Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту

Материал туралы қысқаша түсінік
Жоспар құруға
Материалдың қысқаша нұсқасы

5-Сынып

Сабақ:

Мектеп: Опорный орта мектебі

Күні :

Мұғалімнің аты – жөні : Темірбеков Ербол

Сынып :

Қатысқандар: Қатыспағандар:


Бөлім №8

Жеңіл атлетика дағдысын дамыту және шолу

Оқу мақсаты:

5.3.1.1 Денсаулықты сақтаудың маңыздылығын білу және түсіну

Сабақтың тақырыбы:

Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту

Сабақтың мақсаты:

Қимыл қоғалыс ойындары арқылы оқушының денсаулығын нығайтуға үйрету

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Жылдамдық, алысқа лақтыру, секіру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады :

Жүгіру, лақтыру, секіреді,

Оқушылардың көпшілігі орындай алады :

Өрмек айнала жүгіруді,аяқтарын жазбай секіруді, кішкене допты лақтыруды

Кейбір оқушылар орындай алады :

Кішкене допты алысқа лақтырады, Қатесіз, нақты өрмек айнала жүгіреді. Аяқтарының арасын ашпай секіреді

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады : Кішкене доп, лақтыру, жүгіру.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Конус тәріздес сызық арқылы кішкене допты 45 градусқа лақтыру, өрмек айналу, Кенгуру

Талқылауға арналған сұрақтар :

Тыныс алу жаттығуының маңызы?

Не себепті .... деп ойлайсыз?

Денсаулықты шынықтырады.Өкпенің жұмысын жақсартады, өкпені дамытады. (өкпеге ауаны кең сорып 1,2,3,4,5 дейін ұстап тұрып, шығару)

Ишара : Екі қолды көтеру – топтар сөре сызығына тұрады. Бір қолын түсіріп -Дайындал,Екінші қолын түсіріп –лақтыр деген бұйрық береді.Ысқырық арқылы

Алдыңғы оқу:

Үй тапсырмасын сұрау арқылы кері байланыс жүргізу

Жоспар

Үш бекетке бөлініп қозғалыс белсенділігін арттыратын жаттығулар арқылы егжей- тегжейлі жоспар құрылды







Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

Сапқа тұру. Саптық жаттығулар. Оңға,солға, тіке артқа айнал. Бір орында тұрып адымдау жүрістері.

Жүру жаттығулары. Қолымыз жоғарыда,аяқтың ұшымен жүру. Қолымызды желкеге қойып, өкшемен жүру.Қолымыз белімізде , аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру.Қолды алға созып, жартылай отырып жүру. Қолды желкеге қойып, отырып жүру. Спорттық жүріспен алаңды айналып жүру.

Жүгіру жаттығулары:

Алаңның диагоналы бойынша жылдамдыққа 2 рет жүгіру.

Секіру жаттығулары:

Алаңның диагоналы бойынша киікше секіру. Қолымызды алға бүге созу, тіземізді қолымызға тигізе секіріп жүгіру. Аяқтарымызды алмастыра секіріп жүгіру.

Жалпы дамыту жаттығулары:

Б.Қ. Аяқты иық деңгейінде, қолды белге қойып, басымызды оңға 2 рет,солға 2 рет бұру.Жаттығу 5-6 рет қайталанады.

Б.Қ. Аяғымыз иық деңгейінде, қолымыз алда, кеуде тұсында, айқастыра ұстаймыз 1,2 қолымызды артқа жіберіп,жауырынызды тигіземіз.

Б.қ аяғымыз иық тұсында қолымызды белге қойып, оңға 2 р, солға 2 р,алға еңкею 2р,артқа 2р шалқаю,жаттығу 4-5 рет қайталанады.

Б.Қ аяғымыз иық тұсында, қолды белге ұстап, 1 қолды жоғары көтеріп, 2 жерге тигіземіз, 3 қолды алға созып отырамыз, 4 тұрамыз. Жаттығу 5-6 рет қайталанады.

Б.Қ. аяқ иық тұсында оң қол жоғарыда,сол қол белде.1,2,3,4 қолымызды алға айналдырамыз. 1,2,3,4 қолымызды артқа айналдырамыз.Келесіде алмастырамыз. 5-6 рет қайталау

Б.Қ. оң аяққа отырамыз,сол жанымызға созамыз,1- 2 дегенде орталық күшімізді сол аяққа аударымыз.3-4 о.к. сол аяққа аударамыз.5-6 рет

10 рет секіреміз.

Оқу бағдарламасы, мұғалімге арналған нұсқаулық

Ортасы

Үш топқа бөлу:

1топ «Кенгуру»,

2 топ «Өрмек»,

3 топ-«доп»

Әр топтың атқаратын қызметі: 1-і топтың жұмысы – аяқтарын жазбай қос аяқпен секіріп барып белгіден айналып өтіп келіп келесі ойыншыға қол беру.

2 –і топтың жұмысы 10х10м арақашықтықта өрмек айнала жүгіріп белгіден айналып өтіп келіп бір-біріне қол беру.

3-і топтың жұмысы кішкене допты белгіленген жерден алысқа лақтыру. Топтар 2 минут сайын орындарын ауысып отырады. Яғни: бірінші топ,екінші топқа, үшінші топ бірінші топқа ауысып сол топтың қызметін атқарады. Кішкене допты лақтыру және лақтыруды дамытатын жаттығулар оқушының дене бітімінің қандай бұлшық еттерін дамытады (саусақ,білезік,шынтақ және иықтың бұлшық еттерін дамытады) Жеңіл атлетикадағы ұлттық салт дәстүрге ұқсайтын жүгіру бұл қай жүгіру? Өрмек айнала жүгіру. Жаттығулар кезінде оқушылардың дұрыс тыныс алуын қадағалау.


Соңы

Қалыпқа келу жаттығулары.

а) Өкпесін дамытатын тыныс алу жаттығулары. Ауаны ішіне кең сорып 1,2,3,4,5 дегенше ұстап тұрады, сосын жәйлап шығарады

ә) Сабақтың басынан аяғына дейін оқушының әрбір әрекетін қалыптастырушы бағалаумен бағалау.

б) Үй тапсырмасына тыныс алу жаттығуының 3 –ші нұсқасы беріледі.


Қосымша ақпарат

АКТ, Ғаламтордан.


Саралауға – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Төмен деңгей көрсеткен оқушыға сен бүгін жаман емес жұмыс жасадың енді мына карточкадағы тапсырманы орындауың керек деп карточканы ұсынамын. Тап: аласа жіптен қосаяқпен секіру,Жақын қашықтықтан кішкене допты лақтырып үйрену.

2.Мен сені көшбасшы болуға шақырамын бірақ мына жаттығуларды орындауың керек деп: карточка беремін.

3.Сен бүгін жаттығуларды өте жақсы орындадың,көшбасшысың бірақ карточкадағы тапсырманы орындауың керек.

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Дескриптор және Критерий жасақтаймын.

1.Оқушы өрмек айнала жүгіру кезінде ережені бұзбай белгілі нүктеге қолын тигізіп, белгіден айналып өтіп қолын беру, лақтыру кезінде шеңберден аспау, сызықты баспау,конус тәрізді белгіленген сызықтан допты жанына шығармау,тұру тәртібін орындау,секіру кезінде ойынды бірінші бастамау,белгіні айналып өту, қол беруді тиянақты орындағаны үшін – ең жоғары балл-5.

2. Оқушы ереженің біреуін орындамады – жақсы деген балл -4,

3.Оқушы ереженің екеуін орындамады – орташа балл 3 берілді.

Пәнаралық байланыс – Денсаулық және қауіпсіздік , АКТ – мен байланыс.Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі).

Геометрия-45 гр, шеңбер, конус.




Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма ? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма ?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқушылар өрмек айнала жүгірудің, кішкене допты алысқа лақтыру кезінде, оның лақтыру белгісі болатынын. Нысананы көздей білді.сабақ өз деңгейінде жақсы өтті. Оқушыларды 3,4,5 балдық жүйемен бағаладым. Жоғары , орта, төменгі деңгейлі оқушыларға сараланған тапсырмалар жоспарладым.Уакытты тиімді пайдалана білдім.

Сабағым мақсатына жетті. Себебі оқушылар жылдам жүгіруді, лақтыруды, мергендікті, дұрыс тыныс алып денсаулық сақтауды үйренді. Берілген тапсырмалардан кейін оқушылар қабілеттері деңгейге бөлініп ерекшеленіп шықты.Төмен,орташа,жоғары деңгейдегі оқушыларға сараланған тапсырмалар берілді. Сабақ соңында кері байланыс жасадым.

Қортынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты )

1: Оқушылардың топта бір-біріне көмектесіп достық қарым-қатынасы


2: Оқушының қабілеттеріне қарай саралау тапсырмаларының берілуі.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты) ?

1: Берілген ойындардағы қызықты жаттығулар арқылы оқушылардың белсенділігін артты.


2: Оқушы белсенділігін арттыратын жоспарлау жүзеге асты.


Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім ?

1: Оқушының іс-әрекетін сабақтың өн бойына қалыптастырушы бағалаумен бағаладым.


2: АКТ қолдана отырып оқушының іс-әрекетін бейнежазбаға түсіру.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
1960
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі