400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Құрметті мамандық

Материал туралы қысқаша түсінік
Заман талабына сай білімін жетілдіріп, бәсекеге түсе алатын шәкірт дайындайтын -Ұстаз
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұстаздық қай заманда да ең құрметті, ең бағалы маман болып келеді. Сол себепті ұстаздық заман талабына сай болуы керек емес пе? Әлемнің жаһандануы да осы ұстаздың арқасы екені анық. Сондықтан да жаһанданған заманда мен де жаңаруым керек. Әрине мен ғана емес жалпы мұғалімдердің бәрі өзгеруі тиіс. Сонда біз заман талабына сай, кез елген жерде, кез келген жағдайда бәсекеге түсе алатын ұрпақ тәрбиелейміз. Сол себепті «Ұстаз ізденгіш болуы, ойлай білуі,қандай істі болсын, бар ынтасымен атқара білуі керек» В.Маяковскийдің сөзінен бастап отырмен.

Мен өзгеруім керек. Мен өз тәжірибемді өзгертуім керек. Ол үшін Пажарес айтқандай ұстанымымды, оқу үдерісіне деген көзқарасымды, шешімімді өзгертіуім керек. Осылайша тиімді, табысты оқытуға, құзырлы мұғалім болуыма жол ашылады деп сенемін. Ал Шульман көрсеткен «үш көмекші» деп аталатын қасиеттер менің бойымнан табылады.

Ғалымдардың айтуы бойынша,тиімді оқу мен оқытуға қол жеткізуде топтық жұмыс- өзара әлеуметтік іс-әрекет маңызды рөл атқарады екен. Өзара әлеуметтік іс-әрекет барысында оқушылар қарым-қатынасқа түседі, одан әрі бірлескен оқуға алып келеді деп түсініп отырмын. Бірлескен оқу барысында оқушылар ынтымақта болып, өзара әрекеттеседі, тәжірибе алмасады, проблемаларды бірге шешеді, жоғары ұжымдық нәтижелерге қол жеткізеді, идеялар ұсынып, пікір алмасады. Бұл үдеріс талқылау жүргізу арқылы іске асады.

Мен өз тәжірибеме «қалай оқу керектігін үйрену» деп аталатын тәсілдерді енгізуім керек. Себебі талқылау арқылы балалар өздерінің ойларын, пікірлерін жүйелеп, дамытып, өзгенің пікірін құрметтеп, оқудағы кедергілерді анықтап немесе оларды шешіудің жолын өзбетімен іздейді. Бұл жағдайда бала өзін –өзі реттеп, дербес,тәуелсіз оқуға қол жеткізеді. Яғни, оқушылар тәуелсіз оқуы үшін, мен өз тәжірибеме «қалай оқу керектігін үйрену» тәсілдерін енгізуім керек.

Бала қалай оқу керектігін үйрену барысында өзін-өзі бағыттап отыру керек. Яғни, оқушы тапсырмаға берілген мақсаттан ауытқып кетпеуі керек. Ал тапсырма баланың ерекшелігіне, қажеттілігіне сай болуын қадағалау, бағыттап отыру менің міндетімнің бірі. Сондықтан мен әрдайым оқушыларымды бақылап, олардың қалай білім алатынын ескеріп, метатану әлеуетін дамытып отыруым керек. Баланың өзін –өзі реттеуі де тиімді оқу мен оқытудағы мағызды дүние.

Мен үшін тәжірибеме тілді үйренудегі стратегияларды енгізу- маңызды. Себебі, өзге ұлтты оқушыларды мемлекеттік тілде сөйлету менің мақсатым. Тілді үйренуде белгілі бір стратегияларды қолданған оқушылар жоғарғы нәтижеге жеткен екен. Ол нәтижеге жету үшін оқушы алдымен мәтінді оқиды, ондағы қажетті ақпаратты табады, есінде сақтайды және пайдаланады. О,Молли оқудың үш стартегиясын көрсеткен екен. Олар: метатанумдық, танымдық, әлеметтік. Ал Гриффис стратегияның белсенділік, саналылық,таңдаушылық, мақсатқа бағытталғындық, бақылау, тілді оқу ерекшелігін көрсеткен екен. Бұл стратегиялар тілді тиімді үйренудің айқын жолы болып табылады. Өз тәжірибеме бұл стратегияларды көптеген әдіс –тәсілдерді қолдану арқылы енгізетін боламын. Мысалы мен ең алдымен баланың ақыл-ой қабілетін, мінез-құлқын, оның істейтін әрекетін анықтап, оған белгілі бір мәтін аясында тиімді деп саналатын әдістерді ұсынып, ол сол әдістерден өзіне керек деген әдісті таңдап, мақсатқа бағыттап отыратын, өзінің және басқа оқушылардың әрекетін бақылап, өзін-өзі реттеп отыратын, алған тәжірибесін бөлісіп, талықлап, өз шешімін айтып, керекті жерін түртіп алатын жағдай жасаудан бастаймын, қадағалаймын, бақылаймын. Бұл айтылған стратегиялар тілді үйренудегі тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдыларымен тығыз байлынысты. Сол себепті «Уақыт шеңбері», «Кемпірқосақ», «Қар кесегі», «Жұптық әңгіме», «Миналар алқабы», «ТВ шоу», «Тәкелей радиоэфир», графикалық органайзерлер, «Хиқаялар картасы», «Стоп кадыр», т.б. әдістерді қолданамын.

Расында сабақ шағын топтық әрекет негізінде жүруі керек. Өйткені шағын топтық әрекет барысында біз үлкен нәтижеге жетеміз. Біріншіден, топ мүшелерінің арасында ынтымақтатық орнатылып, сол ақылы бітімге, келісімге қол жеткізеді. Екіншіден, өзара әрекеттестік қалыптасады. Топ мүшелеріне диалогтық қарым –қатынасқа түсуіне тура келеді, сол арқылы жұмыс әлеуметтік, танымдық, эмоциялық мақсаттарда жүзеге асырылады. Бұл көкейімізде жүрген топтық жұмыс не үшін керек деген сұрақтың жауабы деп ойлаймын.

Шағын топтық әрекет несімен тиімді: біріншіден, бірнеше оқушыдан тұратын топ топтық жұмыстың көптеген түрлерінде және топта бір оқушының үстемдігін әлсірету үшін тиімді; екіншіден, топ мүшелерінің кейбіреулеріне аз жұмыс істеуіне көп мүмкіндік береді; үшіншіден, тыныш, салмақты оқушылар жұмысқа қатысқысы келуі мүмкін. Осындай шағын топтық әрекет әлеуметтік өзара қарым қатынасты, тиімді араласу және поблемаларды шешу дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

Осы күнге дейін «сын тұрғысынан ойлау» ұғымын жай ғана «сынау» деп түсініп жүрген едім. Осы курстан кейін «сын тұрғысынан ойлау» ұғымын терең түсінгендей болдым. Осыдан кейін оқушылардың сын тұрғысынан ойлауы туралы ойласам, балалар үстірт қана ойланып, олардың пікірлерінде дәлелдеу, зерттеу, бағалау, синтездеу әрекеттерінің болмайтындығын байқап отырмын. Менің ендігі алдыма қойып отырған мақсаттарымның бірі өз тәжірибеме сын тұрғысынан ойлауға үйрету модульін енгізу. Ол үшін мен не істеуім керек? Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға қалай үйретемін, қандай әдіс қолданамын? Курс барысында мен көзбен көретін айғақтар негізінде сын тұрғысынан ойлау әдістері, ауызша алынған ақпарат туралы сын тұрғысынан ойлау әдістері, жинақтай және қолдану әдістері, жазбаша сын тұрғысынан ойлау әдістерімен таныстым. Осы әдістерді өз пәнімде қолдана отырып, оқушылардың сын тұрғысынан ойлауға үйретемін. Осы ретте «Ақылдың алты қалпағы», «Дананың кілттері», ББТЗО кестесі, «Ойлау карталары», «Блум» токсономиясы, «Стоп кадр», суреттер арқылы сауалнама жүргізу әдістерін тиімді деп түртіп алып отырмын. Жалпы сын тұрғысынан ойлауды үйрету оқушыларға ұшқыр ойлауға, сөздік қорының байуына, болжауға, бақылауға, бағалауға, шешендікке жетелейді.

Енді бағалау модульіне тоқталсам. Бағалаудың екі түрі бар, ол-жиынтықты және қалыптастырушы бағалу. Баланың тиімді оқуына ықпала ететіні қалыптастырушы бағалау. Мен өз тәжірибеме критериалды бағалауды енгіземін. Себебі баланың дұрыс және тиімді оқуына бағыт-бағдар берушімін. Бұл шешімге келерде, мен өзіме «критериалды бағалау не үшін өз тәжірибеме енгіземін?», «оны енгізген жағдайда неге қол жеткіземін?», «ол жердегі менің рөлім қандай?», «қандай мақсатпен енгіземін?» деген сұрақтарға жауап іздедім. Маған бағалаудың бұл түрі сапалы нәтиже алу үшін, өз жұмысымды талдауға, жоспарлауға, оқу үдерісінің сапалы болуына, әр оқушының ерекшеліктерін, қажеттілігін қамтамасыз ету үшін, оқу мақсатына қол жеткізу үшін қажет.

Критериалды бағалаудағы менің немесе мұғалімнің рөлі қандай дейтін болсақ, мұғалім-тәлімгер, жетекші, есепке алушы маман, баяндаушы. Осы қызметтегі менің мұғалім ретіндегі мақсатым кері байланысты, әр оқушыға қолдау көрсетуді қамтамасыз ету, оларды оқу үдерісінде алып жүру үшін диагностикалық ақпарат жинастыру, оқушылардың дамуы мен жетістіктерін жазып отыру, ол туралы ата-аналарына, оқушыларға, мектеп әкімшілігіне баяндау. Иә, мен критериалды бағалауды тәжірибеме енгіземін, себебі нәтижеге қол жеткізгім келеді. Осы жерде критериалды бағалаудың пайдасы-нақтылықта, әділдікте, ынталандыруында, белсенділікті арттыруда, жеке тұлғаны танытуында екендігіне қосыламын. Тіпті критерилерді оқушылармен ақылдасып отырып жасауды да көзеп отырмын.

Сабақта бағалаудың «Бағдаршам», «Бас бармақ», «Бес саусақ», «Арал» әдісі, «Плюс-минус-қызықты», «Анкета», «Рахмет», «Чемодан, еттартқыш, себет» т.б. әдістерді қолданамын.

Критериалды бағалау қалыптастырушы бағалауға, қалыптастырушы бағалау жиынтық бағалауға әкеледі. Сондай-ақ, «Блум» токсономиясы негізінде критерий дайындау жүйелі, тиімді болады. Соның нәтижесінде спиральді білім алуға әкеледі деп түйдім.

Балалардың жас ерекшелігіне қарай тапсырма беру, олардың ішінен талантты және дарынды баланы анықтау, олармен жұмыс жасау қай кезде де негізгі мәселелердің бірі болып келеді. Бұл ретте Монтогомери мен Фриманның ұсынған есте сақтау және білу, өз білімін жетілдіру, ойлау қабілетінің жылдамдығы, мәселені шешу, икемділік, күрделілікке деген сүйіспеншілік, шағырландыру, ерте символдық белсенділік деп көрсеткен өлшемдері тиімді болып отыр.Осы өлшемдер бойынша талантты және дарынды баланы анықтау үшін тиімді әдіс, олардың қажеттілігін қамтамасыз ететін нақты тапсырма керек.

Жоғарғы деңгейдегі қабілеті оқушыларды анықтауғы болатын жады жəне білім, ақпаратты пайдалану, ойлау жылдамдығы, проблемаларды шешу, қиындыққа қызығушылық өлшемдері бойынша тапсырмалар дайындау керек. Мысалы, жаңылтпашты тез жаттау және жылдамдықта айту, өлеңді немесе басқа мәтіндерді жаттау үшін бірнеше әуенге салып айту, зияткерлік тапсырмалар беру, ДЖИГСО әдісі, «Блум» токсономиясы т.б. әдістер тиімді болып табылады.

Менің тәжірибемде АКТ модульі бұрыннан бар. Бірақ АКТ-ны қалай қолданып жүргеніме аса мән бермеген екенмін. АКТ-ны қолдануда пәндік және педагогикалық білімді қатар қолданып жүргенімді білмеппін. Бұл модульді мен дұрыс қолданып жүр екенмін. Себебі сабақта мен тақырыпқа байланысты видеолар, аудиолар, интернет, интербелсенді тақта, перифериялық құрылғыларды да қолданып жүрмін.

Тиімді оқу мен оқытуға жол ашу мақсатында алғашқы орта мерзімді жоспар мен қысқа мерзімді жоспар жасадым. Бұл жұмыста мен 7 модульді енгізе алдым ба? Ең алдымен мен сабақ беретін сыныбыма, оқушыларымның оқу қабілетін, деңгейін саралап, орта мерзімді жоспар жасауға көштім. Жоспарыма «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету" модульін қолдануды жоспарлап отырмын. Оқу жылының алғашқы сабақтар топтамасының ортақ тақырыбы «Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер», оның ішінде «Біз үйде бір-бірімізге көмектесеміз» тақырыбын алдым. Жоспар 5 сыныпқа арналған. Бағдарламада берілген оқу мақсаттарының ішінен екі мақсатты таңдап алдым. Оқу мақсаты негізінде сабақ мақсатын анықтап, оқушылардың ерекшелігіне қарай сараладым. Ойлау дағдыларына білу, түсіну, қолдануды белгіледім. Тілдік мақсат бөліміне оқушылардың істейтін әрекетіне тоқталып, негізгі сөздер мен тірек сөздерді көрсетіп, талқыланатын сұрақтарды жаздым. Сабақтың басын оқушылармен амандасып, жағымды орта қалыптастыру үшін «Амандасу» тренингін өткізіп, жемістерге туыстық атау беру арқылы топқа бөлемін. Оқу үдерісі әрі қарай тапсырмалармен жалғасады. Жоспарда көрсетілген әр тапсырмаға алдымен сабақ мақсаты негізінде бағалау критериі, оған жетелейтін қадамдар-дескриптор, кері байланыс пен бағалау беріледі. Қалыптастырушы бағалауда «Смайлик», «Бағдаршам»әдістері арқылы бір бірін бағаласа, «Блоб ағашы» әдісінде өзін бағалайды. Алғашқы тапсырма ой қозғауға бағытталады. Тапсырмада суретпен берілген ағылшын сөдері болады. Ол сөздерді оқып, аударып, есте сақтайды. Яғни визуалды есте сақтау- Loci әдісі негізінде болмақ. Ал екінші тапсырма күрделірек, әр топ әртүрлі сұрақтар аясында жұмыс істейді. Сыныпқа видео көрсетіледі. Видеода автобусқа үлкен кісі кіреді, қолында ауыр сөмкесі бар. Осы жерде «Стоп кадр» әдісі бойынша видео тоқтатылады. 1 топ- Ары қарай не болады?; 2 топ – Сен қалай көмектесер едің?; 3 топ- Жағдаят құрастырады; 4 топ- Жағдаят бойынша сахналайды. Тапсырма орындалып болған соң видеоның жалғасы көрсетіледі. Бұл тапсырма балардаң сын тұрғысынан ойлауын дамытады. Себебі олардың өмірдегі әртүрлі жағдайларды бағалауға, оған деген көзқарасын қалыптастыруға үйрене отырып, ойын еркін жеткізеді. Сабақтың аяқталу бөлімінде берілген тапсырмада модельдеу әдісін қолданамын. Оқушылар «Біз үйде бір-бірімізге көмектесеміз» тақырыбына постер жасап, модельдеу жұмысын жүргізеді. Бұл тапсырма да оқушының сын тұрғысынан ойлауын дамытады. Өткені бала өз ойын тек сөзбен емес, суретпен, постермен, т.б. арқылы жеткізуге болатынын біле жүреді. Жоспарда бірнеше модульді қамтылғанымен, сын тұрғысынан ойлауға үйрету модульі басым. Мен бұл модульді оқушылардың тақырып бойынша өз ойын әңгімелеп, жаман мен жақсыны ажырата білуге, ойын жеткізуді үйрету үшін және өзінің сын айтуға жетелеу үшін енгіздім.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 ақпан
375
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі