2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / «ҚЫЗЫҚТЫ ПСИХОЛОГИЯ»

«ҚЫЗЫҚТЫ ПСИХОЛОГИЯ»

Материал туралы қысқаша түсінік
• Мектепке дейінгі ұйымның педагог-психологтары мен жас мамандардың жұмысын жүйелі ұйымдастыруға арналған жылдық, апталық жұмыс жоспарлары мен балалардың жас ерекшеліктеріне сай жобалық бағдарлама
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады





Тәрбие тал бесіктен басталады. Әке мейірімінен құрышын қандырып, ана сүтінен нәр алып, «Әке ұлағаты» мен «Ана тағылымын» көріп өскен ұрпақ елін, жерін, халқын сүйетін, елінің болашағын, халқының қамын ойлайтын, ой-өрісі кең, дүниетанымы жоғары, жан-жақты, білімді де білікті, ұлтжанды тұлға болып қалыптасады.

Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс–тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі балабақшадан басталып, мектепке жан-жақты педагогикалық өрісін табады.

Педагог өркениетті ел болашағын ойлайтын, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақты тәрбиелей алады.

Жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту мен тәрбиелеу мақсатында тәжірибе алмасуды қамтамасыз етуге байланысты мектепке дейінгі ұйымдардың педагог-психологтарына арнайы әдістемелік көмекші құралымды ұсынып отырмын.










- - - Мектепке дейінгі ұйымдағы педагог-психологтың әдістемелік құралы - - -



АЛҒЫСӨЗ


Балабақшада берілген тәрбие барлық тәрбиенің бастамасы әрі жан – жақты тәрбиелеу мен дамыту ісінің

түпкі мәйегі қалыптасатын негізгі орын.

ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан


Тәрбие тал бесіктен басталады. Әке мейірімінен құрышын қандырып, ана сүтінен нәр алып, «Әке ұлағаты» мен «Ана тағылымын» көріп өскен ұрпақ елін, жерін, халқын сүйетін, елінің болашағын, халқының қамын ойлайтын, ой-өрісі кең, дүниетанымы жоғары, жан-жақты, білімді де білікті, ұлтжанды тұлға болып қалыптасады.

Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс– тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі балабақшадан басталып, мектепке жан- жақты педагогикалық өрісін табады.

Педагог өркениетті ел болашағын ойлайтын, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақты тәрбиелей алады.

Жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту мен тәрбиелеу мақсатында тәжірибе алмасуды қамтамасыз етуге байланысты мектепке дейінгі ұйымдардың педагог-психологтарына арнайы әдістемелік көмекші құралымды ұсынып отырмын.


Бұл әдістемелік көмекші құралда:

  • Мектепке дейінгі ұйымның педагог-психологтары мен жас мамандардың жұмысын жүйелі ұйымдастыруға арналған жылдық, апталық жұмыс жоспарлары мен балалардың жас ерекшеліктеріне сай жобалық бағдарлама

  • Балалардың мектепке дайындығымен танымдық қабілеттерін

жан-жақты зерттеп дамытуға арналған ойын жаттығулар, тренингтер.

  • Ата-аналарды қажетті педагогикалық психологиялық біліммен жетілдіруге қолданылатын кеңестермен ата-аналар жиналысының үлгісі ұсынылып отыр.






4

- - - Мектепке дейінгі ұйымдағы педагог-психологтың әдістемелік құралы - - -


Педагог-психологтың негізгі жұмыс бағыттары:


  1. Психологиялық бейімделу

Мақсаты: Тұлғаны жаңа ортаға бейімделуіне көмектесу, балабақшаға алғаш келген кезде балабақшаға үйренуі, күн тәртібіне бейімделуі, сонымен қатар ата-анасына да балабақша өмірін таныстыра отырып, психологиялық көмек көрсету.

  1. Психологиялық диагностикалық жұмыстар

Мақсаты: Тұлғаның жеке және жас ерекшелігін, тұлғааралық өзара әрекет ерекшеліктерін зерттеу. Әрбір балаға психологиялық-педагогикалық диагноз жасау.

Әр баланы психологиялық зерттеу:

    • Балабақшаға алғаш келген кезеңі

    • Жастан жасқа өту кезеңі

    • Тұлғалық даму кезеңі

    • Баланы мектепке даярлау кезеңі болып табылады.

Танымдық үрдістерді анықтау:

    • Ойлау

    • Қиялдау

    • Есте сақтау

    • Қабылдау

    • Зейін

Осы үрдістерге баланың өзін-өзі бағалауы, ортамен қарым-қатынасы кіреді.

  1. Психологиялық түзету дамыту жұмыстары

Мақсаты: Тұлғаның психологиялық және тұлғалық дамуындағы ауытқуларды болдырмау, жалпы, оқу дағдысы мен біліктілікті дамыту. Әрбір зерттелушінің зертелген жұмыс қорытындысына орай жүргізіледі. Әр баланың қажеттілігіне ұйымдастырылған оқу іс-әркеттеріне қарай тақырыбы таңдалады.

    • Тұйық балалар

    • Қозғыштығы басым балалар

    • Агрессивті балалар

    • Мазасыз балалар

  1. Психологиялық ағарту жұмыстары

Мақсаты: Тұлғаның психологиялық және тұлғалық дамуында кездесетін сәтсіздіктерге ескерту жасау. Бұл балалармен, ата-аналармен, педагогтармен және ұжымның барлық мүшесімен алдын ала жүргізілетін жұмыс түрі. Мұнда жүргізілетін жұмыс нәтижесіне байланысты кеңестер мен ұсыныстар беріледі.

  1. Психологиялық кеңес.

Мақсаты: Педагогикалық үрдіске қатысушыларға мәселелерді шешуге көмектесу. Бұл жұмыс түрлері:

  • Ата-аналардың бала тәрбиесіне қатысты мазалап жүрген сұрақтарына байланысты.

  • Ұжымда жағымды қарым-қатынас орнату үшін

  • Педагогтардың бір-бірімен өзара қалыпты қарым-қатынас орнатуы (сауалнама, тренингтер)

  • МДҰ-ның жылдық жұмыс жоспарын құруда әкімшілікпен бірлесе отырып, баланың жас ерекшелігін топтастыруда педагогикалық-психологиялық кеңестер беру жатады.

  • Педагог-психологтың жұмысына көмекші құрал ретінде әрбір баланың жас ерекшеліктеріне сай жобалық бағдарлама ұсынып отырмын.

Бұл бағдарламада әрбір мектепке дейінгі баланың психологиялық даму үрдісіне сай ойындар мен тапсырмалар берілген,



5

- - - Мектепке дейінгі ұйымдағы педагог-психологтың әдістемелік құралы - - -



Бағдарламаның мақсаты:

Баланың табиғи психологиялық дамуына жағдай туғызу.

Міндеті:

  1. Танымдық қабілеті мен психологиялық үрдісін дамыту-қабылдау, есте сақтау, ойлау, қиял

  2. Танымдық ортасын дамыту ойша қабылдауын дамыту, елестету қабілетіғ бейнелык қабылдауы, сөздік-логикалық, шығармашылық және сыни тұрғысынан ойлауы

  3. Эмоциялық ортасын дамыту. Адами эмоциялық әлемге кіріспе

  4. Қарым-қатынасын дамыту. Жағымды қарым-қатынас орнату үрдісін қадағалау

  5. Тұлғалық даму бағыты өзін-өзі жағымды бағалауғ өз-өзіне сенімділігін арттыру

  6. Ерік бағытының дамуы-психологиялық үрдісі өзін-өзі ұстауы, мектепке жақсы оқуына ықпал жасау. Оқуға деген жағымды көзқарасын қалыптастыру.


Бағдарламаның құрылымы:

Негізгі бағдарлама 3-6 жас аралығындағы балалармен жұмыс жүргізуге арналған. Жұмыс түрі:

  1. Топтық жұмыс:

Топтастыру және жұмысты одан әрі жалғастыру баланың жас ерекшелігіне байланысты жүргізіледі.

Жасы

Топтағы бала саны

Уақыты

3-4 жас

5-6 бала

20 минут

4-5 жас

6-7 бала

20 минут

5-6 жас

7-8 бала

25 минут

Алынатын тақырып пен сағат баланың қызығушылығымен психологтың бақылау қорытындысына байланысты болады. Оқу іс-әрекеті санитарлық-гигиеналық талапқа сай жабдықталған бөлмеде өткізіледі.


Қажетті құрал-жабдықтар:

    • Үнтаспа

    • Дайын, тақырыпқа сай бейнематериалдар

    • Көрнекі ойыншықтар

    • Тақта

    • Түрлі-түсті борлар

    • Ермексаз

    • Акварель бояуы, қарындаш, фломастерлер

    • Ақ және түрлі-түсті қағаздар

    • Құрылыс заттары

    • Кілем.

Оқу іс-әрекетін өткізудегі міндеттер:

    • Берілген тапсырманың жүйелілігі

    • Оқу іс-әрекетінің құрылымының бағыттылығы

    • Қолжетімдік проблемалық оқу материалының дамытушылық және тәрбиелік жағдайы.







6

- - - Мектепке дейінгі ұйымдағы педагог-психологтың әдістемелік құралы - - -



Әрбір оқу іс-әрекеті мына бөлімдерден тұрады:

    • Топтың эмоциялық көңіл күйін қалыптастыру

    • Жаттығулар мен ойындардың мақсаты баланың қызығушылығына бағытталған

    • Тақырып бойынша баланың түсінігін анықтау

    • Жаңа мәлімет бұрыннан таныс тапсырма негізіне сүйене отырып беріледі.

    • Таным үрдісін ( қабылдау, есте сақтау, ойлау, қиялдау) және шығармашылық қабілетін арттыруға арналған тапсырмалар

    • Алынған қорытындыны іс-жүзінде талдау


  1. Жеке жұмыс

Кіріспе (жылдың басында) және бақылау (жылдың аяғында)

Тұлғалық және ерік-жігерлік бақылау. Оның қорытындысын баланы оқу іс-әрекеті барысында, жеке бақылауда, түзету-дамыту жоспарын құру және ата-аналармен педагогтарға кеңес беру барысында қолдануға болады.


ТАНЫМ ҮРДІСТЕРІН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР МЕН ЖАТТЫҒУЛАР


ЗЕЙІНДІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУ


«Түгендеу-шатастыру» ойыны Мақсаты: Еріксіз зейінді дамыту.

Жүргізуші сол жерде отырған баланың атымен, тегін қате айтады. Бала зейін қойып, мұқият тыңдап отырады. Тек қана атымен тегін дұрыс айтқанда ғана алға шығады.

Егер кімде-кім қателессе, ойыннан шығады, айыбын төлейді (жұмбақ, жаңылтпаш, әзіл өлең)


Зейіннің бөлінуін дамытуға арналған жаттығу

Мақсаты: Баланың танымдық белсенділігін ояту, зейінін және ес процесін дамыту.

Кері санай білетін болса, 10,9,8,7,6,5,4,3,2,1 деп санай отырып, жалпы дамыту жаттығуы еңкею, отыру, бұрылу сияқты қарапайым жаттығуды орындату керек. Мұны жылдамырақ орындатуға немесе жаттығусыз санауға болады. Қателік санын, уақытты есептеуге болады.

Сен білетін бала үшін зейіннің бөлінуін жаттықтыру үшін мынадай жаттығу жүргізуге болады. 25 тор көзге ретсіз 1-ден 5-ке дейінгі сандар жазылған, соның ішінде 10 саны жоқ, бала қарап тұрып, қай санның жоқ екенін тез ауызша айтса, психолог жазу арқылы санап тұрады.


ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР МЕН ЖАТТЫҒУЛАР

Ғарышқа саяхат (Логика)

Мақсаты; Балалардың Ғарыш әлемі жайлы түсініктерін кеңейту. Логикалық ойлауын дамыту, 5 көлеміндегі санды есептеу дағдысын дамыту, тура және кері санауға, сандар

көршісін атауды, кеңістікті бағдарлау, геометриялық пішіндер туралы білімдерін кеңейту. Білімге деген құштарлықтарын дамыту.






7

- - - Мектепке дейінгі ұйымдағы педагог-психологтың әдістемелік құралы - - -


«Түрлі – түсті доптар» жаттығуы


Мақсаты: балалардың логикалық ойлауын, көру арқылы есте сақтауын, ойша жұмыс істей білуін дамыту.

Балаларды түстерді ажыратып атай білуге дағдыландыру. Геометриялық пішіндерді ажыратып айту. Көру, есте сақтау, ойлау қабілетін тілін дамыту.Үлкен-кіші ұғымын бекіту.

«Төртіншісі артық» әдістемесі.

Мақсаты: логикалық ойлау дағдыларын жетілдіру.

Психолог тақтаға суреттер іледі.Қай сурет артық екенін балалар табулары қажет.Мысалы: үш ыдыстың суреті ,бір мысықтың суреті ілінеді.



ҚАБЫЛДАУДЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР МЕН ЖАТТЫҒУЛАР


«Жемістер мен көкөністер»


Мақсаты: Жемістер мен көкөністер түсінік беру. Оларды ажырата білуге үйрету, қабылдау дүниетанымын дамыту.

Балалардың жеміс ағаштарын қорғап, оларға қамқор болуына ықпал ету үшін тәрбиелік әңгімелер жүргізу.

Сиқырлы саусақтар

Мақсаты: қабылдаудың тұтастығын дамыту.

  1. Таң қалу (екі қолдың бас бармағын көтеру).

  2. Өзіңді көрсету (бір саусақпен).

  3. Сәлемдесу (қолды жоғары көтеру).

  4. Қорқыту (сұқ саусақпен).

  5. Жеңіс! (екі қолды жоғары көтеру).


ҚИЯЛДЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР МЕН ЖАТТЫҒУЛАР


Ине мен жіп Мақсаты: қиялды және шығармашылық қабілетін дамыту. Жүргізуші: Мен ине боламын, ал сендер жіпсіңдер.

Сендер менің артымнан бір-бірлеріңнің белдеріңнен ұстап тұрыңдар. Қазір бәріміз алдымызда тұрған кедергілер арасынан үзілмей жүгіреміз. Кім жіпті үзсе сол ойыннан шығады.

«Ойыншықты сипатта»

Мақсаты: шығармашылық қиялды дамыту.

Жүргізуші балаларға қолындағы ойыншықты мұқият қарап алуды ұсынады.(1 минут) Мысалы: қуыршақ, қоян, түлкі, түйе т. б. Алынатын ойыншықтар түрлі – түсті және бөліктері бірнешеу болуы шарт. Ойыншықты жасырып, балалардан сол ойыншықты көргенде түр – түсі, пішіні, көлемі, дене бөліктерін есінде сақтағанын сипаттап әңгімелеп беруді талап етеді. Ойыншықты дәл, нақты сипаттап берген бала ойынды әрі қарай жалғастырады.





8

- - - Мектепке дейінгі ұйымдағы педагог-психологтың әдістемелік құралы - - -


ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР МЕН ЖАТТЫҒУЛАР


Сөз моншақтар

Мақсаты: көріп есте сақтауын дамыту.

Жүргізуші балаларға бір сөз айтады, ол сөздің басында қандай әріп есітілетінін сұрайды. Соңғы әріпке сәйкес келесі сөз ойлап оны бала жалғастырады. Осылайша «жіпке тізген моншақтай» сөз моншақтарын тізіп айтуға жаттығады. Қай бала көп сөзді есінде сақтап, көп сөз ойласа, сол бала жеңіске жетеді, ол жаңа сөзді өзі бастап ойынды жүргізеді.


"Мен қапқа салдым" ойыны


Мақсаты: Есте сақтау қабілетін дамыту.

Нұсқау: Жүргізуші ойынды бастап "мен қапқа салдым" дейді. Келесі ойыншы оны қайталап, тағы бір жемістің түрін қосады. "Мен қапқа банан мен алма салдым." Келесі ойыншылар осы айтылғандарды қайталап, әрқайсысы жемістің түрін қосып отырады. Ойын осылай жалғаса береді. Бұл ойында кімнің жеңгені немесе кімнің жеңілгені маңызды емес, ең бастысы бала бұл ойында есте сақтау қабілетін еркін дамытса болғаны.


ҚОСЫМША ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРДЫҢ ҮЛГІСІ

(психологиялық бейімделу)


Жұмыс бағыты

Жұмыс түрлері

Зерттелуші нысана

Өткізілу мерзімі

1

Балабақшаға жаңадан келген тәрбиеленушіге бейімделу парағын

толтыру

Сауалнама

Тәрбиеленушілер

Жыл бойы

2

Балабақшаға бейімделуін зерттеу


Тәрбиеленушілер

Жыл бойы

3

Тәрбиеленушінің

тәртібіне сәйкес бақылауға алу



Қажетіне қарай

4

Ата-аналарға сауалнама жүргізу(балабақшаға баласының бейімделуі

туралы)

Сауалнама

Ата-ана

Жыл бойы

5

Жас ерекшеліктеріне байланысты ата-аналар жиналысына баяндама дайындау

Баяндама

Ата-ана

Жыл бойы










9

  • - - Мектепке дейінгі ұйымдағы педагог-психологтың әдістемелік құралы - - -


Психологиялық диагностика


Жұмыс бағыты

Жұмыс түрлері

Зерттелуші нысана

Өткізілу мерзімі

1

Әрбір баланың психологиялық дамуын жас ерекшеліктеріне қарай жеке жұмыс түрінде жүргізу

Балабақшаға келген уақытынан зерттеу. Балбала тобындағы балаларды анықтау.

Топтардағы бөлініп алатын балаларды анықтау


Жыл бойы

2

Балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін анықтау

Бақылау, тест, тапсырмалар, мақсатына қарай жеке жұмыс түрлері мен

ұсыныстар

Тәрбиеленушілер

Қыркүйек, қазан, қараша, наурыз, жыл бойы

3

Таным үрдістерінің дамуына арналған зерттеулер жүргізу

Ойлау, есте сақтау, қиял, зейін, қабылдау

Ересектер

Қаңтар, ақпан, мамыр, жыл бойы

4

Бала дамуындағы

ауытқушылықтарды анықтау

Балалардың тілдік

қорларының даму деңгейін анықтау

Ата-ана, бала, педагогтар

Жыл бойы

5

Баланың өзара қарым- қатынасын ұжыммен қатынасын зерттеу

Әдістеме, отбасы әдістемесі, социометрия,

баспалдақ әдістемесі

Балалар тобы

Жыл бойы

6

Баланың мектепке дайындығын анықтау

Тапсырмалар,

ойындар, жаттығулар

Ерсектер тобы

Сәуір айы


















10

  • - - Мектепке дейінгі ұйымдағы педагог-психологтың әдістемелік құралы - - -


Психологиялық ағартушылық жұмыс


Жұмыс бағыты

Жұмыс түрлері

Зерттелуші нысана

Өткізілу мерзімі

1

Баланың жеке тұлғалық картасын дайындау

Баланың мінез- құлқын бақылаудағы

картаны толтыру

Тәрбиеленушілер

Қараша, желтоқсан, қаңтар

2

Жеке тұлғалық қарым- қатынасты зерттеу

Әртүрлі жағдайдағы көңіл күйді бақылау, тілінде ауытқушылылығы бар балалардың жесстік мимиканы пайдалануы

Тәрбиеленушілер, ата-аналар

Жыл бойы

3

Ата-аналарға балаларының психологиялық жас ерекшеліктері жайында тақырыптық

баяндамалар оқу

Түрлі жағдайға ұшыраған балаға психологиялық көмек көрсету

Ересектер тобы

Қажетіне қарай

4

Дарынды балаларды анықтау және олармен жұұмыс жүргізу

Дарынды балалардың дамуындағы көңіл күй ерекшеліктеріне психологиялық көмек көрсету.

Ата-аналарға балаларының икемділігін баяндау

Ата-ана, балалар

Жыл бойы



















11

  • - - Мектепке дейінгі ұйымдағы педагог-психологтың әдістемелік құралы - - -


Психологиялық-педагогикалық кеңес


Жұмыс бағыты

Жұмыс түрлері

Зерттелуші нысана

Өткізілу мерзімі

1

Педагогтар мен ата- аналарға кеңес беру

Жеке даралық кеңес түрлерін өткізу, ата- аналар жиналысына қатысу, балабақша жұмыс жоспары бойынша педагогикалық

кеңестерге қатысу

Ата-ана, педагогтар

Жыл бойы

2

Әкімшілік-пен бірлесіп жұмыс жүргізу

Әдіскер, педагог

Тәрбиеленушілер

Жыл басы

3

Ата-аналарға тақырыптық кеңестер

беру

Ата-ана

Ересектер

Жыл бойы

4

ПМПК жұмысына балаларды жолдау

Ата-ана

Ата-ана, бала, педагогтар

Сәуір, қазан, наурыз

Психологиялық түзету-дамыту жұмыс


Жұмыс бағыты

Жұмыс түрлері

Зерттелуші нысана

Өткізілу мерзімі

1

Топтағы қозғышытығы басым балаларды анықтау

(гиперактив)

Ойындар мен тапсырмалар, жаттығулар

Тәрбиленушілер

Жыл бойы

2

Ата-аналар арасында сауалнама жүргізу

Сауалнама, баяндама

«Зейінсіз бала қайдан шығады?»

Ата-ана, Тәрбиеленушілер

Жыл бойы

3

Өзара қарым- қатынасқа түсе алмайтын, тұйықтығы басым балалармен

жұмыс

Тапсырмалар жаттығулар, ойындар

Балалар

Қажетіне қарай

4

Балалардың мазасыздану деңгейін анықтау

Әдістеме

Тәрбиеленушілер

Жыл бойы












12

  • - - Мектепке дейінгі ұйымдағы педагог-психологтың әдістемелік құралы - - -



Жұмыс бағыты

Жұмыс түрлері

Зерттелуші нысана

Өткізілу мерзімі

1

Ұжыммен танысу,

педагогтардың тізімі

Сауалнама

Тәрбиешілер, қжым

мүшелері

Жыл басы

2

Атестатциядан өтетін тәрбиешілердің жұмысымен танысу


Тәрбиеленушілер

Жыл бойы

3

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатысу

және талдау



Жыл бойы

4

Өзара қарым- қатынасты анықтау

Тренингтер

Тәрбиеленушілер

Жыл бойы

5

Балабақша жоспарындағы семинарға, педкеңеске баяндамалар мен

ұсыныстар оқу

Баяндамалар, тренингтер

Тәрбиеленушілер

Жыл бойы

6

Жыл бойы істелегн жұмыстардың аналитикалық есебін беру

Аналитикалық есеп жазу

Тәрбиеленушілер

Мамыр айы



Жұмыс бағыты

Жұмыс түрлері

Зерттелуші нысана

Өткізілу мерзімі

1

Бөбекжайға жаңадан келген балалардың ата- аналармен жұмыс

Баланың жаңа ортаға үйренуәне көмектесу

Ата-аналарға баланың балабақшаға бейімделуі туралы кеңестер беру

Ата-аналар

Қыркүйек

2

Ата-аналар жиналысын өткізу

Бірлесіп жұмыс істеуге баулу

«Баланың басты ұстазы-ата-анасы» Ата-аналар

Қазан

3

Ата-аналарға арналған диагностикалық

материалдар


Ұсыныстар Ата-аналар

Қараша

4

Модемнің әлеуметтік картинасын зерттеу

Тренингтер

Сауалнамалар жүргізу Ата-аналар

Желтоқсан

5

Ата-ананың өз баласымен қарым- қатынасын анықтау

Баяндамалар, тренингтер

Қарым-қатынасты анықтауға арналған тест

Ата-аналар

Қаңтар

6

Ата-аналар жиналысына қатысып, жүргізілген жұмыстардың қорытындысымен танысу

Аналитикалық есеп жазу

Жүргізілген жұмыстардың қорытындысымен таныстыру

Ата-аналар

Жыл бойы



13

  • - - Мектепке дейінгі ұйымдағы педагог-психологтың әдістемелік құралы - - -




Бақылау зерттеу нәтижесі

Танымдық қабілеттері

Бастапқы кезең (қыркүйек-қазан)

Орта кезең (қаңтар-ақпан)

Сөйлеу




Түйсік (сенсорлық әрекет)




Зейін




Ойлау




Есте сақтау




Қабылдау




Жаңғырту




СЕРГІТУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ

«Фотоаппарат»

Қысқа мерзімдік кӛру арқылы есте сақтауды дамыту Алдымен балаға ӛзін фотоаппарат ретінде сезінуін ескерту, содан соң балаға үстел үстіндегі заттарды есте сақтап қалуын ескертеді. Бір-екі минуттан кейін баланың кӛзін жұмып, ойында қалған заттарды айтқызу. (топпен)

«Барлаушы»

Ӛзгерісті тез аңғаруға үйрету Ойыншылардың ішінен бір барлаушы шығады. Жүргізуші «Қозғалмаңдар» деген бұйрық берген кезде барлаушыдан басқа ойыншылар әр түрлі қалыпқа еніп тұрып қалады. Ал барлаушы болса, осы тұрған қалыптарын, реттерін мұқият есіне сақтап қалуы керек. Ойыншылар да ӛздерінің тұрған қалыптьарын естеріне сақтаулары керек. Сосын барлаушыны бӛлмеден шығарып жібереді де, оқушылар киімдерін, орындарын, қалыптарын т.б. ауыстырады. Қайтып келген барлаушы сол ӛзгерістерді табуы керек. (топпен)

«Мен күлгенді ұнатамын»

Психолог балаларға:тұңжыраған жәнекөңілсіз,жабырқаған және ойланған көңілді және күлкілі;қайрымды және қуанышты,т.б.кейіпке еніп,бір бірімен рольге кіріп,адамдардың бейнесін келтіруге ұсынады.балалар айнаға қарап, әдемі ақкөңіл кейіпте күлімдейді.педагог осы «Мен күлгенді ұнатамын » жаттығуын күніне бірнеші рет қайталап көңіл күйді күлкімен көтеруге бола- тынын түсіндіреді. «Күлкі-көңіл күйдің сиқырлы кілті.Адам күлгенде өз көңіл күйін,өз денсаулығын жақсартады және айналасындағы адамдардың көңіл күйімен денсаулығына жақсы әсер береді.»


«Табиғат аясында саяхатат» атты сергіту сәті

«Біз казір нұрын төққен,кең даланың ұзын,соқпақ жолымен жүріп,саяхатымызды бастаймыз»(Балалар аяқтарымен тарсылдатады)

Алдымызда көк майсалы шалғын,аяғымыздың астында жұмсақ шөптер. (Аяқтарымен көк шөптің үстінде сырғанағандай сыңай танытады. • Міне мен өзен жағалауына да келіп жеттік,аяғымыздың астында құм сусылдап жатыр,(Алақандарын бір-біріне ысқылайды). • Мына ағаш көпір арқылы өзеннен өтеміз.(Тізелерін жоғары көтеріп,тізеле-рінің артынан шапалақтайды). • Өзеннің арғы беті батпақтау екен,бір төмпешіктен екіншісіне секіріп өтейік.(Екі аяғымен секіреді). • Айналамызда қалың тал өсіп тұр,оның ұзын,майысқан

14

  • - - Мектепке дейінгі ұйымдағы педагог-психологтың әдістемелік құралы - - -


бұтақтарын жел тербейді. (Қолдарын жоғары көтеріп ,ары бері қозғайды) • Алдымызда үлкен жыра бар,аттап өтейік.(Үлкене адым жасап секреді) • Оң жағымызбен сол жағымызда алқызыл түске еніп,албырап пісіп,жидектер өсіп тұр,сыйға тарту үшін теріп алайық.(Оңға, солға еңкейіп,отырып тұрады) • Мына алдымыздағы қалың өскен шалғыннан өтіп көрейік.(Тізелерін жоғары көтеріп жүріп өтеді). Міне көздеген жерімізге де келіп жеттік!


ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОЙЫНДАР


«Суреттерді аяқтайық» жаттығуы

Мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын, көру арқылы есте сақтауын, ойша жұмыс істей білуін дамыту.

Алдын-ала тақтаға мысықтың және қоянның құлақтары салынған плакат ілініп дайындалады. Балалардың көздері шарфпен байланады да, олар кезек - кезекпен шығып, бірі денесін, бірі басын, бірі аяғын салады, осылайша жалғаса береді.


«Түрлі – түсті доптар» жаттығуы

Мақсаты: Балалардың есту арқылы есте сақтауын дамыту.

Қағаз бетіне екі кішкентай қызыл және жасыл доп, қызыл доп пен жасыл доптың ортасына үлкен көк доп сал, ал жасыл доптың жанына кішкентай сары доп сал.


«Менің көңіл - күйім» жаттығуы

Мақсаты: Көңіл - күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу.

Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл - күйлеріңді суреттеп салыңдар.


«Мен басқаның көзімен»

Ортаға бір баладан кезекпен шығып, қалған қатысушылар ол жайлы қандай ой - пікірде екенін айтады. Бала өзін басқаның көзімен қандай адам екенін анықтайды.


«Атомдар мен молекулалар»

Әр қатысушы - жеке атомдар. Жүргізушінің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі, бір-бірімен жеңіл қақтығысқа түседі. Жүргізуші қанша атомның қосындысынан молекула құралатынын айтады, сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек. Молекула құрамына кірмей қалғандар ойыннан шығады.


Афирмациялар

« Ол жасаған іс менің де қолымнан келеді»,« Мен жетістіктің адамымын»,

« Менің жағдайым күннен – күнге жақсаруда»

«Таңғажайып дорба» ойыны

Дорбада бірнеше жеміс, көкөніс бөліктері бар. Бала көзі жабылып, дорбадағы заттың дәмін татып, оның қай жеміс екенін, дәмі, исі, формасы, түсі жайында ажырата баяндайды.


Мен қандай адаммын?

Әр қатысушы өзінің жағымды, жағымсыз қасиеттерін айтады. Сол бойынша қорытынды жүргізіледі.




15

  • - - Мектепке дейінгі ұйымдағы педагог-психологтың әдістемелік құралы - - -


Менің қиыншылықтарым

Қатысушылар бастарынан өткен қиыншылықтарды естеріне түсіріп, ортаға салады, өзгелермен ой бөліседі.


Есте қалған қызықты оқиға

Топ дөңгеленіп отырып, қатысушыларға доп беріледі. Допты бір - біріне кезектесіп беріп, есте қалған қызықты оқиғаларды айтады.


Ұқсастық шегі

Қатысушылар жұптасып отырады. Жұбыңа қарап, ұқсастықты тауып жазады.

Ұқсастығын оқып, ой бөліседі


Мен саған сенемін

Әуен ойнап тұрады. Жұп құрып, бір - бірінің көздеріне қарап отырады.

«Мен саған сенемін...» өйткені сен жақсы адамсың.


«Сиқырлы сөздер» ойыны

Психолог кез - келген өтінішті айтады, ал бала оны әдепті түрде айтуы керек. Мысалы: Айнаш, дәптерді бер. «Айнаш, өтінемін дәптерді берші»

Ізеттілік туралы ертегі тыңдау


«Ең жақсы» ойыны

Қатысушылар екі топқа бөлінеді. Әр топқа мынадай нұсқау беріледі. Берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айту қажет. Ең ақшалы, ең жасыл, ең тәтті, ең күлкілі, ең ұсқынсыз, ең қарым - қатынасы күшті, ең жауапты, ең салмақты


«Жағдайлы волейбол» ойыны

Психолог әділдік пен әділетсіздікті көрсететін жағдайларды айтады, сол арада дұрыс жауапқа бала допты қағып алады, бұрыс жауапқа қағып алмайды


«Кездесу» ойыны

Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама – қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір - біріне қарап, баланың қасиетін айтады.


Ассосация « Жанұя»

Психолог допты лақтыру арқылы ата - анаға сұрақ қояды, олар жауап береді.

«Сиқырлы жұмыртқа» ойыны

Әр бала жұмыртқа бейнесінде берілген формаларға жаңа зат пайда болатындай етіп, аяқтап сурет салады.

«Әрқашан күн сөнбесін!» жаттығуы

Тақтаға бұлт басқан күннің суреті ілінеді. әр бұлтта тапсырмалар берілген. Соларды орындау барысында күннің көзі ашылады.








16

  • - - Мектепке дейінгі ұйымдағы педагог-психологтың әдістемелік құралы - - -


«Өкпені еріту» жаттығуы

Тып - тыныш денеңізді бос ұстап отырыңыз. Өзіңізді қаракөлеңкеде театрда отырмын деп есептеңіз. Алдыңыздағы шағын сахнаға ( ең жек көретін, көргіңіз келмейтін ) сіз кешіруге тиісті адамды қойыңыз. Мейлі ол сізді қазір ренжітсін, бұрын ренжітсін, қазір өмірде бар болсын, әлде өмірден өтіп кетті ме, оған мән бермеңіз. Көз алдыңызға елестеткенде оның жағдайы жақсы, жүзіне күлкі үйірілген жағдайда болуы керек.

Оны бақытты деп біліңіз. Бірнеше минут оның жүзін анық көз алдыңызда ұстап тұрыңыз. Сонан соң барып ол бейнемен қоштасыңыз. Сіз кешірген адам кетісімен сіз өзіңізді сахнаға қойыңыз. Өзіңізді де тек жақсы жағдайда елестетіңіз. Бақытты, күлкі үйірілген жүзбен тұрыңыз. Бұл әлемдегі жақсылық барлығыңызға да тең жететінін ұғыңыз.

«Тазару» жаттығуы

Терең дем алып, демді барынша қайта шығарыңыз. Денеңізді босатыңыз.

Өзіңізге былай деңіз: Мен өмір сүруіме кедергі келтіретін барлық өкпе, реніштен тазарғым келеді. Мен барлық қысымнан осылайша босаймын. Барлық ескі реніш, өкпелерден құтылғым келеді. Мен жанға рахат жайбарақаттылықты сезінемін.

Мен өз қалпымдамын. Өз өмірімнің ағынымен барамын Бірақ өкпені ұмыттым, кештім.



БАЛАЛАРДЫҢ КӨҢІЛ – КҮЙІН ЖӘНЕ ЕСТЕ САҚТАУЫН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР


«Жунглидағы жаңбыр»

Нұсқау; - Бір - біріңіздің соңынан шеңбер жасап тұрыңыздар. Жунглида жүрміз деп елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық және қапырық болып тұр.

Бір уақытта самал жел соқты, (алдыңызда тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар жасаңыз). Жел көтеріліп желкіді ( арқаны қаттырақ басамыз).

Қатты дауыл соқты (қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойында жүргізіледі) Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңіздің арқасын саусағыңызбен басасыз)

Кенет нөсер жауын құйды (алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар жасаңыздар). Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ соғамыз).

Тағы да нөсер жауын жауды. Ұсақ жаңбыр сіркіреді. Дауыл соқты. Жел соқты. Жел басылып келеді.


Жағымды сөздер.

Мақсаты: Өзін - өзі одан әрі ашу, өзін - өзі тану, өзінің және айналасындағылардың психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту.

Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші жағымды сөздер айта отырып, кез келген біреуге доп лақтырады. Допты алған ойыншы шеңбердегі қатысушылардың кез - келгенін таңдайды да, оған өз жағымды сөзін айтады, ойын жалғаса береді.

Жағымды сөздер қысқа бір сөзден тұрса болады.

«Сәлемдесу» ойыны:

Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек.

«Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.




17

  • - - Мектепке дейінгі ұйымдағы педагог-психологтың әдістемелік құралы - - -


«Кім, нені жақсы көреді?» жаттығуы.

Барлығы орындықтарға отырады. Кім, нені жақсы көреді солар орындарынан тұрады. Мысалы: Кім балмұздақты жақсы көреді, сол орнынан тұрсын…Кім өзін батырмын деп есептейді?… Кім сары түсті жақсы көреді?… Кім көп тамақ жегенді жақсы көреді?…

Кім айнаға қарағанды жақсы көреді? т. б. сұрақтар қоюға болады


«Сөзден сөзді ізде» ойыны.

Сөз беріледі, сол сөзден басқа сөздер құрастыру керек. Кім көп құрастырса, сол жеңімпаз. Мысалы: «Трансформатор» «Талдықорған» форма қорған матор тал т. б.


«Сантики, Фантики, Лимпопо».

Барлығы шеңбер бойымен тұрып, бір баланы таңдайды да бөлменің сыртына шығарады. Шеңбердегі балалардың ішінен бір баланы жүргізуші етіп сайлайды, ол шенбердегі балаларға қозғалыстарды көрсетіп тұрады. Барлық ойыншылар жүргізушінің артынан көрсеткен қимылдарды қайталау керек.

Қимылдарды қайталаған кезде жүргізушіге қарамай, білдіртпей жасау керек. Шеңбердегі балалар шапалақ ұрып, «САНТИКИ, ФАНТИКИ, ЛИМПОПО» деп айтып ойынды бастайды. Бөлме сыртында тұрған бала ойыншылардың дауыстарын естіп, бөлмеге кіреді де шеңбердің ортасына тұрып, кім жүргізуші екенін табу керек. Егер жүргізушіні тапса, жүргізуші есіктің сыртына шығады. Ойын сол ретімен жалғасып отырады.

«Қолдағы хат».

Әрқайсысы өзіне серігін таңдап, қарама - қарсы тұра қалады. Бойы ұзындау бала, көзін жұмып тұру керек. Егер бойлары бірдей болса, кімнің жасы үлкен (туған күні 1 - 2 айға ертерек) бала көзін жұмады. Көзін жұмып тұрған бала қолын алға созып тұрады. Көзі ашық бала соның алақанына хат жаза бастайды, жеке тұрған баспа әріптерді.

«Соқыр» ойыншы сол әріптерді табуға тырысып, не оқығанын айтып беру керек.

Бір әріпті жазғаннан кейін клесіні жазар алдында бұрын жазылған әріпті өшіріп тастап отыру керек.


«Көңіл - күй неге ұқсас».

Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл - күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді. Ойынды үлкендер бастаса жақсы болар еді: «Менің қазіргі көңіл - күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сенің ше?». Жаттығу шеңбер бойымен жалғаса береді. Ойынның сонында жауаптар қорытындыланады, бүгінгі шеңберіміздегі балалардың көңіл - күйі қандай екен: қайғылы, көңілді, күлкілі, ызаланған т. б.

Жауаптардың қорытындысын шығарған кезде, жаман ауа райы, суық, жанбыр, түнерген аспан сияқты элементтер агрессивті, қобалжу күйлердің көрсеткіштеріне назар аударыңыз.

«Тасбақалардың жүгірісі».

Бұл жүгірудің еркекшелігі, мәреге ең соңғы келген ойыншы жеңеді.

Ойыншылар бөлменің бір жағына қатарлап тұрады, содан соң қарама - қарсы жаққа

«жүгіреді». Бір орында тұруға болмайды. Барлығы қимыл - қозғалыста болуы қажет. Қимылдары баяу болады. Ең соңғы мәреге жеткен «тасбақа» жеңіске ие болады.


«Көкөністер арқылы ұрысамыз»

Бұл ойында балалар ұрысқан кезде бір - біріне жаман сөздердің орнына көкөністердің атаулары арқылы ұрысады.



18

  • - - Мектепке дейінгі ұйымдағы педагог-психологтың әдістемелік құралы - - -


«Тыныштықты жақсы көретін патша»

Патша шуды жек көреді, сондықтан ханзаданың көңіл-күйін бұзбау үшін барлығымыз шуламай тыныш қозғаламыз. Патша аяқтың ұшымен жүреді, оның жүрісі жеңіл, баяу.

Бұл ролді бір бала атқарады. Жүргізуші келесі сөзді айтады: «Барлық балалар, патшадан басқа бөлменің әр жеріне тұра қалады.

Патша саусағын ауызына тигізіп, «Ш - ш - ш, ханзада келе жатыр!» деп, бөлмені аралай бастайды. Барлығы «қатып» қалу керек, ал патша әрқайсысын айналып шығады. Кез келген баланың қасына келіп, саусағын баланың мұрнына тигізеді.

Сол бала аяқтың ұшымен патшаның артынан жүре бастайды. Келесі балаға жақындаған патша саусағын баланың мұрнына тигізеді, ол бірінші баланың соңына тұрып, аяқтың ұшымен патшаның артынан жүре бастайды. Сол тәртіппен ойын жалғаса береді.

Барлық балалар патшаның артына жиналғаннан кейін, патша кез келген артындағы балаға қарап, «Ш - ш - ш» дейді, сонда сол бала өз орнына тыныш, аяқ ұшымен оралады. Барлығы орнына тұрғаннан кейін ойын аяқталады.

ық сурет» атты суретті жаттығу өткізіліп, оң және сол жарты шарлар басымдылығын анықтауға арналған қысқаша тест, сонымен қатар оптимистік бағдарды анықтауға арналған сауалнама алынды.

Жаттығудан кейін қатысушылардың көңіл - күйлері көтеріліп, дем алып, рухани толысты.

Таңғажайып көбелектің түсі.

Сабақтың әдіс - тәсілі: ертегі терапия, арт - терапия, құмтерапиясы.

Мақсаты: Балалардың шығармашылық әлеуетін дамыта отырып, психоэмоционалдық жағдайды жайландыру. Ішкі күйзелісті түсіру, релаксация. Қолдарының ұсақ моторикасын дамыту. Өзіне деген позитивтік көзқарасты қалыптастыру.

Сабақтың барысы

Міне сендерді өзімнің сабағымда көріп тұрғаныма қуаныштымын.

Балалар оң қолдарымен жүректеріңді ұстаңдаршы. Естіп тұрсыңдар ма? Тук - тук дейді. Енді осы кішккене жүрегімізде кішкентай ғана мейірім шуағы бар деп сезінейік. Сол шуақпен бір — бірімізді жылытайық. Бір – бірінің қолдарын ұстасады. Міне кішкене күн шуағы үлкен күнге айналды. Осы күннің жылуын таңғажайып әлеміндегі тұрғындарға апарып көмектесейік. Ал ол үшін біз ештеңеден қорықпайтын күшті де епті батыл болымыз керек. Балалар, мен сіздерді бүгін сиқырлы орманға, саяхатқа шақырамын қараңдаршы, айнала қандай әдемі.


Жаңбыр (интерактивті тақтамен)

Психолог: Балалар сендер шыныққан сайын таңғажайып әлеміне жан біте бастады.

  1. Жылы жаңбыр да жауды (екі қол артта, кезек - кезек алдыға созу).

  2. Жаңбырдан соң әдемі кемпірқосақ та көрінеді (екі қолды қанатша екі жақта ұстап, иіліп бір қолды бір қолға жеткізу).

  3. Жылы жаңбырға жуынып, өсімдіктер де жапырақтарын күнге жая бастады. (Аяқты артқа созып қолды жоғары көтеріп, денені жоғары созу).

  4. Ал құстар қанаттарын қағып, ұшуға дайындалып жатыр. (Қолды қанатша қағып, отырып - тұру).

  5. Жан - жануарлар да ояна бастады. (Жерге тіземен тұрып аяқтарын созу).

  6. Көбелектер де ұшуға дайындалып жатыр. (Лотос қимылы)

Мына әдемі көбелек біздерді қайда шақырып тұр? кәне артынан барайықшы Құм салынған үстелге жақындайды.

  • Құм терерапия жаттығуы.

  • Қолды құмға салу.

  • Саусақтарының арасынан құмды уқалау.


19

- - - Мектепке дейінгі ұйымдағы педагог-психологтың әдістемелік құралы - - -


  • Қолды құмға жасыру.

  • Құмды себелеп құю.

Балалар, енді кілемге жайғасып отырайық, ертегі тыңдайық «Ғажайып көбелектің түсі» ертегіні айтады, Бір таңғажайып елде, үлкен гүл алаңында түстер көбелектері өмір сүреді. Күндіз олар ұйықтап жатады, ал түн болғанда оянып, жан - жаққа ұшады. Әр көбелек өз адамына, үлкенге де кішіге де ұшып барады. Түстер көбелегінің қанаттары ғажайып.

Оның қанатынан гүлдің, жаңбырдың иісі шығып тұрады. Көбелек қанатымен қағып қалса, сол адамға жақсы түс кіреді, ал қара көбелек қанатымен қақса қорқынышты түстер кіреді. Өз түстеріңді естеріне түсіріңдерші, сіздер қандай түстер көресіңдер? Қорқынышты түстер көресіңдер ме?

Психолог: Балаларға қорқынышты түстер көрсететін көбелектердің көрсетіп оларды жыртып тастауға ұсынады. Балалар қара көбелектерді жыртады.

Психолог: Міне, біз енді ондай түстерден қорықпайтын боламыз. Балалар біз мына көбелектерге қандай түс көргілерің келеді? Соның суретін салып бояйық. Балалар сурет салады.

«Болады, болмайды» жаттығуы.

Барысы: Психолог сөздерді айтады, ал балалар солай болуы мүмкін болса, онда қолдарын шапалақтайды, егер ондай мүмкін болмаса - онда аяқпен топылдатады. Мысалы: қасқыр орманда кезіп жүреді - алақан шапалақтайды. Қасқыр ағаш басында отыр

- аяқтарын топылдатады.

Кастрюлде кесе қайнап жатыр. Мысық ұйдің төбесінде қыдырып жүр. Ит аспанда жүзіп келеді. Қыз үйдің суретін салып отыр.

Тренинг: қорқыныш

Орманда қараңғы, түрлі дыбыстар шығады. Ол не екен? Қорқып кеттік. Балалар, қорыққанда не істейміз? Тұрып қаламыз. (Мимикамен көрсетеді) көзін жұмады. Ой, қорқынышты болып кетті, бұл қорқынышты жануар шығар, бір дауыс естіледі. (Мәу) Көзімізді ашып қарайық. Ол кішкентай мысық екен. Оны қолымызға алайық, жылытайық, сипайық. Міне, мысықпен дос боламыз, енді қорықпаймыз.
























20

- - - Мектепке дейінгі ұйымдағы педагог-психологтың әдістемелік құралы - - -


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМНЫҢ ПСИХОЛОГТАРЫНА АРНАЛҒАН ТРЕНИНГТЕР


Мен өмірді сүйемін» тренингі

Мақсаты: Тренинг қатысушыларына “Өмірді сүю” және оның мәні туралы түсінік беру. “Мен өмірді сүйемін” сенімін орнату. Адамның өмірі өз қолында екенін түсіндіріп, өмірді сүюге дағдыландыру.

Тренинг барысы:

  1. Тренингке қатысушылармен сәлемдесу.

  2. «Мен өмірді сүйемін» танысу жаттығуын орындау. Шаттық шеңберін құра отырып, әрбір қатысушы «Мен өмірді сүйемін» деп өзінің аты - жөнін мен мектебін кезектесіп айтып шығады.

  3. Сергіту сәтін орындау. Бейнетаспа арқылы педагогтарды көңілді әуенге билету.

  4. Тренинг қатысушыларына өмірі жайлы қысқаша баяндап беру.


"Қауымдастық" ойыны.

Тренингке қатысушы педагогтармен шаттық шеңберін құру. Оң қолдың алақанын жұмып, бас бармағын шығарып төмен қаратып, келесі мұғалімнің жазылған сол алақанына қою керек. Ал сол қолдың алақаның келесі мұғалімнің жұмылған алақанының бас бармағының астына қою керек. «1, 2, 3» рет санап, 3 деп айтқанда сол алақанды жұмып қалу керек. Осылай екі рет, екі қолды кезек ауыстыруға байланысты орындалады. Содан кейін барлық мұғалім оң қолдарын қойып, одан кейін сол қолдарын қойып, барлығы бірге жүргізуші тілегін айта отыра аспанға қолдарын көтереді.


«Біз – біргеміз!» тренингі

Мақсаты: Бұл тренинг педагогикалық ұжымды ынтымақтастыруға, қарым-қатынас дағдысын дамытуға, өз-өзіне деген сенімділігін, жағымды қатынасты арттыруға, көңіл- күйлерін көтеруге бағытталған. Тренинг жаттығулары педагогтардың бірін-бірі түсінуін, өзін жетілдіру, өзін-өзі тануын дамытады.

Мақсаты: Тұлға аралық қарым-қатынасты жақсарту, ұжымда демократиялық деңгейді көтеру.

Міндеттері:Топта жағымды психологиялық климат қалыптастыру; Топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту;

Педагогтардың коммуникативтік біліктілігін арттыру.


«Қошемет» жаттығуы

Мақсаты: топта жағымды эмоционалдық күй тудыру.

Тапсырма: әңгімелесушінің жеке қасиеттеріне сай қошемет айту.

Жүргізуші: — Біз бүгін бір-бірімізге қошемет сөздер айтамыз. Қошемет диалог түрінде айтылады. Қошеметті алып қана қоймай қайтара білу керек. Қошемет арнайы формада қабылданады: «Иә, солай. Тағы мен … (адамгершілік қасиет қосылады)»

Жаттығуды талқылау сұрақтары:

  1. Жаттығуды орындау барысында сіз қандай қиындықтармен кездестіңіз?

  2. Жаттығуды орындауда жағымды сәттер болды ма? Қандай?








21

- - - Мектепке дейінгі ұйымдағы педагог-психологтың әдістемелік құралы - - -


«Сенімді құлау» жаттығуы

Мақсаты: топ мүшелерін жақындастыру, өзара сенімді қарым-қатынас орнату.

Тапсырма: қатысушылар шеңберге тұрады. Ортаға бір қатысушы шығып көзін жұмады да арқасымен құлайды. Топтың әрбір мүшесі кезекпен орындайды.

Жаттығуды талқылау сұрақтары:

Нені жасау оңай болды, құлаған адамды тосу ма, әлде өзіңіз құлау ма? Қандай сезімде болдыңыз?

Шынайы өмірде осындай жағдайларды қай кезде басыңыздан өткердіңіз? Қатысушылар тапсырманы орындауда ненің көмектескенін немесе не кедергі болғаны туралы ой бөліседі.


БАЛАНЫҢ БАЛАБАҚШАҒА БЕЙІМДЕЛУІ


Ерте жастағы баланың балабақшаға бейімделуі –әр балада әр түрлі қабылданады, жаңа ортаға бейімделу процессі-бұл жаңа ортаға бейімделу ғана емес күні бойы жаңа режімді, жаңа орта, жаңа қарым-қатынас сонымен қатар жаңа дағдаларын дамытуға балалар түрлі жолмен өтеді . Осы кезеңде кейбір балалар ауыр, ал кейбіреулері жеңіл қабылдайды.

Бейімделудің ауыр жолымен өткен кейбір балалардың бейімделуі 3-4 айға созылады.

Жеңіл бейімделу кезеңі 1-2 күн болды. Ұзаққа созылған бейімделу кезеңі көптеген факторларға байланысты болады баланың денсаулығына, жүйке жүйесінің ерекшеліктеріне, үйдегі ата-ана ықпалына т/б себептерге байланысты. Бұл кезде балаға тәрбиеші тарапынанда жеке қолдау керек балаға жақсы көңіл күй сыйлап ортаға қосу.

Ерте жастағы баланың балабақшаға бейімделуін, тамақтануы, ұйықтауы, өзгелермен қарым-қатынасы, сөйлеу әрекеті, ойын ойнаудағы белсенділіктері бойынша балаға жеке карта ашып бейімделу уақытын белгілеп баланың бейімделуі жайында ата-анамен бірігіп бірдей жұмыс жасалды.

Баланың балабақшаға бейімделуі әрине бірінші отбасында және беалабақшаға келгенде. Балабақшада таныс емес адамдармен, балалармен танысады, мінез құлық ережелері мен нормаларын меңгереді.

Жаңа жағдайда бала қалай үйренеді? Өкінішке орай балабақшаға бейімделу көбінесе қиын және ауыр өтеді. Бала тамақ ішпейді, ұйықтамайды, балалармен және үұлкендермен араласудан бас тартады да, қоршаған ортаға деген қызығушылығы төмендейді, ойыншықтарды ойынға қатыстырмайды.

Баланың балабақшаға қиын бейімделу себептері:

Басқа адамдармен бұрын қалып көрмегендіктен. Дәретке өзі отырып үйренбегендіктен.

Кей тағамдарды жеу дағдысы жоқ, мысалы қызылша, орамжапырақ, қатты тамақты шайнап үйренбегшен (картоп, нан)

Балабақшаға бала қалғандам алғаш екі сағатқа ғана қалу керек.

Көбінесе ата-аналар жұмыс тәртібін айтып, баланы күні бойы балабақшада қалдырады.

Осының нәтижесінде күрделі және созылмалы мәселелер пайда болады.

Балаңызбен үйде сөйлесесіз бе, оны мақтайсыз ба, оны жақсы көретініңіз туралы айттыңыз ба?

Қобалжуы қиын ата аналардың балалары да балабақшаға қиын бейімделеді, өйткені ата анасының қобалжуын көріп, баланың қорқынышы ұлғая түседі. Осы кезде ата аналар балаға көмек берулері керек.

Ертеңгілік қоштасуларды жеңілдету тәсілдері:

Баламен тез қоштасып үйреніңіз, қоштасуды созбаңыз. Бала сіздің қобалжығаныңызды көріп, тыныштануы ұзаққа созылады.

Балаңыз сізге сенсін десеңіз, балабақшаға әкеліп, көрінбей қашып кетпеңіз


22

- - - Мектепке дейінгі ұйымдағы педагог-психологтың әдістемелік құралы - - -


Балаңызға ұнайтын қоштасу рәсімін табыңыз және соны қатал ұстаңыз. Балаңыз балабақшаға барғаны үшін алдарқатып ойыншық сатып алмаңыз. Балаға анық түсінік беру керек.

Бір рет болсын баланың дегенін істесеңіз әрі қарай көндіру қиын болады. 1,5-2 жастағы балалар үүшін балабақшаға бейімделу күрделі құбылыс.

Бейімделу уақытында баланың эмоциялық жағдайы көп өзгеріске түседі. Үйде балабақша күн тәртібін қатаң сақтаңыз.

Балабақшаның тамақтану ас мәзірімен танысып баланың үйдегі тамақтануына балабақшада ішетін тамақтар түрін қосыңыз.

Үйдегі жағдайда баланың өз өзіне қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз; жуыну, сүртіну, шешіну ,өз бетінше тамақтану, твамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде ынғайлы болуы шарт.

Баланың «Социалдық көкжиегін»кеңейтіңіз ауладағы өзімен құрдас балалармен көбірек ойнатыңыз, жолдастарына қонаққа барсын, әжесінде қонуға қалсын. Осындай тәжірибе жинақтаған бала өз құрдастары мен үлкендер арасында тез ьүйренісіп тіл табысатын болады.

Баламен жағымды эмоционалдық жағдайлар жасау қажет, ол көбінесе ата ана тарапынан болуы керек, оның өзіне керек екендігін түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған оған өз мейіріміңізді көрсетіңіз.Есіңізде болсын сіз көбірек осындай жылылық білдірмеңіз сіздің балаңыз балабақшаға тез бейімделеді.



АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН САУАЛНАМАЛАР


«Бала мен балабақша» сауалнама Мақсаты: ата-ананың жауапкершілігін күшейтуге көмектесу. Әдісі: сауалнама

  1. Балаңыздың аты жөні?

  2. Балаңыз неше жаста?

  3. Балаңыз балабақшаға толық үйреністі деп ойлайсыз ба?

  4. Балаңызға көп назар аударасыз ба?

  5. Балаңыздың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?

  6. Балабақша жұмысына көңіліңіз тола ма?

  7. Тәрбиешінің балаларға деген қарым-қатынасы сіздің көңіліңізді толтыра ма?

  8. Балаңызға балабақшаға келуі ұнай ма?

  9. Балаңызға ескертулерді айта бересіз бе?

  10. Балаңызға берген уәдеңізді жиі орындайсыз ба?

  11. Тәрбие ісінде балаға өзіңіз жауапты екенін сезінесіз бе?

  12. Балабақшада тәрбиешіден өзге мамандар сізге көмек көрсете ме?

  13. Балабақшада оқу-тәрбие үдерісі жоғары деңгейде ұйымдастырылған деп есептейсіз бе?

  14. Балабақша жұмысына өзгертулер енгізгіңіз келер ме еді? (Қандай өзгерістер жазу). Ата-ананың аты-жөні:









23

- - - Мектепке дейінгі ұйымдағы педагог-психологтың әдістемелік құралы - - -


АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ТЕСТ

Мақсаты:

Әдісі: сұрақ-жауап.

  1. Балабақшаның сіздің балаңыздың тәрбиесіне деген көзқарасын қалай бағалайсыз? а) жоғары; ә) төмен; б) орташа.

  2. Балаңыз келіп жүрген топтың жұмысына өзіңіздің қатысуыңызды қалай бағалайсыз? а) жоғары; ә) төмен; б) қанағаттанарлық;

  3. Сіздің ойыңызша бала тәрбиесінде бастапқы роль кімге беріледі? а) отбасына; ә) балабақшаға; б) отбасы мен балабақшаға.

  4. Тәрбиешіге сіз қандай сұрақпен жиі келесіз?

а) қандай да бір қолайсыз жағдайларда (бала ренжісе, ойыншығы сынғанда, шкафы жиналмаса)

ә) бала тәбеті мен ұқысы жайында;

б) баланың балабақшадағы көңіл-күйі және тәртібі бойынша;

  1. Қандай сұрақпен тәрбиеші сізге жиі келеді? а) бала өзін балабақшада нашар ұстады;

ә) баланың сабақтардағы жетістіктерін жеткізу үшін;

б) отбасында баланы қалай дұрыс тәрбиелеу керектігі жөнінде кеңес айтып;

  1. Бала тәрбиесі бойынша сіз жиі тәрбиешінің көмегіне жүгінесіз бе? а) жиі; ә) аса жиі емес; б) сирек.

  2. Балабақшаның отбасымен жүргізетін жұмыстарының қайсысы сіздің ойынңызша әсерлі?

а) ата-аналар жиналыстары; ә) мерекелерге қатысу; б) мамандармен жеке әңгімелесу, кеңес алу;


Ата-ананың аты-жөні:


"Сіз қандай ата-анасыз?"

Нұсқау: «Қазір сіздерге 13 сұрақ оқимын, сіздер бұл сұрақтарға «келісемін», «кейде ғана келісемін» немесе «келіспеймін» деген жауаптармен жауап беріңіздер»

  1. Кез келген ісіңізді тастай салып баламен айналыса аласыз ба?

  2. Балалардың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?

  3. Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателеріңізді мойындайсыз ба?

  4. Өзіңіздің қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?

  5. Балаңыз жасаған іс ашуландырған кезде өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?

  6. Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?

  7. Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге бола ма?

  8. Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айтасыз ба?

  9. Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?

  10. Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып уәдеңізді орындайсыз ба?

  11. Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай бір күн еркіндік, бересіз бе?

  12. Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе, көңіл аудармайысыз ба?

  13. 13. Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?


Ата-ананың аты-жөні:





24

- - - Мектепке дейінгі ұйымдағы педагог-психологтың әдістемелік құралы - - -


ҚОРЫТЫНДЫ


Педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, баланың жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал жасау арқылы өз нәтижесін береді.Мектепке дейінгі балалық шақта заттардың, құбылыстардың, іс-әрекеттердің арасындағы байланыстар мен қатынастарды бөлу мен пайдалануды талап ететін күрделі де сан алуан міндеттерді баланың шешуіне тура келеді.

Ойында, сурет салуда, құрастыруда, жапсыруда, оқу және еңбек тапсырмаларын орындауда бала үйреніп алған іс-әрекеттерді жай ғана пайдаланып қана қоймайды, жаңа нәтижелер ала отырып олардың тұрақты түрін өзгертеді. Мектеп жасына дейінгі балалар өздерін қызықтырған мәселелерді түсіну үшін өзіндік эксперименттер жасауға кіріседі, құбылыстарды бақылайды, оларды талқыға салып, қорытындылар жасайды.

Мектепке дейінгі балалық шақтың соңында кейбір механикалық физикалық және басқа байланыстар мен қатынастарды түсінуді, осы байланыстар мен қатынастар туралы білімді жаңа жағдайларда қолдана білуді талап етеді. Осы жастағы балалардың жылдың соңына дейін абстрактылы логикалық ойлауы жақсы дами түседі.

Осындай әр түрлі психологиялық ойын тапсырмалар мен танымдық жаттығулар беріле отырып диагностика жасалады. Балалардың есте сақтауы, ойлауы, зейіні, сөйлеуін бақылау негізінде қорытынды диаграмма құрылады.








ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:



  1. Танымдық белсенділікті қалыптастыру-«Мектепке дейінгі тәрбие»

  1. Ж. Пиаже - "Даму психологиясы"

  2. Е. И. Федорова - "Балалар психологиясы"

  3. Жұмабекова Ф.Н. «Мектепке дейінгі педагогика»- Астана , 2007

  4. Отбасы және балабақша 2007 ж 2, 3, 6,

  5. Нұрмұхамбетова Т.Р . Тәжірибелік психология №І Шымкент 2006 .


























25


26 Наурыз 2025
51
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі