400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қосымша білім беру арқылы бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтарына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қосымша білім беру арқылы бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу

Бүгінгі Қазақстанның білім беру жүйесінің үздіксіз дамуы жолында көптеген реформалар өткізіліп жатыр. Тұғыры биік демократиялық мемлекеттің 30 дамыған елдердің қатарына енуіне білім беру саласының да алға қарай дамуы үлкен рөл атқарады. Қазақстанның болашағы – білім ұрпақ, ал білімді ұрпақты үлкен өмірге дайындау, болашағын айқындау, бәсекеге қабілетті елдердің қатарына енудің бірден –бір жолы.

Қазіргі кезде өздігінен жұмыс істей алатын, білімін терендете білетін, өмірде өз орнын табуға құлшынатын жастарды дайындауға сұраныс өте зор. Осы мақсаттарды іс жүзіне асыру үшін тәрбиелеу мен оқытудың жаңа түрлері мен әдістерін табу қажет. Осындай білім беру үрдісінің негізінде өз мүмкіндіктерімен, қажетілігімен және мүдделерімен жеке тұлға тұруы керек.

Қосымша бiлiм беретiн мектептен тыс ұйым – балаларға балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнер саласындағы қызығушылықтарды дамытуға бағытталған қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын оқу-тәрбие ұйымы болып табылады, ал қосымша білім беру – білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу, оқыту процесі.

Қосымша білім берудің негізгі мақсаты мыналар:

- 6 жас пен 18 жас аралығындағы жастарға жеке тұлға ретінде дамуына, денсаулықтарын шынықтыруына, кәсіби жағынан өз жолдарын дұрыс тандауына, шығармашылықпен еңбектенуіне қажетті жағдайлар жасау;

- оларды қоғам өміріне машықтандыру;

- жалпы мәдени деңгейлерін қалыптастыру;

- бос уақыттарын пайдалы да мағыналы өткізуді ұйымдастыру.

Қосымша білім беру орындары баланың ақыл-ой деңгейінің дамуында, мүдделерін қанағатандыруда, кәсіби өзін-өзі анықтау қабілетінің артуында, жасөспірімдерді тәрбиелеуде үлкен орын алады.

Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруға педагогтар ұжымының даму стратегиясы мен тактикасында басшылыққа алатын негізгі идеясы — жастардың шығармашылық өсіп-өркендеуі. Әрбір баланың дарынды болуы үшін педагогтар мен ата-ананың негізгі мақсаты — баланың қабілетін арттыру.

Байғабыл Жылқыбаев атындағы балалар өнер мектебі аудан көлеміндегі оқушыларды мәдениетке, өзіндік дамуына, шығармашылық қабілеттерінің ашылуына, мәдени-психологиялық қарым-қатынастың дамуына ықпал ететін бірден-бір қосымша білім беру мекемесі болып табылады.

50 жылдық тарихы бар мектепте 160 оқушы білім алады және 17 педагог білім беру процесін ұйымдастырады. Мектепте 3 бөлім жұмыс жасайды.








Сұлба №1



Сұлба №2





Сұлба №3

Жаңартылған білім беру жағдайында мектеп ұстаздары үнемі біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, білім – біліктерін арттырып қана қоймай, сонымен қатар облыс деңгейіндегі қосымша білім беру педагогтарымен тәжірибе алмасып отырады.

Ұстаз еңбегінің жемісі – оқушының жетістігінен көрінеді. Мектебіміздің оқушылары облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаттары.


Оқушылардың түрлі байқаулар бойынша жетістіктернің үш жылдық көрсеткіші


Елімізде білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер қосымша білім берудің, оның негізгі субъектісі мектептен тыс ұйымдар қызметінің өзектілігін арттыра бермек. Өйткені қосымша білім беру ұйымдары жалпы білім беретін мектептермен, басқада білім беру орындарымен бірлесе біріңғай үздіксіз білім беру жүйесін құра отырып:

  • балалар мен жасөспірімдерді шығармашылық белсенділікке, өз бетінше білімін жетілдіруге ынталандырады;

  • білім мазмұнын белсенді және іскерлікпен меңгеруге үйретеді;

  • балаға өзіндік өмірлік тәжірибесін талдап қорытып, оның қалыптасқан құндылық жүйелерімен ара қатынасын ажырата білуге үйретеді;

  • өз ісіне баға беруге, сөйтіп өз мінез-құлқын қалыптастыруға үйретеді;

  • жаңа ғылыми білімдерді және олардың айқын тенденцияларын ажырата білуге үйретеді;

  • баланың дамуы мен дербес сана- сезімінің даму эволюциясын ескере отырып, білім берудің барлық түрлеріндегі мазмұн сабақтастығын сақтайтын мекеме ретінде бейімделу іс-бағыттары бойынша атқарылатын жұмыстардың жүйелі, үздіксіз жүргізілуін басшылыққа алады.

Қорыта айтқанда, балаларға қосымша білім беру ұйымдарының басқа білім беру орындарынан айырмашылығы онда балаға қосымша ақпарат беріп қана қойылмайды, ең бастысы бала шығармашылық жұмыс істеуге тартылады. Бала адамзат еңбегінің, білімінің бірін терең игереді, оған дағдыланады, өз шеберлігіне масаттанады, педагогына сенеді. Жас ұрпақтың дара ерекшелігін ескере отырып ойлау, шешім қабылдау, қорытынды ой-пікірін білдіруін, белсенділігін, танымдық қабілетін дамытуын, өзінің шығармашылық әрекетін жүзеге асыруын қалыптастыруына мүмкіндік туғызған дұрыс. Оқушылардың қабілетін ашып, дамытуға жан-жақты жағдай жасағанда ғана мақсатқа қол жеткізуге болады. Ендігі басты міндет қосымша білім берудің ерекшеліктерін ескере отырып қосымша білім берудің өз нәтижесі мен оны анықтаудың өз әдістемелерін жетілдіре, дамыта түсу қажет.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.05.2021
502
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі