«Құрғақ жүннен алма жасау»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Құрғақ жүннен алма жасау»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа технологияны пайдалана отырып,теориялық білімдерін сарамандық жұмыспен байланыстырып,құрғақ жүннен бұйымдар жасау.
Материалдың қысқаша нұсқасы




‹‹БЕКІТЕМІН››

Оқу ісінің меңгерушісі:

__________А.Тоқбаева

«__»_____2022жыл







Үйірме: Қолөнер

Топ: 2

Болатын күні: 26.09.2022ж.

Уақыты: 14:00
































Сабақ тақырыбы: «Құрғақ жүннен алма жасау»


Сабақтың түрі: Ашық сабақ


Сабақтың мақсаты:Жаңа технологияны пайдалана отырып,теориялық білімдерін сарамандық жұмыспен байланыстырып,құрғақ жүннен бұйымдар жасау.


Жұмыс жасауға керекті заттар:Қалың губка,әр түрлі жүндер,кертігі бар инелер.


Жасалу жолы:Губкамызды қиып,қапталдарын айналдыра ойып,алманың немесе басқа бұйымның бейнесіне келтіріп аламыз.Үстел үстіне артық губкамызды төсеп бетіне жұмыс жасайтын губканы салып құрғақ жүнмен иненің көмегімен ұрғылап бекіте бастаймыз.Дайын болған алмаға жапырағын қадаймыз.


Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (8 мин)

ІІІ. Жаңа сабақ (25 мин)

IV.Қорытынды (5 мин)


І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу, сабаққа назарларын аудару.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Керек емес қалдық қағаздардан яғни газеттен қуыршақ жасау.

Өткен сабаққа сұрақ-жауап әдісімен тексереміз және дайындалған жұмыстарын тексеріп бағалау.

III. Жаңа сабақ:«Құрғақ жүннен алма жасау»

Қәзіргі заманда жүнді қолдану.Ата-бабаларымыз жүннен күнделікті тіршілікте қажетті бұйымдардың бәрін жасаған.Олар мықты,шыдамды,денсаулыққа пайдалы болған.Бізде олар қалдырған мұраны үлгі тұтып,жүннен алма жасауды үйренеміз.Құрғақ жүннен иненің көмегімен тағы да басқада заттар жасауға болады.Ойыншықтар,сувинерлер,паннолар.

Ине ұстаудың ережесі:

Инені дымқыл, яғни сулы жүнге қолданбау.

Инемен жұмыс жасау барысында алаңдамау.

Инеге мұқият қарап отыру

Инені сындырып алмау үшін үнемі тігінен ұстау

Бұйымның астына қалың губка салып жұмыс жасау керек

Инені үнемі жоғарғы бөлігінен ұстау керек.

Жасап отырған бұйым тығыздалған сайын инені жіңішкесіне қарай ауыстырып отыру

IV.Қорытындылау:

1.Құрғақ жүн дегеніміз не?

2.Жүннен қандай заттар жасауға болады?

3. Қандай ұлттық бұйымдар жасауға болады?

4. Бұйымды құрғақ немесе сулы жүннен жасайды?



V.Бағалау: Сабаққа ден қойып жақсы араласып сұраққа жауап беріп отырған оқушыларды бағалау.



VI.Үйге тапсырма: Керек емес пластиктерден қуыршақ жасау



























«Құрық балалар өнер мектебі» ЖБҚ МКҚК

жанындағы «Асыл мұра» аула клубы





Ашық сабақ



Тақырыбы: «Құрғақ жүннен алма жасау»


Қосымша білім беру педагогы: Мусина Салтанат








2022-2023 оқу жылы


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.02.2025
72
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі