Материалдар / Қосылыстар мен бекіту бұйымдары туралы жалпы түсінік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қосылыстар мен бекіту бұйымдары туралы жалпы түсінік

Материал туралы қысқаша түсінік
Берілген әріптер бойынша тігінен 5 сөз және көлденеңнен 5 сөз табу керек. Әр сөз әртүрлі түспен боялған. Жауабы: Турбина, поршень, энергия, компрессор, қысым, дроссель, отын, мұнай, фракция, мазут.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қаңтар 2023
152
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің

арнайы пән оқытушысы Джигитекова Акгуль Амиралиевна


Сабақ жоспары


Пән: Техникалық механика негіздері

Топ: 3 ОРТ-19-1

Күні: 6.04.22.ж.

Өткізілетін орны: 314 ауд.

Сабақтың тақырыбы: Қосылыстар мен бекіту бұйымдары туралы жалпы түсінік

Сабақтың мақсаты:


Білімділік: Студенттерге машина бөлшектерінің қосылыстары туралы теориялық білімдер беру, ережелерімен танысып, логикалық схемаларды құрастыруды үйрету.


Тәрбиелік:Өндірісте қолданылатын техникалық құрал-жабдықтар туралы білімдерін кеңейту, ой-өрісін дамыту.


Дамытушылық:Машина бөлшектерінің қосылыстарын жұмыс барысында ұқыпты пайдалануға, сақтауға тәрбиелеу.


Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, бейне фильм.

Сабақтың түрі:қорытынды сабақ


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі(3 мин)

1.Студенттердің сабаққа қатысуын тексеру. Аудиторияның сабаққа даярлығын тексеру.

2. Сабақтың мақсатымен таныстыру

3. Топтардың сәлемдесуі


ІІ. Негізгі бөлім (білім алушылардың сайысы)

Сайыс кезеңдері:

  1. «Қызығуын ояту» (5 мин)

  2. «Брейн – ринг» (15мин)

  3. «Кім жүйрік» (7 мин)

  4. «Сандар сөйлейді» (5минут)

  5. «Түрлі түсті фильворд» (10 минут)

  6. «Терминологиялық сергіту» (8 минут)

  7. «Мағынаны ажырату» (15минут)



ІІІ. Қорытынды

3.1. Қазылар алқасына сөз беру ( 4 мин)

    1. Бағалар қою (2 мин)

    2. Үй тапсырмасы (2 мин)



Сабақтың барысы


І. Ұйымдастыру кезеңі


1.1. Кіріспе.

Танымдық бейнефильм арқылы білімдерді жүйелендіру (10 минут)

«Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік

Білімге сенген заманда қапы қалып жүрмедік» дегендей ойын жарыс сабағын өткіземіз.

Жарысқа «Берілістер» және «Қосылыстар» атты 2 топ қатысады.

Сабақ жарыс түрінде өтеді. Ол 7 кезеңнен тұрады

    1. «Кристограммалық тест»

    2. «Брейн – ринг»

    3. «Кім жүйрік»

    4. «Сандар сөйлейді»

    5. «Түрлі түсті фильворд»

    6. «Терминологиялық сергіту»

    7. «Мағынаны ажырату»


Студенттердің білімін бағалау 5 баллдық жүйемен жүреді.

Әділ қазылар алқасымен таныстыру.

1.2. Топтардың сәлемдесуі

Әр топ өздерінің топтарының атымен, ұранымен, мақсатымен таныстырады.

(Топтардың сәлемдесуі 5 баллдық жүйемен бағаланады.)


ІІ. Негізгі бөлім (студенттердің жарысы)


  1. «Кристограммалық тест»(7 минут)


Басқан бетін құмдар, Мұнда болған кім бар?

Бұл ойында Иә, Жок деген жауап арқылы сұрақтарға жауап береді. 2 топ кезек кезекпен айтады және бірін бірі қайталамауы тиіс. Әр топқа 2 минуттан беріледі.

Ең көп кен орнын айтып шыққан топқа қызыл жетон, 2 ші көк жетон алады.

1.

Тісті берілістердің қуаты

100 мың кВт дейін

2.

Тісті берілістердің түрлері

Белдікті, фрикционды

3.

Тісті берілістердің жылдамдығы

200 м/с дейін

4.

Тістерінің саны аз тісті дөңгелекті

дөңгелек

5

Тісті берілістердің негізгі элементтері

Тіс саны, модулі


2. «Брейн – ринг» ойыны (15 минут)


Ойынға қатысушыларға нөмер жазылған жетондар таратылады. Әрбір топ жеке үстел басында отырады. Үстелдің үстінде үстелдің сілтемесі және 6 бөлікке бөлінген жаймалар: осы карталардың үстіне тапсырма жазылған карточкалар ретпен қойылады: 1-ші. 2-ші, 3-ші деңгей сұрақтары. Әр бөлікке бір сұрақтан. Үстіңгі сұрақтарға жауап беруден басталады.

Жүргізуші жайманы жаяды. Мысалға «2» саны түссе, яғни 2 нөмерлі ойыншы жауап береді. Егер жауап толық болмаса, онда кез келген ойыншы оны толықтырып, жарты фишка алады. Уақыты 15 минут.


Сұрақтар

Жауабы


1.

Тісті берілістердің негізгі артықшылығы

Жоғары КПД таратқышы (0,97-0,98)

2.

Тісті берілістің негізгі кемшілігі

Берілісті жинау және дайындау

3.

Конустық беріліс түрлері

Қиғаш, айналма, түзу тісті

4.

Қосылыс түрлері

Ажырайтын, ажырамайтын

5.

Әр бөлшегін бөлек шешіп алуға болатын бөлшектердің біріктірілуі

Ажырамалы қосылыс

6.

Ажырамайтын қосылыс

Тойтармалы қосылыс

7.

Тойтармалы қосылыстар қолданылады

Прокатталған профильдерді қосу үшін

8.

Түйінді бөлшектеу тек бекітуді немесе бөлшектердің өзін бұзу кезінде ғана мүмкін бөлшектер қосылысы

Ажырамайтын қосылыс

9.

Төсеме деп аталатын бастиегі бар цилиндрлік өзек

тойтарма

10.

Шпонка түрлері

Призмалық, сегменттік, үшкіл сынама



  1. «Кім жүйрік» ойыны (7 минут)


Топқа тапсырма: топтарға әр түрлі қосылыстар мен берілістердің схемалары мен суреттері беріледі. Сол схемалардың атын атау керек.



  1. «Сандар сөйлейді» ойыны (5 минут)


Ойынның мақсаты тақтада керекті ұяшықтарды таңдайды. Әр ұяшықта теориялық механика заңдарынан сұрақтар беріледі.


  1. Ажыратылатын қосылыстарға қандай қосылыстар жатады ? (Жауабы: шпондық, шлицтік және бұрандалы)

  2. Ажырамайтын қосылыстарға жатады? (Жауабы: пісіріп қосу және тойтарма)

  3. Айналмалы қозғалыс берілістері?

( Жауабы: тісті,червякты, бұралмалы берілістер)

  1. Берілістерді қызметтен өткізетін түйіндер мен бөлшектер? (Жауабы: біліктер мен муфталар )

  2. Білік пен ступицаның түйісуін жүргізу үшін қолданылады? (Жауабы: шпонка)

  3. Шпонка түрлері? (Жауабы: призмалық, сегментті, цилиндрлік, клинді, тангенциалды

  1. «Түрлі түсті фильворд» ойыны (10 минут)


Берілген әріптер бойынша тігінен 5 сөз және көлденеңнен 5 сөз табу керек. Әр сөз әртүрлі түспен боялған.

Жауабы: Турбина, поршень, энергия, компрессор, қысым, дроссель, отын, мұнай, фракция, мазут.


  1. «Терминологиялық сергіту» ойыны. (8 минут)

2 топ кезек кезектеп берілген термин сөздерінің анықтамасын айтады. Шпонка, призма, белдік, бұранда, болт, гайка


  1. «Мағынаны ажырату» ойыны. (15 минут)

Әр топқа дайын мәтін таратылады. «Берілістер » «Қосылыстар». Әр топ мәтімен танысады, талқылайды, Презентация жасайды. (10минут)



ІІІ. Қорытынды (8 минут)


3.1. Қазылар алқасына сөз беріледі

3.2. Бағалар қою

3.3. Үй тапсырмасы

  • Тақырыптық тезаурус (тақырып бойынша негізгі ұғымдарды ретке келтіру) жасау.

  • Формальдық – логикалық модель (мәтіннің сызбасын) жасау.

Конспекті бойынша тақырыпты шолып шығу

Кочин Н.С. «Техникалық механика негіздері» Оқулық. – Астана Фолиант 2010ж.








































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!