Қысымның көлеңкесінде қалған шындық
Қазақ журналистикасы – қоғамдағы шындықты жеткізуші, халық пен билік арасындағы көпір іспетті маңызды сала. Бірақ соңғы жылдары бұл салада еркін ой айту, ашық сын айту барған сайын қиындай түседі.. Журналистерге қысым көрсету, қорқыту, соттау және шабуыл жасау оқиғалары жиілеп барады. Бұл құбылыс тек жеке адамдардың тағдырына емес, жалпы сөз бостандығы мен демократиялық дамуға тікелей қауіп төндіреді.Халықаралық ұйымдардың зерттеулері де осыны дәлелдейді: Қазақстандағы баспасөз еркіндігі деңгейі төмендеп барады. Мысалы, “Reporters Without Borders” (RSF) ұйымының 2025 жылғы Баспасөз бостандығы индексі бойынша, Қазақстан 180 елдің ішінде 141-орында тұр. Бұл — елдегі журналистердің еркіндігі шектеулі екенін айқын көрсететін көрсеткіш.2024 жылы Қазақстанда журналистер мен медиа қызметкерлерге қарсы 300-ден астам қысым мен шабуыл оқиғасы тіркелген. Бұл дерек отандық «Adil Soz» сөз еркіндігін қорғау қорының ресми есебінде көрсетілген. Қысымның қорқыту, қоқан-лоқы көрсету сияқты түрлері көп кездеседі.Әкімшілік немесе қылмыстық істер қозғау да мүмкін емес болып отыр.Интернеттегі шабуылдар мен цензура да күшейе түскенін білеміз.Тәуелсіз БАҚ-қа экономикалық шектеулер қою артып келеді.
Бұдан бөлек, Freedom House және Human Rights Watch секілді ұйымдар да Қазақстандағы медиа саласында «Жартылай еркін емес» немесе «еркін емес»мәртебесін бекіткен. Бұл тек халықаралық бағалау емес, ел ішіндегі нақты жағдайдың көрінісі.
Журналистерге қысым тек дерек күйінде емес, нақты адамдардың тағдыры арқылы айқындалады.
Айдос Садықов— Тәуелсіз журналист және оппозициялық тұлға. 2024 жылы ол Киев қаласында ауыр қастандыққа ұшырап, оқиға халықаралық деңгейде талқыланды. Бұл оқиға журналистерге қарсы зорлықтың шегіне жеткен мысал ретінде бағаланды.
Темірлан Енсебек— Qaznews 24 атты сатирикалық парақшаның негізін қалаушы. 2025 жылы ол «жалған ақпарат тарату» бабы бойынша тұтқындалды. Бұл іс халықаралық ұйымдар тарапынан «сөз еркіндігіне қысым»деп танылып, әлемдік БАҚ-та кеңінен жарияланды.
Журналистерге жасалатын қысымның артында көбіне құқықтық және саяси механизмдер тұрғандыңы анық байқалды..Біріншіден, “жалған ақпарат тарату”, “қоғамдық тәртіпті бұзу” секілді заң баптары көбіне билікті сынаған журналистерге қарсы қолданылады.Екіншіден, тәуелсіз медиа экономикалық тұрғыда әлсіз. Мемлекеттік тапсырыстар жүйесі мен иелік құрылымдары арқылы көптеген БАҚ тәуелділікке түседі.Үшіншіден, кейбір өңірлік журналистерге физикалық қысым көрсету фактілері жиі кездеседі, бірақ олардың көбі ресми тергелмей қалады.
Журналистерге қысым мәселесін зерттеп, ашық көтеріп жүрген бірнеше ұйымдар бар.
«Adil Soz» халықаралық қоры жыл сайын Қазақстандағы сөз бостандығы жағдайы туралы есеп шығарады.«Reporters Without Borders» (RSF) әлемдік рейтинг жариялап, Қазақстанды медиа еркіндігі төмен елдердің қатарына қосты.«Committee to Protect Journalists» (CPJ) тұтқындалған немесе сотталған журналистердің істерін халықаралық деңгейде қорғайды.Сонымен қатар, қазақ журналистикасының белсенді өкілдері де бұл тақырыпты ашық қозғап жүр. Мысалы, тәуелсіз журналист Сәуле Әбілдаханқызы, Серік Әбікенұлы, Айгүл Орынбек, Аслан Сәйдімбек, Бақытгүл Маханбет сияқты тұлғалар өз жазбаларында және әлеуметтік желілерде сөз бостандығының шектелуіне сын көзбен қарауға тырысады.Осы ретте шетелдік басылымдар да Қазақстандағы журналистердің жағдайына жиі тоқталады. Мысалы, The Diplomat, Novastan, және Le Monde газеттері соңғы жылдары бірнеше аналитикалық мақала жариялаған. Онда елдегі цензура, тәуелсіз БАҚ-тың жабылуы және журналистердің қудалануы туралы кеңінен баяндалған.Мысалы, The Diplomat журналының 2024 жылғы мақаласында Қазақстанда журналистердің қауіпсіздігі төмен екенін және билік тарапынан медиа саласын бақылау күшейгенін жазды.
Қорытындылай келе,қазақ баспасөзіндегі қысым мәселесі — тек журналистердің проблемасы емес, бұл қоғамның рухани және демократиялық дамуына тікелей әсер ететін фактор. Баспасөз еркіндігі жоқ жерде шынайы пікір алмасу мен халықтың сенімі де әлсірейді. Журналист — қоғамның айнасы. Егер айна сындырылса, қоғам өзін көре алмайды. Сол себепті, мемлекет пен қоғам бірігіп, журналистердің қауіпсіздігін қорғауға, әділ заң мен ашық диалог орнатуға ұмтылуы керек.Сөз еркіндігі — еркін елдің тірегі. Қазақстан дамығысы келсе, журналистерге қысым көрсетуді доғарып, ашық ақпарат кеңістігін қалыптастыруы қажет.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз