Материалдар / Қызықтап тәжірибелер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қызықтап тәжірибелер

Материал туралы қысқаша түсінік
Күл-катализатор. Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: бір бөлік қант, қысқыш, темекінің күлі. Қысқыштың көмегімен бір бөлік қантты жанып тұрған газ плитасына ұстаңыз. Қанттың үстіне шамалы темекі күлін сеуіп, жалынға қайта апарыңыз. Бірінші жағдайда қант балқиды, түтінденеді, бірақ жанбайды. Екінші жағдайда қант жанады, тіпті жалыннан аулақ ұстағаандада жана береді. Түсіндірме: Кейбір заттар өздері реакцияға түспесе де, екінші бір заттың реакцияға түсуін тездетеді. Күл қанттың тез жануына ықпал етіп, катализатор қызметін атқарып тұр. Отты ағыс ( парафиннің өздігінен тұтануы) Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: сынауық (немесе кішігірім қаңылтыр құты), шырпы, шелек (немесе үлкен банка), жанарғы, парафин, темір ұстағыш. Сынауықтың 1 \ 3бөлігін (немесе қаңылтыр құтыға 5см қалыңдықта) парафинмен толтырыңыз. Сынауықты темір ұстағышпен ұстап парафин қайнағанша қыздырыңыз, қатты қайнаған парафинді 15-20см биіктіктен сыздықтатып шелекке (немесе үлкен банкаға құйыңыз). Па
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қырқүйек 2023
243
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Shape2

Күл-катализатор.

Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: бір бөлік қант, қысқыш, темекінің күлі.

Қысқыштың көмегімен бір бөлік қантты жанып тұрған газ плитасына ұстаңыз. Қанттың үстіне шамалы темекі күлін сеуіп, жалынға қайта апарыңыз. Бірінші жағдайда қант балқиды, түтінденеді, бірақ жанбайды. Екінші жағдайда қант жанады, тіпті жалыннан аулақ ұстағаандада жана береді.

Түсіндірме: Кейбір заттар өздері реакцияға түспесе де, екінші бір заттың реакцияға түсуін тездетеді. Күл қанттың тез жануына ықпал етіп, катализатор қызметін атқарып тұр.

Отты ағыс

( парафиннің өздігінен тұтануы)

Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: сынауық (немесе кішігірім қаңылтыр құты), шырпы, шелек (немесе үлкен банка), жанарғы, парафин, темір ұстағыш. Сынауықтың 1 \ 3бөлігін (немесе қаңылтыр құтыға 5см қалыңдықта) парафинмен толтырыңыз. Сынауықты темір ұстағышпен ұстап парафин қайнағанша қыздырыңыз, қатты қайнаған парафинді 15-20см биіктіктен сыздықтатып шелекке (немесе үлкен банкаға құйыңыз). Парафин от ағынын түзе жарқылдайды.

Түсіндірме: Парфиннің жануына оның ауамен (оттекпен) жанасу бетінің үлкендігі әсер етеді.

Сиқырлы жалын.

Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: ақ қағаз, күкірт қышқылының ерітіндісі (1:1), жанарғы.

Ақ қағаздың бетіне күкірт қышқылының ерітіндісімен жазу жазыңыз. Қағаз кепкен кезде жазу ғайып болады. Осыдан соң қағазды 15-18см ара қашықтықта жанарғы шамының жалынына ұстаңыз. Біраз уақыт өткеннен кейін қағаз бетінде қара түсті жазу пайда болады.

Түсіндірме: ол органикалық заттың (қағаздың) күкірт қышқылынында көмірге айналу нәтижесінде түзіледі.

Қара-сұр жылан.

Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: тәрелке, құм,спирт, ас содасы, қант пудрасы.

Тәрелкеге конусппен құм себіңіз де,оны спиртпен ылғалдандырыңыз. Құмның ортасын ойып шұқырша жасаңыз, оған 2г ас содасын және 13г қант пудрасын арластырып салып, спиртті жандырыңыз. Алынған массадан жуан қара-сұр жылан да ұзын болып көрінеді.

Түсіндірме: қант карамельге айналады да, ал сода көмірқышқыл газын бөле отырып ыдырайды.

Жанбайтын орамал. Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: орамал, су, ацетон, қышқыш, сіріңке.

Орамалды алдымен суға батырып ылғалдап алыңыз да аздап сығыңыз, қайтадан ацетонға батырыңыз.

Ылғал орамалды қышқышпен ұстап тұрып тұтандырыңыз. От жалыны орамалдың бүкіл бөлігін шарпиды. Тіпті орамалды айналдыра шеңбер жасап жанады. Біраз уақыттан кейін жалын сөнеді,бірақ орамал сол күйінде жанбай қалады.

Түсіндірме: ацетон-оңай тұтанатын сүйықтық, сондықтан ол жанады да,ал су жануды қолдамайтындықтан суға батырылған орамал жанбай сол күйінде қалады.



Стақанның әйнекке жабысуы.

жабдықтар мен реактивтер: су, аммонний нитратының ұнтақтары, 50миллилитрлік стақан, әйнек.

Ішінде 50мл суы бар стақанды су төгілген әйнектің үстіне орналастырыңыз.Егер осы стақанға аммонний нитратының NH4NO3 35грамын салып, жақсылап араластыратын болсаңыз стақан астындағыы әйнекке қарай тоңазиды да, біраздан соң стақан әйнекке жабысады.

Түсіндірме: аммонний нитратының суда еруі жылу сіңіру арқылы жүреді, яғни эндотермиялық реакция.

Судың лайлануы.

Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: ізбес суының қаныққан ерітіндісі, көмірқышқыл газы, химиялық стақан немесе сынауық.

Тәжірибе жүргізілуі үшін ізбес суының қаныққан ерітіндісін дайындап алыңыз.Дайын болған ерітіндіге көмірқышқыл газын CO2 (Кипп апаратынан) жіберіңіз. Ерітінді лайланады.

Түсіндірме: кальций гидроксидінің ерітіндісінде көмірқышқыл газы еріп, кальций карбонатының ақ тұнбасы түзіледі.

Ca(OH) 2 + CO2 = CaCO3 ↓ + H2O

Ізбес суы көмірқышқыл газының бар екендігін анықтайтын индикатор.

Сабын неге көпірмейді? Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: Кипп апараты, натрий карбонатының кристалдары, 20%-дық тұз қышқылы, кермек (ауыр) су, сабын, екі сынауық.

Алдын ала кермек суды дайындаап аласыз. Ол үшін Кипп апаратынан бөлініп жатқан көміртек ( IV) оксидін әк суынан өткізіңіз.Бастапқыда тұнба түзіледі. Көмір қышқыл газын сол кальций карбанаты тұнбасы ерігенге дейін жіберіңіз, ерітінді түссізденеді, яғни кермек су пайда болады.

Біірінші сынауықтың ½ көлеміне судан құйыңыз. Екінші сынауыққа кермек судан құйыңыз. Әр сынауыққа сабынның кішкене бірдей бөлшектерін салыңыз. Крааннан алынған судағы сабын араластырғанда көпіреді. Ал, кермек судағы сабын көпірмейді. Сынауықтың қабырғаларына ақ дақ пайда болады.

Түсіндірме: кермек судағы сабын көпірмеу себебі, ерігіш кальцийдің тұзы сабынмен қосылып ерімейтін стеарин қышқылының кальций тұзын түзеді (C17 H35 COO)2 Ca.

Каучукты фикустан алу.

жабдықтар мен реактивтер: 1-2 фикус жапырағы, құрғақ кальций

хлориді, калий перманганатының сұйылтылған ерітіндісі, спирт, хлороформ (бензол), сынауық, сағат шынысы, шыны таяқша, қысқыш.

Фикустың1-2 жапырағын кесіп алыңыз. Жапырақтарды бөлшектеп турап , сығып, сынауыққа шырынды құйыңыз. Тамшылатып жиналған шырынға кішкене су қосыңыз. Одан кейін 05грамм құрғақ кальций хлоридін салыңыз. Қоспаны жақсылап араластырып оған тамшылатып кішкене спирт құйыңыз. Ерітіндінің бетінде бірден каучук үлпегі пайда болады.

Үлпектің бір бөлігін шыны таяқшамен алып, оны сынауыққа салыңыз да үстіне 2-3мл хлороформ (немесе бензол) құйып ерітіңіз. Келесі бір бөлігіне кішкене калий перманганатының сұйылтылған ерітіндісін қосыңыз. Ерітіндінің түссізденуі каучуктің жан-жақты қасиетін көрсетеді.

Ерітіндінің келесі бөлігін сағат шынысында ақырын буландырыңыз. Шыныда каучуктің серпімді қабығы түзіледі.

Каугук үлпегін қышқышпен созуға болады.

Көгілдір ерітіндіден ақ тұнба. Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: мыс (II) хлориді ерітіндісі, концентрлі тұз қышқылы, мыс ұнтағы, екі химиялық стақан ( 50 және 200мл) , сынауық, сақинасы бар штатив,асбест тор, жанарғы.

Көлемі 50 миллилитрлік стақанға шамамен 15мл көгілдір мыс (II) хлориді ерітіндісін құйыңыз және оған 1мл концентрлі тұз қышқылын қосыңыз. Бұл кезде ерітіндінің көгілдір түсі жасылға ауысады. Алынған ерітіндіге аздап мыс ұнтағын қосыңыз да қоспасы бар стақанды жанарғыда астбест торда өайнағанға дейін қыздырыңыз. Сұйықтықтың түсі жасылдан күнгірт жасылға ауысқанға дейін қайнатыңыз. Осы ерітіндінің бірнеше тамшысын ішінде суы бар сынауыққа қосып оның түсі көгілдір болғанға дейін қайнатыңыз.

CuCl2 + Cu = 2CuCl

Cu2+ + e = Cu+ тотықсыздану процесі

Cu - e = Cu+ тотығу процесі

Реакция аяқталғаннан кейін сұйықтықты ішінде суы бар стақанға құйыңыз. Көгілдір ерітіндіден ақ тұнба түзіледі.

Түсіндірме: ақ тұнба мыс (I) хлориді.

Шынының сілтіленуі.

жабдықтар мен реактивтер: екі химялық стақан (біреуі кіші), фарфор

келі, жанарғы, шыны түтікше, фенолфталеин ерітіндісі.

Шыны түтікшені жанарғының жалынында жұмсарғанға дейін қыздырыңыз да,ыстықтай жылдам суық суы бар стақанға салыңыз, қатты қызған ыстық шыны суық суда ұсақ бөлшектерге бөлініп кетеді. Судың біраз бөлігін төгіп тастаңыз да, астындағы сулы ұсақ шыныларды фарфор келіге ауыстырып ұнтақ болғанша үгітіңіз (көзілдірік кию керек). Шыны ұнтағын кішкене химиялық стақанға немесе сынауыққа судың көмегімен ауыстырыңыз, содан соң үстіне бірнеше тамшы фенолфталеин ерітіндісін тамызыңыз, ерітінді малина түске боялады.

Түсіндірме: қарапайым шыны (Na2O CaO 6SiO2)- натрий және кальций

силикаттарының қоспасы. Қалыпты жағдайда су қоспаны еріте алмайды. Ұнтақтағанда шынының сумен жанасу беті ұлғаяды. Ерітіндідегі натрий силикаты гидролизденеді. Гидролиздің нәтижесінде ерітіндіде OH- иондары көбейеді де, олардың концентрациясы фенолфталеин ерітіндісінің түсін өзгерте алады.

Түрлі - түсті жалындар.

Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: фарфор табақшалар, сүзгіш қағаз, металл сымы (таяқшасы), натрий, калий, рубидий, цезий, кальций, барий, стронций нитраттары.

Тәжірибе жасау үшін азот қышқылының әр түрлі тұздарының концентрациялы ерітінділерін дайындаңыз,сүзгіш қағаздың тіліктерін осы ерітінділермен ылғалдаңыз. Әр тілікке сәйкес тұздардың ұнтақтарын сеуіп кептіріңіз. Кептірілген қағаз тілікшелерді металл сымға пальма ағашының пішініндей етіп орналастырыңыз да, тұтатыңыз.

«Қағаз фонтаны» әр түрлі жалын бере жанады.

Түсіндірме: әр тұздың катионына сәйкес қағаздар жалыны әр түрлі түс бере жанады: литий - малина түстес, натрий – сары, кальций –сия түстес, рубидий және цезий – күлгін, кальций –қанық қызыл, барий –сары –жасыл, стронций –малина түстес т.с.с. Азот қышқылының тұздары қыздырғанда оттек бөле ыдырайды, сондықтан қағаз тілікшелер өте жақсы жанады. Жалынның әр түрлі түстерін хлоридтерді спиртте жандыру арқылы да көрсетуге болады. Ол үшін таза фосфор табақшаларға 2 –3мл спирт құйыңыз, әрқайсының үстіне 0,2– 0,3 граммнан тұз қышқылының әр түрлі тұздарының ұнтақтарын салып, қоспаны жандырыңыз. Әр ыдыстағы жалынның түсі сол ыдыстағы тұздың катионына сәйкес болады.

Жалынды құйын.

Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: көлемі 2-3литрлік шөлмек, 25% -дық аммиак ерітіндісі, хром (III) оксиді, жандыруға арналған қасық, жандырғы.

Шөлмекке аммиак ерітіндісін құйыңыз да, шөлмекті шайқап қабырғаларын ылғалаңыз. Қалған ерітіндіні бөлек ыдысқа құйып алыңыз да, шөлмекті тығынмен жауып қойыңыз. Арнайы қасықшаға хром (III) оксидін салып, жанарғыда қыздырып алыңыз. Қыздырған хром (III) оксидін аммиак газы бар шөлмекке жылдам салыңыз. Шөлмекте құйын сияқты айналып жүрген жарқылдар (жыланды құйын) пайда болады, қараңғы жерде өте әдемі көрінеді.

Түсіндірме: бұл процестің реакция теңдеуі төмендегідей:

Cr2O3

4NH3 + 5O2 = 4NO + 6H2O

2NO + O2 = 2NO2

Жасыл жалын.

Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: Na2B4O7 бура ерітіндісі, концентрлі күкірт қышқылы, этил спирті, фарфор тигель, көлемі 5 мл-ге сай өлшеуіш цилиндр, фарфор үшбұрыш, сақинасы бар штатив, газды жанарғы. Тигелге 1-2 мл бура ерітіндісін құйып оны сақинасы бар штативке орналастырыңыз. Бура ерітіндісін құрғақ қалдық түзілгенше қыздырыңыз, содан кейін тигелді суытыңыз. Суыған құрғақ қалдыққа 1 мл концентрлі күкірт қышқылын және 1-2 мл (артық емес) этил спиртін құйып, қоспаны жағыңыз. Спирттің жанып жатқан жалынының шет жақтары жасыл түске боялады.

Түсіндірме: жалынның түсі спирт пен бор қышқылының (H3BO3) әрекеттесуінен өте ұшқыш борлы этил эфирінің B(OC2H5)3 түзілуімен түсіндіріледі:

H3BO3 + 3C2H5OH B(OC2H5)3 + 3H2O

2B(OC2H5)3 + 18O2 = B2O3 + 15H2O + 12CO2

Бордың ұшқыш қосылыстары жалынды жасыл түске бояйды. Бұл реакция бор қышқылына және оның тұздарына сапалық реакция.

Сиқырлы құмыра

Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: бес стақан, мөлдір емес құмыра (банка), натрий карбонаты, натрий гидросульфаты (немесе аммоний сульфаты), фенолфталеин ерітіндісі.

Бірінші стақанға 10-20 мл натрий гидросульфатының, екіншісіне сондай мөлшерде натри й карбонатының, үшіншісіне бірнеше тамшы фенолфталеин ерітіндісін құйыңыз. Барлық стақандарға 1 мл көлемінде су құйыңыз, тұздар еру керек. Натрий гидросульфаты бар стақанды көрермендерге көрсетпей белгілеп қойыңыз. Таза құмыра алып, оның ішіне краннан таза су құйыңыз. Осы құмырадағы суды барлық стақандарға бірдей мөлшерде бөліп құйыңыз. Төрт стақандағы суды (натрий гидросульфаты бар стақандағы суды ұмытып кеткендей болып ) құмыраға құйыңыз. Құмырадағы суды қайтадан стақандарға бөліп құйыңыз, су малина түске боялады. Енді барлық бес стақандағы суды қайтадан жинап құмыраға құйыңыз. Біраз уақыттан кейін құмырадағы суды стақандарға қайтадан құйыңыз, су мөлдір түске айналады.

Түсіндірме: тәжірибе тұздардың гидролизіне негізделген. Натрий карбонаты гидролиздің әсерінен сілтілік орта түзеді, сондықтан фенолфталеин ерітіндісі малина түске боялады. Натрий гидросульфаты қышқылдық ортаны көрсетеді, сондықтан да қышқылдық ортада фенолфталеин ерітіндісі түссізденеді.

Фараон жыландары

Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: фарфор ыдыс, эмальдық кювет (мүмкіндігінше үлкендеу болсын),10%-дық калий роданиді, концетрлі сынап (II) нитраты, декстрин немесе БФ-2 желімі, сүзгіш қағаз, воронка, химиялық стақан.

Тәжірибені жасау үшін сынап (II) роданиді тұзын дайындап алу қажет. Оны концетрлі сынап (II) нитраты мен 10%-дық калий роданидін араластырып жасаңыз. Тұнбаны сүзіңіз және оны сумен жуыңыз, содан соң оны фарфор ыдысқа ауыстырыңыз да үстіне декстрин немесе БФ-2 желімін құйыңыз, қоюланғанша жақсылап араластырыңыз, осы қоспадан қалыңдығы 5-8 мм және ұзындығы 3-4мм таяқшалар жасаңыз. Бұл таяқшаларды бөлме температурасында кептіріп, шыны ыдысқа салып, ыдыстың аузын жауып қойыңыз.

Тәжірибе кезінде таяқшаларды кюветке немесе тарелкаға салыңыз, себебі реакциядан кейін зат қалдықтарын тез жинап алуға болады. Таяқшаларды шоқпен жағыңыз. Нәтижесінде сынап (ІІ) роданидінің айырылуынан көлемі бастапқы тұздың көлемінен бірнеше есе үлкен, ирелеңдеп жатқан жыланға ұқсайтын зат түзіледі.

Түсіндірме: бұл тәжірибенің реакция теңдеуі төмендегідей:

Hg(NO3)2 + 2KSCN = Hg(

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!