Материалдар / ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗДЫ ДӘРІПТЕУ АРҚЫЛЫ ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕРІН ДАМЫТУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗДЫ ДӘРІПТЕУ АРҚЫЛЫ ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕРІН ДАМЫТУ

Материал туралы қысқаша түсінік
*Мәңгілік Ел* идеясын басшылыққа ала отырып, рухани жәни адами құндылықтарымызды дәріптеу арқылы өскелең ұрпақ бойында адамгершілік қасиеттерді дамытудың басым бағыттары баяндалған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Ақпан 2018
420
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗДЫ ДӘРІПТЕУ АРҚЫЛЫ ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫҢ

АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕРІН ДАМЫТУ



Сағынтаев Қ.С.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ОҚО бойынша ПҚ БАИ

Шымкент қаласы





«Мәңгілік ел» идеясы қоғамның рухани - адамгершілік дамуын мақсат етеді. Яғни қоғамның әрбір мүшесінің өзіндік санасын дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды.

Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев өзінің қара сөздерінде: «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оған замандастарының бәрі кінәлі» деп ұлағатты сөз айтты. Бұл жағдаят адам, қоғам, мемлекет дамуының маңызды қырларын ашып көрсетеді. Сондықтан, мемлекеттің жастарды тәрбиелеуге, тәні сау және рухани бай жастар ортасын қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлуі өте маңызды.

Бұған қоса, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қатысы бар азаматтық қоғам институттарының барлығы біздің болашағымыз алдындағы жауапкершілігін түсінуі қажет. Бірінші кезекте бұл, әрине, ата-аналар мен жақын туыстарға қатысты, өйткені, тәрбиелеу ісі адамның дүниеге келген сәтінен бастау алатыны айтпаса да түсінікті.

Дүниетаным негізі, адамның ақиқатқа деген көзқарасы балалық, жасөспірімдік және жастық шағында қалыптасады. Қазақ жастары үшін аға буын өкілдері – аталарымыз бен әжелеріміздің, әкелеріміз бен аналарымыздың ғибратты сөздері, мінез-құлқы мен даналығы тәрбиелік жағынан үлкен әсер еткен. Сондықтан отбасылық тәрбие институттарын барынша қолдау қажет.

Әрине, жалпы білім беретін, орта арнайы және жоғары оқу орындарындағы, жалпы білім саласындағы тәрбие үдерісі өте маңызды болып табылады. Баршаңызға белгілі, біздің елімізде орта білім алу міндетті болып саналады, ал жоғары білім алуға көп жағдайда мемлекет қолдау көрсетеді. Бұл ретте білім беру жүйесі зайырлы қағидаттардан тұрады және қоғамның жан-жақты және үйлесімді дамыған мүшесін қалыптастыруға бағытталған.

Имамдар, дін қызметкерлері және жалпы дін саласындағы беделді азаматтар жастарды рухани-адамгершіліктік тұрғыдан тәрбиелеуде елеулі рөл атқарады. Алайда қазіргі уақытта діни білім беру жүйесі бүгінгі күннің талаптарына және жастардың рухани сұраныстарына толық сәйкес келеді деп айта алмаймыз. Кейбір имамдардың ой-пікірлерінің тайаздығын, жастарға үлгі болатын мінез-құлықтарының жоқтығын көріп қынжыламыз. Зәру сұрақтарға жауапты діннен іздеген жастар оларды мешіттерден, дін қызметкерлерінен әрдайым таба бермейді. Сондай сәттерде, әрине, жастар діни экстремизм идеологтарының қолына оңай түсуі мүмкін, мұндай жағдайлар бұған дейін де орын алған. Отбасылық құндылықтар дегеніміз - бір - бірін сүйіп қосылған жанұялардың отбасын сақтау үшін қолданатын ежелден келе жатқан салт - дәстүрі. Әрбір отбасының өз құндылықтары болады. Ол құндылықтар ежелден бері келе жатқан немесе жаңадан шығарылған құндылықтар болуы мүмкін. Бұдан басқа адамдар отбасылық құндылықтарды басты 3 топқа бөледі. Олар дәстүрлі, қазіргі, тәрбиелі отбасылық құндылықтар деп аталады. Дәстүрлі отбасылық құндылықтар. Адамдар отбасылық құндылықтар дегенді естігенде көз алдарына бірден құндылықтар түсіп, бір - бірімен ортақ тіл таба алады. Бірақ дәстүрлі отбасылық құндылықтардың әртүрлі болғанына байланысты адамдар осы тақырыпта ортақ тіл таба алмайды.
Дәстүрлі отбасылық құндылықтар дегеніміз – қарт адамдардың жас отбасыға берген ақыл - кеңестері. Қазіргі таңдағы жас отбасылардың ажырасу статистикасы өскеніне байланысты жас отбасыларға олардың дәстүрлі отбасылық құндылықтары туралы теледидардан, ғаламтордан көруге болады. Әр отбасыда бұл құндылықтар әртүрлі. Бірақ олардың ұқсас жақтары да бар. Мысалы, кез - келген жанұяда дінді сақтау, некені бұзбау, ұрпақ жалғастыру, баларды тәрбиелеу деген дәстүрлі отбасылық құндылықтар ортақ болады.

