400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Құндылықтар: кешегі мен бүгінгі

Материал туралы қысқаша түсінік
Құндылықтар туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Тексерілді: оқу ісінің орынбасары



Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3-сынып

Күні: 12.10.2018 жыл

Тақырыбы:

Жануарлар қайда тіршілік етеді ?

Мектеп: Айнабұлақ ЖББ мектебі

Мұғалімі: Иргалиева Гульвира Ербуловна

Қатысқандар саны: 10

Қатыспаған оқушылар: 0

Оқу мақсаты:

3.2.2.2 жануарларды тіршілік ортасы бойынша ажырату;

3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау.

Сабақтың

мақсаты:

Жануарлардың тіршілік ортасын біледі.


Бағалау критерийі

  • Жануарлардың тіршілік ортасын біледі;

  • Тау, шалғындық, аралас орман, шөл, дала, көл және тағы басқа тіршілік орталарды ажыратады;

  • Дереккөздердегі ақпараттардың артықшылығы мен кемшілігін анықтай алады.

Тілдік мақсат

Пәндік терминология мен тірек сөздер: Кеңістік, тіршілік ортасы

Тау, шалғындық, аралас орман, шөл, дала, көл және тағы басқа тіршілік орталарын сипаттап бере алады.

Құндылықтар

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуін тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, дүниетану.

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылыммен жұмыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Өсімдіктердің тіршілік ортасы.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

2 минут









5 минут


Шаттық шеңбері

Сәттілік біздер тілейік,

Мен саған, сен маған.

Күндей күліп жүрейік,

Күннің нұрын төгейік,

Мен саған, сен маған



Өткен сабаққа шолу «Қар кесегі» әдісі

- Омыртқа деген не?

- Омыртқалы жануарларды атаңдар.

- Омыртқасыз жануарларды атаңдар.

- Медуза мен теңіз жұлдызы қандай жануарлар ?

Шығармашылық тапсырмамен таныстырады

Оқушылар медуза және теңіз жұлдызы туралы мәліметтермен таныстырады.




















Қағаздан жасалған қар кесегі.



Суреттер




























Сабақтың ортасы

3 минут







2 минут











3 минут



5 минут











































3 минут









7 минут





















5 минут



























Сабақтың соңы

5 минут




Топпен жұмыс

Мәліметтер жазады.

1-топ. Өсімдіктердің тіршілік ету ортасы.

2-топ. Жануарлардың тіршілік ету ортасы.

Жұппен жұмыс

Жануарларды топтастырады

1-жұп. Орманда тіршілік ететін жануарлар.

2-жұп. Суқоймада тіршілік ететін жануарлар.

3-жұп. Далада тіршілік ететін жануарлар.

4-жұп. Мұзды аймақта тіршілік ететін жануарлар.

5-жұп. Тауда тіршілік ететін жануарлар.


Жаңа сабақ

- Балалар, бүгін біз «Жануарлар қайда тіршілік етеді?» тақырыбын өтеміз. Сабақтың мақсатын оқиық.

- жануарлардың қайда тіршілік ете алатынын білесін;

- мекендейтін жеріне қарай жануарларды топқа бөлесін.


Сөздік жұмысы

Кеңістік – пространство - space

Тіршілік ортасы – среда обитания – habitat


Алуан түрлі жануарлар. Оқулықтағы сурет саны бойынша құрылған 9 топтың атауына сәйкес берілген суреттегі мекен туралы сипаттама жа­сау (Жауаптары: 1. Шөл. 2. Аралас орман. 3. Тау. 4. Дала. 5. Өзен. 6. Арктика. 7. Саванна. 8. Теңіз. 9. Шалғындық).

Сұрақтар:

  • Ол қандай мекен?

  • Өсімдіктер бар ма?

  • Алыстағы көкжиек көріне ме, әлде кедергі жасай­тын нәрсе бар ма?

  • Топырағы қандай?

  • Осындай жер­лерде болып көрдіңдер ме?

  • Ол жердің атауы қан­дай?

  • Басқа қандай жерлерде жануарлар тіршілік ете алады?

Мұғалімнің түсіндіруі. Жануарлар өсімдіктер сияқты Жер шарының барлық аймағында тіршілік етеді.

Олардың басым көбі орманды мекен етеді. Орманға джунгли, тайга және басқалар жатады. Орманның орналасқан жеріне байланысты оны аю, бұлан, жалқауаң, маймыл мекендеуі мүмкін.

Тау – жер бетінің биік бөлігі. Тауды ілбіс, арқар, қыран мекендейді.

Суқоймаларға мұхит, теңіз, өзен, бұлақ, тоған мен көл жатады. Суқоймаларда алуан түрлі жа­нуарлар: дельфин, кит, кәмшат, құндыз, түрлі ба­лық тіршілік етеді.

Арыстан, антилопа, дуадақ пен түрлі бунақ­денелілер ашық кеңістікте тіршілік етуге бейім­делген. Ашық кеңістіктер – бұл дала, шалғын, шөл, шөлейт, саванналар. Онда ағаш, бұта сирек кездесіп, шөптесін өсімдік өсуі керік, қосаяқ, қа­рақұйрықтарға қолайлы жағдай туғызады.

Тастақты шөлдерді жылан, ал мұзды аймақтарды ақтүлкі, арктика қасқыры, солтүстік бұғысы мекендейді.

Сергіту сәті. «Сен білесің бе?»

Су түбіндегі балықтардың алуантүрлілігі туралы бейнекөрініс көрсету. «Жарқыра­уық» балықтар туралы мәлімет беру.

Жеке жұмыс. Дәптермен жұмыс.

23-жұмыс парағы. «Жануарлар қайда тіршілік

етеді?», 25-б.

Жануарлардың тіршілік ортасы. Оқушылар зерт­теу нәтижесіне қарай жануарлардың тіршілік орта­сын бірдей түспен бояп шығады. Төрт түрлі түс шығуы тиіс. Одан кейін сөйлем құрап жазады (Жауаптары:

Бірінші: джунгли, аралас орман. Екінші: өзен, теңіз, көл, мұхит. Үшінші: тау. Төртінші: дала, шөл, шөлейт, шалғындық, саванна.

Джунгли, аралас орман орманға жатады.

Суқоймаға өзен, көл, теңіз, мұхит жатады.

Ашық кеңістікке дала, шөл, шөлейт, шалғындық, саванна жатады.

Жануарлар тіршілік ортасына қарай мынадай топтарға бөлінеді: ашық кеңістік, тау, суқойма, орман).

24-жұмыс парағы. «Жануарлардың топтары», 26-б.

Төрт топ. Оқушылар көмекші сөздерді пайдаланып, әр жиектеменің астындағы жазуға сәйкес кез келген мекеннің атын жазып, олардың суретін салады. Кей­бір оқушылар көрсетілген тіршілік ортасында өмір сүретін жануарлардың суретін салады (Жауаптары:

Орман: джунгли, аралас орман.

Суқойма: өзен, теңіз, тоған, көл.

Ашық кеңістік: саванна, дала, шалғындық, шөл.

Тау: тау).

Бағалау.

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Жануарлардың тіршілік ортасын ажыратады.

  • Жануарлардың тіршілік ортасын сипаттай алады;

  • Тау, шалғындық, аралас орман, шөл, дала, көл және тағы басқа тіршілік орталарды ажыратады

Зерттеу жұмысын жүргізеді.

  • Дереккөздердегі ақпараттардың артықшылығы мен кемшілігін анықтай алады.


Үйге тапсырма. Оқулық 37 бет оқу, мазмұндау.

Кері байланыс. «Ұялы телефон» ойыны.

Оқушыларға қағаздан жасалған ұялы телефон беріледі.

Бір таңбаны белгілейді.

Камера – барлығын түсіндім, есіме сақтадым.

Сағат – жартылай түсіндім, толық түсінуге уақыт керек.

Қоқыс жәшігі – ештеңе түсінбедім, сабақта айтылғандар жойылды.

Постерлер, жануарлардың суреттері.



























Сөздік карточкалары







Оқулық

36-37 бет.



























































Видеоролик «Они умеют светиться»





Жұмыс дәптерлері 25-26 бет.







Бағалау парақтары.







Ұялы телефон











Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы




Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру. Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру.

Сабақ барысында

-мадақтау, қолдау сөздер айту арқылы бағалау.

-оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түрт

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.11.2023
125
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі