Материалдар / «Құлагер» поэмасының тарихи және көркемдік ерекшелігі

«Құлагер» поэмасының тарихи және көркемдік ерекшелігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ілияс Жансүгіровтің "Құлагер" поэмасы жайында жазылған.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Бөлім:

«Адам жанының құпиясы» бөлімі

Педагогтің тегі,аты, әкесінің аты(болған жағдайда)

Бердалы Назерке Қуанышбайқызы

Күні:

23.01.2024 жыл

Сынып: 9

Қатысушылар саны:

Сабақтың тақырыбы

«Құлагер» поэмасының тарихи және көркемдік ерекшелігі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.3.1.1 шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру.

Сабақтың мақсаты

Білім алушылар:

  • "Құлагер" поэмасын басқа туындымен салыстырады

  • Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын танып бағалайды.

  • Пікірі мен ойын қазіргі өмірмен байланыстырып айтады.

Сабақтың барысы:


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Сабақтың қызығушылықты ояту кезеңі

Музыка тыңдау

Үй тапсырмасы сұрау

Үй тапсырмасын бекіту сұрақтар 1 бал

Кіріспе сұрақтары:

  • Жазушы туралы қандай қосымша ақпарат білдің?

  • Бүгінгі сабаққа қандай қатысы бар деп ойлайсың?

Сонымен, балалар, бүгінгі сабақ тақырыбы:

«Құлагер» поэмасының тарихи және көркемдік ерекшелігі

Бүгінгі сабақта үйренетін мақсаттар:

  • "Құлагер" поэмасын басқа туындымен салыстырады

  • Үзіндінің тарихи және көркемдік құндылығын танып бағалайды.

  • Пікірі мен ойын қазіргі өмірмен байланыстырып айтады.

  • Сондықтан, балалар, белсенді жұмыс жасаңдар.

Топқа бөлу Тақтадағы «Құлагер», «Ақан», «Туған жер» жазулары жапсырылған бұрыштың қайсысына тиесілі деп ойласаң, сол бұрышты таңда. Әр бұрышқа жиналған топ бір топ болып отырады.


1. «Қазақтың әсем жері Арқасында,

Арқаға жетер Арал, Балқашың ба?» (Туған жер)

2. Сырымбет, Зеренді, Иман, Айыртаулар

Арқаның тізілгендей алқасына (Туған жер)

3. Арқаның алқа қонған даласына

Ауылдай таулар отыр жарасымда (Туған жер)

4. Жетісу, Ертіс, Арқа жүрген жаттап,

Байбайлап салған әнін «құлагерге» (Туған жер)

5. Туғаны Арқадағы арғын елі,

Өскені Көкшетаудың шаалғын жері (Туған жер)


  1. Ағашқа атын байлап көлеңкелеп,
    Ақан ғой анда-санда келіп жүрген. (Ақан)

  2. Кісі емес Ақан төрде билік айтқан,
    Ұры емес, ауыл торып, ел шулатқан. (Ақан)

  3. Кір өмір, тікен тұрмыс, улы өсек.
    Ақандысолкүндегісопыдесек, (Ақан)

  4. Жер мұның, елдің шерін өлең қылып,
    Ақан да жанның бірі жаны ауырған. (Ақан)

  5. Сезгір жан, нәзік көңілін азап алып,

Жабырқап жапан түзді жалғыз кезген. (Ақан)



  1. Қайырып қыстай баптап Құлагерді,
    Осы астың дақпыртына Ақан келді. (Құлагер)

  2. «дүлдүлі Көкшетаудың келді-десті,-
    Топ жарған талай елге салған сауға»- (Құлагер)

  3. Күреңбай көріп деді: «Жаман сұрқы,
    Алдынан ұмтылғанда аң құтылмас,
    Артынан жөнелгенде жетпес жылқы!» (Құлагер)

  4. «Жануар жүйрігі екен жылқы малдың,
    Жері ұзақ, күші алдында өрен жүйрік, (Құлагер)


Ақпаратты тыңдайды.

Керегін түртіп алады.

Сұраққа жауап береді.









Сабақ тақырыбы, сабақ мақсатымен танысады










«Сұрақ қобдишасы» әдісі арқылы топқа бөлінеді.


Топ аттары:

ТУҒАН ЖЕР

АҚАН

ҚҰЛАГЕР


Бағалау парағы

Суреттер

Слайд

https://www.youtube.com/watch?v=XxVgLpqfCTE


Жаңа сабақ

10минут

«Шын\жалған» әдісі

Мұғалім түсіндірмесі: Абай Құнанбаевтың аттың сынын айтатын тамаша өлеңі бар. Сол жайында ақпаратпен танысайық. (Өлеңнен үзінді)

1-тапсырма. Жеке жұмыс Өлеңді оқы.

Сұрақтарға жауап бер.

Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ,
Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ.
Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды,
Ой желке, үңірейген болса сағақ.

Теке мұрын, салпы ерін, ұзын тісті,
Қабырғалы, жотасы болса күшті.
Ойынды еті бөп-бөлек, омыраулы,
Тояттаған бүркіттей салқы төсті.

Жуан, тақыр бақайлы, жұмыр таяқ,
Шынтағы қабырғадан тұрса аулақ.
Жерсорғарлы, сіңірлі, аяғы тік,
Жауырыны етсіз, жалпақ тақтайдай-ақ.

Кең сауырлы, тар мықын, қалбағайлы,
Алды-арты бірдей келсе ерге жайлы.
Күлте құйрық, қыл түбі әлді келіп,
Көтендігі шығыңқы, аламайлы.

Ұршығы төмен біткен, шақпақ етті,
Өзі санды, дөңгелек келсе көтті.
Сырты қысқа, бауыры жазық келіп,
Арты талтақ, ұмасы үлпершекті.

Шідерлігі жуандау, бота тірсек,
Бейне жел, тынышты, екпінді, мініп жүрсек.
Екі көзін төңкеріп, қабырғалап,
Белдеуге тыныш тұрса, байлап көрсек.

Тығылмай әм сүрінбей жүрсе көсем,
Иек қағып, еліріп басса әсем.
Шапса жүйрік, мінсе берік, жуан, жуас,
Разы емен осындай ат мінбесем.

Аяңы тымақты алшы кигізгендей,
Кісіні бол-бол қағып жүргізгендей.
Шапқан атқа жеткізбес бөкен желіс,
Ыза қылдың қолыма бір тигізбей.


Мұғалімнің сұрағы:

  1. Сонымен Абай өлеңіндегі аттың бейнесін көз алдарыңа елестете алдыңдар ма?

  2. Құлагер ескерткіші мен өлең жолдарындағы атта ұқсастық бар ма?


Абайдың «Аттың сыны»жайлы өлеңін біледі

Туындылардың сюжетіндегі ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтайды, баға береді.


Сұраққа жауап береді



Дейін/кейін

Әдісімен бағалау

Осыған дейін нені білді, бүгін нені білді, соны айтады. Өзін-өзі

бағалау





10 мин

«Салыстыру» әдісі

Мұғалім түсіндірмесі: Әрбір ақын өз поэмасында өмір ақиқатын, оның болмыс сырын сырлы сөзбен бейнелеп, адамның сезім күйі арқылы өмір шындығын көркем тілмен танытады. Ілияс Жансүгіровтың "Құлагер" поэмасының көркемдік құндылығы - құнарлы бай тілі, ұйқасы үйлескен қара өлең үлгісі, айқын әдемі образдары, нәзік лирикалық сезімдері,тіл мөлдірлігімен өрілген картиналары, поэзияның сұлу сарайы болып саналады. Құлагер поэмасы –

І. Жансүгіровтың шығармашылығының ең биік шыңы дейтін болсақ келесі тапсырмамыз да осыған арналған.


2-тапсырма. Жұптық жұмыс. «Салыстыру» әдісі.Үзіндіні оқы.Шығармадағы Құлагер бейнесі мен ескерткіштегі Құлагер бейнесін ажырат.