Еліміз егемендік алған жылдардан бастап қоғам өмірінде түрлі саяси, тарихи, экономикалық күрделі өзгерістер, сан-салалы бағыттарды қамтып, бүгінгі таңда әр түрлі этникалық топтар мен түрлі діни ағымдағы қоғамды қалыптастырды. Бұл Конституцияда жазылған азаматтарға берілген діни наным-сенім бостандығының жемісі. Өйткені, дін атаулының қоғамдық сананың қалыптасуы мен дамуында орны мен рөлі ерекше. Дін мәселесін тек қана құдайды танып, оған ғибадат жасау ғана деп түсіну жеткіліксіз. Қазіргі таңда мемлекетіміз дін мәселесінің күрделілігі мен маңыздылығын түсініп, діни қатынастарға, яғни дінге байланысты маңызды мәселелерге ерекше көңіл бөлініп отыр. Өйткені, қандай да бір ұлттың басты құндылығының бірі, оның діни сенімі болып табылса, онда дін мен халықтың бірлігі бір-бірімен тікелей байланысты екенін уақыттың өзі дәлелдеді. 

Қоғам өмірінде дін рөлінің артуы, діни ұйымдар белсенділігінің күшеюі мен қанат жаюы жағдайында жастардың дінге деген қызығушылығы артып келеді. Олар үшін әлемдік дәстүрлі діндердің рухани-адамгершіліктік мұрасы, оның мазмұны мен мәні үлкен мәнге ие. Бұған адамзаттың өркениетті дамуы мен рухани жаңғыруына қатысты күйіп тұрған мәселелерге анық та нақты жауаптардың болуы керектігін талап ететін, әлемдегі қалыптасқан тәртіп те ықпал етуде. Қазіргі кезеңде мемлекетіміз үшін азаматтар бойындағы өзіндік қасиеттерге нұқсан келтірмей, жаңа қасиеттерді, дербестікті және таңдау мен шешім қабылдау жағдайындағы жауапкершілікті тұлға аралық барабар қарым-қатынас орнатуға, қоғамдағы тиімділікті арттыруға әсер ететін білім, білік, дағдыларды ұлттық мәдениет аясында қалыптастыру мәселесі тұр. Бүгінгі біздің қоғамымыздың өткір мәселесінің бірі – діни экстремизм. Экстремизмнің қандай бір түрі болмасын, ол мемлекеттің тұтастығына, ұлттың қауіпсіздігіне, азаматтардың құқығына және бостандығына үлкен қауіп төндіреді. Кез келген ел үшін діни экстремизмнің ең қауіпті түрі дін атын жамылып, ұлттар және діндер арасына от салу. Мұның арты үлкен қақтығыстарға алып келетіні мәлім.

Экстремистік әрекеттер мен ұйымдар Қазақстанда да пайда болып, өздерінің лаңды істерін атқарумен» көзге түсуде. Осы орайда Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаев «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында дін мәселесіне ерекше мән беріп, бірқатар тапсырмалар мен жауапкершіліктерді жүктеді.

Атап өтсек: 

- мемлекет пен азаматтар радикализмнің, экстремизмнің және терроризмнің барлық түрлері мен бой көрсетулеріне қарсы біртұтас шеп құруға тиіс;
- діни радикализм мен экстремизмнің пайда болуын бейтараптандыру мақсатында заңдарымызды күшейтуіміз керек;

- жастар арасында діни экстремизм профилактикасын күшейту, өйткені кейбір сыртқы экстремистік күштер жастарымызды дұрыс жолдан адастырып, теріс бағытқа тартуға тырысуда. 
Осыған байланысты, жастар арасында толеранттық мінез-құлық қалыптастыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және оған қарсы әрекет ету шаралары негізінде қазіргі көп ұлтты елімізде түрлі шаралар ұйымдастырылып, жүзеге асырылуда. Мемлекет жүргізіп отырған халықаралық келісім мен ұлтаралық бірлікті дамытуға бағытталған нақты саясат аға буын мен кіші буын арасындағы өзара түсіністікті, ең бастысы, ата-ана мен бала арасындағы бірлікті, жастардың ішкі мәдениетінің дамуын, ұлттық сана-сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық құндылық тұрғысынан қамтиды.
Қазіргі таңда деструктивті, кей жағдайда тіпті радикалды исламдық ағымдардың белсенді әрекеті елдің ұлттық өзіндік ерекшелігінен айырылып қалу қаупіне апарып соғуы мүмкін. Ол ең алдымен діндар жұртшылықтың біздің төл қазақ дәстүрлерінен бас тартып, оны жоққа шығарып, фундаменталды және радикалды идеялардың күшеюінен көрінісін табады.

Сондықтан да мемлекеттің алдында тұрған басты мақсаттардың бірі - қоғамымызда діни процестердің саясаттануына жол бермеу. Осы орайда, маңызды болған мәселенің бірі, бұл – дәстүрлі емес діни қозғалыстардың қызметтерін ретке келтіру. Себебі, олардың әрекеттері қоғамда кереғар көзқарастар туғызып келеді. Өйткені, қазіргі таңда ұлт және дін, тарих және дін, дәстүр және дін мәселесі де терең байыпталмай келеді. Дінді салтпен, дәстүрмен шатастырушылар көбейді. Сондықтан жастарға рухани адамгершілік тәрбие беру басты назарда болуы тиіс. Жаңа жас буынның дүниетанымын қалыптастыру мен тәрбиелеуде ұлттық дәстүріміздегі адамгершілік пен ар-ұят ұстанымдарын бүгінгі заман талаптарына сай тиімді түрде қолдана алсақ, бұл ұлтжанды және иман жүзді ұрпақ қалыптастырудың негізі болады.  Жаңа қоғам қалыптастырудың жалпы әлеуметтік мәдени механизмінің мәнді бөлігі ретінде дәстүршілдік көрінеді. Этномәдени дәстүрді қайта жаңғырту, мәдени мұраны сақтау, ұлттық өзіндік ерекшелік және жалпыадамзаттық құндылықтардың арақатынасы бағдарламалары түбегейлі маңызға ие. Мәдени шындықтың өзі адамның өзіндік бірегейлігін айқындайды. Қазіргі заманауи өркениет жағдайында этникалық мәдениет ұлттық мәдениеттің ерекшелігін айқындайтын қабат болып табылады. Жастардың рухани әлемінің жағдайы жастар үшін ғана емес, бүкіл қоғам өмірі үшін де маңызды орын алады, өйткені жастар біздің болашағымыз. Жастардың рухани мәдениетін құраушылардың бірі құндылықтық бағдарлар болып табылады яғни, белгілі-бір мәндерді өмірді ұйымдастырушы бастамалар ретінде қабылдау және өзін соған сәйке ұстау. Адамның адамгершілігі – оның жоғары қасиеті. Оның негізгі белгілерінің бірі – өзі үшін ғана емес, ел, қоғам үшін өмір сүру, адамдық ар – намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға дайын болу. Арлы адам – ардақты адам. Адамгершіліктің асыл қасиеттері: Отансүйгіштік, мейірімді, адал, еңбекқор, ақылды, әділ, парасатты жас ұрпақтарымыздың бойынан табылуы тиіс. Басқаша айтқанда, бүгін біз тек өзара түсіністік пен сыйластықтың, бір-бірімізге деген құрметтің арқасында ғана тіршілігімізді жалғастыра алмақпыз. Бұл үдеріс біздің әрқайсымыздың өз дінімізді, дәстүрімізді құрметтеуге, дәріптеуге кедергі болмайды. Өйткені, әрбір дін – ақиқатқа деген ұмтылыс. Сондықтан да, еліміздің болашағы үшін жастарды тәрбиелеуде рухани құндылықтардың маңызы зор және біз күнделікті өмірде оларды қолданудың аясын кеңейтіп, үнемі назарда ұстап отыруымыз қажет.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «…дін мәселелерінде ойластырылған қадам және өте мұқияттылық қажет. Біз ұят, толеранттылық және төзімділік еркіндігі принциптерін қастер тұтуымыз керек», – деп атап көрсетті.

Сонымен қатар Ұлт көш­бас­­­шы­сы өз Жолдауында: «…біз­­дің мемлекетіміздің зайырлы келбеті – Қазақстанның табыс­ты дамуының маңызды шарты. Мұны Қазақстанның қазіргі және болашақ саясаткерлері, барлық қазақстандықтар айқын түсінуге тиіс», – деп ерекше айтып өтті.

Біз тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қазақ еліне айтқан осы дана сөзін әрбір өскелең жас ұрпаққа аманат етіп жеткізуіміз керек. Өйткені жалпыұлттық ойлаудың басты парадигмасына және Қазақстанның тиімді мемлекеттік дамуының ұйымдастырушы күшіне айналған бұл алғышарттар еліміздің, еңбексүйгіш Қазақстан халқының болашағы жарқын болатынына сенім ұялатады. Қорыта айтсам, жастарымыздың бойында отансүйгіштік, ұлтжандылық, әдептілік, ибалылық, төзімділік сынды қасиеттерді арттырып, олардың жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды толыққанды түсініп, өмірлік жолдарында ұстануына септігін тигізуге әсер етуіміз керек.





Қолданылған әдебиеттер тізімі



1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы – «Қазақстан-2050» Стратегиясы».17 қаңтар 2014. www.akorda.kz

2. Baq.kz сайтында

3. Қуанышбаева Ж.. Тілдік құндылықтарына байланысты Қазақстан халқының өзін-өзі сәйкестендіруі // Қоғам және дәуір.- 2012.- № 1.- б.37. 

4.Қозыбаев М.Қ.Өркениет және ұлт. Алматы: 2001. – 369 бет.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!