«Құрақ құрау өнері»

Тақырып бойынша 16 материал табылды

«Құрақ құрау өнері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға қазақтың атадан келе жатқан жолдарын еске салып отыру , түсіндіріп, үйретіп, қайталату.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Құрық балалар өнер мектебі» ЖБҚ МКҚК

жанындағы «Асыл мұра» аула клубы



Ашық сабақ

Тақырыбы: «Құрақ құрау өнері»



Қосымша білім беру педагогы: Мусина Салтанат




2023-2024 оқу жылы


‹‹БЕКІТЕМІН››

Оқу ісінің меңгерушісі: _______А.Жақсылық «__»_____2024жыл







Үйірме: Қолөнер

Топ: 1

Болатын күні: 10.04.2024ж.

Уақыты: 15:00
























Сабақ тақырыбы: «Құрақ құрау өнері» Мата қыйындыларын топтастыру жұмыстарын жүргізу.


Сабақтың түрі: Дамыту сабақ


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақтың атадан келе жатқан жолдарын еске салып отыру , түсіндіріп, үйретіп, қайталату.


Дамытушылық: Оқушыға құрақ өнерін жетілдіру, дамытуды үйрету.


Тәрбиелілік: Құрақ құрау өнері арқылы қыз баланы әсемдікке, кез-келген затты қиюластыра білуге, үнемділікке тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: Құрақтың түрлі үлгілері, түрлі маталар, түрлі-түсті қағаздар, қайшы, бор, өлшегіш, ине-жіп, дәптер, қалам және т.б.


Пәнаралық байланыс: Геометрия, сызу, математика, тарих, бейнелеу өнері.


Жасалу жолы: Маталарды геометриялық пішіндермен , кескіндермен өз қалауымызша немесе сабақ барысындағы тақырыпқа сай етіп бірнеше бөліктерге қыйып бөліп алып, ине жіптің көмегімен көктеу арқылы орналастырып аламызда содан соң іс машинасымен тіке тігіске салып тіге береміз.


Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

ІІ. Дамыту сабақ (5 мин)

ІІІ.Тапсырманы орындау(25 мин)

IV.Қорытынды (5 мин)


Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу, оқушылардың құрал-жабдықтарын, сабаққа дайындықтарын қадағалау, сабаққа зейіндерін аудару.


III. Дамыту сабағы: Құрақ мата қалдықтарынан жасалатын үй бұйымының бірі. Орыс тілінде құрақ құрау өнері «Лоскутное шитье» деп аталады. Орыс халқының құрақ құрау өнері өте ерте заманнан келе жатыр. Шығыста, Мысырда Каир төңірегінде үш мың жыл бұрын тігілген құрақ бұйымдары табылған. Ағылшын тілінде құрақ құрау «Pachwork» деп аталады. Жапон халқында құрақ «сашико» деп аталады екен.

Қазақ халқының қолөнері өзінің қайталанбас көркемділігімен, дәстүрлі әдісімен дараланып тұрады.Көнеден қалған бұйымдар өрнегінің ерекшелігімен баурап алып, тарих қойнауына жетелейді емеспа.Шеберлердің қолдарынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар сол заманның қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі. Шеберлердің, ұсталардың, зергерлердің, кілемші мен тігіншілердің суретшілік қасиеті мен бірге жетілдіру дарыны да қатар дамыған.Солардың арқасында түрлі үй мүліктері, жихаздар жаңа түрге еніп, жетілдіріп, асыл дүниелерге айналып отырған. «Шеберді шілтерінен танисың», «Шебердің қолы ортақ», деген ел ішіндегі сөздер бекер айтылмаса керек. Қос шеберлікке жету үшін дарын, білім, іскерлікпен шыдамдылық керек.

Қолөнердің алатын орны ерекше, ол әрбір ұлттың өзіне тән меншігі өнері болып саналады. Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын қолөнері де дамып отырған. Қазақтың өрнекті әшекейімен істелерін қолөнердің түрлері өте көп. Шығармашылық ізденіс үстіндегі халық шеберлері тұрмысқа қажетті қолөнердің алуан түрін өмірге алып келуде. Соның бірі осы біздің өтіп отырған сабағымыз құрақ құрау.Бұл аса шеберлікті, шыдамдылықты,үнемділікті, ұқыптылықты қажет ететін қолөнер.

Біздің қазақ тілінде құрақ сөзінің екі мағынасы бар. Біріншісі көлдің жағасында өсетін өсімдікті құрақ десек, екіншісі мата қыйындысынан жасалатын бұйымды құрақ дейді. Яғни құрақ дегенімі шығынсыз өнім жасаудың бір түрі.Негізінен құрақтың 200 ден аса түрі бар. Соның ішінде төртбұрыш, жұлдыз, қызғалдақ, сегізжапырақ, мүйіз құрақ, қиықша құрақ, үшбұрыш, аққу, шахмат, торкөз, гүл құрағы, жұлдызша құрағы ел ішінде кеңінен тараған.





Ине мен ұстаудың ұстаудың ережесі:

Инені дымқыл, яғни сулы матаға қолданбау.

Инемен жұмыс жасау барысында алаңдамау.

Инеге мұқият қарап отыру

Инені сындырып алмау үшін үнемі тігінен ұстау

Қайшыны дұрыс ұстау

Жаныңдағы адамға

Сергіту сәті: Бір-біріне доп лақтыру арқылы құрақтың аттарын айту.

IV.Қорытындылау:

Сұрақ-Жауап: Қандай өнер болсада оған шеберлік, іскерлік, білгірлік бір сөзбен айтқанда, «Көңілсіз жұмыс өнімсіз». Көңіл қойсаң қолдан келмейтін іс жоқ. Құрақ құрау да өнер. Қарап тұрсақ өзіндік сыры бар. Оқшылар түрлі – түсті геометриялық фигуралардағы жасырылған сұрақтарға жауап беру арқылы сабағымызды қортындылап алайық.

1) Жапон халқы құрақты қалай атайды? («Сашико»)

2) Қазақ тілінде құрақ сөзінің неше мағынасы бар? (Екі мағынасы бар)

3) Құрақтың неше түрі бар? (200 ден аса түрі бар)

4) Кеңінен тараған құрақтардың түрлерін ата? (Төртбұрыш, мүйіз құрақ, қиықша құрақ, үшбұрыш аққу, төркөз, шахмат, гүл құрағы, жұлдыз, қызғаодақ, сегіз жапырақ)

5) Құрақ қандай пәндерімен байланысты? (Геометрия, математика сызу, тарих, бейнелеу өнерлерімен)









Қас шебердің қолы ортақ,

Ұрпақтарға жалғасқан.

Зердеңде болса-сол атақ,

Болашақта жетер қалмастан.

Әже менен анадан,

Мирас болған –бұл өнер.

Ұрпақтан озып ұрпаққа,

Кете берер бұл өнер.





V.Бағалау: Сабаққа ден қойып жақсы араласып сұраққа жауап беріп отырған оқушыларды бағалау.





VI.Үйге тапсырма: Құралған құрақтарыңызды үйден аяқтап тігіп келу.






WhatsApp Image 2024-04-08 at 12.07.57.jpeg



WhatsApp Image 2024-04-08 at 12.07.58.jpeg WhatsApp Image 2024-04-08 at 12.07.59 (1).jpeg





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.02.2025
69
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі