Материалдар / Қырықмылтық Құлшар күйші
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қырықмылтық Құлшар күйші

Материал туралы қысқаша түсінік
Құлшар күйлерін насихаттау барысында өтетеін байқау күйдің орындаушылық сырларын, тәрбиесін және маңызын оқушыларға жеткізу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Ақпан 2019
1059
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қырықмылтық Құлшар күйші



Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,

Құлшар атындағы Бейнеу өнер мектебі,

домбыра сыныбының мұғалімі

Кубегенова Жанар Инирбаевна





Конкурс мақсаты: Құлшар күйлерін насихаттау барысында өтетеін байқау күйдің о орындаушылық сырларын, тәрбиесін және маңызын о қ оқушыларға жеткізу.

Осы байқауда күйдің орындаушылық шеберлігін о р ор орындауда, қабілетті оқушылардың деңгейін анықтау.

нықтау.

Оқушыларға Құлшар күйлерін насихаттау және дәріптеу.



Конкурс құрылымы: Жеке орындаушы

Жеке орындаушылар конкурсы кіші, орта, ересек топтары бойынша жүргізіледі.

Кіші топ-3 сынып

Орта топ-4 сынып

Ересек топ-5 сынып



Оқушы саны: 11

Марапаттау: Конкурс жеңімпаздары, қатысқан оқушылар д и п дипломдар мен мадақтау қағаздарымен марапатталады.

Шарттары мен талаптары :



Кіші топ (3 сынып)

1. Құлшар «Түт шіркін» (міндетті)

2.Маңғыстау «өз қалауы бойынша» (қимыл ерекшелігімен)





Орта топ (4 сынып)

1. Құлшар «Ат жортақ» (міндетті)

2.Маңғыстау «өз қалауы бойынша» (қимыл ерекшелігімен)





Ересек топ (5 сынып)

1. Құлшар «Кербез керік» (міндетті)

2.Маңғыстау «өз қалауы бойынша» (қимыл ерекшелігімен



Кештің жүрісі

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!!! «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде өткізгелі отырған, жыл сайынғы дәстүрлі мектепшілік Құлшар күйлерінің сайысына қош келдіңіздер!!!

Оқушылардың музыкаға деген қабілетін жетілдіріп, орындаушылық шеберлігін арттыру мақсатында ұйымдастырылып отырған сайысымызды ашық деп жариялаймыз!



Қазақстанның батыс аймағында, әсіресе Маңғыстау өңірінде аңыз-әңгімелер мен батырлық жырлар, халық әндері мен күйлері мол сақталған. Мұндай мұра байлығы ел өміріндегі елеулі оқиғаларға тікелей байланысты. Маңғыстау көне дәуірден бері тіршілік толастамаған аймақ . Теңіз жағасы еш уақытта елсіз болмаған. Маңғыстау жеріне Арал, Каспий маңында болған көшпелі тайпалардың көбі ат ізін салған. Мұнда ежелгі сақтардан бастап Каспилер мен алаңдар, қыпшақтар мен оғыздар, маңғолдар мен қалмақтар, ноғайлар болған. Көне заманнан бері келе жатқан тарихы тамырын тереңге жайған, байтақ еліміздің қаймағы бұзылмаған, өзіне тән әр өңірінің әр-түрлі салт-дәстүрі мен, әдет ғұрпы өзіне тән мәдениеті мен күйшілік өнері бар.

Қазақтың домбырашылық, күйшілік өнерінде тарихи, мәдени ерекшелігіне, аспапта орындау техникасына байланысты, жеті түрлі орындаушылық дәстүр мен мектептер қалыптасты. Бұл дәстүрлі мектептер: Шығыс, Арқа, Қаратау, Жетісу, Сыр бойы, Маңғыстау, Батыс мектептері деп аталады. Осы мектептер ішінен біздің бүгінгі өтілетін сайысымыздың басты мектебі Маңғыстау. Маңғыстау күйлерінің басты ерекшелігі тылсымнан тамыр тартқан бағзылық сипатында екен. Мазмұны жағынан ұлан асыр тарихпен ұштасатын, кең танысты әр қайсысы бір-бір дастанға пара пар күйлері , тыңдаушының көңілін ғана қоймай , мимикалық алуан қағысты, күрделі техникасымен, өткір темпераментімен, ерекше даңққа бөленген.

Маңғыстау күй дәстүрін орындаушы, басты өкілдері: Құлшар, Өскінбай, Қартбай, Есір, Есбай, Абыл, Балбике, Қоңыр, Қарасай, Ысқат, Мұрат Өскінбай тағы басқа күйшілері бар. Осы күйшілердің ішінде бүгінгі өткізгелі отырған сайысымыз Құлшар күйлері атты сайысы.

Құлшар Ерназарұлы

(1840-1905)



Құлшар 1840 жылы Үстірт өңірінде туылған. Маңғыстаудың аты барша қазаққа белгілі сазгер күйшілерінің бірі. Құлшар Маңғыстау домбыра өнерінің бір ерекшелігі болып табылатын айтыс күйдің шебері.Осы күнге дейін «Бақтыбайұлы» деп қате аталып келеді. Қолымызда бар дерек шежіре бойынша, күйшінің ата тегі былай түзеледі: Адай-Келімберді-Мұңал-Шоғы(Қырықмылтық)-Есекей-Жарас-Тікенек-Бозша-Сам-Бақтыбай(батыр)-Ерназар-Құлшар.

Күйші Адай руының Қырықмылтық атасынан шыққандықтан ел арасында «Қырықмылтық Құлшар» атанған. Абыл күйшіден өнеге алған. «Қырықмылтық Құлшардың қызбен және оның шешесімен күймен айтысуы» аталатын бірнеше күйі бар. Күй сайысында Құлшар « Қыз қамаған», қыз шешесі «кербез»(«Кербез керік» деп те аталады) күйлерін тартады. Бұл күйлерді халық арасында Құлшардың өзі орындап тартқан. Құлшардың күйлері-үздік, ақпа-төкпе виртуоздық өнер туындылары. Академик А.Жұбанов кезінде Құлшардың күйшілік өнерін ерекше бағалаған. Құлшардың күйлерін бүгінгі таңда Мұрат, Шамғұл, Алым, Орлыбай, Сержан, Айтберген тағы басқа домбырашы-күйшілердің орындауында халық арасында кеңінен таралған.

Құлшардың күйлері «Қыз қамаған», «Кербез керік», «Ат жортақ», «Түт шіркін», «Кебіс қалған», «Бес қыздың бел шешпесі», «Тілемсек» тағы басқа күйлері бар.

Келесі кезекте сайысымыздың шарты бойынша , кіші, орта, ересек болып үш топқа бөлінеді.Сайысымыздың қазылар алқасымен таныстырып өтетін болсақ, қазылар алқасының төрайымы-мектеп директоры оқу ісі жөніндегі орынбасары-Әсем Тоқабайқызы. Мүшелері: Домбыра сыныбының мұғалімдері-Әлібек Садықұлы және Қанат Мухаиеджанқлы. Қазылар алқасынан әділ баға берулеріңізді сұраймыз деп жас ерекшеліктеріне қарай сайыскерлерімізді сахнаға шақырамыз.Сайысқа үміткерлер саны 10 оқушы: Кіші топтан- 4

Орта топтан- 2

Ересек топтан- 4

Сайыскерлер бір-бірлеп келіп ортаға тасталған таңдау қағаздарын алып, кезектерін анықтап қазылар алқасына жаздырады. Сайысымызды бастаймыз, сайыскерлерге сәттілік тілейміз.

Сайысқа қатысушылар тізімі:

Кіші топ

1. Батырбекқызы Әсел

2. Шамуратова Гаухар

3. Исатай Махамбет

4. Қарабала Меруерт

Орта топ

1. Сәттіғұл Кеңесхан

2. Эбишеев Талғат

Ересек топ

1. Зинекешова Жаннұр

2. Тулепова Жансұлу

3. Өмірханов Жангелді

4. Айымов Ақжол

Бірінші үміткер:-

р/с

Оқушының аты-жөні

Сыны-бы

тобы

Сынып м м мұғалімі

Орындалатын

шығармалары

Бағасы

1

Батырбекқызы Әсел

2

кіші

Бекходжаева Жанна

Құлшар « Түт шіркін »

Науша(Шидемешегелеме»


2

Шамуратова Гаухар

2

кіші

Наурызбаева Ботагөз

Құлшар « Түт шіркін »

Есбай «Бөгелек»


3

Исатай Махамбет

2

кіші

Нұрқасынова

Назерке

Құлшар « Түт шіркін »

Науша«Шидеме шегелеме


4

Қарабала Меруерт

3

Кіші

Наурызбаева Ботагөз

Құлшар «Түт шіркін»

Құлшар « Ат жортақ»


5

Эбишеев Талғат

4

орта

Наурызбаева Ботагөз

Құлшар «Ат жортақ»

Құлшар «Кербез керік»


6

Сәттіғұл Кеңесхан

4

орта

Маденова

Ақерке

Құлшар « Ат жортақ»

Құлшар « Кербез керік»


7

Зинекешова Жаннұр

5

ересек

Нұрқасынова

Назерке

Құлшар « Кербез керік »

Құлшар «Түт шіркін»


8

Тулепова Жансұлу

5

ересек

Наурызбаева Ботагөз

Құлшар « Кербез керік»

Есбай «Терісқақпай »


9

Өмірханов Жангелді

5

ересек

Сүлейменқызы Ұлжан

Құлшар « Кербез керік»

Өскінбай «Жеңіс»


10

Айымов Ақжол

5

ересек

Бекходжаева

Жанна

Құлшар « Кербез керік»

Есбай «Бөгелек»





Сайыскерлер толық ойнап шықты. Әділқазылардың қорытынды шешім шығарғанша видеопроэктор арқылы Маңғыстау күйін насихаттау барысында, Маңғыстаудың күйшісі С.Шакратовтың орындауында күйлерін тамашалаңыздар.

Қорытындылау: Әділқазылар алқасының төрайымы Әсем Тоқабайқызына сөз береміз.

Сайысымызды қорытындылай келе қатысушыларға және оқушыларды үлкен еңбекпен дайындаған ұстаздарына рахмет айта отырып жүлделі орындарын табыс етуге рұқсат етіңіздер!

Оқушылардың алған марапаттары:

Кіші топтан:

1. Батырбекқызы Әсел-Алғыс хат

2. Шамуратова Гаухар-3 орын

3. Исатай Махамбет-2 орын

4. Қарабала Меруерт-Алғыс хат
Орта топтан:

1. Эбишеев Талғат-3 орын

2. Сәттіғұл Кеңесхан-2 орын

Ересек топтан:

1. Зинекешова Жаннұр-3 орын

2. Тулепова Жансұлу-1 орын

3. Өмірханов Жангелді-Алғыс хат

4. Айымов Ақжол-2 орын

Жүргізуші : Тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!!!



















































































Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

а) теориялық

б) практикалық

IV. Қорытындылау.

V.Үй тапсырмасы.

VI. Бағалау.

Сабақтың жүрісі:

I.Ұйымдастыру.

Оқушыны ашық сабаққа дайындау.

а) Сабаққа қажетті оқу құралдарын тексеру.

ә) Аспаптың құлақ күйін келтіріп,дайындау.

II.Ұй тапсырмасын тексеру.

Б.Ысқақов «Эюд» жәй екпінде толық ойнап келу.

М.Әубәкіров «Сюита» белгіленген жерге дейін ойнап келу.

III.Жаңа сабақ: «Маңғыстау күйлерін үйрету арқылы оқушының қағыс техникасын дамыту»

a) Теориялық

Қазақстанның батыс аймағында әсіресе Маңғыстау өңірінде аңыз-әңгімелер мен батырлық жырлар, халық әндері мен күйлері мол сақталған. Маңғыстау күйлерінің басты ерекшелігі, тылсымынан тамыр тартқан бағзылық сипатында екен. Бағзылықтан бастау алған тарихи нақтылығында екен. Мазмұны жағынан ұлан асыр тарихпен ұштасатын эпикалық кең тынысты, әр қайсысы бір-бір дастанға, программалық күйлері мен тыңдаушының көңілін ғана емес, көзін де баурап алатын бай мимикалық, алуан қағысты күрделі техникасымен, өжет пафосымен, өткір темпераментімен ерекше даңққа бөленген. Музыкалық шығармалардың қай түрін болмасын халыққа жеткізе насихаттауда орындаушының атқаратын ролі өте зор. Сол сияқты қазақ халқының қанына сіңген күй өнерін де жұртшылыққа жария етуде біздің күйшілеріміздің қоғамдағы орны ерекше. Қазақтың күй тарихында алуандаған күй орындап жеткізудің шеберлері болды. Батыс күйлерін орындауда Құрманғазы дәстүрін алып келген орындаушы Дина Нұрпейісова, Қали Жантілеуов десек. Дәулеткерей күйлерін орындаушы Махамбет, Науша Бөкейхановтар. Қазаңғап күйлерін орындаушы Жәлекеш Айтпақов, орталық Қазақстан күй дәстүрінің ішінде Тәттімбет күйлерін орындаушы Әбікен Хасенов. Оңтүстік Қазақстан Күйлерін Сүгір дәстүрін орындаушы Төлеген Монбеков десек, Маңғыстау күй дәстүрін орындау арқылы бүкіл Маңғыстау Үстіртке тараған бір домбыра тарту дәстүрін бізге алып келген домбырашы Мұрат Өскенбаев болды. Мұраттың тартысы басқа дәстүрлердің өкілдеріне ұқсамайды. Мұрат адай өрісінің домбырашысы.

Маңғыстау күйлерінің басты өқілдері : Құлшар, Өскенбай, Қоңыр, Қартбай, Балбике, Қарасай, Есір, Есбай, Абыл т.б күйшілері бар. Бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбына байланысты Есірдің «Күнтәй» күйін аламыз.

Есір Айшуақұлы (1840-1904)

Есір Айшуақұлы 1840 жылы Маңғыстау өлкесінің Жыңғылды деген жерінде туылып, 1904 жылы осы өңірде дүние салды. Есірдің күйшілік өнері сол кезіндегі Маңғыстау өңіріне кең тараған.Оның күйлерінің тарихи маңыздылығымен ұштасып келеді. Әр күйдің өзіндік тарихы бар. Оның күйлері :«Ақжарма», «Күнтәй», «Тоғыз түйеші», «Қос айырған», «Жалды қара», «Шоқай Төре», «Шалқыма», «Ақжелең», «Әлди бөпем», «Көк төбе», ж/е «Манату» сияқты күйлері бар. Маңғыстау күйшілік өнерінде басқа өңірлердің күйшілеріне ұқсамайтын өзіндік қағыстарымен ерекшеленеді. Есір күйлерінің ішкі сыр-сипатын жете таныту, күйші шығармасынан «Күнтәй» күйіне талдау жасау үшін, күйден үзінді аламыз. Алдымен « Күнтәй » күйінің шығу тарихын туралы айтар болсақ,Есір бірде өзінің рулас ағасы Самның үйіне келеді. Қонып отырғанда ағасының әйелі Күнтәй жеңгесі қайнысынан күй сұрайды. Сонда Есір осы күйді төге жөнеліпті. Күнтәй өнер сүйген адам болса керек. Күйге елтіп, басын шұлғып жібергенде, жаулығы шешіліп, илеп отырған қамырын ошақтағы күлге түсіріп алыпты. Сам тұрып Есірге мына жеңгеңнің есін аударып кеттіңғой, тартқан күйің не күй .Біз естімеген дегенде бұл Күнтәй жеңешеме арнаған күйім деген екен.

б) Практикалық

Күйді үнтаспа арқылы тыңдатып қысқаша талдап көрсетемін. «Күнтай» күйінде бас буын «ре-ля» аймағын толық сипаттамымен бірден орта буынға «ля-фа» аймағы өтеді. Төрт пернені тірек етіп «ля-фа» ноталарына тұрақтау арқылы «ре» ішегінде ойналатын әуен толық берілген.

Адай, ілме, қара қағыстары кездесіп келетін орта буын өлшемдік ырғақ қалыптан тыс сезімге ауысып, басқа бір әлемге сүңгітіп жібергендей күйге түсіреді. Екі ішектегі «ми-ми» нотасын қатар қамту арқылы өрбитін әуен қайтадан «ля-фа» аймағын қамтып барып, «до-ля» аймағында өрістей түседі. Осы жерде Есір регистрлік кеңейтудың ерекше әдісін қолданған. «Ре-фа» аймағынан бірден «ля-до» аймағына ауысып, сәл тыныстағандай болған соң, жаңа леппен «до-соль» аймағында өрбитын күрделі әуен секвенциялық жолмен негізгі әуенге барып тоғысады.

Есірде кездесетін негізгі әуеннің, күйдің бас буынында ойналмай, орта буыннан кейін ойналуы—Маңғыстау күйлеріне тән ортақ ерекшелік. Мұнда әуеннің ,күйдің келесі даму сатысы сағамен жалғасады. Сағада тарту қысқа түрде өтеді және оның кульминациялық аймағы жоқ. «Ре-ля» аймағында өрбитын әуен «ре-ми» нотасында кілт тоқтап қайтадан «ми-ля» интервалы арқылы жалғасып кете береді. Орта буында қолданылған секвенциялық тәсіл арқылы күй қайтадан негізгі әуенмен қауышып барып аяқталады. Күйдің осындай формада құрылуы оны өзгеше ажарландырып, тыңдаушының сезімін бірден баурап алады. Маңғыстау күйлерінің бір тұтас жеке мектеп ретінде дамуына көп тер төккен күйтанушы, ғалым ағамыз Айтберген Жаңбыршиев. А.Жаңбыршиев ағамыздың екі томдық «Нарату», «Нарату-2» атты кітабы түбек күйшілігін түгендеген алғашқы еңбегі болып табылады.

Маңғыстау күйлерін зерттеп кітап етіп шығарушы азаматтар көп. Солардың ішінде Маңғыстау күйлерінің жанашыры Қазақстанның халық артисі, профессор Қаршыға Ахмедьяров, Сержан Шәкірат .

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!