Материалдар / Қосымша білім беру- заман талабы.

Қосымша білім беру- заман талабы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Кез келген тәлім-тәрбие жүйесі мемлекеттің, жеке адамдардың, әлеуметтік-рухани қажеттілігін іске асыру үшін құрылатыны сияқты, қосымша білім беру ұйымдары да қазіргі тәлім-тәрбие берудің зәру мәселелерін шешуге бағытталған. Бұл процесс, бір жағынан, балалар мен ата-аналардың тәрбиелік талабына бағытталған, екінші жағынан, қосымша білім беру педагогының өзінің педагогикалық потенциалын толығырақ іске асыруға ұмтылудан туындап отыр. Осыған байланысты мектептен тыс мекемелердің мәртебесі, олардың жұмыс формалары мен мазмұнын жаңарту процесі жүруде.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Ақпан 2023
181
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қосымша білім беру- заман талабы


Омарова Айгуль Алтынбекқызы

Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы ЖОМ

Қосымша білім беру педагогы



Әрбір жеке адамның тұлғалық дамуын қалау, дамыту міндеттерін жүзеге асыру мақсатында үздіксіз білім берудің қосымша дамыту бағдарламасында қосымша білім берудің орны мен рөлі жаңа талаптарға сай белгіленеді. Қосымша білім беру педагогының білім және тәрбие берудегі педагогикалық процестің үздіксіз жүйесін нәтижеге бағыттайтын тұлға ретінде қарастырған жөн.  

Кез келген тәлім-тәрбие жүйесі мемлекеттің, жеке адамдардың, әлеуметтік-рухани қажеттілігін іске асыру үшін құрылатыны сияқты, қосымша білім беру ұйымдары да қазіргі тәлім-тәрбие берудің  зәру мәселелерін шешуге бағытталған. Бұл процесс, бір жағынан, балалар  мен ата-аналардың тәрбиелік талабына бағытталған, екінші жағынан, қосымша білім беру педагогының өзінің педагогикалық потенциалын толығырақ іске асыруға ұмтылудан туындап отыр. Осыған байланысты мектептен тыс мекемелердің мәртебесі, олардың жұмыс формалары мен мазмұнын жаңарту процесі жүруде. Елдегі терең демократиялық жаңғырулар, оның әлеуметтік-экономикалық құрылымын қайта құру, әлем қоғамдастығындағы тәлім-тәрбие беру процесінің даму тенденциясы, халықтардың гүлденуі мен қоғамның дамуындағы өзгерістер тәлім-тәрбие берудің стратегиялық мәнділігін растап отыр.

Осы жағдайдан туындаған  еркін, шығармашыл, іскер адамды қалыптастыру, өзін-өзі айқындап, өзін-өзі жетілдіріп отыратын тұлға тәрбиелеудің өткір  талабы бұл бағыттағы педагогтардың  ғылыми зерттеуінің негізі бағытына айналуда. Аталған мақсаттарды іске асыру дегеніміз – оқу мен  тәрбиенің әдістері мен формаларына, мазмұнына мүлде жаңа көзқарастың  қажеттілігін айқындады. Мұның мәнісі – білім беру мен тәрбие процессінің  ең басты мақсаты – адам, оның қызығушылығы, талаптары мен мүмкіндіктерін ашып оның қанағаттануын қамтамасыз ету. «Білім және тәрбие жүйесінің басты  міндеті адамның қалыптасуы, дамуы  мен кәсіби бағытталуын, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым  мен практика жетістіктері негізінде  жүргізуге қажетті жағдайларды жасау» болып табылады [4].

Адам тәрбиелеудің тұтас  жүйесін айқындайтын әлеуметтік институттар арасында қосымша білім  беру ұйымдарының  маңызды роль атқаруының себебі, өсіп келе жатқан ұрпақтың қоғамның мәдениетіне рухани құштарлығын  оятып, олардың дара қабілеті мен  дарынын дамытуға, оларды жасауға  араласуына еркін мүмкіндік тудыруында. Сондықтан да қосымша білім беру дәл осы мектептен тыс  мекемелер базасында пайда болды.

Қазіргі жағдайда ұрпақ тәрбиесі оны ұйымдастырумен айналысатын  құрылымдардың қызметін жаңа үлгіде ұйымдастыру қарқын алуда.  Сайып  келгенде дамудағы нарықтық қатынастағы  араласуға дайын болашақтың адамдарын  тұлғалық, интеллектуалдық, кәсіби сапалық  жағынан әлемдік бәсекеге қабілетті  етіп даярлау мемлекеттің басты  саясатына айналды. Нарық экономикасының талабына сай өркениетті қоғамның ерікті, өз бас бостандығын қорғай алатын, бүкіл адамзаттық құндылықтарды  бағалай білетін, білімді, мәдениеті  жоғары, жан-жақты жарасымды, тұлғалық болмысын іс-әрекет процесінде көрсететін қасиеттері қалыптасқан, жаңаша ойлау  қабілеті дамыған, дені сау тұлғаны  тәрбиелеу Қазақстан республикасы тәрбие институттарының басты міндеті  болып отыр.

Көрнекті педагог Н.К.Крупскаяның  басым еңбектері мектептен тыс  жұмыстарының ерекшеліктеріне және бала тәрбиесіне арналған. Н.К.Крупскаяның  пікірінше, жақын адамдарының қызметі  – балалардың айналадағы дүние жайындағы  нақты білімдерінің алғашқы қайнар көзі, адамдар мен олардың еңбегіне деген оң көзқарасқа тәрбиелеудің құралы. Баланы танып білу үшін жастың психофизиологиялық ерекшеліктері, баланың жеке басының  ерекшеліктері және әлеуметтік ортаның  зерттелуі тиіс. Қоршаған ортаны танумен  айналысатын кезең, ол балалық шақ  екенін еш уақытта ұмытпауымыз тиіс. Ойнағанда, сурет салғанда, бірдемені  домдап жасағанда жас бала өзінің алған әсерлерін білдіруге тырысады, сол арқылы оларды игеріп, тереңдетеді, айналадағы заттар мен құбылыстар жайындағы  түсініктер шеңберін бекітеді [39,85б.]. Сонымен қатар балаларды томаға тұйықтыққа, шындық болмыстан қол үзушілікке жол бермеу үшін балалардың шығармашылық қабілетін, дербестілігін, жақсы қасиеттерін ашып, олардың дамуына ықпал жасауымыз керек. Осы орайда әсіресе көркемдік тәрбиенің маңызды жағын атап өтуге болады. Ол – баланың өзінің алған әсерлері мен бастан кешкен сезімдерін ән, би, сурет арқылы білдіруі. Сонымен бірге көркемдік тәрбие – айналадағыны қабылдаудың аса маңызды арналарының бірі. Әдебиеттегі, музыкадағы, қыл қалам туындыларындағы көркем бейнелер  өздерінің эмоциялық әсерлерінің арқасында шындық болмысты неғұрлым тереңірек ұғынуға жәрдемдеседі.

Балалар мен жасөспірімдер  қосымша білім беру ұйымындағы әртүрлі  шараларға қатыса отырып, өздерінің  шығармашылығын дамытуға, қабілеттерін іске асыруға, білім беру бағдарламаларын  еркі бойынша таңдауына және нұсқаусыз  меңгеруіне толық мүмкіндік алады. Қосымша білім беру процесінде балалар  мен жасөспірімдердің ортақ мүдделері  негізінде гуманистік құнды бағдарлардың қалыптасуы айтарлықтай қарқынды және мақсатты өтеді. Себебі қосымша білім  беру ұйымдарында білім беру ісінің әртүрлі формалары қол бос  уақытты тиімді пайдаланудағы қызмет түрлерімен органикалық байланыста іске асырылады. Осыған орай балалар  мен жасөспірімдердің жұмыс бастылық мәселелері шешіліп, олардың девиантты  мінез-құлықтарға бой алдырмауына  мүмкіндік жасалады. Қосымша білім  беру ұйымдары өзі қызмет көрсетететін жердегі тұрғындардың мәдени-ағарту жұмыстарда атқарылатын іс-шаралардың өзара әрекеттік сипатын ашуға  да септігін тигізеді. Қосымша білім  беру ұйымдарға тән өзіндік ерекшеліктер мұндағы жұмыстарға балалар мен  жасөспірімдердің өз еркі және және талғамы  бойынша қатысуын қамтамасыз ете  алады. Мұндағы педагогикалық әсерге әртүрлі кәсіп және жас деңгейіндегі адамдар тобы мүдделері бірлігінің қалануы мен жұмыс мазмұндарының  алуан түрлілігін, оның формалары  мен түрлерінің көптігін де жатқызуға  болады.

Сонымен, қазір елімізде қысқа уақыт аралығында барлық тәлім-тәрбие беру жүйесінде оң өзгерістер іске асырылуда. Болып жатқан өзгерістер қосымша білім берудің, оның негізгі  субьектісі – мектептен тыс ұйымдар  қызметінің өзектілігін арттыра  бермек. Өйткені қосымша білім  беру ұйымдары жалпы білім беретін  мектептермен, басқа да білім беру орындарымен бірлесе отырып, еліміздің  әлеуметтік-мәдени және жалпы білім  беру кеңістігінде әртүрлі деңгейлік  және бірыңғай үздіксіз білім беру жүйесін құруда. Қосымша білім  беру ұйымдары білім беруде:

баланы шығармашылық белсенділікке, өз бетінше білімін жетілдіруге ынталандыратын;

білім мазмұнын белсенді және іскерлікпен меңгертуге үйрететін;

баланың өзіндік өмірлік тәжірибесін талдап қорытып, оның қалыптасқан құндылық жүйелерімен арақатынасын ажыратуды білдіретін;

өз ісіне баға беруге, сөйтіп өз мінез-құлқын қалыптастыруға үйрететін;

жаңа ғылыми білімдерді және олардың айқын тенденцияларын ажыратуды үйрететін;

баланың дамуы мен дербес сана-сезімінің даму эволюциясын ескере отырып, білім берудің барлық түрлеріндегі мазмұн сабақтастығын сақтайтын, бейімделу іс-бағыттары бойынша атқарылатын жұмыстардың жүйелі, үздіксіз жүргізілуін басшылыққа алуда.

Сайып келгенде, ғасырлар бастауында білім саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер қоғамдағы келеңсіз беталыстарға қарсы тұру мен әртүрлі  ынталы түрлендірулерге мемлекеттік, қоғамдық, т.б. қолдау көрсетуді талап  ететіні анық. Осы тұрғыдан жеке тұлғаны дамыту,  қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру ұрпақ тәрбиесі саласында баса назар  аударарлық мәселенің біріне айналды.

Біз кейбір зерттеушілердің (Беспалько В.П, Загвязинский В.И, Поташник М.М, Хуторской А.В, Шедровицкий Г.П. т.б.) білім берудің нәтижелерін  дәл анықтау мүмкіндігін жоққа  шығаратындарға қатысты айтқан сын  пікірлерін қуаттап қана қоймай балаларға  қосымша білім берудің өз нәтижесі мен оны анықтаудың өз әдістемесі болатынын санамен түсіндірудің мүмкін болмауы:

жұмыс деңгейінің төмендеуі мен оның көрсеткіштерін өзгертуге;

балалар мен олардың ата-аналарының алдындағы жауапкершілікті жоғалтуға;

құрылтайшылар мен жоғарғы әкімшілік органдарының талабын орындауға самарқаулыққа;

инспекторлық, аттестациялық тексерулердің формальды тәсілдерін пайдалануға апаратынын есте сақтауымыз керек. Өйткені бұлар қосымша білім берудің ерекшеліктерін ескермейді, сондықтан балалардың өз бетімен жетілуін жояды.

Балаларға қосымша білім  берудің сапасы, нәтижелілігі мәселесі жалпы ТМД елдерінде алғаш 2003 жылы Ярославльде өткен ғылыми-практикалық  конференцияда көтерілді. Конференция  «Балаларға қосымша білім беру мекемелері қызметінің сапасы және мәні» тақырыбында  пікірсайысын бастап берді, мұның кейбір фрагменттері осы күнге дейін  жалғасып келеді. Көбінесе, бұл мәселеге назар аудару шет аймақтардағы мекемелерді  аттестаттау мен аккредитациялауға  байланысты.

А.К.Брудновтың «Ресей Федерациясындағы балаларға қосымша білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуындағы сапа мәселесі» атты баяндамасында  бұл типтес білім беру мекемелерінің  ерекшеліктерін былайша бөлуді ұсынды:

1.   Балаларға қосымша  білім беру мекемелері жүйесінің  басқа білім беру мекемелерінен  айырмашылығы – баламен басқаша  білім жолын басып өту. Мұнда  балаға қосымша ақпарат беріп  қана қойылмайды, ең бастысы - бала жұмыс істеуге тартылады.  Бала адамзат еңбегінің, білімінің  бірін игергенде ғана соған  дағдыланады, өз қолының шеберлігіне  мақсаттанады, өз педагогына сенеді. Сонда ғана бала таңдау және  оны игеру мүмкіндігіне ие  болады. Қосымша білім беруде  таңдау құқығы ең түпкі бастаудан  басталады, бұл білім берудің  қосымша жүйесін тудырып отыр;

