Құрсақ тәрбиесінің ерекшеліктері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Құрсақ тәрбиесінің ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздар мен студенттерге сабақ презентациясы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Құрсақ және бесік тәрбиесінің ерекшеліктері


1.Құрсақ тәрбиесінің маңыздылығы

2.Бесік тәрбиесінің маңыздылығы және келешек ұрпақты тәриелеу.
Баланыңтәрбиесіанақұрсағынанбасталады. Баланы дүниеге әкеліп тәрбиелеу, азамат ету – анаға да, әкеге де парыз. Десек те, ең бірінші әйел адамның бойында перзент 9 ай, 9 күн жататын болғандықтан, ең негізгі нәрсе соған байланысты. Осы ретте бала тәрбиелеудегі бірінші қасиет – сабырлылық. Жүкті әйел барынша таза болғаны абзал. Туғаннан соң сәбиін де таза жүріп тамақтандырған жөн. Абайдың әжесі Зере Құнанбайды дәретсіз емізбеген деген дерек бар. Дүниедегі бар сұлулық та, жүрек жылуы да ең алдымен анадан тарайды. Ананың ақ сүті адам баласы үшін аса қасиетті зат. Ана – өмір тұтқасы, өмірге адам әкелуші, тәрбиеші. «Сүтпен сіңген мінез, сүйекпен кетеді» деген қазақта асыл сөз осындайдан туындаса керек. Сондай-ақ құрсақтағы бала мен ананың өмірін бір-бірінен бөліп қарауға әсте болмайды. Ана өз бойындағы қуатты болашақ сәбиіне береді. Мысалы, дәрігердің кеңесімен түрлі дәрумендерді жеу арқылы баланың денсаулығы жақсарады. Ал, таза жүру, жақсы әңгімелер айту, біреуге көмек беру секілді жақсы істер баланы рухани жағынан байытады. Мұны көбі біле бермейді. Осы білмегендіктен бармақ тістейтін жағдайлар орын алуда.
Баланы асырап бағу, тәрбиелеп өсіру әкеге де міндет. Әке дөрекелік мінез көрсетіп, балаларына немқұрайлы қараса, ол тәрбие емес. Тәрбиешінің өзі тәрбиеленген болу керек. Сәби екеуінің ортақ баласы. Тәрбиенің негізі отбасында, әке мен ананың үлгілі өнегесінде қалыптасады. Бала не көрсе, не естісе, соны қайталайды.
Бала құрсаққа біткен сәттен бастап, ананың тәрбиесін алады. Ана құрсағында жатып, анасы нені үйренсе, нені білетін болса, соны бала тез игеріп алатын көрінеді. Тіпті медицинаның өзі құрсақтағы балаға сыртқы дыбыстың әр алуан әсері болатынын әлдеқашан дәлелдеп қойған. Бұл үрдісті біздің бабаларымыз да жақсы білген. Атам қазақ аттың жалында, түйенің қомында көшіп-қонып жүріп ән айтып, күмбірлете күй тартқан. Ән айту арқылы көңілдегі аурудың барлығының қашатынын олар әлімсақтан білсе керек. Шадыман көңіл жас анадан шаттық кернеген, мінезді ұрпақ туады деп сеніпті. Бала бойға біткен сәттен бастап, қазақтың ұлттық тәрбиесін, әдет-ғұрпын бойға сіңіріп, бойына қарап, денсаулығын күтіп, табиғаттың сұлу көріністерін тамашалап, қазақтың дәстүрлі әні мен жырын тыңдағаны абзал. Өйткені ана қуанса, іштегі бала да қуанады, ана қайғырса бала да қайғырады.
Ата-бабамыз сөз өнеріне сыйдыра білген жұрт, «Алып – анадан туады» – дейтін өсиет сөзінде ұрпағына тек тән құрылысының жетілуін ғана емес, «алып» деген сөзінің астарында тәннен де күрделі, жан-дүниесінің де ана құрсағында қалыптасатынын меңзеп отыр.Оны – қалыптастыратын да және тәрбиелеп жетілдіретін де, тек ананың ғана парасаты екенін айтып тұр. Бұл адам жанының 12-мүшесі, яки арналары – түйсік – ұят – сүю – зерде – мінез – жігер – қабылет – ішкі бес сезімдері – бар жан дүниесі де, тәннің мүшелері – жүрек – ми – бауыр – өкпе – бүйрек – тағы басқалары тәрізді, тек ана құрсағында ғана жетіліп тәрбиеленетініне жете мән берілмейді.
Адамның тән құрылыстары – дамудың қандай күрделі жолдарынан өтсе, жан-дүниесі де қарапайым түйсіктен – санаға дейін жетіледі, бұл кезеңнің адам тәрбиесіндегі орны өлшеусіз. Жүрек тәрбиесінің жүйесіне енетін, жанның тума қасиеттерін ұштап тәрбиелеуші – тек ана. Егер адам тәрбиесінің 1-ші және 2-ші кезеңдерін салалай жіктеп ашып айтсақ: Ұрық тазалығы – еркектің аталық парызы болған да, ана құрсағындағы тәрбие – әйелдің аналық парасаты екенін, тіршіліктің бұлжымайтын заңындай етіп өмірге енгізу қажет. Ана атаулы жүкті кездерінде, жаратылыстың өзі бейімдеген қасиеттеріне ауысатындықтан, оның сыртқы бес сезімдері ғана емес, сондай-ақ ішкі бес сезімдері де, аса сезімтал қозғалмалы көңіл-күйде болатындықтары белгілі. Соның салдарындай, қазіргі дүниеге келіп жатқан нәрестелер түгелге жуық жүрек тәрбиелері оянбай, жан дүниелерінің арналары ашылмаған күйлері өмірге келіп жатыр. Сондықтан да, олардың зердесі таяз, жігерлері құм, мінездері дөкір, ұяттан безген, ешкімді де сүймейді, қабілеті әлсіз, түйсігі жоқ, көкірек көздері оянбаған, денсаулықтарының да ақаулары мол, адамдар тобырын көбейтіп отыр. Осының барлығы да бұған дейін ескерілмей келген адам тәрбиесіндегі аса ауыр қателіктер болып есептелінеді. Баланы анасының құрсағында жатқанда-ақ тәрбиелеу керек деген қағида қазір кеңінен таралып кетті. Мұны біреулер құптаса, біреулер жоққа шығарады. Әлі дүниеге келмеген бөбекпен сөйлесуге, оны тәрбиелеуге бола ма, оны қалай дұрыс жасаған дұрыс, соған үңіліп көрейікші. Егер құрсақтағы балаңыздың интеллектін, ақылын, дарынын туылмай жатып дамытам деп ойласаңыз, қателесесіз. Ондай ойдың бәрін бастан шығарыңыз. Ол мүмкін емес. Сіз бұл мерзімде тек баланың эмоциялық сезімталдығын ғана арттыра аласыз. Яғни сезім мүшелерін жаттықтырасыз. Егер құрсақтағы бала айтқан сөздерді түсінеді десеңіз, оның мүмкіндіктерін асыра бағалап жібергеніңіз. Ол не айтып жатқаныңызды түсіну үшін, алдымен сөз мағынасын біліп алу керек (өзіңізді аудармашысыз өзгетілді адамдардың арасында елестетіп көріңіз). Сондықтан іштегі балаңыз сіз оқып берген «Мақта қыз туралы ертегінің» сюжетін түсінеді деп ойламаңыз: ол мақтаның не екенін, қыздың кім екенін білмейді, түсінбейді. Алайда бала сіз ертегі оқып жатқандағы, сөйлегендегі дауыс ырғағын, құбылмалылығын, интонацияны сезінеді, діріл деңгейінде сезеді. Ол діріл жағымды болса, бала рахаттанады. Егер құрсақтағы тәрбие «музыка тыңдау», «поэзия оқу», «қарынды сипау» сияқты істерден тұратын болса, бұл әрекетте де нәтиже мардымсыз болады. Анасының ішінде жатқан сәби бәрін эмоциямен қабылдайтынын айттық. Сіз сезінбей, сылдыратып оқып берген өлең балаға еш әсер етпейді. Анасының көңіл-күйі жақсы ма – іштегі бала да көңілді. Анасы мұңайды ма – баласы да мұңаяды. Сондықтан әр әрекетіңізді «сәннен қалмау» үшін емес, «шын жүректен» атқарыңыз, нәтиже де керемет болады. Тіпті балаға арнайы ештеңе оқмай-ақ, айтпай-ақ, анасы үнемі керемет көңіл-күйде, мейірімділікте жүрсе, соның өзі балаға керемет әсер етеді. Жоғарыда жазылғандарды оқып алып, аяғы ауыр аналарға өмірінен жағымсыз эмоцияларды толықтай алып тастауға да болмайды. Баланы стрестен мүлде алыстатып тастамау керек. Баланың алғашқы эмоциялық күйлері анасынан беріледі дедік, сондықтан ол көңіл-күйдің барлық тұстарын көру керек: жылауды да, ашулануды да, уайымды да, тек мөлшерімен
Бесік – өмірге жаңа келген сәбидің ақ отауы. Ежелден-ақ қазақ баласы бесікте өскен. Сонымен қатар, ырымға, салт-дәстүрге толы болып келеді. Атап өтетін болсақ: жаңа туған нәрестені күтімге алу, оны қырқынан шығару, ат қою, одан кейін бесік тойын жасап, баланы бесікке салу, сол күннен бастап оған «Бесік жырын» айтып тербеп ұйықтату, осылар арқылы барлық жақсылықты, көркем мінезді бойына сіңіру, т.б. Осы салт-дәстүрлердің мән-мазмұны: баланың жақсы азамат болып шығуына ықпал етеді. Мұның барлығы тікелей ата-ананың жауапкершілігіне байланысты болып келеді.
Біздің ардақты аналарымыз «Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді» ғой. Осымен қатар, қазақ халқында «Бесіксіз үйде береке жоқ» деген сөз де бар. Және де бабаларымыздың «Ел боламын десең, бесігіңді түзе», «Тәрбие– тал бесіктен басталады» деп келешек ұрпаққа аманат етіп, айтып кеткен сөздері де бар. Қазақ халқының бесікті қадірлейтіні соншалықты, атасы жатқан бесік немере, шөбере, шөпшегіне дейін қастерлі мүлкі ретінде сақталып, сол бесікке бөленіп,сол бесіктен ержетеді. Яғни,бір бесік жылдар бойы атадан балаға беріліп отырған. Тіпті,қазақ халқы өзінің кіндік қаны тамған жерін «Туған жерім– алтын бесігім» деп атайды. Бесік тұрмыстық бұйым ғана емес,сонымен қатар, дені сау,саналы ұрпақ өсірудің маңызды мұрасы. Халқымыз қастерлеген бесіктің, ең алдымен, баланың тазалығына, аяқ қолы мен денесінің түзу болып қалыптасуына тигізер пайдасы зор. Өзінде арнайы орнатылған түбек пен шүмек баланың үлкен, кіші дәретін төсегіне, денесіне жайылдырып жібермей, таза және ұзақ ұйықтауына жағдай жасайды. Бұл үй шаруашылығымен айналысып жүретін анаға қолайлы екені түсінікті. Бесіктегі баланың денесіне дымқыл, сыз дарымай құрғақ болады. Бұл, ең біріншіден,денсаулыққа жақсы. Бесік күн ыстықта салқын болса, күн суықта жылы болады. Бесікте баланың аяғы, кеудесі қатты байланады. Бұл нәрестенің көп қозғалмай тыныш жатуы,дәретіне былғанбауы, дене мүшелерінің бір қалыпты өсіп, жетілуі үшін өте қажет.














Тақырыбы: Халық педагогикасындағы еңбек және дене тәрбиесі

Жоспар:

1.Халықтық педагогикадағы тәрбие түрлерінің маңызы.

2.Қазақ халқындағы еңбекке тәрбиелеудің ерекшеліктері.

3.Дене тәрбиесіндегі ұлттық ойындардың рөлі.

Негізгі ұғымдар: экологиялық, құқықтық тәрбие.

Халықтық педагогикада тәрбиенiң сегiз түрi бар. Олар: дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершiлiк, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелерi. Ендi осы тәрбие түрлерiне қысқаша тоқталып кетейiк.

Жеке адамды жан-жақты дамытуда дене тәрбиесiнiң рөлi ерекше. Дене тәрбиесiнiң мақсаты оқушының денесiн дамытуға, денсаулығын нығайтуға, ағзасын шынықтыруға, күн тәртiбiн дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмiр салтына тәрбиелеу. Халық педагогикасында

дене тәрбиесi адам дүниеге келген күннен бастап қолға алынады.

Халық еңбектi бүкiл тәрбие жүйесiнiң күретамыры деп қарастырған. Еңбекке асыл мұрат деңгейiнде қарайды. Еңбек тәрбиесi деп оқушыны еңбекке сүйiспеншiлiкпен, еңбек адамдарына құрметпен қарауға, халық шаруашылығының салаларындағы еңбектiң алуан түрлерiне баулу,

еңбек iс-әрекетiнiң барысында олардың дағдысы мен iскерлiгiн қалыптастыруға, сөйтiп болашақта мамандық тандауға дайындау деп түсiнемiз. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсiптiк бағдар беру оқушылардың қоғамға пайдалы, өнiмдi еңбекке тiкелей қатысуы оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудiң, жеке адамды адамгершiлiк және зиялылық жағынан қалыптастырудың негiзгi көзi болып табылады.

Тәрбиенiң басқа салаларымен тығыз байланысты тәрбиенiң түрi экономикалық тәрбие. “Экономикалық тәрбиенiң негiздерi” еңбек тәрбиесiнде жатыр. Экономикалық тәрбиеде көзделетiн мақсат — оқушыларды бiлiмдер негiздерiмен қаруландыру, қоғамның

экономикалық саясатын ұғындыру, өндiрiс, айырбас, бөлiсу және тұтыну ауқымындағы негiзгi экономикалық қатынастарды тәжiрибеде меңгерту деп түсiну керек.

Экологиялық тәрбие дегенiмiз — экологиялық нормалардың, ережелердiң қажеттiлiгiн жастардың мiнез-құлқында тәрбиелеу және экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру. Экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесiмен тығыз байланысты. Өйткенi өндiрiстiк iс-әрекеттiң

барысында адам өзiн қоршаған ортаға тiкелей әсер ете алады.

Сондай-ақ, адамның сұлулық сезiмдерi олардың өмiрiнде зор рөл атқарады. Әсемдiктi көре, түсiне, жасай бiлу адамның рухани өмiрiн байытады. Сұлулықты танытудың негiзгi құралдары әдебиет және өнер. Сұлулық тәрбиесiнiң мақсаты оқушыны көркемдiк пен сұлулықты тани бiлуге, оған баға беруге, күнделiктi өмiрдегi адамның жеке басының

эстетикасын, қатынас эстетикасын, үй-жағдай және киiм-кешек эстетикасын қалыптастыру, талғампаздыққа тәрбиелеу және сыртқы мәдениетi мен iшкi дүниесiнiң үйлесiмдiлiгiн қалыптастыру. Ал жоғары дамыған құқықтық мәдениет болмай қоғам алдындағы мiндеттердi

орынды шешу мүмкiн емес.Адамның құқықтық мәдениетi күрделi. Ол әр адамның құқықгық тәрбиесiнiң деңгейiмен

тығыз байланысты. Құқықтық тәрбие деп оқушыға құқықгық бiлiм беру, занды құрметтеуге, құқықты қорғау iс-әрекетiне тәрбиелеуге үйрету деп түсiнуiмiз керек. Адамның неғұрлым

құқықтық бiлiмi толық және терең болған сайын оның құқықтық мәдениетi жоғары болады.Қазақ халқында ұлттық ойындардың тәрбиедегі маңызы өте зор. Себебі баланың денесінің дұрыс жетілуі отбасындағы әке-шешенің балаға дұрыс қарап бағыт-бағдарберуінде.Ұлттық ойындар: тоғыз құмалақ,атқаміну,ат жарысы, қыз қуу, теңге тастау,т.б.

айтуға болады.Бұл ойындар қазіргі таңдада өз мәнін жоғалтқан жоқ.

Бақылау сұрақтары:

Дене тәрбиесі жүйесі-өзара қарым-қатынастағы жеке дене тәрбиесі жүйесі және әртүрлі қоғамдық топ өкілдерінің ерекшеліктеріне қарай сипатталады (балалар дене тәрбиесі жүйесі, мектеп оқушылары дене тәрбиесі жүйесі т.б.) Балалар дене тәрбиесі жүйесі-әртүрлі жастағы топтардың денсаулығына жан-жақты бағытта қызмет жасайтын қоғамдық ұйым. Дене тәрбиесінің әр жуйесі дене тәрбиесіне тиянақты-тарихи түрін бейнелейтіндіктен қойылған мақсаттқа жету үшін осы немесе басқа ұйымдардан құралады. Жүйе айқын салалар құрылымымен олардың қызметі басқа да жүйелерінің қарым-қатынас ерекшеліктерімен айқындалады. Жүйенің ең басты қызметі — адамдардың дене мәдениетін жоғары сатыға көтеру үшін барлық осыған тікелей қатысты құрылады. Дене тәрбиесі жүйесінің басты талаптары: 1.дене тәрбиесі негізі мен әдісі сауықтыру жағдайында тек заңды негізге сүйену керек. 2.дене жүктемелері оқушылардың мүмкіншіліктеріне байланысты берілуі керек. З.дәрігерлік педагогикалық бақылау мұғалімнің кез-келген оқу-тәрбие жұмысында болуы міндетті. 4.Санитарлық-гигиеналық қалыпты, күнді, ауа мен суды пайдалану-барлығы әрбір дене жаттығулары кезінде қолданылуы кажет.

Дене тәрбиесі,спорт ілімі мен әдістемесі жеке пән бола отырып жекелей ұғымдары бар. Олар бір-бірімен өте тығыз байланыста, мақсаттары оқу жүйесін жүйелеу, ағзаны шынықтыру, қоғамға дене сапалары жан-жақты тұлға дайындау.

Дене тәрбиесі - жеке тұлғаны жан-жақты және үйлесімді дамытуға, оның денсаулығын нығайтуға, еңбек ету мен әскери қызметті атқаруға даярлауға бағытталған қоғам мен жалпы мәдениетінің бір бөлігі.

Қызметі дене дамуын оңтайландыру, білімдік, ақыл-ой және қызметтің өзге де түрлерімен өзара бірге әрекет ету, таңдап алған мамандықты меңгеруге себепкер болу, тәрбиелік, жалпы мәдени, эстетикалық, адамгершілікті, әлеуметтік-экономикалық салауатты өмір салтын қалыптастыратын дене дайындығы.

Дене шынықтырудене жаттығуларын, табиғаттың сыртқы күштнерін (күн, ауа, су) пайдалана отырып ағзаны шынықтыру. Яғни мәдениеттің ажырамас бөлігі адамның дене бітімін дамыту, оның денсаулығын нығайту, рухани және материалдық құндылықтар жиынтығы болып табылатын әлеуметтік кызмет саласы.

Қызметі қозғалыс қажеттілігін канағаттандыру, фукнкционалды рахаттану, бос уақытты оңтайды пайдалану. қызметі төмендеген дене мүшелерін қалыпқа келтіру, жолы, яғни дене дамуына әсер етуші факторлар; тұқым қуалаушылық, өсксн орта, спорт түрі.

Дене дамуы - ағзаның табиғи морфофункционалдық ерекшеліктерін өзгерту жолы, яғни дене дамуына әсер етуші факторлар; тұқым қуалаушылық, өскен орта, спорт түрі.

Қызметі жеке тұлғаның даму ерекшелігі, айырмашылығы және әсер етуші факторлардың нәтижесінде дене мүшелерінің өзеріске  ұшырау қалпы.

Дене тәрбиесінің мәдениеті-жалпы қоғам мәдениетінің бір бөлігі. Қоғамдағы адамдардың дене сапасының жан-жақты дайындығы мен өмірде әртүрлі жағдайда еңбек ету бағытында жасалатын күрделі жұмыстың бір түрі.


1.Еңбек және дене тәрбиесінің тұлғаның дамуындағы маңызы.

2.Ана және әке тәрбиесінің отбасындағы мәні қандай.

3.Ұлттық ойынның тәрбиедегі орны қандай.

Ұсынылған әдебиеттер

1.Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық мәселелерi және тарихы. –Алматы

Бiлiм” 2004.

2.Жарықбаев К.Б., Қалиев С. Қазақ тәлiмiнiң тарихы. -Алматы “Санат” 1995..

3.Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. -Алматы “Санат” 2001.

4.Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова Б. “Этнопедагогика” -Астана. 2005.

5.Қалиев С., Оразаев М., Смаилова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлерi.-Алматы. “Рауан”

1995.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.12.2020
342
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі