залға кіріп, келген қонақтармен амандасады.)
Жүгізуші:
Арайлап таң аттып,
Алтын сәуле тараттып,
Бақшамыз бір тойласын,
Мерекемен жайнасын,
Әнмен бүгін бастайық,
Қол соғып бір қоштайық.
(Сахнаға қыздар шығып, ән айтады)
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»
Жүгізуші:
Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер оны табуға тырысыңдар:
Бозарып дала,
Тоңады бала,
Астығы піскен,
Жапырағы түскен, – бұл қай мезгіл балалар?
Балалар:
Күз мезгілі
Жүргізуші:
Дұрыс, осы күз мезгілінің мерекесін тойлап отырмыз. Бүгін бізге үлкен қонақ келеді. Ол «Күз ханшайымы». Қонағымыз тез келсін десек, оны дауыстап шақырайық.
Балалар:
«Күз ханшайымы». . .
(Залға әсем әуенмен, жапырақ шашып «Күз ханшайымы»кіреді )
Күз ханшайымы:
Уа, халайық дархан далам армысың,
Табиғатым, жаны жайсаң тал мүсін.
Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып, бар халқымның алғысын.
Сәлеметсіңдер ме, кішкентай балақайларым. Мен сендерді көріп тұрғаныма, өте қуаныштымын.
Жүргізуші:
Қош келдіңіз, «Күз ханшайымы», төрлетіңіз! Біздің балалар сізге арнап өздерінің жан –жақты өнерлерін дайындап отыр. Соны тамашалаңыз.
Күз ханшайымы:
Әрине, балалар, мен сендердің өнерлеріңді сүйсіне тамашалаймын.
Жүргізуші:
Өлең – тақпақтарымызды қабыл алыңыз.
1-бала:
Сарғайды тоғай
Сап – сары маңай.
Соңғы әнін айтып
Құс кетті қайтып.
2-бала:
Күзім ау, күзім ау,
Мінезің бұзық ау.
Жаңбырың сіркіреп
Келгенің қызық ау.
3-бала:
Ой, балалар, балалар,
Қурап жапырақ солыпты.
Қоңырқай күз болыпты.
Ел егінің орыпты.
4-бала:
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жыйнауға
Шақырады біздерді.
5-бала:
Бұлт ауады аумаққа
Күз келіпті бау-баққа.
Жаздай піскен жаңғақ та,
Шашылады жан-жаққа.
Күз ханшайымы:
Бәрекелді, балалар. Қазір мен сендерге жұмбақтар жасырайын:
Ағайынды бәрі,
Жазда жасыл ,
Күзде сары.
Балалар:
Жапырақ
Күз ханшайымы:
Тырс-тырс етіп тамады,
Сайға қарай ағады.
Балалар:
Жаңбыр.
Күз ханшайымы:
Жақсы, балалар, өздерің тапқыр екенсіңдер. Жаңбыр күз мезгілінде жиі жауып тұрады. Маған айтыңдаршы сендер жаңбыр жауғанда қандай киім киесіңдер?
Күз ханшайымы:
Күрте, резеңке етік.
Күз ханшайымы:
Қолымызға не ұстаймыз?
Балалар:
Қолшатыр
Күз ханшайымы:
Дұрыс, айтасыңдар.
Жүргізуші:
Күз ханшайымы, біздің арулар қолшатырды тек ұстап қана қоймайды,
билейде алады.
Күз ханшайымы:
Олай болса, билеп берсін.
Би: «Қолшатыр»
Күз ханшайымы:
Биді керемет биледіңдер. Мен енді сендермен ойын ойнайын. Бұл ойын ның күз мезгіліне көп қатысы бар. Өйткені көптеген жеміс – жидектер,
көкөністер осы уақытта пісіп жатады.
Дидактикалық ойын:«Көкөніс пен жемісті танисың ба?»
Ойынның шарты: Төрт бала екі топқа бөлінеді. Бір топ себеттен ұстау, иіскеу арқылы бананды алса, екінші топ сәбізді алып шығулары тиіс.
Жүргізуші:
Күз ханшайымы, біздің балалар ойынды қалай жақсы ойнаса, көкөніспен жеміс туралы тақпақтарды да жақсы айтады.