2.   «қосымша білім  беру жүйесіндегі ең басты  нәрсе – ол баланы тәрбиелеу,  ол өзі таңдаған пәніне қызығушылығын  арттыру. Қосымша білім беру  ұйымдарындағы айрықша қасиет  – тәрбиенің басым мәнге ие  болуында»;

3.   «қосымша білім  беру бағдарламасының 80% -ы практикалық-бағыттылық. Бала бізде жасайды және бақылайды, әрі жүйелеп жинақтайды, әрі еңбек пәніне араласу барысында білім алады.

Біздің көзқарасымызша, А.К.Брудновтың баяндамасында ең бір күрделі  мәселе дұрыс шешімін тапқан, ол – мекемені аттестаттау кезінде  оның көрсеткіштері мен критерийлерін  анықтау және оның бағалауға жеткіліктілігі. Осы күнге дейін бұл проблеманың  шешімінің зәрулігі сақталып отыр. Мұны көбінесе аттестаттаудың дәстүрлі технологиясын (ескі нормаға сай, білім  беру сапасын сандық критерийлердің белгілі бір мөлшеріне қарап  белгілейтін) механикалық түрде  көшіре салумен түсіндіруге болады [40,268б.].

Күллі педагогиканың, соның  ішінде  қосымша білім беру педагогикасының  басты проблемасы – білім беру барысында дәл нені қадағалау  керек, оның нәтижесін қалай анықтау  керектігінің анық еместігі.

Білім беру тәжірбиесінде  ресми қалыптасқан және ортақ  бағалау обьектілері мыналар:

«Оқушылар»: білім, дағды, іскерлік (көбіне олардың стандарттарына сай); жеке оқушының дамуы мен тәрбиесі (кейде жеке дара бағыттар бойынша);

«Оқытушылар» : кәсібилік, жарамдылық, жұмысқа ынталылығы;

«Мектеп»: әр түрлі нормативке сәйкестік, жұмысты ұйымдастыру және қамтамасыз ету (олардың балаларға жағымды я жағымсыз әсерімен қоса), әлеумет  арасындағы беделі (оның өсуі мен құлдырауы).

Біз зерттеуімізде балаларға  қосымша білім беру мекемелері душар  болып отырған қиыншылықтарды да атап өткенді жөн көрдік. Бірақ  бұл қиыншылықтар педагогикалық  және білім беру нәтижелерінің барлық проблемаларын ашып бере алмайды, оның көрінісі бір-бірімен байланысты мынадай  қайшылықтардан байқалады:

қосымша білім берудің мазмұны мен көпфункциялылығы және педагогикада қалыптасқан оқыту, тәрбиелеуді бағалау әдістерінің арасындағы, олардың әрқайсысының жеке-жеке жетістектерінің дамуы арасындағы алшақтық;

жарияланған гуманистік құндылықтар (даралық, өз-өзін айқындау, еркіндік, өз-өзін дамыту т.б.) мен оның тұлғалық дамуды қадағалау білім беру процесінің басты нәтижесі ретінде алынбауы, ал мұның өзі шығармашылық, креативтілік, мәдениет т.б. ұғымдарды саналы түрде анықтауға самарқаулықтан туады.

әр алуан бағдарлама негізінде жасалған білім беру практикасы (көбісі авторлық деп аталады), олардың үнемі өзгеріске ұшырап, әр оқушының өсуінің диагностикалық жүйесінің болмауы (нәтиже мониторингі), ал бұл оқыту процесін жоспарлау мен нәтижені болжалдауға қиындық келтіреді.

әр мекеме жұмысының нормасы ретінде қабылданып, бекітілген (жарғы), оқытудың бағытты мазмұны мен деңгейін айқындайтын білім беру бағдарламасының міндеттілігін талап ету, бірақ сол басқарманың «біз балаларды көше ықпалынан сақтап, есірткіден, зерігуден сақтап, оларды пайдалы іспен айналысуға үйретіп жатырмыз» деген сияқты мәселені уақытша шешіп, түпкі нәтижеден алшақтауы;

білім беру процесінің мазмұнындағы көпсалалылық, вариативтілік, еркіндік пен оның формалары арасындағы алшақтық, оқу жоспарының тығыздығы, мекеменің барлық педагогтарының қызметін бағалауға бір критерийдің қолданылуы



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