Реферат: Маған Жұмабаев - ұлтжанды ақын

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Реферат: Маған Жұмабаев - ұлтжанды ақын

Материал туралы қысқаша түсінік
Дауылпаз ақын Маған Жұмабаев өмірден өз орнын анық тауып, артына өшпес мол мұра қалдырғанын анық білеміз. Оның лирик ақын екені де баршаға аян. Лирикалық өлеңдері де өте мол.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Маған Жұмабаев - ұлтжанды ақын


Дауылпаз ақын Маған Жұмабаев өмірден өз орнын анық тауып, артына өшпес мол мұра қалдырғанын анық білеміз. Оның лирик ақын екені де баршаға аян. Лирикалық өлеңдері де өте мол. Қазіргі таңда Мағжан жырлары кеңінен насихатталуда. Өзіміз оқып жүрген мектеп бағдарламасынан да білеміз. Мағжанның өлеңдерінде жастарды өз тарихын, ана тілін, салт-дәстүрін ерекше құрметтеп бағалауға, оларды Отаншылдыққа, ұлтжандылыққа шынайы суреттеуі байқалады. Сондықтан Мағжанның өлеңдерін оқи отыра, ақын атамыздың болашақ ұрпағының бойында көргісі келген асыл қасиеттердің тәрбиелік мәні туралы айтқым келді.

Жарты ғасырдан астам уақыт бойы аталмай келген, ақты-қара, қараны-ақ деп түсіндірілген зорлық-зомбылық дәуірінің құрбаны болған Мағжан Жұмабаев кім, қандай ақын? – деп ой саламыз. Поэзия әлемінде айрықша із қалдырған өзіндік үлкен өнерден өрнек тудырған, терең сырға, ұшқыр қиялға толы өлең дүниесін кейінгіге аманат етіп, өлмес сөз қалдырған ақын М.Жұмабаев -өзі де қиын қыстау, тауқымет жолын көп кешсе де оның туындыларын уақыт сынына төтеп берерлік бүкіл ұлттық, азаматтық мазмұн тақырыбын, тіл құнарлығы мен ой тереңдігін, сөз қолдану шеберлігі ерекше ақын.

Ақын сөзі ащы шындықтың айнасы болып отырған. Өзі оны түсінген де, білген де. Асыл сөздерінің қадірменді иесі бар екенін кәміл ұққан. Ол –парасат қайнары, мейірбан жүректі туған елі еді. Ұлы ақын Абай айтқандай: «Адамның жақсы болуы, алдымен, отбасынан, содан соң ұстазынан, сосын жақсы құрбыдан». Мағжанның ұлтжанды ақын болып қалыптасуына әсер еткен де осы тұлғалар болуы керек. Мағжанға үш жасында атасы Жұмабай: «Менің атымды осы немерем түбінде әлемге әйгілі ететін болады!»  деп бата беруі немересіне деген, оның болашағына деген үлкен сенімділікті білдіреді. Шынында да, Мағжан  атасының ғана емес, өз ұлтының  ұлы перзентіне айналды.

     2. Ақынның ұлтжандылығының қалыптасуында «Ана тілі» өлеңі

Қазақ тілі – халқымыздың тарихы, ұлттық құндылығымыздың негізгі көзі, өткен мен бүгінді мәңгілік байланыстыратын ең сенімді құралы, халықтың, қазақ ұлтының таусылмас қымбат қазынасы, баға жетпес байлығы.  Мағжан Жұмабаев: «Тіл әрбір адамға осындай қымбат болса, әрине, ұлт үшін де – қымбат.Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт дүниеде жасай алған емес. Ондай ұлт құрымақ. Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болуы. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді.

Ұлтқа тілінен қымбат болыс болмаққа тиісті» деген екен. Онымен келіспеуге болмайды. Әр азамат өзінің туған тілің ерекше құрметтей білу қажет. Бұр туралы өзінің «Қазақ тілі» өлеңінде жырлайды. Ұлтты сүю, кісілік денгейге дейін көтерілу, туған халқының мүддесі үшін құрбандыққа баруға әзірлік – Мағжан Жұмабаевтың өмірлік мұраты.

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың-

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...

Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз-бабам тілі, сен қалдың! –деп [3.б.163]

ана тілді игеру арқылы адам бірте-бірте қарапайым заттардан бастап, ғаламның заңдылықтарына дейінгі өзін қоршаған ортаның болмысымен танысады, мәдениетке араласып, тілдің әлеуметтік қызметі мен дамуына қатысу арқылы тұлға болып қалыптасады.

3. Ақынның туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігі.

М.Жұмабаевтың шығармаларындағы сүйіспеншілік түсініктері ақын мәтінінде төмендегідей түрде көрініс табады: а) Аллаға деген сүйіспеншілік: «Зор Тәңірі күштісің сен, сенеміз біз, Әділ деп әр ісіңе көнеміз біз»;

ә) Тәңір адамды махаббаттан жаратқан: «Махаббат, рахмет теңізінен, Жаратты Тәңірі әйелді».

б) туған елге, туған халқына деген сүйіспеншілік: «Алаш деген елім бар. Сол елімді сүйемін»;

в) туған жердің табиғатына деген сүйіспеншілік: «Сарыарқа деген жерім бар. Сол Арқамды сүйемін!», «Асқарға аспан төніп еміренген. Керіліп бұлтпенен бал алысқан».

г) анаға деген махаббат: «Көрше ауыр күрсінер, Менің бір қарт анам бар, Неге екенін білмеймін, Сол анамды сүйемін!»;

д) досқа, бауырласқа деген рухани махаббат. Ақын шығармаларындағы бұл махаббат түрінің көрінісін оның М.Дулатовқа арнаған өлеңдер циклінен және т.б. өлеңдерінен көруге болады;

ж) жарға деген махаббат: «Білгені – қазан-ошағы, Жабайы ғана жарым бар, Сол жарымды сүйемін!».

Ақын танымындағы сүйіспеншілік – бар дүние болмысына, барша адамзат баласына деген махаббат. Ақын нені жырласа да, ғашықтықпен жырлайды. Адамдар арасындағы қарым-қатынасты бейнелеу туған табиғатқа, жер-анаға, өз ұлтына, елінің тағдырына деген сүйіспеншілігімен ажырамастай байланыста. М.Жұмабаев поэззиясы туған елімен рухани байланыс идеясы сол туған халқының болашағы үшін жеке басының амандығын, махаббатын құрбан етуге дайындығынан көрінеді.

Себебі ол жеке бас сүйіспеншілігінің құрбаны емес, еліне, жеріне, ұлтына деген махаббаттың құрбаны.

«Педагогика» оқулығында өзінің елін сүюі, яғни еліне жауыздық тілемей, ізгілік тілеу, пайда келтіріп, зиян келтірмеуді әрбір адамның қасиетті борышы ретінде атап көрсетеді: «адамның шын мағынасымен адам болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен қанағаттанбай, Жалпы адамзатты сүюі шарт», – дейді.

Осындай ойды бастап Абайдың айтқанын білеміз:

«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,

Және де хақ жолы осы деп әділетті».

М.Жұмабаев одан әрі қарай тереңдеп тек сүюге міндетті ғана емес еріксіз сүймек деп есептейді: «адам өз халқының адамдарын сүюінің үстіне басқа халықтардың адамдарын да сүюге міндетті. Міндетті ғана емес, еріксіз сүймек. Жер жүзіндегі адам адамды сүймек. Бұл адамның жаратылысындағы негізгі мінез».


Ақын жырлары туған еліне, халқына –Алашына арналған. Ол оның өткені мен бүгінгісіне, ертеңіне терең көз жіберген. Әсіресе халқының мүшкіл де қасіретті-қайғылы халін, патшаның отаршылық тепкісіне түсіп, жерінен, малынан, бас бостандығынан айырылып, зар еңіреген күйін жаны егіле жырға қосқан.

Қазағым, таянды ғой қылта мойын,

Жер,мал кетіп,бос қалды біздің қойын...

Бар жерді күннен күнге алып жатыр,

Біреулер алып қала салып жатыр.

Қырылысып өзді-өзімен қазақ сорлы,

Жерінен аузын ашып алып жатыр.

Ақын ел ішінде ауызбірлік жоғына қатты қынжылады. «Бірлік болмай ,тірілк болмайды» деген халық даналығын ескеремей, болыстыққа таласып, отаршыларға жем болып , сорлы тіршілікке мойынсынғанына налиды. Ол халқын « ауыл болсаң- қоғам бол» деп, ынтымақ-бірлікке, тату- тәтті ел болуға , надандықтан арылып, өнер-білімге, өркениетке ұмтылуға үндейді.

Отан өз ошақ басынан, өз ауылынан басталады, ақын «Сүйемін» деген өлеңінде:

Күлдей күңгірт шашы бар,

Тоқсан бесте жасы бар,

Көз дегенің-сұп-сұр көр.

Таспиық санап бүгіліп ,

Жерге қарап үңіліп,

Көрше ауыр күрсінер,

Менің бір қарт анам бар

Неге екенін білмеймін -

Сол анамды сүйемін , -

десе, ал « Туған жерім –Сасықкөл» атты өлеңінде :

...Кір жуып, кіндік кесіп сенде өскен көл,

Құрбымен ойнап күліп, кел дескен көл.

Жарысып, тайға мініп, батпаққа аунап,

Күресіп күн батқанда белдескен көл.

деп, кіндік қаны тамған, бауырында еркелеп өскен, береке-молшылық қонған туған жерін мейірлене,сүйсіне жырлаған .Сол құт дарыған Сасықкөлінің келешек тағдырына «қарашекпен келіп қалса, басыңана құсың ұшып кетер сенің»,- деп мұңая жыр арнайды Өлеңнің әрбір жолы перзенттік сүйіспеншілікке толы.

Ақын өлеңдерінде оның көңіл күйінің әр сәттері бейнеленген.Ол ел басына қалың тұман үйірілген, тығырыққа тірелген қасіретті-қайғылы шақтарында олармен бірге қайғыра-қамыға , егіле жыр төгеді. Халқының сондай сормаңдай күйіне жаны шырылдап, ортақтаса қайғырып жазған өлеңдері үшін оны «ұлтшыл», «түрікшіл» деп қуғын-сүргінге түсіреді, талай абақты азабын тартады, тар қапаста отырғанда әбден тарыққан , жаны күйінген сәттерде өлім күйін шертеді. «Мені де, өлім әлдиле» деп, өзіне өлім тілейді. Әділетсіздікке жаны түршікккен ақын жырларында пессимистік сарын қылаң береді. Бірақ ақын әсте келешектен үміт үзген емес.

«Түркістан» деген өлеңі – елім, жерім, ерім деп соққан ақын жүрегінің қайнарынан төгілген отаншылдық жырдың шынайы да шебер үлгісі.

Тұран – көне мәдениет бесігі, сәулет өнерінің кең сарай көрінісі. Нелер ұлы ақындар ордасы. Қазақ халқының өткендегі тарихы, тағдыры, мәдениеті Тұранмен ұштасып жатыр. М.Жұмабаев - өз тілін, ел дінін, мәдениетін, тарихын, жер – суын жетік білетін ақын.

Түркістан – екі дүние есігі ғой,

Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.

Тамаша Түркістандай жерде туған.

Түріктің Тәңірі берген несібі ғой.

Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе?

Түрікке адамзатта ер жеткен бе?

Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял

Тұранның ерлеріне ер жеткен бе? Ақынның еліне, жеріне деген нағыз шынайы перзенттік сезімін осы жолдардан байқауға болады.

Ол Алашын алаламай, Түркістан, Тұран – тұтас түндік, бәрі – түрік жері, қазақ жері деп есептеген. Мұнда мекендеген халықтар бір кіндіктен жаралды деп таныған. Ақын тарих қойнауына терең үңіледі. Елім деп еміренген ер азаматтарын, ел зиялыларын асқан сүйіспеншілікпен жыр етеді.Осы жерде Алаштың абзал азаматтары Шыңғыс хан, Асқақ Темір, Ұлықбек, Ибн Сина Әбуғали, Әл – Фараби, Қасым хан, Есім хан, Тәуке, Абылай секілді даналарын сүйсіне еске алып, ұрпағына үлгі етеді.

Тумайды адамзатта Шыңғыстай ер,

Данышпан, тұңғиық ой, болат жігер.

Шыңғыстай арыстанның құр аты да,

Адамның жүрегіне жігер берер.

Бұл Тұран ежелден-ақ Алаш жері,

Тұрансыз тарқамаған алаш шері.

Тұранның топырағында тыныштық тапқан

Алаштың арыстаны – Абылай ері.

Мағжан –халқының болашағына сенген, келешектен зор үміт күткен. Кейінгі ұрпақ шуақты күн шапағатына бөленетініне сенім білдірген. Мағжан – ұлтжанды ақын.

Ол бүкіл ақындық талантын ұлтына, Алашына бағыштаған. Ол әрдайым халқының адал перзенті болған.

Алаш жұртын бөлмей, оған өз жүрек жылуын, жан мүпілін білдіре жырлайды. Өлең жолдарындағы әсем сөз маржандары оқушыны сұлулық әлеміне ендіріп, сүйіспеншілік сезімге бөлейді. Түркістанның 1500 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланды. Той 2000 жылы 19 қазанда өтті. Осының өзінен-ақ Түркістан жерінің тарихи тамыры тереңде жатқанын байқауымызға болады.

Мағжанның «Батыр Баян» поэмасын қазақтың біртуар жазушысы Жүсіпбек Аймауытов аса жоғары бағалаған. «Батыр Баян»,- дейді жазушы,-қазақ әдебиетінде дастан жанрындағы шоқтығы биік туынды. Поэма халқымыздың жері үшін, елінің бүгінгі, тәуелсіздігі жолындағы қаһармандық, ерлік күресіне арналған».

Дастанда « Алашқа ауыр күнде пана болған» Абылайдың , оның «болат тұяқ бедеу мінген» батырларының ерен ерліктері бейнеленген. Дастанның бас кейіпкері –Баян батыр.

«Күңіренген жырларыменен мен ризамын,

Алаштың жоқтай білсем Баян-айын».

Баян-Абылай ханның сүйікті батырларының бірі әрі бірегейі. Ол қанды шайқастарда елінің тәуелсіздігі жолында талай ерлік көрсеткен еді.

Поэмада Баян батырлығымен ғана емес, жан тазалығымен, ізгілігімен көрінген. Оның сол адамгершілік , азаматтық қасиеті Ноян мен қалмақ қызының еліне де, өзіне де жасаған опасыздығы үстінде көрінеді. Олардың осынау найсап қылықтары батыр жанына қатты батады,намысына тиді. Баян есінен адасқандай. Оны есінен адастырған, біріншіден, қалмақтың періштедей сұлу қызының өзінің адал махаббатына опасыздығы болса, екіншіден, ең бастысы, туған інісінің қалмақ қызының арбауына түсіп, ел намысын, Алаш намысын таптап кеткені. Екеуінің бұл қылығын батыр кешіре алмады. Екеуін де өлімге қиды. Ышқынған ашу үстінде кешірімсіз қылық жасағанына өкіне , зарлай жас төгеді.

...Буынып сол боз үйден шықпай өлмей,

Атылып оқ жыландай тұрдым неге?!

Сұлу-ай, қалмай маған ердің неге,

Жыландай бауырыма кірдім неге?

Батырдың сол сәттегі жан толқынысын ақын тебірене жырлаған.

4. М.Жұмабаев шығармаларындағы «Әйел» тақырыбы-ұлтжандылықтың бір көрінісі

Мағжандай азамат ақынды «Әлемнің тірегі-әйел» тағдыры да ойландырады «Жәмила», «Зарлы сұлу», «Шын сорлы», «Алданған сұлу» «Жас келін» т.б. өлеңдерінде әйел адамының аянышты халін өте ауыр көрсете отырып, әйелмен мұңдасқандай, мұң, зар бар.

Жәмила мұнша неге жүдедің,

Бетіңде тамшы қан жоқ қой

Сарғаймашы, бауырым?-деп іші-бауыры елжіреп, қатты аяйды. Ақынның әйел теңдігі тақырыбына жазған өлеңдерінің ең асылы қара сөзбен жазған «Домбыра» өлеңі. «Түн... Жалғыз домбыраның ғана даусы естіледі... Әйел даусы... Бізден сорлы жалғанда жан бар ма екен?.. Аз өмірін у жұтып өткізген сорлы сұлу. (2 б 60-бет) Осы сөйлемдердің ішіне бүкіл қазақ әйелдерінің өткен өміріндегі қара түнек тағдыры сыйып кеткендей.

Теңдік орнап, әйел бостандық алып, жаңа заманның жаңалықтарына жатсынбай еселі еңбекке араласып кеткен жас аруларды мақтан тұтады.

Мынау ту, кімнің туы-әйел туы,

Енді әйел азат ұшқан көлдің қуы.

Улаған жанымызды сансыз жылдар,

Жойылды бүгінгі күн қасірет уы,- дейді.

Қазақ қызының мерейін өз мерейі санайды.

«Құрметті қарындас» өлеңінде:

5.Түркі халықтарының рухани және мәдени бірлігін жырлауы

Ақынды өлең өлкесіне қадам басып содан соңғы демі үзілгенше туған халқының, бүкіл түркі жұртының, Шығыс мәдениетінің, жалпы адамзаттың тағдыры толғандырды. Ес білгеннен көкжиекке дейін керілген кең байтақ даланы тамашалап, еркін өскен, елінің өткен даңқты тарихы мен ертегі-аңыздарын құлағына құйып ер жеткен Мағжан бойында, әуелден-ақ, өршіл ұлттық рух кемерінен асып төгіледі. Олай деуімізге тағы бір себеп:

Мағжан жастайынан батырлар жырын сүйіп жаттап санасына әбден сіңіріп өсті. Ондағы көркем үнді, Отанды сүю, елін жаудан қорғау, халқын құрметтеу секілді сыршылдық сезімдерін  көңіліне тоқып, оларды өз шығармашылығында, әсіресе поэмаларына «тамызық» ретінде пайдаланды.  Мен кім? Астарлы ойдың тұнығына шомылған әрбір пенденің түптің түбінде осындай сұраққа кез болары анық. Ал Мағжан Жұмабаев риторикалық сұрақпен берілген «Мен кім?» өлеңінде  ерекше жігерімен, асқақ рухпен былай жауап  береді:
Мен өлмеймін, менікі де өлмейді,
Надан адам өлім жоғын білмейді.
Өзім - патша, өзім-қазы, өзім- би,
Қандай ессіз не қылдың деп тергейді?

Бұл романтикалық асқақ шумақтардан ақынның өз күшіне, өз талантына, керек десеңіз, тағдырына кәміл сенетінін байқаймыз.

Мұның алдында: «Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?

Жолбарыспын маған қарсы кім тұрар»-

деген жолдар бар. Осының бәрі асып-тасудың, астамдылықтың реті емес, асылдылықтың, жайдың жасылындай өткірліктің жөні.

Ақын сөзі ащы шындықтың айнасы болып отырған, өзі оны түсінген де, білген де. Асыл сөздің қадірменді иесі бар екенін кәміл ұққан. Ол- парасат қайнары, мейірбан жүректі туған елі еді. Мағжан ақын бар өмірін, өнерін, білімін сол туған халқына, еліне арнады және сол жолда сарп етті.

( 4 . 6- бет) Ол өмірде азамат боп қалыптасу үшін бар жан-тәнімен туған елін,туған тілін, тарихын, салт-дәстүрін сүйе біліп, оны өлең өлкесіне әкеліп өзгеше өрнектермен өре білді. Сондықтан да ол нені жырлап, нені сөз етсе де, ешкімге ұқсамайды. Кез келген лирикалық өлеңін оқи отырып, ой тұңғиығына қалай батып кеткеніңді байқамай қаласың. Адамды өзіне еріксіз баурап алады. Өлеңінің құдіреттілігі сол, оқи отырып, ұқтыра отырып, адамның жан-жүрегін рухани тазартуға болады.

Мағжан Жұмабаев — тек бір ұлттың ішкі әлеуметтік мәселелерімен шектеліп қалмаған. Дана ақын ойы қазақтың кең даласынан жоғары көтеріліп, бүкіл әлемді шарлап кетеді:

Адамзат баласына енді көштім:
Япыр-ай, осындай-ау адам-дағы
Бірі күшті, біреуі жаман-дағы
Күштісі әлімжеттік қылғаннан соң,
Дүние де жақсылықтан аман-дағы”.

Иә, адамзат қауымындағы Мағжан заманында болған негізгі қайшылықтар бір ғасыр өтсе де шешімін тапқан жоқ. Керісінше, жиырма бірінші ғасырдың басында олар әлдеқайда күрделене түскен сыңайлы.

Бүгінгі жаһандану заманында талай елдің алдында тұрған осынау сауалдардың жауабы кезінде Мағжан ақынды да толғандырыпты. Қандай жауап тапқан дейсіздер ғой. Ол, міне, мынау:

Күшсіздер де тырысып, қатар болсын!
Дедім де жөнелдім мен қолым сермей!”

Қалай “тырысады”, қалай “қатар болады”? Әрине, өзін-өзі дамыту, содан соң бір-бірімен бірігу арқылы.

Мағжанның жұрттың бәрі айтып жүрген “түркішілдік” идеясы, яғни түркі халықтарының рухани және мәдени бірлігін жырлауы, міне, осыдан шыққан.

От сөніп жүректегі құрыды ма?
Қайнаған тамырдағы ата қаны?!
Бауырым! Сен о жақта, мен бұ жақта Қайғыдан қан жұтамыз.

Біздің атқа лайық па құл боп тұру?
Жүр, кетелік Алтайға, ата мирас алтын таққа”.

Алтай – түркі халықтарының бір алтын бесігі, өз тарихында мың өліп, мың тірілген ұлысқа пана болған, жойылып бара жатқан тәуелсіз елдігін сан мәрте қайтадан қалпына келтіруге қуат берген құтты мекен.

Кезінде сақтар да, ғұндар да, түркілер де, тіпті, Шыңғыс хан да сол Алтайдан шығып, әлемнің жартысын жаулап алған. Мағжан ақын да сол даңқты оқиғаларды түркі жұртының жадына түсіріп, “күштілермен қатар болғымыз келсе қайта бірігейік” деп жар салады. (5. 56, 57 – бет) Қазір қырықтан аса халық болып қалыптасқан барлық түркі жұртының әрбір баласы үшін жер бетінде ыстық та, қастерлі екі мекені бар. Оның бірі — жоғарыда өзіміз айтқан Алтай, екіншісі — Түркістан. Енді осы түркі халқының шығу тарихына тоқталар болсақ, атақты ғұлама ойшыл М.Қашқари өзінің түркі сөздігінде «Түрк»: түрік- Тәңірі жарылқаушы Нұқтың ұлының есімі. Бұл тәңірдің Нұқтың ұлы түрк балаларына берген есімі. Ұлы тәңірі: «Менің бір тайпа қосыным бар, оларды түрік деп атадым, оларды күншығысқа орналастырдым. Бір ұлысқа ашуланып, назалансам, түріктерді соларға қарсы саламын», -депті. Бұл жай олардың басқа жұртқа қарағанда үстем екендігін көрсетеді. Сондықтан да Тәңірдің өзі оларға ат берген, жер жүзінің ең биік, ыңғайлы, ең әуесі таза шұрайлы өлкелеріне Мағжан ақын бар өмірін, өнерін, білгенін сол туған халқына,еліне арнаған. Өзі де, өлеңі де қиын-қыстау тауқымет жолын көп кешкен. Жиырмасыншы ғасырдың бас кезіндегі шытырман оқиғалардың бәріне Мағжан куә. Олардың бәрін ақын ой елегінен,өлең өрнегінен өткізіп отырған. Қай сәтте болса да ақын үлкен ой , ойлану, толғану үстінде. Қандай өзгерістер , жаңалықтар туып-өңіп жатса да, ақын жаны күйзелісте , жүрегі оған елжірей қоймайды. Өйткені негізгі мәселе – қазақ елі мен жерінің тағдыры ақын түсінігінде баз-баяғы жүдеу қалпында. Бұрынғы қаймағы бұзылмаған қазақ халін еске алады, соны жырлайды. Сол 1912 жылғы «Шолпан» жинағына басылған бір өлеңінде ақын:

Ойламай біздің қазақ текке жатыр,

Бір іске жанаса алмай шетте жатыр.

Азырақ, көз жүгіртіп қарап тұрсаң,

Қазекең таң қаларлық кепте жатыр,-

дейді. Алғашқыда бұл «Жатыр» деген өлең 1911 жылы «Айқап» журналының 2-ші санында басылған.

Сол тұстағы ақын өлеңдерінің көпшілігі осы сипаттас болып келеді. Оқу-өнерден кемшін қалған қазақ елінің жай күйі қапаландырады, толғандырады, кейде тіпті ашындырады.

Ақындық қайрат, өжеттілік те осындай ащы шындықтан бастау алып, асып-тасып жатқандай.

«Жан сөзі» деген әйгілі өлеңінде (1920ж):

Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған:


Болғайсың, сыншы болсаң, әділ сыншы,

Кінәні жүрекке қой, қойма маған,- деуінің де төркіні сонда.

Мағжан өз тегін де, өз жерін де ардақтаумен өткен, өмірдегі азаматтық орнын адақтауға ұмтылған, өлең сөзді асыл маржандай терген, сұлу жырымен оқырман жүрегін баураған, ал өзі болса, өне бойы қапаста, қайғы мен қасіретте өмір кешіп, ақырында мүлт кеткен, өзі айтатындай, соры арылмаған халқының зарлы перзенті.

«Өлеңді музыкаға айналдырған, дыбыстан сурет тұрғызғын, сөзге жан бітірген, жаңа өлшеулер шығарған» Мағжанның осындай қасиеттерін, ішкі шығармашылық құдіретін жұрттан бұрын байқаған әрі аса жоғары бағалаған Мұхтар Әуезов: «Мағжан мәдениеті зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілдігіне қарағанда бұл бір заманның тегінен асқандай, сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай... Сондықтан бүгінгі күнннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз- Мағжанның сөзі.

Одан басқамыздың бәріміздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін» деп жазды. Мағжан Жұмабаевтың алғашқы өлеңдері ағартушылық сарында жазылған. Ол түсінікті еді. Мағжан өмір сүрген уақыт қаншалықты күрделі саяси , қоғамдық тақырыптарда алға тартқанымен, оның алдындағы Шоқан, Ыбырай, Абайлар бастап кеткен ағартушылық ой-пиғыл бұл кезең әдебиетінде басымдау жатты. Мағжанның қазақ халқының ұлы перзенттеріне арнаған өлең жырлары бір сала. Ақын өткендегі халық даналарын, әйгілі ел басшыларын, ел қорғаны батырларын,күміс көмей шешен-билерін ,ақын-жырауларын асқан ілтипатпен,олардың аруақтарына бас иіп, ірі де кесек тұлғалар етіп бейнелеген. Ақынның «Түркістан», « Алтын хакім Абайға», Міржақып Дулатовқа арнаған өлеңдерінен мұны анық байқауға болады. Мағжанның бұл өлеңдерінен шәкірттер үшін танымдық,тәрбиелік мәні зор.

Мағжан да Абай дәстүрінде жыр жазды, ұлы ұстаз үлгісін жалғастырды. Алғашқы өлеңдерінің бірін «Алтын хакім Абайға» деп атауының өзінен ақынның ұлы Абайды ерекше құрмет тұтқаны сезіледі.

«Шын хәкім, сөзің асыл-баға жетпес,

Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.

Қарадан хәкім болған сендей жанның

Әлемнің құлағынан әні кетпес».

Өз өлеңдерінде қазақ арасындағы әр түрлі келеңсіз мінез-құлықты, әрекетсіздік пен жалқаулықты, сауатсыздықты сынайды. Елін білім алуға, өнер үйренуге шақырады. «Жазғы таң», «Өнер-білім қайтсе табылар», «Қазағым» , т.б. өлеңдерінде ақын осы тақырыпты көтереді. Мағжанның ағартушылық сарындағы өлеңдерінің арасында ел мен жер тағдырына алаңдаушылық жатады. Ақын туған елін сүйді, туған жерінің әрбір пұшпағын жүрегіне жақын тұтты. Ол:

Басқа жұрт аспан-көкке асып жатыр,

Кілтін өнер-білім ашып жатыр , -дей келіп, қазақ арасында мұндай ұмтылыстың әлі де жоқ екеніне өзегі өртенеді.

Мағжанның азаматтық парасатынан туындаған арман-мақсаттар бұдан әлде қайда биік.

Мағжан-ұлтын тереңнен сүйген ақын. «Адам,-дейді ол, –шын адам боламын десе, халық ісі, халық пайдасы жолында құрбан бола білсін». Ақынның өзі де осы ізгі мақсатының құрбаны болды.

М.Жұмабаев:

«Не көрсем де алаш үшін көргенім,

Маған атақ ұлтым үшін өлгенім!

Мен өлсем де, алаш өлмес, көркейер,

Істей берсін қолдарынан келгенін!» – деп [М.Ж. 1.Т.88-б.] келетін өз позициясын адам жанының, психологиялық әлемінің құпия құбылыстарын суреттеу арқылы жеке адам мен ұлт тағдырын бірлікте қарастырып, түсіндіреді. Ендеше сол кезеңдегі ұлты үшін жан қиған ақынның ұраны халқын жетелеп, күш беріп, арманы, тілегі бүгінгі күнмен сабақтастықта жүзеге асып, ұлттық тұлғасы, оның тілдік шығармалары арқылы сомдалып, ұлттық тілдік тұлғаға айналды деп айтуға болады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1339
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі