Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту.150 г кіші допты.қашықтыққа лақтыру,5 сынып

Тақырып бойынша 28 материал табылды

Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту.150 г кіші допты.қашықтыққа лақтыру,5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту.150 г кіші допты.қашықтыққа лақтыру, 5 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту.150 г кіші допты.қашықтыққа лақтыру

Бөлім

Жеңіл атлетика дағдысын дамыту және шолу

Педагогтың аты-жөні


Күні


Сынып 5

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту.150 г кіші допты.қашықтыққа лақтыру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.3.3.1 түрлі дене жүктемелерінің арасындағы айырмашылықты және олардың ағзаға тигізетін әсерін сыртқы белгілеріне қарап анықтай білу

Сабақтың мақсаты


Оқушылардың барлығы өздерінің дене дайындығының деңгейін анықтап, біле алады.

Оқушылардың кейбіреуі нәтижені жақсартуына байланысты басқа оқушыларға шығару жолдарына көмектесе алады.

Бағалау критерииі

Қауіпсіздік ережелерді сақтауы.

Орындаған жаттығулардың қарқынын бақылауы.

Қауіпсіздік ережесі

  • Сабаққа белгіленген спорттық формада қатысу;

  • Кедергі жасайтын бөтен заттарды (қолсағаттарды, сырғаларды, сақиналарды, т.б.) алып тастау;

  • Дене шынықтыру жаттығуларын орындау кезінде сағыз немесе басқа да тағамдарды шайнамау;

  • Оқу-жаттығу өткізетін жерлерде тазалық пен тәртіп сақтау;

  • Негізгі жаттығулардың барлығын бой жазу жаттығуларын өткізгеннен кейін жасау;

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

1.Сапқа тұрғызу.Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Мәлімет қабылдау. Спорттық киімдеріне назар аудару. Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау.Алдағы жұмыстармен таныстыру.

Сабақтың тақырыбын түсіндіру

2. Жалпы жетілдіру жаттығулары:

1. Бір орында: Оңға,солға,кері бұрылу.

2.Жүру:Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. Қолды жанға созып өкшемен жүру.Жартылай отырып, толық отырып жүру.

3.Жүгіру: Еркін жүгіру, тізені көтеріп жүгіру,аяқты артқа сермеп жүгіру.

4.Секіру жаттығулары: Алаңның диагоналы бойынша киікше секіру. Қолымызды алға бүге созу, тіземізді қолымызға тигізе секіріп жүгіру. Аяқтарымызды алмастыра секіріп жүгіру.

Жүріске ауысып, тыныс алу жаттығуларын орындау. Бір орында жалпы дене шынықтыру жаттығуларын орындау.

Тынысты қалыпқа келтіру Тыныс алуды ретке келтіруге арналған арнайы жаттығуларды жасап, сыныпты топқа бөліп жалпы дамыту жаттығуларын орындау

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.

Жаңа тақырыпты игеру. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру. Техника қауіпсіздігін түсіндіру және қауіпсіздіктің алдын алу шараларын оқушыларға таныстыру.

Сәлемдеседі, бір – біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді.


« Қол шапалақ » әдісі





Мектеп алаңы, ысқырық, уақыт өлшегіш

Ортасы

Сабақтың тақырыбын түсіндіру, кіші допты лақтыру Жеңіл атлетиканың бір түрі-лақтыру. Бір орында тұрып доп лақтырудың бес қадамнан екпін алып келіп лақтырудың техникаларын қайталап, кейін толық екпін алудың техникасын меңгеруге көшу қажет. • Лақтыру бағытына қарап тұрып, кіші допты лақтыру. • Осы жаттығуды оңға жартылай бұрылып орындау. • Осы жаттығуды лақтыру бағытына бүйірін қаратып тұрып орындау. • Лақтыру бағытына(бір қырымен)тұрып, сол аяқтан оң аяққа жеңіл секіріп ауысу арқылы лақтыру. • Аяқтың арасы иық кеңдігіндей болып, бір қырымен, дененің салмағын оң аяққа түсіріп сол аяқ ілгері қойылған және кеуде сәл алға еңкейіп, оңға бұрылған, қол жанға созылған қалыпта лақтыру. Ескерту: Лақтыру кезінде жіберілуі мүмкін негізгі қателер: бастапқы қалыптың дұрыс болмауы: лақтыратын қолды шамадан тыс бүгу: оны иық тұсынан төменнен сілтеп лақтыру: дененің салмағын алда тұрған аяққа ауыстырмау: шынтақты жанға қарай жазып жіберу.  3-мин Оқушыларға жаңа тақырыптың жасалу техникасы  толық көрсетіліп, түсіндіріледі

Тапсырма: Лақтыру дағдыларын сынамалау үшін келесі тапсырмаларды орындаңыз: а). аяқты алға созып, жамбасқа отыру қалпынан нығыздалған допты (2-3 кг.) бастан асырып, қашықтыққа лақтырыңыз; b). арқамен шалқалап жату қалпынан денені көтеру арқылы нығыздалған допты (2-3 кг.) бастан асырып, қашықтыққа лақтырыңыз; с). орнында тұру қалпынан нығыздалған допты (2-3 кг.) бастан асырып, қашықтыққа лақтырыңыз.

Дескриптор: - лақтыру кезіндегі ағзадағы өзгерістер туралы айтады; - лақтырылған доптан кейінгі әсер еткен қозғалыс дағдысын анықтайды



Ойынның дұрыс орындалуын қадағалау


Сабақтың соңы


Сабақтың басынан аяғына дейін оқушының әрбір әрекетін қалыптастырушы бағалаумен бағалау.

Сабақты қортындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгенін, қалай жұмыс істегенін , не қызықты әрі жеңіл болғанын, не киындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіреді.

Кері байланыс:

«Бес саусақ» әдісі арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерлері туралы айталы.

Үй тапсырмасы


Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.


Оқушылардың жетістік кемшіліктерін атап өту


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.02.2025
176
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі