Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жасалған жұмыстар туралы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жасалған жұмыстар туралы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада мектептегі құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша оқушылармен жасалған жұмыстар жүйесі көрсетілген
Материалдың қысқаша нұсқасы

Айтимбетова Айымгүл Алтынбекқызы,

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Хатешов Анарбек Нұрболатұлы,

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

49 ЖОББМ; Орал қаласы

2023-2024 оқу жылы бойынша №49 ЖОББ мектебіміздегі

құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты жүргізілген

жұмыстар туралы


Жастар туған мемлекетімізді баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне қызмет етуге парыздар. Ол үшін әрбір жас еліміздің тұтастығын, жеріміздің  бүтіндігін, халқымыздың жарастығын аман сақтай білу қаншалықты үлкен тарихи жауапкершілік екенін жан-жақты сезіну керек. Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Мектебімізде де бұндай өзекті тақырып бойынша жұмыстар жыл бойы жалғасын тауып келеді. «Тәртіпке бас иген адам құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деп Б.Момышұлы айтқандай, еңбек тәртібін сақтап, заңды құрметтеп, тыныш жүрсе, одан ешкім де ұтылмайтыны ақиқат. Осы орайда, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жоспарланған іс-шаралар жүзеге асып, төмендегідей жұмыстар жасалды.

Адалдық сағаты аясында 7 қыркүйекте "Сыбайлас жемқорлық" деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту және өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу мақсатында мектебіміздің акт залында 5 а,ә,б,в,г д,е сыныптарында "Сыбайлас жемқорлық-қоғамның өзекті мәселесі" атты бірлескен тәрбие сағаттары өткізілді.
https://www.instagram.com/reel/Cw8WYdlLKu5/?utm_source=ig_web_button_share_sheet

«Баланың басты ұстазы – ата-ана» демекші, мектебіміздегі алғашқы «Құндылыққа негізделген тәрбие» атты ата-аналар жиналысында «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу» тақырыбында мектеп инспекторы Е.Е.Сабыржан келіп, ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді. https://www.instagram.com/p/CzOt19SMWPn/?igsh=b3lwN3l0dHBtYWM=

Мектебіміздегі «Ұлан» ұлдар клубы мен «Жас сақшылар» клубының ұйымдастыруымен ер балалар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір сүру салтын насихаттау, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім орната отырып, бүгін мен болашаққа деген жауапкершілікті қалыптастыру мақстаныда 14,15-қыркүйек күндері мектебімізде 5,6,7,8,9 сыныптар ұлдарына арналған ұлдар клубының жиналысы оздырылды. Жиналыста мектебіміздің директоры Н.Д.Ергужиева қазіргі кездегі ұлдар тәрбиесі бүтіндей ұрпақтың, мемлекеттің тәрбиесі екенін басып айтып, ұлдарымызды үйдің баласы емес ұлттың, елдің баласы етіп тәрбиелеу керектігін айтып, көп көңіл бөлу керектігіне тоқталды. Жиналыс барысында құнды деректер мен ұлағатты ойлар айтылды. Құндылықтары:Өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру және әкелер, ағалар ықпалы нәтижесінде ер балалардың азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу.

https://www.instagram.com/p/CxSCHfao9RM/?utm_source=ig_web_copy_link

29-қыркүйек күні мектебімізде "Абайлаңыз, балалар!" акциясы аясында жедел профилактикалық жұмыстар негізінде "Қауіпсіз жолдар", "Қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылықтың алдын-алу" тақырыптарында түсіндіру жұмысы жүргізілді. Шараны ашқан ДТІЖО А.А.Айтимбетова бүгінгі таңдағы жасөспірімдер арасындағы қаупісіздік пен құқықбұзушылықтың өзекті тақырып екенін айта келе, білім алушыларды тәртіптілік пен тәрбиелілікке шақырып, тақырыптық жиынға келген қонақтарға алғысын білдірді. Орал жол дистанциясы жол шебері Аманғали Серікбайұлы Томкумбаевпен, Орал станциясы желілік полиция бөлімі, әкімшілік полиция бөлімшесінің инспекторы, полиция лейтенанты Ардақ Едігеұлы Қайқыбасовпен кездесу дәріс сабақтары өткізілді. Сонымен қатар осындай жедел профилактикалық жұмыстар негізінде Орал станциясы желілік полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі полиция лейтенанты Нұржан Алтайұлы Жалелов та қатысып осы мәселелер жөнінде кеңінен тоқталып өтті.

https://www.instagram.com/p/Cx7E4JOIf3b/?utm_source=ig_web_copy_link

20 қазан күні салауатты өмір салтын қалыптастыру және білім алушылардың наркологиялық заттар тұтынудың алдын алу мен зияндылығын ұғындыру мақсатында мектебімізге Облыстық психо-наркологиялық диспансерінің дәрігері, жоғары дәрежелі маман Сатанов Нұрлан Фатихоллаұлы келіп, білім алушыларға дәріс жүргізді. Ақпараттық түсіндіру жұмысы барысында оқушыларға зиянды заттар туралы айта келе, тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, талқыланды. Шара соңында мектеп директоры Н.Д.Ергужиева арнайы келген маманға алғысын білдіріп, білім алушыларға салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытына күнделікті дағды енгізу керегінің маңызын атап өтті.

https://www.instagram.com/p/CyshlaWsJo5/?utm_source=ig_web_copy_link

Балаларға қатыгездік пен немқұрайлылық мәселесіне қоғамдық назар аудару, қоғамда балаларды қатыгездікке төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру, балаларды зорлық-зомбылықтың кез-келген түрінен құқықтық қорғау деңгейін арттыру мақсатында мектебімізде "Талап" тәрбие құндылығы негізінде ұйымдастырылған "Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" ақпараттық науқанын өткізу іс-шаралар жоспарына сәйкес бүгін "Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мен балалардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері" тақырыбында Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің аға тергеушісі Б.Б.Жумагазиев келіп, білім алушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қаржылық сауаттылық пен пирамидалық ақпараттық кеңес берді. Шара соңында бейне материалдар көрсетіліп, оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынып, QRкод арқылы заңдылығын анықтауға болатын оқушыларға жаднамалар таратылды.

https://www.instagram.com/reel/CzpsfssKQ3r/?utm_source=ig_web_copy_link

Тәрбиелік қызметтің түрлі формалары арқылы өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізін қалыптастыру; Оқушылардың жолда жүру ережелерін сақтаулары мен орындауларының дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Бала қауіпсіздігі – қоғамның басты міндеті» атты БҚО Полиция департаменті Орал қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонымен бірлескен жол-транспорттық жарақаттарының алдын-алу жұмысын ұйымдастыру бойынша онкүндік жоспары жасақталып, іс-шаралар жүзеге асты. Іс-шаралар жоспарының негізінде «Жас ақшылар» клубының ұйымдастыруымен «Жарқырап жүр! Айқын бол!" атты оқушылардың киімдеріне, сөмке құралдарына жапсырылған қараңғы уақытта жарық шағылыстырғыш лента, брелок, тб қауіпсіздіқ белгілерімен қамтамасыз етілген айқын сыныптар анықталды. Білім алушцылардың қараңғы кездердегі қаіпсіздігін күшейту мақсатындағы белгіленген акцияға мектеп оқушылары белсене қатысты. Ата-аналармен бірлескен іс-шаралар өз жалғасын таба бермек.

https://www.instagram.com/p/C0WArgiM1Go/?utm_source=ig_web_copy_link

"Біртұтас тәрбие бағдарламасы" негізінде және "Ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасы" аясында құқық бұзушылықтың алдын-алу, қауіпсіз мінез-құлық, дағдарыс жағдайындағы іс-әрекеттер бағытында 9"ә" сыныбының білім алушылары мен ата-аналарының қатысуымен бірлескен сынып сағаты оздырылды. Оқушылардың құқықтық санссын қалыптастыруға және олардың әртүрлі "қолайсыз" жағдайларда қажетті шешімдер қабылдау дағдыларын игеруіне ықпал жасау мақсатындағы шараға мектеп директоры Н.Д.Ергужиева, ДТІЖО А А.Айтимбетова, А.Н.Хатешов сөз сөйлеп, бүгінгі таңдағы оқушылар арасындағы құқыққа қайшы мінез-құлық, мектептің ішкі тәртіп ережесі және жастар арасында электронды темекі шегудің белең алуы қаупі туралы айтып өтті. Тәрбие сағатына БҚО Полиция майоры С.Д.Бериккалиев қатысып, құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша түсінік жұмысын жүргізіп, ақпараттар берді. "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы" аясындағы "Даналық мектебі" негізіндегі "Кемеңгер" әкелер клубының жетекшісі Д.Алпамысұлы да қатысып, ұлттық құндылық, отбасылық тәрбие жөнінде сөз қозғады. Шара барысында "Қолайлы орта", "Отбасылық құндылық" тақырыптарында бейнероликтер көрсетіліп, білім алушылардың пікірлері тыңдалды. Шара соңында ата-аналар да сөз алып, балаларды қадағалау, тәрбиелеу жолындағы мектеп пен бірлескен жұмыстарды қолдайтынын жеткізді.

https://www.instagram.com/p/C0lIF1ZIf60/?utm_source=ig_web_copy_link

20 қазан күні салауатты өмір салтын қалыптастыру және білім алушылардың наркологиялық заттар тұтынудың алдын алу мен зияндылығын ұғындыру мақсатында мектебімізге Облыстық психо-наркологиялық диспансерінің дәрігері, жоғары дәрежелі маман Сатанов Нұрлан Фатихоллаұлы келіп, білім алушыларға дәріс жүргізді. Ақпараттық түсіндіру жұмысы барысында оқушыларға зиянды заттар туралы айта келе, тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, талқыланды. Шара соңында мектеп директоры Н.Д.Ергужиева арнайы келген маманға алғысын білдіріп, білім алушыларға салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытына күнделікті дағды енгізу керегінің маңызын атап өтті.

https://www.instagram.com/p/Cx7E4JOIf3b/?utm_source=ig_web_copy_link

Тәрбиелік қызметтің түрлі формалары арқылы өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізін қалыптастыру; Оқушылардың жолда жүру ережелерін сақтаулары мен орындауларының дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Бала қауіпсіздігі – қоғамның басты міндеті» атты БҚО Полиция департаменті Орал қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонымен бірлескен жол-транспорттық жарақаттарының алдын-алу жұмысын ұйымдастыру бойынша онкүндік жоспары жасақталып, іс-шаралар жүзеге асты. Іс-шаралар жоспарының негізінде «Жарқырап жүр! Айқын бол!" атты оқушылардың киімдеріне, сөмке құралдарына жапсырылған қараңғы уақытта жарық шағылыстырғыш лента, брелок, тб қауіпсіздіқ белгілерімен қамтамасыз етілген айқын сыныптар анықталды. Білім алушцылардың қараңғы кездердегі қаіпсіздігін күшейту мақсатындағы белгіленген акцияға мектеп оқушылары белсене қатысты. Ата-аналармен бірлескен іс-шаралар өз жалғасын таба бермек 

https://www.instagram.com/reel/CzpsfssKQ3r/?utm_source=ig_web_copy_link

Балаларға қатыгездік пен немқұрайлылық мәселесіне қоғамдық назар аудару, қоғамда балаларды қатыгездікке төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру, балаларды зорлық-зомбылықтың кез-келген түрінен құқықтық қорғау деңгейін арттыру мақсатында мектебімізде "Талап" тәрбие құндылығы негізінде ұйымдастырылған "Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" ақпараттық науқанын өткізу іс-шаралар жоспарына сәйкес бүгін "Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мен балалардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері" тақырыбында Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің аға тергеушісі Б.Б.Жумагазиев келіп, білім алушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қаржылық сауаттылық пен пирамидалық ақпараттық кеңес берді. Шара соңында бейне материалдар көрсетіліп, оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынып, QRкод арқылы заңдылығын анықтауға болатын оқушыларға жаднамалар таратылды.

https://www.instagram.com/p/CyshlaWsJo5/?igsh=MWtvYWFkY3l0YWNjNQ==

Бұндай иг іс шаралар мектебімізде жалғасын таба бермек.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.02.2024
171
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі