Материалдар / "Қыс қызығы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қыс қызығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқы ойындар туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Ақпан 2021
383
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқы ойындар.



Ақмола облысы Қосшы ауылы
«Алтын дән» балабақшасы
Дене тәрбие нұсқаушысы: Ботабаева Ж.Т.


Мақсаты: Балалардың қыс туралы түсініктерін кеңейтіп, қысқы ойындар мазмұнын меңгерту, спорт туралы білімдерін кеңейту,  қызығушылықтарын арттыру. Бала денесін ойын арқылы қозғалысқа келтіріп, таза ауада шынықтыру. Іс-әрекетке деген қызығушылығын ойын арқылы қалыптастыру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

 

Қажетті құрал-жабдықтар: Кедергілер, шелектер, шана, күрек, шаңғы, хоккей таяқшасы, шайба, аққалаға керекті заттар.

Үштілдік: Қар-снег-snow, аққала-снеговик-snowman, қыс-зима-winter.

Жүргізуші: Құрметті балалар, балабақша ұжымы ересек топтары арасында өтетін «Қыс қызығы» атты эстафеталық жарысқа қош келдіңіздер!


Жүргізуші:

 Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.

- Ал, балалар, барлық қонақтармен сәлемдесіп алайық.

Балалар:

 Сәлем бердік алтын күн,
Сәлем бердік ашық аспан.
Сәлем бердік жер-ана,
Сәлем бердік баршаңа.


Жүргізуші: 

Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы, коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?


Балалар: Қыс мезгілі.

Балалар, қараңдаршы бізге қонақ келе жатқан секілді. Ой, мынау келе жатқан аюғой. (балалармен амандасады)


Аю: Менің жұмбағымды шешсендер мен сендерді жарысқа жіберемін.

Қыста ғана болады.
Ұстасаң қолың тоңады.  
(Қар)

Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым.     (Шаңғы)

Жалт - жұлт етеді,
Ұстасаң еріп, кетеді.     (Мұз)
Зулап түсті төменге.

Шықпас менен төбеге.  (Коньки)
Тікен - тікен тік пісте,

Қысы, жазы бір түсте.   (Шырша)

Күміс тұяқ тұлпарды,
Ерттеп міндім тай қылып.  (Шана)


Жүргізуші: Балалар біз аюға өз өнерімізді көрсетейік, аю сіз бізбен бірге болып балалармыздын ойынын тамашалаңыз. Намысы бар балапандар қайдасың,
Білген дұрыс бұл спорттың пайдасын- дей отырып 
«Ақ аю», «Ақ қоян» топтарын ортаға басшыларымен  шақырамыз.  

Міне, балалар шықты алаңға,
Жас спортшылар жеке-жеке команда
Ал, балалар өздеріңді таныңдар,
Ептілік, мықтылық, батылдық көрсетіп табанды,
«Ура» деген ұранды біз тастаймыз
Жарысымызды ал енді бастаймыз
«Жеңіске жетеміз!» деп
Жалынды ұран тастаймыз


«Ақ аю» топ басшысы 
Ұраны: Біріміз бәріміз үшін,
Бәріміз біріміз үшін.


«Ақ қоян» топ басшысы
Ұраны: Қояндарша орғимыз,
Намысты қолдан бермейміз.


Жүргізуші: Ал сайыскер топтар,
Ешкімнің жоқ алалар.
«Жеңімпаз болу» үлкен сын,
Оны әділқазың бағалар.
Ашық жарқын жүзді,
Әділқазылар біздің
Таңдап баға беруге,

Шақырайық төрге,- деп әділқазылар алқасымен таныстырайық.


Б\б әдіскері: 

Б/б психологі: 

Б\б медбикесі: 

Топтарымызға сәттілік тілеп, қошемет көрсетейік. (Музыка ойналады) Енді сайыс түрлерімен танысайық.

Жүргізуші: Балалар бүгінгі жарыс 6-кезеңнен тұрады:

1. «Қай топтың шанасы алда»

2. «Хоккейшілер»

3. «Кім епті?»                           

4. «Шаңғышылар»

5. «Арқан тартыс»

6. «Кім жылдам»

Жүргізуші: Балалар, ендеше жарысымызды бастаймыз! Дайынсыңдар ма?
Балалар: Біз дайынбыз!

- Ал енді құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар! Жарысымызды бастаймыз.

Жүргізуші: 

Шанасына мінеді,
Мәз мейрам боп күледі.

Жарысамыз бәріміз,
Жарасып тұр сәніміз.


І-кезең:  «Қай топтың шанасы алда» деп аталады

Ойынның шарты: Әр топқа бір шанадан, оның үстіне бір баланы отырғызып, белгіленген жерден айланып өз орнына барады. Кім бірінші келсе, сол топ  жеңіске жетеді.


ІІ-кезең:  «Хоккейшілер» деп аталады

Ойынның шарты: Балалар хоккей таяқшасымен шайбаны кедергілер арасынан айналып өтіп, мәреге бірінші келген топ жеңіске жетеді.


ІІІ-кезең: «Кім епті?»  (Ыдыстан-ыдысқа күрекпен қар тасу)

Ойынның шарты: Балалар ыдыстағы қарды күрекпен кедергілер арасынан жүгіріп, шелекке тасу. Қай топ шелекке көп қар жинаса, сол топ жеңіске жетеді.


Жүргізуші: 

Жапалақтап ала қар,
Жауды күнде қайталап.
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларың арқалап.
 

ІV-кезең: «Шаңғышылар»  деп аталады

Ойынның шарты: Балалар шаңғымен кедергілер арасынан жүріп өтіп, мәреге бірінші болып жеткен топ жеңіске жетеді.

V-кезең: Қазақтың ұлттық ойыны: «Арқан тартыс»

Ойын шарты: Арқанның екі жағынан екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ арқанды өз жағына тартып, алып келсе, сол топ жеңіске жетеді.


VI-кезең: «Кім жылдам»

Ойын шарты: Жалауды қай команда бір жақтан екінші жаққа жылдам тасиды сол жеңімпаз.


Жүргізуші: Назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың денің сауда

«Денсаулық – терең бақыт» деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.
Денің сауда күштісің бұл әлемде,
Денің сауда сұлусың жер бетінде.

Сол мықты денсаулықтың арқасында
Жетерсің әлі талай бақыттарға деп, - ортаға әділ қазылардың әділ қазысын айтатын мүшелерді шақырамыз. Марапаттау.


Аю: Балалар, жарысқа өте жақсы қатыстыңдар, рахмет сендерге. Сендермен өте қызықты уақыт өткіздім, ал енді сау болыңдар.


Жүргізуші: 

Ұрпақ  керек  ертеңгі алда,
Болашақты болжайтын.
Дені таза, тәні таза,
Елін, жерін  қорғайтын!
Денсаулық - басты байлық өмірдегі,
Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.
Салауатты өмір салтын насихаттап,
Атанайық жақсы азамат өңірдегі.

Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі – салауаттылық. «Қыс қызығы» атты спорттық эстафеталық жарысымыз осымен аяқталды. Келіп тамашалағандарыңызға рахмет. Келесі кездескенше, сау болыңыздар!







































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!