Материалдар / Құрақ құрау өнерінің әдісі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Құрақ құрау өнерінің әдісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Құрақ құрау әдіс-тәсілдері
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Құрақ құраудың әдіс-тәсілдері»

(Әдістемелік нұсқау)

Мақсаты: Атадан балаға жалғасып келе жатқан «құрақ құрау» өнерін, кейінге ұрпаққа насихаттау. Ұлттық құрақ қолөнері бұйымдарының түрлерін үйретуге жағдай жасау.

Міндеті: Ұлттық құрақ өнері бұйымдарын жасау әдіс-тәсілдерін меңгерту. Әлем халықтарының құрақ түрлерімен танысып, олардың жасалу техникаларымен танысу оны меңгеру.

Кіріспе

Кез келген халықтың ғұмырнамалық сабақтастығының берік болуына сол халықтың мәдениеті, тарихы, өнері үлкен әсерін тигізеді. Өресі биік, өрісі кең қазақ халқының қарапайым әрі бірегей «құрақ құрау» өнері ерте заманда пайда болған. Киіз үйдің ішін әспеттегенде де, көрпе-жастығын әрлегенде де құрақтарды келістіріп қолдана білген. Ал, ерте заманда баласы шетіней беретін үйдің иелері аман қалған баласын «тіл көзден аман болсын» деген мақсатпен қырық құраққа ораған. Осы бір естеліктен, ұлтымыз үшін «құрақ» өнерінің баға жетпес құнды екенін аңғарамыз. Ең алдымен, «Құрақ» деген не? -деген сұрағына жауап берсек. Құрақ-төрге төсейтін көрпенің түрі. Құрақ-мата қиындыларын қайта тігу арқылы, бүтін мата жасау. Бұл ананың сүтімен, қанымен келетін өнер түрі. Бүгінгі таңда: «құрақ құрау ескі заманның кәсібі, жаһандаған ХХІ ғасыр да, құрақ көрпені ешкім қажет етпейді» деген пікірлерді естіп жүрміз. Мен ол пікірмен келіспеймін. Себебі, қолөнер қайта түрленіп қазіргі заман талабына сай, ерекшеленіп отырады. Өнердің басқа түрлері сияқты, құрақ құрауда шебердің ой-өрісін, білімдерін жан-жақты дамытуға әсері мол.

Сонымен қатар, біз құрақ өнерінің сан алуан түрлері бар екеніне көзімізді жеткізгіміз келеді.

Негізгі бөлім

Құрақтың түрлері және оның жасалу жолдары

Қазіргі кезде өзінің өзектелігін жоғалтпаған құрақ өнерінің бірнеше түрі бар.

  1. Өсімдік тектес, көкеністік: гүл, бәйшешек, жауқазын, қызғалдақ, жапырақ, түймедақ.

  2. Ғарыштық-космогониялық: жұлдыздың бірнеше түрлері.

  3. Геометриялық: үшбұрыш, төртбұрыш, тік төртбұрыш, траперция, ромб, алтыбұрыш паралеллограм.

  4. Тұрмыстық: құдық, су, қошқар мүйіз, ою құрақ, ши құрақтың түрлері.

Әр құрақта өзіндік астарлы мән-мағына жатыр. Құрақты қыз балаға малың көбейсін ,жаның көбейсін деген сеніммен жасап берген. Құрақ құрау бұл төзімділіктің, шыдамдылықтың, сабырлықтың ыждаһаттылықтың символы. Тереңнен қарағанда құрақтың өзі ырыммен жасалынған. Халық қыздың жасауына аса зор көңіл бөліп, «жасауды алты жастан жинасаң асады, жеті жастан жинасаң жетеді» деген. Небір жақсы бұйым, кілем, текемет, сәукеле, ыдыс-аяқ, киім-кешек, әсем-әшекейлі тағымдар қыздарға берілетін болған. Жасауды қыздың еншісі деуге де, болады. Көз тастап қарағанда құрақ көрпенің ең бірінші, «жол құрақ» белгісі көзімізге түседі. Бұл ұзатылып жатқан қыз балаға жолың ақ болсын, түзу болсын, өсіп өн, жапырағыңды жай деген ниетпен жасалынатын белгі. Тек алға қарай ұмтыл, кері шегінетін жол жоқ, қайтып келме барған жерінді бақытты етіп, өрісіңді кеңейіт деген наныммен құраған. «Қошқар мүйіз» құрағы төрт ұл тап, сонда төрт құбылаң тең болады, ұлдарың қошқардай болсын найза ұстар батырдай болсын деп тәрбиеле ұлыңды, денсаулығына мән бер, төрт ұлыңды бөліп жармай бірдей тәрбиеле бірдей қара, ол сенің болашақ тірегің деген. «Құдық құрағы»-әрбір отбасында бір құдық болсын, сол құдық сенің отбасың болсын, құдықтағы суды саған теңедім бұл құдықтағы су нәр, келін болып барған үйіңе тастай батып, сол судай сің деген ниетпен құралған. «Сынық мүйіз» құрағы-өмір деген лабиринт, осы шырмау сол шырмаудан шығу үшін отбасында неше түрлі қиындықтан мойымай, төзімді бол дегені. «Тырна құрақ»-барған жерінде кімге нәр, шуақ беріп, жақсылық жасайсың, сол жақсылық айналып өзіңе келеді деп астарлағаны. «Балдақ құрақ»-ел болам десең таразы басың тең тұстап, екі жағына да, бірдей қара деп өсиеттегені. Міне, осыны иегере келе қазіргі таңда замануи технологияда өз тәрбиеленушілерімді «Артишок» техникасында шарға құрақ құрауды, «Кинусайга» техникасында пенопласқа құрауды, «Пицца» техникасында мата қалдықтарынан құрақ құрауды «Смальта» техникасына картина жасауды, «Синель» техникасында құрақ құрауды үйретіп келемін.

Артишок техникасы – пэчворктың ең жаңашаланған түрі. Құрақтың бұл түрімен жұмыс жасау барысында қиғаш жолақтар (лента) мен төртбұрышты етіп қиылып алынған маталар пайдаланылады.

Осы техника бойынша тек қана шар жасалып қоймайды. Басқа да бұйымдар өте әдемі болып шығады, мысалы: шырша жаңғағын, шырша ойыншықтарын, жемістер.

Артишок техникасын Жаңа жыл және Пасха мейрамдары қарсаңында көп пайдаланады. Ол пішіндерінің, өлшемдерінің түрліліктерімен, қолданатын материалдарының үйлесімділіктерімен ерекшеленеді. Біз бұл техникаға тек түрлі-түсті матаны ғана пайдаланып қоймай, оған қағаздарды да қолдана аламыз. Негізі ретінде кез келген затты алуымызға болады.

Пенопластқа («Кинусайга») құрақты қалай орналастырамыз, шын мәнінде бұл өте қарапайым жасалады. Құрақ құрау болғанымен, ол жіпсіз, иненің көмегінсіз құралатын жаңа ерекше технология. Осындай құрақты балалар да оңай құрай алады.

1.Алдымен жұқа пенопластарды бір-біріне қабаттап желімдеп аламыз. Одан кейін құрақтың үлгісін сызып дайындаймыз.

2. Үлгіні пенопласт бетіне қойып, құрақты сызып аламыз. Сонан соң пенопластағы сызылған құрақ нобайын өткір пышақпен 2-3 мм тереңдікте кесіп дайындаймыз. Матаның түр-түсін таңдап, дайын үлгімен матаны қиып дайындаймыз.

3. Одан кейін белгілі бір пішіннің үстіне пенопластқа желім жағып алып, қиылған құрақ қиындыларын жапсырып, пышақпен кесілген пішінді кескіш-тескіш құралымен терең батыра кіргіземіз.

4. Пенопластқа құралған құрақ түрінің жасалу жолы осы. Үлгі бойынша симметриялап, сары, көк, қызыл және жасыл түстерді үйлестіріле, пенопластқа орналастырамыз.

«Пицца» техникасымен сәндік клатч жасау. Біздің заманымызда талай жан құрақ құрау сынды ерекше сәнді қолөнер ісімен әуестенеді. Өнердің бұл түрі өте ежелгі болып табылады. Орта Азия халықтары арасында, мәселен, қазақтар мен қырғыздарда ол – «құрақ», Ресейде – «ляпочиха», ал Америкада – «пэчворг» және «квильт» деп аталады.

Әлем халықтарының құрақтарын құрауды, құрақтан ойыншықтарды жасауды, жаңа техникамен пенапластқа құрақ құрауды, «Артишок» техникасы бойынша шарларға құрақ құрап үйрендік. Сонымен қатар біз құрақ өнерінің сан алуан түрлері бар екеніне көзімізді жеткізгіміз келеді. Айтар болсақ, құрақ өнерін біз италиандық «Пицца» тағамын жасалу техникасымен байланыстырдық.

«Пицца» атауына тоқталып кетсек. «Пицца» Италиян халқының сүйікті тағамдарының бірі. Пицца тағамы өзінің тез дайындалатындығымен ыңғайлы. Пицца тағамының дайындау тәсілі әртүрлі болса, осы техникада құрақты, ұлттық ою-өрнектер мен әртүрлі суреттерді бейнелеуге болады, сонымен бірге әртүрлі бұйымдарды жасауға болады.«Пицца» техникасының дайындалуының қолайлылығы майда қиынды қалдық маталарды пайдаға асыру мақсатында жасалады. Қалдық қиынды маталардан, (көйлектер, жейде, балалар киімдері) тоқыма жіп қалдықтарынан, іске асырылмай қалған құрақ мата қиындылары да жарайды. «Пицца» техникасы және «Смальта» техникасы өте ұқсас келеді. Екеуі де мата қиындыларынан жасалады. Ерекшелігі «Смальта» техникасы мозайкаға ұқсас болып келеді.

«Смальта» техникасында ұлттық ою-өрнектер мен әртүрлі суреттерді бейнелеуге болады, сонынмен бірге әртүрлі бұйымдарды жасауға болады. «Смальта» техникасының дайындалуының қолайлығы майда қиынды қалдық маталарды пайдаға асыру мақсатында жасалады. Қалдық қиынды маталарды, (көйлектер, жейде, балалар киімдері) тоқыма жіп қалдықтарынан, іске асырылмай қалған құрақ мата қиындылары да жарайды. «Смальта» техникасы және «Пицца» техникасына өте ұқсас келеді. Екеуі де мата қиындыларынан жасалады. Ерекшелігі «Смальта» техникасы мозайкаға ұқсас болып келеді. Бұл техникамен әртүрлі суреттер құрастырып, пейзаж жасауға болады, әр қиындыны бөлек желімдеп матаға жапсырады. Қолданыстан қалған мата қиындыларына жаңа өмір сыйлай отырып, қоршаған ортамыздың ластанбауына қосар үлесіміз зор. Өндіріс орындарында қалдық маталардың жерде қалмауын пайдаға асу мақсатында жаңа бір заттың дүниеге келуі үшін «Смальта» техникасын қолданысқа келтірдік.

Зердесінде зейіні бар адамдар қай-қайсысы да құрақтан жасалған заттарға ойлы көзбен назар аударса, сан алуан сәнді түстердің бір – бірімен жарасым тауып, әдемілік әлемін сыйға тартып тұрғанын айқын аңғара алады. Осы арқалы халқымыздың құнарлы дүниетанымын, эстетикалық талап-талғамын, сұлулықты аңсаған іңкәр сезімін айтқызбай-ақ танисың.

Құрақ ертегісі атты технологиямда эксклюзивті оюлы құрақ тәсілдерін игеру үшін ою ою тәсілін, таспаларға бөлуді және оюлы таспа мен жай таспаларды араластырып құрауды үйрету. Жұмысты орындау барысынды 3д форматта тігуді меңгеру.

Ендігі кезекті, өткен шеберлік сабақтарының суреттеріне назар аударсақ

1-сурет «Артишок» техникасында жасалған сәндік ине түйреуіш.

2-сурет «Кинусайга» техникасына «Пенапластқа құралған жаңа құрақтарды бөлмелерді сәндеуде қолдану»

3-сурет «Жаңа технологияда жасалған сәндік клатч»

4-сурет «Смальта техникасында картина жасау»







5-сурет «Құрақ ертегісі»

Қорытынды.

Атадан балаға мирас болып келе жатқан бұл өнерді өз тәрбиеленушілеріме үйретуден жалықпаймын. Өйткені, ұлттық өнер, ұлттық нақыш, тек қолөнер үйірмесі сабақтарында ғана емес, балғын жасқа тәрбие беруде және оқу барысында кез-келген сабақта ұлттық педагогикамен үндестік тауып жатуы тиіс Мен құрақ құрау өнерін зерттей келе, бұл өнердің арнасы мен мүмкіндігі өте кең екеніне көзімді жеткіздім. Сол себепті бүгінгі ұрпақ өзінің ұлттық сезімін, мінез құлқын, өзінің тілін, дәстүрін жоғалтпау керек деп түсінемін.

Міне, осы негізді басшылыққа ала отырып қолөнер дәрісін әріден теріп, берімен жалғастыру-бүгінгі күннің өзекті мәселесі. «Бала нені білсе жастан, ұядан, өле-өлгенше соны таныр қиядан»-дегендей анамыздан үйренген осы өнердің қыр-сырын жасынан балаларымызға үйреттік. Қорытындылайкелгенде, уақыт өзгерсе де, ұрпақтан-ұрпаққа қалған дәстүріміз жалғасуда





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!