Материалдар / (Р және Л) дыбыстарының ұқсастығы мен айырмашылығын табуға үйрету.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

(Р және Л) дыбыстарының ұқсастығы мен айырмашылығын табуға үйрету.

Материал туралы қысқаша түсінік
Есте сақтауын, зейінін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Ақпан 2021
327
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні:

Тобы: Мектеп алды даярлық « Бөбек» ересек «Наурыз» Ортаңғы «Гүлдер» « Мөлдір» .« Аққу». «Сауықтыру»

Сабақтың тақырыбы: (Р және Л) дыбыстарының ұқсастығы мен айырмашылығын табуға үйрету.

Дамытушылық: Есте сақтауын, зейінін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Түзетушілік: ( Р және Л) дыбыстарының белгілерімен ( символдарымен ) таныстыру. Дыбыстарды буындарда, сөздерде дұрыс айтуға жаттықтыру. Сөйлеу тілінде зат есімдерді ілік септігінде дұрыс қолдануға үйрету.

Тәрбиешілік: Мұқият тындап, тапсырмаларды тиянақты орындауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: заттық суреттер, дыбыстын орнын белгілеуге арналған жолақша және текше, дыбыстық талдауға арналған көк және қызыл түсті текшелер.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

- Балалар біз бүгінгі сабақта тапсырмаларды мұқият тыңдап, дұрыс орындауымыз керек.

2. Сабақтың мақсатын баяндау.

- Бүгін сабақта біз дұрыс айтып үйренген Р дыбысын Л дыбысынан ажыратуды үйренеміз.

3. Артикуляциялық жаттығулар.

Балалар сендер ертегі тыңдағанды ұнатасындарма? Олай болса, мен сендерге ертегі айтып беремін. Баяғы заманда екі ағайынды болыпты. Олар Рам мен Лам. Олар өте көңілді балалар екен. Күнде таңертең ерте тұрып, терезеден бастарын шығарып, көршілеріне , көршілеріне күлімдеп қарайды екен. Екі ағайынды балалар ойын ойнатқанды ұнатады. Рам мына жаттығуларды жасап, ойнайды екен:

« Тістерді тазалау»

« С ылақшы»

- Ал Лам болса, футбол ойнағанды жақсы көреді.

« Допты кім қақпаға кіргізеді»

- Рам әткеншек тебеді.

« Әткеншек»

- Рам мен Лам бірге атқа отырып серуендейді.

« Ат шабады»

- Олар атпен серуендеп жүріп орманнан тоқылдақ көреді.

« Тоқылдақ»

- Сосын олар, орманнан саңырауқұлақтарды тереді.

« Саңырауқұлақ»

- Үйлеріне келіп, қарындары ашқан соң тосаппен шай ішеді.

« Тәтті тосап»

- Рам мен Лам шәйларын ішіп болған соң, аулада жүрген күрке тауықты көреді.

« Күрке тауық»

- Лам күрке тауық ауладан шығып кетпесін деп, қоршауды жауып қояды.

« Қоршау жасау»

4. Шатастыратын дыбыстардың артикуляцияларындағы ұқсастық пен айырмашылықтарын анықтау және оларға сипаттама беру.

Дыбыстарды таңбалармен белгілеу.

Р дыбысын айт, енді Л дыбысын айт.

Р дыбысын айтқанда тіліміз, ерініміз қандай қалыпта, қай жерде тұрады? Ауа ағыны қандай?

- Ал енді ағайынды Рам мен Лам демалады. Рам ән айтады: РРРРРР, ал Лам былай ән айтты: ЛЛЛЛЛ. Рам айтқан әнді қайтала? Ал Лам қай дыбысты айтты? Бұл дыбыстардың айырмашылығы, ұқсастығы неде? ( Баланың назары дыбыстардың артикуляциясындағы ерекшеліктерге аударылады).

5. Буындар т ізбектерін айту.

- Логопед буындар тізбектерін баяу темппен айтады, ал балалар қайталайды. Ра ра ла ро ро ро ло ры ры лы ру ру лу

6. Дидактикалық ойын: « Топтастыр»

- Балалар Рам мен Ламға көмектесіп Р дыбысы бар сұреттерді бір қатарға, Л дыбысы суреттерді келесі бағанға жинаймыз.

РАУШАН. ЛАҚ. АРБА. АЛМА. ТЫРМА. АЛМҰРТ. БАЛ. БОР.

7. Дыбыстық талдау бойынша жұмыс.

Рам мен Лам саған жұмбақ жасырып отыр, шешуін тап:

Сопақша көк өңі бар,

Пайдалы, мөлдір сөлі бар.

Піскен кезде жияр

Оның аты ....... ( Қияр)

- Дұрыс шешуі- қияр.

- Енді осы сөзге дыбыстық талдау жасаймыз. Осы сөзде бірінші қай дыбыс? ( Қ дыбысы) . Ол қандай? ( дауыссыз). Қандай түсті текшемен белгілейміз? ( көк түсті текшемен ) . Екінші дыбыс қандай? ( И дыбысы). Ол қандай (дауысты). Қандай түсті текшемен белгілейміз? (қызыл түсті текшемен ) Үшінші дыбыс ше? ( Я дыбысы). Ол қандай? ( Я дауысты). Қандай түсті текшемен белгілейміз? (Қызыл түсті текшемен ) . Төртінші дыбыс қай дыбыс? ( Р дыбысы) . Ол қандай ( дауыссыз) .Қандай түсті текшемен белгілейміз? (көк түсті текшемен ).

8. Үйге тапсырма.

Р және Л дыбысы бар сөздер ойлап кел.

9. Сабақты қорытындылау.

- Бүгін қай дыбыстар бойынша жұмыс жүргіздік?

- РРРР- ненің әні ?

- ЛЛЛ- ненің әні ?

- Жарайсың ?

- Баланы марапаттау.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!