Күз ханшайымы:
Олай болса, тыңдап көрейік.
(Балалар сахнаға шығып тақпақ айтады)
Өлең-тақпақтар:
6-бала:
Асқанадан шықпаймын,
Атым пияз бұқпаймын.
Көзден жасты шығарып,
Тұмаудан да сақтаймыз
7-бала:
Мынау шие шырағым,
Қызыл болып піседі.
Тезірек жинап алмасаң,
Торғайдың көзі түседі.
8-бала:
Мынау анар құлыным,
Қабығы қалың болатын.
Мөлт-мөлт еткен түрлері,
Моншақты еске салатын.
9-бала:
Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды,
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз.
10-бала:
Картоп – біздің атымыз,
Жер астында жатырмыз.
Бір тамырдан тараған.
Ағайынбыз бәріміз.
11-бала:
Мынау – өрік күнім,
Ерте ашар гүлін.
Қара өрік, сары өрік,
Ектім екі түрін.
12-бала:
Күзді күтіп жатырмын,
Жиып нәрді бойы ма.
Асқабақпын, жараймын,
Қыстай сақтап қоюға.
13-бала:
Иісім жұпар аңқыған,
Бақшадағы шырынмын.
Жеп көргендер тамсанған,
Балдай тәтті қауынмын.
14-бала:
Мынау-алмұрт ақылдым,
Күзде жинап алатын.
Балбыраған біреуін,
Жесең тойып қаламын.
15-бала:
Көрсең егер бақшада,
Доп екен деп қалма.
Шөл қандырар қарбызбын,
Ерте үзіп алма.
Жүргізуші:
Өлең – тақпағымызды әсем әнмен жалғастырайық.
Ән: «Күз»
Күз ханшайымы:
Рахмет, балалар, қандай тамаша ән.
(Осы кезде есікті қағып, хат тасушы залға кіреді.)
Хат тасушы:
Сәлеметсіздер ме, балалар! Менен орман құстары мына хатты сендерге апарып беруін сұрады.
Жүргізуші:
Әкеліңіз, хатта не жазылғанын бәріміз бірге оқиық.
«Амансыңдар ма, сүйкімді балақандар. Сендердің өте мейірімді балалар екендеріңді естідім. Сондықтан сендерге хат жазып отырмын. Мен, тырна – деген құспын. Балалар мен осы жылы кішкене ауырып, жылы жаққа ұшып кете алмадым. Қазір осы орманнан, жылы ұя таптым, осы ұяға жұмыртқаларымды тасуға көмектесулеріңді сұраймын.»
Күз ханшайымы:
Әрине, біз көмектесеміз.
Ойын: «Жұмыртқа тасу»
Ойынның шарты: Балалар бір ұядан, екінші ұяға қасықпен жұмыртқа апарулары керек. Жұмыртқаны қолмен ұстауға болмайды.
Күз ханшайымы:
Балалар, тырна бізге риза болған шығар. Балақандар енді менің сендермен қоштасуым керек, басқа шағын орталықтағы балалар күтіп отыр.
Жүргізуші:
Күз ханшайымы, біздің балалардың сізге арналған соңғы қоштасу биін қабыл алыңыз.
Күз ханшайымы:
Бұл балалар өздері бір керемет, өнерлі балалар болды.
Би: «Қоштасу вальсі»
Күз ханшайымы:
Көп-көп рахмет, балалар. Өнерлерің өрге өссін, әрқашанда осындай әдемі, ұқыпты, мейірімді болып жүріңдер. Менің сыйлығымды ала қойыңдар.
(Күз ханшайымы балаларға сыйлығын таратып беріп, қоштасып залдан шығып кетеді)
Жүргізуші:
Алма өрік қамбаларға,
Толтырды әкеп, Алтын күз.
Бұлтта болып қамбалырға,
Байланыпты, Алтын күз.
Дастарханда таба нанға,
Айналыпты, Алтын күз!
Құрметті ата – аналар, келген қонақтар сіздерге күз мезгілі ырысы мен берекесін мол әкелсін! Осымен бүгінгі мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Келесі кездескенше сау болыңыздар!
(Балалар қонақтармен қоштасып, музыка әуенімен қол ұстаса залдан шығып кетеді.)
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз