Материалдар / Қызықты математика
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қызықты математика

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалды математика пәні мұғалімдері ашық сабақта қолданып, балалардың білімдерін одан гөрі арттырады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Желтоқсан 2018
460
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтын тақырыбы: «Қызықты математика»

Сабақтын мақсаты: Оқушыларды тез ойлауға, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулу. Теориялық білімдерін кез келген жерде қолдана алуға үйрету.

Білімділігі: Математика пәніне деген қызығушылықты арттыру.

Дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп , шығармашылық қабілеттін дамыту.

Тәрбиелігі:Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа,шапшандыққа тәрбиелеу.

Түрі: Сайыс.

Әдісі: Топтық жұмыс, эстафеталық ойын.

Көрнекілігі: Сөзжұмбақ,презентация,карточкалар, шарлар т.б.

Сабақтың барысы:

І .Ұйымдастыру кезеңі.

II. Топтардың сәлемдесуі.

ІІI . Ой қозғау .

ІV . Сиқырлы шаршы .

V. «Ұшқыр ой» сайысы.

VI . Сергіту сәті.

VII . Математикалық сөзжұмбақ

VІII. «Білімпаз» сайысы.

IX. Қорытындылау, марапаттау.


І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу

Оқушының психологиялық көңіл-күйін байқау

ә) Сабаққа керекті құрал-жабдықтарын түгендеу

б) Сабаққа қатысуын қадағалау

в) Сабақтың мақсатымен таныстыру


Кіріспе сөз.

Бүгінгі шәкірт ертеңгі азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады.

«Білімді азамат-ел ертеңі», ал «Ақылды-ойды тәртіпке келтіретін-математика» демекші екі топқа Ақ жол тілейміз.

Жүргізуші: Қош келіпсіздер, ойынға, барша қауым!

Қатардан артта қалып қоймайық,

Белсенді болайық ортада,

Уақытты тектен текке жоймайық.

Сіздерді кешімізге шақырамыз,

Есеппен басыңызды қатырамыз

Математиканы ұғындырып,

Аз да болса білімімізді толықтырамыз.

II. Топтардың сәлемдесуі.

Жүргізуші: Топтармен танысайық -үшбұрыш, төртбұрыш және дөңгелек.

Сөз математикалық білім сайысына келген оқушыларға беріледі.

І топ. «Үшбұрыш» тобы.

Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Сәлемдесуі: Армандарға қол созумен келеміз,

Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.

Білімменен қаруланған тобымыз,

Қарсыласты қалай да біз жеңеміз.



ІІ топ. «Төртбұрыш» тобы.

Ұраны: Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.

Сәлемдесуі: Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз,

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.

Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.


ІІІ топ «Дөңгелек» тобы.

Ұраны: Білікті бірді жығар.

Білімді мыңды жығар.

Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен.

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.


III. Ой қозғау: Әр топқа өткен тақырыптарға байланысты сұрақтар қойылады.

Қайталау сұрақтары:

1.Бөлшекті бөлшекке көбейту үшін...

Жауабы: олардың алымдарын көбейтіп, алым етіп, бөлімдерін көбейтіп, бөлім етіп жазу керек.

2.Бөлшекті натурал санға көбейту үшін ...

Жауабы: бөлшектің алымын натурал санға көбейтіп, нәтижесін алым етіп, бөлімінің өзін қалдыру керек.

3.Аралас сандарды көбейту үшін

Жауабы: бөлшекті бұрыс бөлшек түрінде жазу керек, бөлшектерді көбейту ережесін қолдану керек.

4.Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу үшін...

Жауабы: бөлінгіш бөлшекті бөлшекке кері санға көбейту керек.

5.Аралас санды аралас санға бөлу үшін...

Жауабы: оларды бұрыс бөлшек түрінде жазып алып , бөлшекті бөлшекке бөлу ережесін қолдану керек.

6.Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу үшін...

Жауабы: олардың алымдарын қосып,алым етіп, сол бөлімнің өзін қалдыру керек.

IV. Сиқырлы шаршы: Оқушылар 10,20,30 ұяшықтарын таңдап,сол ұяшықтардың сұрақтарына жауап беру керек. Егер топ бұл сұраққа жауабын білмесе, келесі топтың жауабын қабылдаймыз.

Ой зерделеу : 10 20 30

Ой толғау: 10 20 30

Ой іздену: 10 20 30

Жоғарыдағы сары 10:


Жоғарыдағы қызыл 20:


Жоғарыдағы жасыл 30: =


Ортаңғы сары 10: =


Ортаңғы қызыл 20: =


Ортаңғы жасыл 30: = =


Төменгі сары 10: =


Төменгі қызыл 20: =


Төменгі жасыл 30: = + =


V. «Ұшқыр ой» сайысы: Жұмбақ-есептерді шешу.

1.Бұлбұлдың 2 құлақ, 1 басы бар

Салдыраған 8 жерден таңбасы бар.

Бұлбұлды жолға салып айдағанда,

Салатын неше түрлі жорғасы бар. (Домбыра)


2. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш)


3. Алды – артымыз шексіз де,

Жете алмайсың біздерге.

Сәуле менен кесінді,

Шыққан тегім білсе де. (түзу)


4. Күнде есебін жаттайды,

Ешбір тыным таппайды.

Алмайды бір тағат,

Оның аты....... /сағат/


5. Жапанда бір бәйтерек бес бұтақты,

демейді ешкімге ешкім кес бұтақты.

Ешкім кеп кеспесе де бұтақтарын,

Бұтағы бестен артық өспей қапты. /қол, бес саусақ/


6. Нәрселерді санағанда,

Керек ол бізге ауадай,

Айтыңдаршы, бұл қандай сан,

Жан-жағыңа қарамай? (натурал сан)


7. Өмірің сенің қызық,

Жолында жоқ түзу сызық,

Басы да жоқ аяғы.

Бір айналым баяғы. (дөңгелек)


8. Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның және қабын алдым,

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы да алдым.

Есептеші сонда бәрі

Қанша болды, қолда бары? ( 6 )

9. Ұшып барады бір топ қаз оңтүстікке

Мықты болсаң,қанша екен тез есепте

Алдында екеу,екеу келеді артында

Екі-екіден келеді қос бүйірде. (4)


10. Түйе, бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Қос лақты қос ешкі,

Төрт қозылы екі қой,

Бәрін бірге санап қой. (17)


11. Бес бұтақты ағашта

Бұтақ сайын бес алма.

Біреуін бер Алматқа

Қалады сонда қанша алма? (24)


VI . Сергіту сәті: Бейнеролик көрсетіледі.

Ал, балалар, тұрайық.

Алақанды ұрайық

Оңға қарай иiлiп

Солға қарай иiлiп

Бiр отырып, бiр тұрып,

Бойымызды созайық

Белiмiздi жазайық.

Оңға-оңға түзу тұр

Солға-солға түзу тұр

Жоғары-төмен қарайық

Қолымызды созайық

Бойымызға күш жинап

Бiр шынығып алайық

Shape5 Shape7 Shape4 Shape3 Shape6 Shape2 Shape1

Ш

Ы

Ұ

Б

Ү

Р

Ш


VShape12 Shape11 Shape10 Shape9 Shape8

К

Е

Н

Р

Ө

I. Математикалық сөзжұмбақ:

Жүргізуші: Уа, балалар, балалар,

Shape16 Shape15 Shape17 Shape14 Shape13

М

Е

Л

Ө

Ш

Қане бері қараңдар

Shape22 Shape23 Shape21 Shape20 Shape19 Shape18

Р

Е

Б

Ң

Ш

Е

Сайысымызды бастайық

Сөзжұмбақты қиналмай

Shape25 Shape26 Shape27 Shape24

П

Е

С

Е

Лезде шешіп тастайық

СShape31 Shape28 Shape30 Shape32 Shape29 Shape33

І

С

Н

К

Е

К

ұрақтары:
  1. Үш нүктеден, үш қабырғадан және үш 

бұрыштан тұратын фигура?

  1. Математика пәнінен қолданылатын термин?

  2. Заттың, нәрсенің сапалық және

сандық сипаттарының диалектикалық

бірлігін көрсететін философиялы

категория?

  1. Барлық нүктесі берілген нүктеден

бірдей қашықтықта жататын тұйық қисық сызық?

  1. Математикада күнделікті қолданылатын сөз?

  2. Бейненің бір түрі?


VII.«Білімпаз» сайысы: Әр оқушыға карточка таратылады.


ІХ. Қорытындылау, марапаттау

Білім деген биік шың

Бақытқа сені жетелер.

Білім деген ақылшың

Биіктерге көтерер.

Барлық бөлімнің ұпайлары саналып, көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді және марапатталады.

Сыныптан тыс өткізілген бұндай сайыстарда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білімін бағалау, ой-өрісін кеңейтіп, тұжырымдар жасатып, өз ойларын айта білуге төсілдірумен шығармашылық қиялын дамытады.

Оқушылар стикерлер таратылады. Стикерлерге оқушылар өз ұсыныс-тілектерін жазады.






































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!