Материалдар / Құқық негіздерінен аудандық, облыстық олимпиада тапсырмалары 2023-2024 ж
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Құқық негіздерінен аудандық, облыстық олимпиада тапсырмалары 2023-2024 ж

Материал туралы қысқаша түсінік
Құқық негіздерінен аудандық облыстық олимпиада тапсырмалары 2023-2024 ж
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қаңтар 2024
357
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ТЕСТТЕР

11 сынып жауаптары





1. С

2. B

3. B

4. D

5. C

6. B

7. E

8. B

9. D

10. E

11. C

12. E

13. C

14. E

15. B

16. D

17. E

18. C

19. D

20. E

21. B

22. D

23. B

24. C

25. B




ТЕСТТЕР

11 сынып жауаптары



1. Қазақстан Республикасының Жер кодексі қашан қабылданған?

C. 20 маусым 2003 жылы.


2. Қазақстан Республикасында жер кімге тиесілі? ҚР Жер кодексінің 3-бабы

B. Қазақстан халқына.


3. Мемлекет белгілеген жалпыға міндетті мінез-құлық ережелерінің жүйесі, орындалуы мемлекеттік мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етілетін нормалар – бұл:

В. Құқық.


4. Жерді аймақтарға бөлу - бұл: Ст.8, п.1 Зем.кодекса РК.

D. Жер аумағын оның нысаналы мақсаты мен пайдаланылу режимін белгілей отырып айқындау.


5. Жер - бұл: Ст.12, п.7 Зем.кодекса РК

C. Қазақстан Республикасының егемендігі белгіленетін шектегі аумақтық кеңістік, табиғи ресурс, жалпыға ортақ өндіріс құралы және кез келген еңбек процесінің аумақтық негізі.


6. Жер иелену құқығы – бұл: Ст.12, п.11 Зем.кодекса РК

B. Жерді іс жүзінде иеленуді жүзеге асырудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі.


7. Жер құқығы қатынастары – бұл: Ст.12, п.15 Зем.кодекса РК

E. Жерге меншік құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын басқаруға, жекелеген субъектілерге жер учаскелерін бекітіп беруге байланысты жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар.


8. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының шекаралық белдеуінде орналасқан жер учаскелері жеке меншікке және уақытша жер пайдалануға беріле ме? Ст.23, п.1-1 Зем.кодекса РК

B. Берілмейді.


9. Шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары, халықаралық ұйымдар, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтар, сондай-ақ қандастар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеке меншік немесе жер пайдалану құқығын иелене ала ма? Ст.24, п.1 Зем.кодекса РК

D. Иелене алмайды.


10. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некеде тұрған (ерлі-зайыпты) Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншікке және жер пайдалану құқығымен беруге жол беріле ме? Ст.24, п.1 Зем.кодекса РК

E. Жол берілмейді.


11. Жер пайдалану құқығы ... болып табылады: Ст.28 Зем.кодекса РК

C. Заттық құқық.


12. Жер пайдалану құқығының субъектілерінің түрлері: Ст.30 Зем.кодекса РК

E. Жоғарыда аталғандардың барлығы.


13. Қазақстан Республикасында тұрақты жер пайдалану құқығы шетелдік жер пайдаланушыларға тиесiлi бола ала ма? Ст.34, п.2 Зем.кодекса РК

C. Тиесілі болмайды.


14. Базалық жер-кадастр құжаттамасына жатады: Ст 156 п.2. Зем.кодекса РК

E. Жоғарыда аталғандардың барлығы.


15. Қандастарға жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бақ шаруашылығы және саяжай құрылысы үшін жер учаскелерін беру қалай жүзеге асырылады? Ст 46 п.1. Зем.кодекса РК

B. Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен.


16. Адамды ұстап беру (экстрадиция) – бұл: Ст.7п.1 УПК РК

D. Қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе үкімді орындау үшін іздестіріліп жатқан адамды мемлекетке ұстап беру.


17. Қылмыстық процесті жүргізетін орган? Ст.7п.26 УПК РК

E. Сот, сондай-ақ сотқа дейiнгі тергеп-тексеру кезiнде прокурор, тергеушi, анықтау органы, анықтаушы;


18. «Түнгі уақыт» қандай уақыт аралығын қамтиды: Ст.7п.51 УПК РК

C. Жергілікті уақыт бойынша сағат жиырма екіден алтыға дейінгі уақыт аралығы.


19. Қылмыстық процестің міндеттері болып табылады: Ст.8п.1 УПК РК

D. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жолын кесу, оларды бейтараптықпен, тез және толық ашу, тергеп-тексеру, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа тарту, әдiл сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану, адамдарды, қоғамды және мемлекетті қылмыстық құқық бұзушылықтардан қорғау.




20. Қылмыстық процестің қағидаттары және олардың мағынасы: Ст.9п.1 УПК РК

E. Қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін іске асырудың жалпы шарттарын және қылмыстық процестің өзінің алдында тұрған міндеттердің шешілуін қамтамасыз ететін қылмыстық процесс сатыларының, институттары мен нормаларының жүйесі мен мазмұнын айқындайтын оның іргелі бастаулары.


21. Қазақстан Республикасында қылмыстық істер бойынша сот төрелігі кім арқылы жүзеге асырылады? Ст.11п.1 УПК РК

B. Сотпен ғана.


22. Ешкiмді де қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кiнәлi деп тануға, сондай-ақ қылмыстық жазаға тартуға болмайды, тек: Ст.11п.2 УПК РК

D. Соттың үкiмінсіз және заңға сәйкес емес түрде.


23. Адамды бір сол қылмыстық құқық бұзушылық үшін қайтадан қылмыстық жауаптылыққа тартуға бола ма? Ст.20 УПК РК

B. Ешкiмдi де бір сол қылмыстық құқық бұзушылық үшін қайтадан қылмыстық жауаптылыққа ұшыратуға болмайды.


24. Соттың санкциясынсыз кәмелетке толмаған адамды қанша мерзімге ұстауға болады: Ст.14п.2 УПК РК

C. Жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзімге.


25. Күзетпен ұсталмаған адамды сот-психиатриялық және (немесе) сот-медициналық сараптамалар жүргiзу үшiн медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыруға кімнің шешiмiмен жол берiледi?

Ст.14п.2 УПК РК

B. Соттың шешімімен.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!