Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Құжаттар ашу. Бағдарламаны іске қосу.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың тақырыбы: Құжаттар ашу. Бағдарламаны іске қосу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жұмыс үстелінің қасиеттерін баптауды игерту, бағдарламаларды іске қосу және құжаттарды ашу тәсілдерімен таныстыру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, электронды оқулық
Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру .
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма беру .
Өткен материалды қайталау сұрақтары:
-
Операциялық жүйе туралы қалай түсінесің?
-
Терезе дегеніміз не?
-
· Терезенің қандай түрлері бар?
-
· Терез элементтерін және олардың атқаратын қызметі айтыңдар
-
· Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы 3 белгінің қызметті қандай?
-
Сұрақ жауабы: (Операциялық жүйе- бұл компьютерді іске қосатын және оның жұмысын басқаратын программалар жиынтығы.
Операциялық жүйенің түрлері. Әр түрлі типті ЭЕМ-ға негізднлген бірнеше операциялық жүйелер түрі бар. Компьютер типі бірдей болғанымен де, олардың операциялық жүйелері әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, IBM фирмасының компьютерлерінде кеңінен таралған келесідей операциялық жүйелер қолданылады: MS DOS, Windows 1.0, Windows 2.1, Windows 3.0, Windows 3.1, Windows 3.11, Windows 95, Windows 986 Windows NT. Бір компьютерге әдетте екі операциялық жүйе орнатылады мысалы, MS DOS және Windows 95 немесе Windows 98. Компьютердің оперативтік жадының мүмкіндігіне қарай бір компьютерге кейде бұл операциялық жүйелердің үшеуі де орнатылады.
Операциялық жүйе- пайдаланушы программасын және барлық құрылғылардың жұмысын басқаратын компьютердің программалық қамсыздандырудың негізгі бөлігі.
Операциялық жүйе түрлерінің тез дамуы, оған сәйкес компьютер типтерінің де түрленіп, күннен – күнге тез дамуына мүмкіндік береді.)
·
Жаңа түсініктер:
Бағдарламаларды іске қосудың және құжатты ашудың үш тәсілі бар:
1. «Менің компьютерім» қапшығының терезесі арқылы
2. Бағыттауыш бағдарламасы арқылы
3. «Пуск» батырмасын пайдаланып
«Пуск» батырмасының көмегімен бағдарламаларды іске қосу:
-
Пуск батырмасын басамыз, сонда Бас меню пайда болады
-
Бас менюде тышқанның нұсқауышын Бағдарламалар (Программы) командасына орналастырамыз, сонда бағыныңқы меню шығады
-
Бағыныңқы менюде тышқанның нұсқауышын Стандартные командасына орналастырамыз, сонда келесі бағыныңқы меню шығады
-
Бұл бағыныңқы менюде тышқанның нұсқауышын қажетті қолданбаға орналастырып, оны шертсек қолданба ашылады.
«Мой компьютер» қапшығы арқылы бағдарламаны іске қосу:
1. Мой компьютер қапшығының терезесін ашамыз
2. Мой компьютер қапшығындағы диск С белгішесіне тышқанның нұсқауышын орналастырып, екі рет шертіп, С дискісінің терезесін ашамыз
3. Бұл терезеде Program Files қапшығының терезесін ашамыз
4. Бұл терезедегі қажетті қапшықрада орналасқан қолданбаларды іске қосамыз
Бағыттауыш қолданбасын іске қосу:
1. Пуск – Бағдарламалар (Программы) – Проводник
2. Пуск батырмасына тышқанның нұсқауышын орналастырып оң батырмасын басу, қосымша менюден Проводник командасын орындау.
Бағыттауыш қолданбасының терезесі екі бөліктен тұрады: оң және сол жақ.
Бағыттауыш қолданбасы арқылы бағдарламаларды іске қосу:
1. Бағыттауыш қолданбасын іске қосу
2. Терезенің сол жақ бөлігіндегі Program Files қапшығын ашу
3. Бұл терезедегі қажетті қапшықрада орналасқан қолданбаларды іске қосамыз
Бағдарламаны іске қосудың және құжатты ашудың үш тәсілі бар |
||
1. “Менің компьютерім” қапшығының терезесі арқылы |
2. Бағыттауыш бағдарламасы арқылы |
3. “Пуск” батырмасын пайдаланып |
“ПУСК” БАТЫРМАСЫ АРҚЫЛЫ БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ
ҚОСУ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАРДЫ АШУ
Төмендегі тапсырмаларда нәтижеге жету үшін орындайтын әрекеттер тізбегін көрсету керек. Шығыңқы төртбұрыштарда белгілі бір әрекеттің нәтижесін көрсету керек . Мысалы: “Пуск” батырмасын басқанда БАС МЕНЮ шығады.
3. Тапсырма “Пуск” батырмасы көмегімен бағдарламаны іске қалай қосады?
1 . ПУСК батырмасын басыңдар |
2.БАҒДАРЛАМАНЫҢ пунктін таңдаңдар |
3. СТАНДАРТНЫЕ пунктін таңдаңдар |
4 . Таңдап алынған қосымшаның белгішесінде шертіңдер |
4.Тапсырма. “ ПУСК” батырмасының көмегімен құжатты қалай ашады ?
1 . ПУСК батырмасын басыңдар |
2.Маус нұсқағышын ҚҰЖАТТАР пунктіне орнатыңдар |
3 . Таңдап алынған құжаттың белгішесінде шертіңдер |
“МЕНІҢ КОМПЬЮТЕРІМ” ҚАПШЫҒЫ АРҚЫЛЫ БАҒДАРЛАМАНЫ
ІСКЕ ҚОСУ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТЫ АШУ.
5. Тапсырма. «Менің компьютерім» қапшығы арқылы бағдарламаны іске қалай қосамыз?
1 .МЕНІҢ КОМПЬЮТЕРІМ белгішесіне маус нұсқағышын орнатып, оны екі рет шертіңдер. |
2.С: дискісінің белгішесінде екі рет шертіңдер. |
3 .PROGRAM FILES қапшығының белгішесінде екі рет шертіңдер. |
4 .ACCESSORIES қапшығының белгішесінде екі рет шертіңдер. |
5.Таңдап алынған қолданба белгішесінде екі рет шертіңдер. |
6.Тапсырмасы. МЕНІҢ КОМПЬЮТЕРІМ қапшығы арқылы құжатты қалай ашады?
1 .МЕНІҢ КОМПЬЮТЕРІМ белгішесіне маус нұсқағышының орнатып, оны екі рет шертіңдер. |
2.С: дискісі белгішесінде екі рет шертіңдер. |
3 .МЕНІҢ ҚҰЖАТТАРЫМ қапшығының белгішесінде екі рет шертіңдер. |
4.Таңдап алынған құжаттың белгішесінде екі рет шертіңдер. |
БАҒЫТТАУЫШ ҚОЛДАНБАСЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
1. ПУСК батырмасын басыңдар |
2. Маус нұсқағышын СТАНДАРТНЫЕ командасына орналастырыңдар. |
3. БАҒЫТТАУЫШ командасына маустың сол жақ батырмасын шертіңдер |
7. Тапсырма. Фразаны жалғастырып жаз. (сөйлемді аяқтаңдар).
Тапсырма тақырыпты меңгеруін бақылау үшін қолданады.
БАҒЫТТАУЫШ қолданбасының терезесі екі бөліктен тұрады |
“БАҒЫТТАУЫШ” терезесінің сол бөлігі қапшықтардың салынуының құрылымын көрсетеді. |
+ берілген қапшыққа басқа да салынған қапшықтар бар екенін көрсетеді. |
Егер бұл белгішеде шертсе, онда қапшықта бар барлық бағыныңқы қапшықтар көрінеді. “+”белгісі “- ” белгісіне ауысады. |
“-” терезеде қапшықтың ішіндегісі ашық екенін білдіреді. |
Егер осы белгішеде шертсе, онда қапшықтардың бәрі біреуіне жиналады. ”-” белгісі “+” белгісіне ауысады. |
Қандай да қапшықтардың бірін таңдау үшін, маустың сол жақ батырмасымен осы қапшықтың белгішесінде бір рет шерту керек. Терезенің оң жақ бөлігінде ашылған қапшықтың ішіндегісі (мазмұны) көрінеді
8 . Тапсырма. БАҒЫТТАУЫШ қолданбасы арқылы бағдарламаны іске қалай қосады?
Жоғарыда айтылған тәсілмен БАҒЫТТАУЫШ қосымшасын іске қосыңдар |
1. Терезенің сол жағындағы PROGRAM FILES қапшығының «+» белгісінде шертіңдер. |
2 . ACCESSORIES қапшығының белгішесінде шертіңдер. |
3. Терезенің оң жақ бөлігіндегі таңдалған бағдарламаның белгішесінде екі рет шертіңдер. |
9.Тапсырма. БАҒЫТТАУЫШ қолданбасы арқылы құжатты қалай ашады?
1. Жоғарыда айтылған тәсілмен БАҒЫТТАУЫШ қосымшасын іске қосыңдар |
2. Терезенің сол жағындағы МЕНІҢ ҚҰЖАТТЫРМ қапшығының «+» белгісінде шертіңдер. |
3. Терезенің оң жақ бөлігіндегі таңдалған ҚҰЖАТТЫҢ белгішесінде екі рет шертіңдер. |
IV. Жаңа тақырыпты бекіту
Сабақты бекіту сұрақтары:
· «Менің компьютерім» қапшығының терезесі арқылы бағдарламаларды қалай іске қосамыз?
· Бағыттауыш бағдарламасы арқылы бағдарламаларды қалай іске қосамыз
· «Пуск» батырмасын пайдаланып бағдарламаларды қалай іске қосамыз
· Осы үш әрекет арқылы құжаттарды қалай ашуға болады?
· Осы үш әрекеттің ерекшеліктері қандай?
V. Қорытындылау.
1)Үйге тапсырма Бағдарламаны іске қосу және құжаттарды ашу.
Оқу : Бағдарламаны іске қосудың және құжатты
ашудың үш тәсілін жаттау. «Бағыттауыш» бағдарламасы не үшін керек екенін;
2)Оқушыларды бағалау