М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Филология факультеті
Реферат
Тақырыбы: Жәңгір хандығының күнгейі мен көлеңкесі
Орындыған:
Тексерген:
Орал 2024
Бөкейұлы Жәңгір хан (1801—1845) — Кіші жүздің Әбілқайыр хандығынан бөлініп шыққан Бөкей ордасының соңғы ханы, Әбілқайырдың шөбересі, Нұралының немересі. Оның шын аты Жиһангер.
Әкесі Бөкей Еділ мен Жайық арасындағы елін әуелі сұлтандық дәрежеде басқарады да, кейін орыстың қазақ хандықтарын бөлшектеп, әлсірете беру саясатына орай 1812 жылы хан атағын алады. Бірақ ол хандықтың қызығын көп көре алмай, 1815 жылы қайтыс болады. Хан тағы мұрагерлік жолмен Бөкейдің артында қалған үш баласының үлкеніне берілетін, бірақ оның сыртта (Астрахань губернаторы Андреевскийдің үйінде) оқып жүруіне байланысты, ер жетіп, оң солын жете танығанша билікті Бөкейдің інісі Шығай сұлтан қолға алады.
Еуропалық білім алып, орысша тәрбиеленіп, хандықты әкімшілік жағынан басқару тәсілдерін үйреніп келген жас жігіт 1823 жылдан бастап билік тізгінін өз қолына алғаннан кейін, патша өкіметінің саясатын бұлжытпай орындап, Батыс Қазақстанда жүзеге асырушы қуыршақ ханның бірі болады.
Ішкі Орданың іргесі бекіп, ішкі әлеуметтік — шаруашылық жағдайы қалыптасып, нығайған тұсы 1823 — 1845 жылдары Жәңгір хан басқарған кезең болатын. Көзі ашық, көкірегі ояу, орыс, татар, араб, парсы тілдерін жетік меңгерген Жәңгір Ресей үкіметінің көптеген наградаларымен марапатталып, алтын тәжбен безендірілген I дәрежелі Әулие Анна орденінің кавалері атанып, генерал — майор шеніне дейін көтерілген тұңғыш қазақ ханы.
Жәңгір 1824 жылдың күзінде Орынбор муфтиі Мұхамеджан Хусейновтың қызы Фатимаға үйленеді. Фатима европаша білім алған, тілдерді жетік меңгерген, би, музыкаға жақын болатын.
1826 жылы хан Жәңгір жұбайы Фатима ханшамен Орыс патшасы Николай I-нің таққа отыру рәсіміне шақырылады. Мәскеу қаласында өткен салтанатта Фатиманың білімділігі мен мәдениеттілігіне орыс интеллигенциясы, Фатиманы биге шақырған Николай патшаның өзі де, оның орысша таза сөйлеп, билегеніне тәнті болады.
1827 жылы Жәңгір хан патшаға ерекше шеберлікпен жасалған киіз үй сыйға тартады. 1829 жылы императрица Александра Федоровна Фатима ханшаға бразилия топаздарымен безендірілген алтын диадема, тарақ және сырға сыйлайды.
Жәңгір билік еткен кезде Еділ, Жайық өзендері мен Каспий теңізінің жағалауындағы жерлерді қазақ шаруаларының пайдалануына тиым салынады. Олардың бұл өңірлерге мал жаюға, балық аулауға қақылары болмайды. Бұған салықтың көбеюі мен бөлісінде шаруалар үлесінің кемуі келіп қосылды да, осының бәрі жиылып келіп, Бөкей ордасында Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісінің тууына әкеп соғады.
Жәңгір хан өзі билік құрып тұрған кезде елді отырықшылыққа көшіру, мектеп ашып балаларды оқыту мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Ол ашқан мектептен білім алған алғашқылардың бірі белгілі қазақ этнографы, Орыс география қоғамының қызметкер мүшесі Мұхаммед-Салық Бабажанов бұл ретте былай деп жазады: …ханның ықпалымен және жанашырлығымен Ордадағылар білімнің қажеттілігін сезіне бастады. Шәкірттер мен мұғалімдерді ынталандыру үшін марқұм хан ақшасын да, өзінің ынтасы мен ордалықтарға оқу білімнің пайдасы жөнінде түсіндірмек болған ынтасын да аямады. Өзінің сарайында мектеп ашып, 60 адам ислам діні, орыс жазуы және тіл жөнінде дәріс алды. Бұл мектеп сарай маңында осы күнге дейін «Жәңгір мектебі» деп аталып келді. Ондағы 30 бала Орданың шаруашылық қаржысы есебінен білім алуда.
Жәңгір ханға баға беру үшін ол кісіні ең алдымен, адами тұрғыдан тану – парыз. Бөкей хан өзіне мұрагер болуға Тәуке, Әділ, Жәңгір, Меңдігерей атты ұлдарының арасынан Атан деген әйелінен көрген баласы Жәңгірді таңдаған. «Әке – балаға сыншы» дегендей, болашақ ел басқару қолынан келетін зерек, ізденімпаз, ілім-білімге құлшынысы зор, халықтың бабын таба білетініне сенім білдіріп, 10 жасар Жәңгірге үміт артуы тегін емес еді. Әке үкілеген ұлының тәрбиесіне ерекше көңіл аударған. 1811 жылы Астрахан губернаторы болып тағайындалған Степан Семенович Андреевскийге арнайы жіберген. Степан Андреевский 1760 жылы туған, адам дәрігері-оташы мамандығын игеріп, полк дәрігерлігінен бастап Ресей медицина коллегиясының мүшесі, Петербург дәрігер-хирургтік академияның директоры болған. Грозный және Киев губернияларының губернаторының орынбасары қызметтерін атқарған. Іскер де, қарапайым болған. Ханның мұрагерін шын ықыласымен қабылдап, жақсы тәлім-тәрбие берген.
Балалық кездегі көрген мәдениеттілік пен білімге құмарлық, күнделікті оқуды табиғи қажеттілігіне айналдыру бала Жәңгірдің бойында қалыптасып, оның өмірлік дағдысына айналды. Білімге құмарлық толас таппағанын байқаймыз. Хандық дәреже кезінде пошта тасымалын жолға қойып, Петербург пен Астраханнан мерзімді басылымды үзбей алдырып оқыған. Олардың қатарында Ресей зиялы қауымының пайдаланып оқитыны беделді «Отечественные Записки», «Современник», « Северная пчела», «Журнал Министерства Народного Просвещения»,« Посредник», «Земледельческая газета», «Сенатские ведомости» газет-журналдары болды. Қазақ халқының тарихы, парсылық, тұрандық елдердің өткені, оның озық ойлы адамдарының еңбегімен танысқан.
Жәңгір хан мәдениеттілігі мен білімдарлығын әлемге аты шыққан ғұлама ғалымдармен кездескенде айқын байқатып отырған. Олармен білім саласында тең дәрежеде сөйлесіп, талайды таңдандырған. Солардың бірі – неміс ғалымы, Дерпт университетінің химия мен фармация ординарлық профессоры Карл Гебель мырза 1834 жылы сәуірде Ресейге саяхат жолында Нарын даласына келген. Ханның сән-салтанатына, терең білімі мен ғылымға деген құштарлығына тәнті болып, еліне оралғаннан кейін «Ішкі қазақ ордасының ханы Жәңгір Бөкеевтің астанасына сапар» деген очеркін жазған. Оның бір тұсында Жәңгір ханның халқының арасында жоғарғы беделге ие екенін, оны елінде ерекше ілтипатпен сыйлайтынын қамтыған: Еділ-Жайық арасын екі ай аралап Азғыр өңіріне келгенде, тұрғындары жат адамға ат бергісі келмей теріс ыңғай көрсетеді. Хан ордасында қонақ болып аттанарда «Жәңгір» деп аты жазылған қанжарды сыйлаған екен, осы қиналған сәтте «мен ханның досымын» деп көрсеткен. Оны көргендер сол сәтте оң қабақ танытып, қажетті мәселесін кідіртпей шешіп, қадірлі қонағындай құрмет жасаған.
Ханмен көңілі жарасқан тарихшы, дипломат, заңгер барон Федор Бюлер Ордадағы жарасымды тірлікті тамашалай жүріп, хан өзіне арыз-өтінішпен келгендерді немесе басқа да жүргіншілердің қайсысын да алаламай дәм ұсынып, қонақ етіп жіберетінін естелігінде жазған. Хан қазасын естігенде қайғырған ол Жәңгір туралы: «Преобразователь Внутренней Орды» деп бірегей саясаткерден айырылғанға өкініш білдірген.
Жәңгір хан қазақ тарихын жазушы ғалым Алексей Ираклиевич Левшинмен достық қатынаста болса, өзіміздің сүйіктімізге айналған Александр Сергеевич Пушкинмен де кездесіп, араларында жолдастық қатынас орнаған. Жақсыны көруге, оқымысты ғалымдармен араласуға ынтызарлығы әсерінен атақты жиһанкез, табиғат тамыршысы Европа, Азия құрлықтарын географиялық тұрғыдан зерделеген неміс ғалымы Александр фон Гумбольдпен кездесіп әңгімелескен. Оның сәтін келтірген досы, орыс армиясының полковнигі, 1812 жылы соғыста қалмақ полкін басқарып Парижге дейін барған, Хошеут қалмақ ордасының билеушісі Сербеджаб Туменов болатын.
Жәңгір ханның табиғатты қорғау Ішкі Орда жерінің құнарлылығын арттырудағы терек егу жұмыстары да ерекше бағалауға тұрады. Нарын құмындағы қарағай мен қайынның сыңсыған орманы – осы сөзіміздің айғағындай. Бұл орайда көз көркіміз болған, табиғат сәні, Жәңгір бастаған игі істің бізге жеткен сілемдері. Ханның еңбегін жоққа шығарушылар өздерінің туған жердің табиғатын көріктендіруге қандай үлес қосқанын айтып мақтана алар екен? Оның есесіне сол кезде өсірілген теректерді шауып, отқа жағып сорайған тұқылынан басқа көзге ілінер ештеңе қалдырмағанына не дерсіз…
1836-1837 жылғы шаруалар көтерілісінің басшысы Исатай мен Жәңгір ханның арасында бітпестей жаулық болды деу қиын. Араларында келіспеушілік, араздасып болса да, бір-бірін құрту ниетінен аулақ екенін байқаймыз. Жасқұстағы хан ордасын үш мың қолмен қоршауға алғанда, Исатай батыр бойында ызаға булыққан қанды кек болса орданы шабар еді. Исатайдың ондай әрекетке бармауында үлкен сыр жатыр. Жәңгірді дауға қиса да, қанға қимағандығы, көңілінде дақ болса да қарайып қарауланбағандығы. Жәңгірдің кейбір ісіне риза болмаса да, ел үшін атқарған еңбегін бағалағандығы деп түсінуге болатын сияқты.
Орданы қоршаған қазақтардың бірен -саран шиті мылтық, барында қылыш пен найза, көпшілігі қамшы мен сойыл деп тақымдарына қысқан құралдарымен қаруланған көтерілісшілерді мылтықпен мұздай қаруланған хан жасақтары, қорғаныста тұрып оқ жаудырып жусатып тастау қолдарынан келер еді. Жәңгір хан ондай арандатуға бармады. Қазақтың қанын төгуге ешкімді жібермеді. Бұл әміршінің жауласқандардың да қанын төгуге бармаған ізгілігі болатын.
Патша әскерінің Гекке бастаған зеңбірек сүйреткен қарулы отрядының көтерілісшілерге қарсы әскери қимылдар сәтінде қантөгіс жасауға барғысы келмей Геккеге: «Таймановқа тым қатал талап қойма, басараздықты ағайындықпен реттерміз» деп өтініш жасауы көтеріліс басшысына көңіл бұрып тұрғанын байқатады.
Бір заманда өмір сүрген үш тарихи тұлғалар Жәңгір хан, Исатай, Махамбеттердің бірін көтеріп, келесісін кемсітетін реті жоқ. Әрқайсысының тарихта өзіндік орны бар арыстар. Жәңгір болмаса, Исатай, Махамбеттің тарих аренасына шығуы екіталай. Махамбеттің от-жалын жырлары дүниеге келмес те еді.
Жәңгір ханның өмір жолын, саясатқа соқтырмай зерделесек, ол – озық ойлы, ғылымды игеруге ұмтылған жан. Елін жарқын болашаққа бастап, жаппай сауаттандыруды ұйымдастырған адам. Әділдік жолын таңдап, ізгілікті іс атқарып, халқының тұрмысын жақсартып, тыныш өмір сүруге бастаған хан.
Халқының дінін қастерлеп, имандылық жолдан ауытқымай, қиянаттан сақтауды мақсат еткен тәрбиеші. Жаппай білім алуға жетелеген ұстаз. Жастарды жоғарғы дәрежеде білім алып, ұлт жанашыры болуға үйреткен тәлімгер. Ұлт тазалығын, елдің дербестігін сақтауға аянбай жұмыстанған отаншы, рухтағы басшы.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Н. Келімбетов.,- Ежелгі дәуір әдебиеті, А, Ана тілі, 1991, 262 бет
-
Өсерұлы Н. ,- Қазақтың үкім-кесімдері –Алматы:Ана тілі ,1994-104 б.
-
Артықбаев Ж.О.,- Қазақ этнографиясы: этнос және қоғам. ХҮІІІ ғ. Қарағанды : Қар МУ,1995-266 б.
-
Қазақ даласының ойшылдары (ІХ-ХІІ ғ.ғ.)-Алматы: Ғылым,1995-160 б.
-
Арғынбаев Х. ,- Қазақ отбасы-Алматы: Қайнар, 1996-288 б.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
реферат жәңгір хандығының күнгейі мен көлеңкесі

шағым қалдыра аласыз