«Жануар жүйрігі екен жылқы малдың,
Жері ұзақ, күші алдында өрен жүйрік,
Бітімі өзі айтып тұр жануардың.
Келіскен кескін мынау, омыраудың
Өзі айтар: қаратам,-деп-қазақ қаумын.
Сом аяқ, быртық бақай, болат тұяқ
Тасындай шұбар ала Көкшетаудың.
Тәует бас, қамыс құлақ, қуарған жақ,
Құлан жал, бұлан мойын, қой жұтқыншақ,
Қоян жон, жазық жая, жауырынды,
Құс топшы, қос шынтағы қалқыңқырақ.
Сіңірлі, жер соғарлы, аяғы тік,
Түлкі төс, тазы тізе, ит жіліншік,
Шашақты, шақпақ етті, аласа ұршық;
Құндыздық қалай біткен құйрыққа дүп?
Қоқанның жібегіндей жеңіл құйрық,
Не қою, не болмаса емес сұйық!



Мұғалімнің сұрағы:

  1. Қандай көркемдеуіш құралдарды қолданған?

  2. Үзіндінің ұйқасы қандай?

  3. «Құлагер» поэмасының көркемдік құндылығы неде?


Дескриптор

Құлагер бейнелерін салыстырады

2

Сұраққа жауап береді

2

Барлығы

4




Шығармадан берілген үзіндіге талдау жасайды





Ескерткіштегі Құлагер:

Мыстан соғылған

Тастұғырда бауырын жазған

Ақан серінің дүлділі

Еркіндікті аңсаған

Ұзындығы 8,5 метр

Биіктігі 5 метр

Салмағы 5,5 тонна

Төрт аяқтының пырағы

Авторы Сәдібек Түгел


Үзіндідегі Құлагер:

Желмаядай тілерсек

Шашақты ұршық

Қоқанның жібегіндей құйрық

Жүйрік

Қоян жон

Жазық жая

Бұлан мойын

Аяғы тіп-тік

Көкшетаудың тасындай шұбар ала







Дұрыс жауабын тапқанда хормен «ооо» деп, қате болса «ммм» деп айтып бағалау.




Карточка


Леарнинг апс платформасы

https://learningapps.org/watch?v=pb1409c3n24

8 мин

«Шығармашылық ізденіс» әдісі

Мұғалімтүсіндірмесі: «Құлагер» – жай ғана поэма емес. Бұл бүкіл Ұлы Даланы, тау мен өзенді, орман мен көлді қамтитын тарихи туынды. Поэмада көптеген кейіпкерлер – барлық рулар мен әлеуметтік топтардың өкілдері бар. Сонымен қатар «Құлагерде» халықтың тарихы, әдет-ғұрпы, мәдениеті, өнері,психологиясы туралы мәліметтер де бар. олай болса келесі тапсырманы үзігділерді берілген тарихи құндылықтарды анықтауға арнасақ.


3-тапсырма.

Топтық жұмыс. «Шығармашылық ізденіс» әдісі. Шығармадан тарихи кейіпкерді, жер-су атауын, дәстүрді тап, мысал келтір.


1-топ

Үзіндіде қандай тарихи кейіпкерлер бар? Мысал келтір

Шулатқан арғын елін, Арқа халқын,
Естіген Батыраш та Құла даңқын.
Сатылап сұрап еді кісі салып
Қолына түсіруге Ақан атын.


Әкесі асқақ әннің әнші Біржан
Ақандай майда көмей, нәзік емес,
Құлақтағы Біржан ащы інмен қырған.


 Барымта – ел шулатып жылқы қуған,

 Әупілдек батыр шыққан әр рудан.

 Өлімдіжанқорлықтанжақсыкөрген

 Не дейміз Лермонтов пен Пушкиндерге?


КісіемесАқантөрдебилікайтқан,

Ұрыемес, ауылторып, ел шулатқан.

Молдаемес, мешітсалып, зекеталып,

Нәжісіндүниеніңбойғажаққан,


2-топ

Үзіндіде қандай тарихи жерлер жайлы айтылды? Мысал келтір

Қараөткел келіп жатыр, Қарқаралы,
Кереку, Баян, Семей, Торғай-бәрі.
Жетісу осында кеп құйып жатыр,
Арқаға аунап шөкті Қаратауы.
Әр жақтың қошқарлары, марқалары,
Әр жерде ауыр қотан, алқалады.
Жиылды Сағынайдың сорпасына,
Асын жеп, атын шауп тарқағалы.


Арқаға аударылды ас дегенге
Лақылдап Балқаш, Арал теңіздері.


Жетісу, Ертіс, Арқа жүген жаттап,

Байбайлап салған әнін «Құлагерге».


Қаратау көрген емес зорды мұндай,

Жетісу кісі таппай болды жұмдай.

Балық боп Арал, Балқаш аузын ашты,

Қауыпқыпқорғалады Семей, Торғай.


3-топ

Үзіндіде тарихи дәстүрлер бар ма? Мысал келтір


Басталды әңгіменің былай басы,
Болды оған жетпіс, сексен жыл шамасы.
Арқада Ерейменді мекен еткен
Керейде Сағынайдың болыпты асы.


Айтылған қыстай сауын, ұлы дүбір,
Хат алған неше дуан, болыс пен би.
Әр елдер тұрғы- тұрғы, алыс, жақын
Жаратып келіп жатқан дәмелі атын.


Дегене «Көкшетаудан Құла келді»,
Көруге ынтызар боп ел жүгірді.
«Біреудің тіл мен көзі тимесін»-деп
Дұға оқып, Ақан жерге түкірінді.


Тауысып көл қымызды, таудай етті,

Неше күн Ереймен тау етке бөкті.

Күтіліп келген мейман тойынған соң,

Ат шауып, бәйге үлесер мезгіл жетті.


Даурығып қарсы жақта қобырасты,

Балуанның шешіндіріп, дабырасты.

«Тез шығар балуаныңды!» -деген дауыс

Атойлап, қыр көрсетіп, жамырасты.

Мұғалім сұрағы:

  • «Құлагер» шығармасының тарихи құндылығы неде?


Дескриптор

Шығарманың тарихи құндылығын сипаттайды

2

Кестені толтырады

1

Барлығы

3


Үзінділер келтіре отырып, кестені толтырады


Сұраққа өмірмен байланыстырып жауап береді.













Шығар

мадан үзінді

Тарихи кейіпкер

Ой тұжы

рым





















Шығар

мадан үзінді

Тарихи жер-су атауы

Ой тұжы

рым
























Шығар

мадан үзінді

Тарихи дәстүр

Ой тұжы

рым





Топтор бірін-бірі 2жұлдыз

1 тілек

Әдісімен бағалау

2 ұтымды жағын айтады

1 дұрыстау керек жағына ұсыныс айтады





























































































Карточка

Бекіту кезеңі.

7 минут

«2 қадам» әдісі. 1-қадам екі нұсқаның бірін таңда. 2-қадам себебін айт.

Шығармада көркемдік шындық басым ба, әлде тарихи шындық басым ба?

Shape1

Тарихи



Shape2

Себебі



Shape3

Көркемдік






2 балл


Мұғалім сөзі:Қорыта келе, ақынның әр шығармасында құнарлы өзгешеліктер, ізденістің арқасында суреткер тапқан тамаша жаңалықтар астасып келетін бұл туындыда Ілияс ерекше шеберлік таныта білді. Бір жағынан Ақан өмірін арқау етіп, бізді асыл қасиеттерге тәрбиелесе, екінші жағынан бұл оқиға арқылы бізді керуеннің көшіндей ілгері басып бара жатқан тарихтың бір бөлігімен таныстырып, өр рухпен бойымызға жалынды намыс ұялатқандай.

Екі қадамның бірін таңдайды. Таңдаған нұсқаның себебін айтады.

Оңай/қиын әдісі арқылы бағаланады

Слайд


















3 мин





2 мин

Кері байланыс «3 Қ» әдісі Ментиметр платформасы арқылы сабақ барысында қызық, қиын, құнды болған үш ақпаратты ата. Оқушылар өз таңдауларын дәлелдеп, сабақтағы білімдерін, не үйренгендерін айтады.




Оқушыларды бағалау.





Үйге тапсырма.

Оқушылар сауалнамаға өз өмірімен байланыстырып жауап береді. Бүгінгі тақырыпты қорытындылайды. Түйгенін айтады.



Бүгінгі білімдерін, не үйренгендерін тұжырымдайды


Оңай болды/қиын болды Өзін-өзі

бағалау арқылы


Оқушы өзін бағалайды

https://www.menti.com/algx6hsjr45e





























1. «Қазақтың әсем жері Арқасында,

Арқаға жетер Арал, Балқашың ба?»

2. Сырымбет, Зеренді, Иман, Айыртаулар

Арқаның тізілгендей алқасына

3. Арқаның алқа қонған даласына

Ауылдай таулар отыр жарасымда

4. Жетісу, Ертіс, Арқа жүрген жаттап,

Байбайлап салған әнін «құлагерге»

5. Туғаны Арқадағы арғын елі,

Өскені Көкшетаудың шаалғын жері





















  1. Ағашқа атын байлап көлеңкелеп,
    Ақан ғой анда-санда келіп жүрген.

  2. Кісі емес Ақан төрде билік айтқан,
    Ұры емес, ауыл торып, ел шулатқан.

  3. Кір өмір, тікен тұрмыс, улы өсек.
    Ақанды сол күндегі сопы десек,

  4. Жер мұның, елдің шерін өлең қылып,
    Ақан да жанның бірі жаны ауырған.

  5. Сезгір жан, нәзік көңілін азап алып,

Жабырқап жапан түзді жалғыз кезген.











  1. Қайырып қыстай баптап Құлагерді,
    Осы астың дақпыртына Ақан келді.

  2. «дүлдүлі Көкшетаудың келді-десті,-
    Топ жарған талай елге салған сауға»-

  3. Күреңбай көріп деді: «Жаман сұрқы,
    Алдынан ұмтылғанда аң құтылмас,
    Артынан жөнелгенде жетпес жылқы!»

  4. «Жануар жүйрігі екен жылқы малдың,
    Жері ұзақ, күші алдында өрен жүйрік,
























1-тапсырма. Жеке жұмыс Мәтінді оқы. «Шын\жалған» әдісі. Ақпараттың шын\жалған екенін анықта. Сұрақтарға жауап бер.

Алты алаштың баласының бірі білсе бірі білмес, Астанадан алты шақырым жерде «Астана-Көкшетау» тас жолының бойында төрт аяқтының пырағы, мың жылда бір-ақ рет туатын тұлпар, әйгілі Ақансерінің дүлдүлі, қиянаттың сойылынан соққы жеп жығылған Құлагердің ескерткіші тұр. Жылқы малында Құлагерге дейін де аузымен құс тістеген, шашасына шаң жұқпас жүйріктер болғанымен, тасжүректердің қолынан соққыға ұшырап, қысым көргендері некен-саяқ. Тастұғырда бауырын жазып көсіле шапқан Құлагердің мыстан соғылған мүсіні еркіндікті аңсаған азат елдің болашаққа қарай ұмтылғанын көз алдыңызға елестетеді. Осы бір қиын да күрделі, қызығы мен шышығы мол еңбектің жанашыры, Құлагер ескерткішін салу идеясының авторы, ұйымдастырушысы, демеушісі, Республикалық «Қазанат», «Құлыным» журналдарының бас редакторы, Сәдібек Түгел.

Мүсіннің ұзындығы 8,5 метр, биіктігі 5 метр, салмағы 5,5 тонна, жалпы биіктігі 12 метр.Құлагердің бауырын жазып көсіле шауып келе жатқаны, Қазақстанның алға қарыштап дамып келе жатқанымен байланыстырыла символикалық түрде берілген.




Дескриптор

Ақпараттың шындығын анықтайды

5

Ақпараттың жалған екенін анықтайды

5

Барлығы

10


















2-тапсырма. Жұптық жұмыс. «Салыстыру» әдісі. Үзіндіні оқы.Шығармадағы Құлагер бейнесі мен Абай шығармасындағы жылқының бейнесін ажырат.



«Жануар жүйрігі екен жылқы малдың,
Жері ұзақ, күші алдында өрен жүйрік,
Бітімі өзі айтып тұр жануардың.
Келіскен кескін мынау, омыраудың
Өзі айтар: қаратам,-деп-қазақ қаумын.
Сом аяқ, быртық бақай, болат тұяқ
Тасындай шұбар ала Көкшетаудың.
Тәует бас, қамыс құлақ, қуарған жақ,
Құлан жал, бұлан мойын, қой жұтқыншақ,
Қоян жон, жазық жая, жауырынды,
Құс топшы, қос шынтағы қалқыңқырақ.
Сіңірлі, жер соғарлы, аяғы тік,
Түлкі төс, тазы тізе, ит жіліншік,
Шашақты, шақпақ етті, аласа ұршық;
Құндыздық қалай біткен құйрыққа дүп?
Қоқанның жібегіндей жеңіл құйрық,
Не қою, не болмаса емес сұйық!



Дескриптор

Құлагер бейнелерін салыстырады

9

Сұраққа жауап береді

1

Барлығы

10





3-тапсырма.

Топтық жұмыс. «Шығармашылық ізденіс» әдісі. Шығармадан тарихи кейіпкерді, жер-су атауын, дәстүрді тап, мысал келтір.



1-топ

Үзіндіде қандай тарихи кейіпкерлер бар? Мысал келтір

Шулатқан арғын елін, Арқа халқын,
Естіген Батыраш та Құла даңқын.
Сатылап сұрап еді кісі салып
Қолына түсіруге Ақан атын.



Әкесі асқақ әннің әнші Біржан
Ақандай майда көмей, нәзік емес,
Құлақтағы Біржан ащы інмен қырған.



 Барымта – ел шулатып жылқы қуған,

 Әупілдек батыр шыққан әр рудан.

 Өлімдіжанқорлықтанжақсыкөрген

 Не дейміз Лермонтов пен Пушкиндерге?


КісіемесАқантөрдебилікайтқан,

Ұрыемес, ауылторып, ел шулатқан.

Молда емес, мешіт салып, зекет алып,

Нәжісін дүниенің бойға жаққан,



3-тапсырма.

Топтық жұмыс. «Шығармашылық ізденіс» әдісі. Шығармадан тарихи кейіпкерді, жер-су атауын, дәстүрді тап, мысал келтір.

2-топ

Үзіндіде қандай тарихи жерлер жайлы айтылды? Мысал келтір

Қараөткел келіп жатыр, Қарқаралы,
Кереку, Баян, Семей, Торғай-бәрі.
Жетісу осында кеп құйып жатыр,
Арқаға аунап шөкті Қаратауы.
Әр жақтың қошқарлары, марқалары,
Әр жерде ауыр қотан, алқалады.
Жиылды Сағынайдың сорпасына,
Асын жеп, атын шауп тарқағалы.


Арқаға аударылды ас дегенге
Лақылдап Балқаш, Арал теңіздері.


Жетісу, Ертіс, Арқа жүген жаттап,

Байбайлап салған әнін «Құлагерге».


Қаратау көрген емес зорды мұндай,

Жетісу кісі таппай болды жұмдай.

Балық боп Арал, Балқаш аузын ашты,

Қауыпқыпқорғалады Семей, Торғай.







3-тапсырма.

Топтық жұмыс. «Шығармашылық ізденіс» әдісі. Шығармадан тарихи кейіпкерді, жер-су атауын, дәстүрді тап, мысал келтір.

3-топ

Үзіндіде тарихи дәстүрлер бар ма? Мысал келтір


Басталды әңгіменің былай басы,
Болды оған жетпіс, сексен жыл шамасы.
Арқада Ерейменді мекен еткен
Керейде Сағынайдың болыпты асы.


Айтылған қыстай сауын, ұлы дүбір,
Хат алған неше дуан, болыс пен би.
Әр елдер тұрғы- тұрғы, алыс, жақын
Жаратып келіп жатқан дәмелі атын.


Дегене «Көкшетаудан Құла келді»,
Көруге ынтызар боп ел жүгірді.

«Біреудің тіл мен көзі тимесін»-деп
Дұға оқып, Ақан жерге түкірінді.


Тауысып көл қымызды, таудай етті,

Неше күн Ереймен тау етке бөкті.

Күтіліп келген мейман тойынған соң,

Ат шауып, бәйге үлесер мезгіл жетті.


Даурығып қарсы жақта қобырасты,

Балуанның шешіндіріп, дабырасты.

«Тез шығар балуаныңды!» -деген дауыс

Атойлап, қыр көрсетіп, жамырасты.
















Жариялаған:
Бердалы Назерке
14 Қаңтар 2025
1603
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі