Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Құзыретті тұлға қалыптастыруда оқытушы мен ата-ананың байланысы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тұлғаны қалыптастыру жолында мұғалім мен ата-ананың арасындағы ойларды тыңдай білуі, өз пікірін ұтымды және дәлелді түрде жеткезе білу, ортақ пікірді қалыптастырады. Бүгінгі таңда құзыретті тұлға ол ертеңгі еліміздің болашағы, тұлғалық қасиеттерін дамытуда ата-ана тәрбиесінің мәні өте күрделі екендігін байқатады. Осыған орай оқушыларының тұлғалық қасиеттерін жан-жақты дамыту үшін мұғалім мен ата- ананың ынтымақтастығының болуы қажетті шарт екендігін аңғаруға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Құзыретті тұлға қалыптастыруда мұғалім мен ата-ананың байланысы.

«Қазіргі заман талабына сай, жан- жақты жетілген бойында

ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан,

имандылық әдебі парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру,

білім беру бүгінгі таңда отбасының, балабақшаның,

мектептің, барша елдің, халықтың міндеті»

Н.Ә.Назарбаев



Дүниенің тамаша туындысы - тамаша тәрбие алып шыққан адам. Ежелден мәлім қағида: адам бойындаға таза қасиеттердің пайда болып қалыптасуында ата-ананың ықпал алатын орны ерекше. Баланың ер жетіп өсуі, бойындағы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады.

Отбасы – бала тәрбиесіндегі ең алғашқы ұжымы. Құзыретті тұлға ой санасы дамыған, адамгершілік және дене тұрғысынан салауатты, мәдениетті тұлғаны жан- жақты қалыптастыруды көздеген тәрбиенің мәселелері мұғалім ді де ,ата - ананы да әрқашан толғандырып келеді. Құзыреттілік дегеніміз – тұлғаның, оқушының бойында білім, дағды, іскерлік, ерік күш–жігердің болуы. Ежелден мәлім қағида: құзіретті тұлға бойындағы қасиеттердің пайда болып қалыптасуында ата-ана мен мұғалімнің алатын орны ерекше. Құзыретті тұлға болып ер жетіп өсуі, бойындағы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады.

Тұлғаның табысты болуының басты кепілі мұғалім мен ата - аналар арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынаста. Өйткені адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы ата - ана.Ата-анасының қасында құзыретті тұлғаның бойында асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Құзыретті тұлғаның жан-жақты тәрбие алуына ең бірінші ықпал ететін ұстаз болса, сүйеушісі-ата-ана. Ғалымдардың дәлелдеуінше, бала өміріне қажетті мектепке дейінгі тәрбиені ата-анадан алады, ал мектеп соны дамытады, санаға сіңіреді, өмірге дайындайды.Мұғалім мен ата-ананың міндеттері-әр балаға бақыт сыйлау. Тек ата-аналармен бірлікте, ортақ күш - жігер жұмсау арқылы ғана мұғалімдер балаларға адамдық үлкен бақыт бере алады» деп ұлы педагог В.А.Сухомлинский атап көрсеткендей, құзыретті тұлғаның қалыптасуы үшін екі субъекті мұғалім -ата-ана, тығыз байланыста жұмыс атқаруы керек деп ойлаймын. Сондықтанда құзыретті тұлғаны қалыптастыруда бірлескен жұмыс барысында ата-аналардың барлығы да өзара қарым-қатынасқа негізделген (интербелсенді) әрекеттерді атқарады.

Нәтижесінде тұлғаны қалыптастыру жолында мұғалім мен ата-ананың арасындағы ойларды тыңдай білуі, өз пікірін ұтымды және дәлелді түрде жеткезе білу, ортақ пікірді қалыптастырады. Бүгінгі таңда құзыретті тұлға ол ертеңгі еліміздің болашағы, тұлғалық қасиеттерін дамытуда ата-ана тәрбиесінің мәні өте күрделі екендігін байқатады. Осыған орай оқушыларының тұлғалық қасиеттерін жан-жақты дамыту үшін мұғалім мен ата- ананың ынтымақтастығының болуы қажетті шарт екендігін аңғартады.



Бүгінгі күнгі ата-анасының тәрбиесінің ролін арттырудың негізгі көзі – мұғалім.

-Құзыретті тұлға қалыптастыруда мұғалім ата-анамен ынтымақтастық тұрақтылығын ұйымдастырып, бағыт беруші сыншысы болу керек.

-Құзіретті тұлға қалыптастыруда оқытудың жаңаша тәсілдерін пайдалану арқылы мұғалім мен ата-ананың рөлін арттыру.

-Құзыретті тұлғаның дамуына қолдау көрсетуі, ата-ананың мектеппен тығыз байланысын орнату.

-Құзіретті тұлғаны қалыптастыруда туындайтын мәселелерді анықтау. -Психологиялық-педагогикалық білім бере отырып, ата-ананың бала тәрбиесіндегі тәжірибесін арттыру.

-Мұғалім мен ата аналардың өзара әрекетінің арқасында ғана құзыреті тұлға дамыту мәселелерін табысты шешуге болады.

Біздер, педагогтер ата-аналарға егжей- тегжейлі кеңес бере отырып ата-ананы тәрбилей отырып,құзыретті тұлғаны ұйымдастыруға белгілі бір дәрежеде ықпал етеміз. Құзыретті тұлғаны қалыптастыруда ата – аналарға психологиялық, физиологиялық, педагогикалық, білімдер және байқағыштық, педагогикалық такт, қарым- қатынастың, өз білімін жетілдіріп отыру қабілеттері, сонымен бірге мейірімділік, сөзі мен ісінің бірлігі, адалдық секілді тұлғалық қасиеттер бойынан табылуы тиіс. Бүгінгі күні мұғалім мен ата-ананың байланысы негізгі формалары ата - аналар жиналысы, мектептегі ата-аналар күндері, конференциялары және т.б. болып отыр.

А.Коменский « Жеке тұлғаны дамытып, тәрбиелемеуді мойындамау адамдар- дың отбасының, мемлекеттің және бүкіл әлемнің құруы» деген болатын. Ал әке

шешесінің педагогикалық сауаттылығын арттыру-ХХІ ғасыр ұстаздарының парызы. Ендеше өскелең ұрпақ ел тізгінін ұстайтындай азамат болсын десек ата-аналармен жүргізілетін жұмыстардың жаңаша бағыттарын қарастыру, іздену жолында шаршамағанымыз абзал. Мағжан Жұмабаев «Тәрбиедегі мақсат- құзыретті тұлға етіп тәрбилеп , келешек өз заманына лайық қылып шығару» деп айтқан. Келешекте жас ұрпақ бар мейірімі мен күш –жігерін сарп етіп болашақ еліміздің тұтқасы болуына мұғалім, ата-ана, болып ықпал ете білейік.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
17.06.2021
371
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12