"Қыс қызығы" ұйымдастырылған оқу қызметі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қыс қызығы" ұйымдастырылған оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған дене шынықтыру нұсқаушысының ұйымдастырылған оқу қызметі
Материалдың қысқаша нұсқасы


Білім беру саласы: «Денсаулық»
Тақырыбы
: «Кыс қызығы»
Мақсаты: балалардың қыс туралы түсініктерін кеңейтіп, қысқы ойындар мазмұнын меңгерту. Бала денесін ойын арқылы қозғалысқа келтіріп, таза ауада шынықтыру. Іс-әрекетке деген қызығушылығын ойын арқылы қалыптастыру.
Методикалық әдіс: Ойын әдісі, ойын мазмұны, түсіндіру, үйрету.
Көрнекіліктер: Шана, қар, қар үйінділері, қар кесетін ағаш құралдар.

Ойынның жүру барысы
Тілек шеңбері
Балалар алаңда дөңгеленіп шеңбер жасап тұрып, бір-бірінің алақандарын беттестіріп тілектер айтады.
1. Ауамыз таза болсын
2. Денсаулығымыз мықты болсын
3. Ойын қызықты болсын
4. Жарыс көңілді болсын
5. Жеңімпаздар көп болсын
Балалар музыка ырғағымен айналып жай жүріп, сонан соң жүгіріп келіп, аяқ-қол бұлшықеттеріне арналған сергіту жаттығуларын жасауды.
Қозғап барлық денеңді
Қолды қатты соқ енді.
Тақылдатпай таяқты
Ақырын бас аяқты.

Иықты артқа ысырып,
Басты төмен саламыз.
Жаттығу жасап осылай,
Біз шынығып аламыз.

Ойын жарыс түрінде өтетін болған соң, балаларды екі топқа бөлеміз.
Тұлпар тобының мүшелері:
Сұңқар тобының мүшелері:

Ғажайып сәт: Қар жанынан ақ қоян шығады.

Балалармен сәлемдеседі.

Қоян: Менің ішім пысып кетті.Орманда аңдар көрінбейді.

Жүргізуші:Олай болса бізбен ойын ойна.Біздер ойнап жарыспақшымыз.

Қоян: Жарайды.Олай болса менде ойнаймын.

Аю: Менде,менде ойнағым келеді.Мені ұйқымнан оятып жіпердіңдер.

(Қоян мен аю екі топқа бөлінеді.)
Ойын №1 «Қар кесектері арасымен жүгіру».
Мазмұны: Балалар қар кесектері арсымен жүгіріп жарысады.

Ойын №2 «Үйшік жасау».
Мазмұны: Қар кесінділерінен кішкене үйшік тұрғызу.
Қай топ бұрын болса, сол топ жеңген болады.

Ойын №3 «Шанамен жарысу».
Мазмұны: Екі топтың үлкен балалары бір баланы шанаға отырғызып сүйреп мәре сызығына дейін жарысады. Ойынға балалар түгел қатысады. Қай топ бұрын жетеді, сол топ жеңеді.
Балалар, біз келесі ойынды ойнамас бұрын жұмбақ шешейік.сол жұмбақтың шешуі арқылы келесі ойынымыздың атауын анықтаймыз.

Ойын №4 «Мергендер».
Мазмұны: балалар д
айын тұрған қардан жасалған кішкене кесектерді жәшікке лақтырады қай топ жәшікке көп түсірсе сол топ жеңіске жетеді.

Ойын №5 «Көңілді паравоз».
Мазмұны: Бастаушы бала қар кесектері арасымен жүгіріп барып келіп келесі баланы алып кетеді тап осылай барлық бала аяқталғанша жүгіреді.

Жүргізуші: Осымен балалар бүгінгі сайысымыз аяқталды.

Қоян: Рахмет балалар керемет ойын болды. Біздер енді орманға жетіп алайық.

Жүргізуші: Олай болса келгендеріңізге көп рахмет қош сау болыңыздар.

Аю: Балалар қоян екеумізден сыйлық алыңдар. (Балаларға сыйлық беріп кетіп қалады)


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.06.2018
604
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі