Ресей шаруашылығы.Өнеркәсібі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ресей шаруашылығы.Өнеркәсібі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ресей шаруашылығының жалпы сипатын білу. Өнеркәсібінің негізгі маманданған және қосалқы салаларының даму деңгейін түсіну. Оқушыларды топқа бөліп, тапсырмалар беру арқылы өз бетінше білім алуға көмектесу .
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Күні:

Сыныбы: 10. Пәні: География.

1.Сабақтың тақырыбы: Ресей шаруашылығы.Өнеркәсібі.

2.Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі: Ресей шаруашылығының жалпы сипатын білу. Өнеркәсібінің негізгі маманданған және қосалқы салаларының даму деңгейін түсіну. Оқушыларды топқа бөліп, тапсырмалар беру арқылы өз бетінше білім алуға көмектесу .

3.Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: кластер, ассоциация, кубизм стр-ры, жуан және жіңішке сұрақтар, жеке жұмыс,топтық жұмыс.

4.Сабақтың нәтижесі:

Білу: Ресей шаруашылығының жалпы сипатын біледі.

Түсіну: Өнеркәсібінің негізгі маманданған және қосалқы салаларының даму деңгейін түсінеді. Қолдану: Оқушылар өздігінен білім алуды үйренеді , картамен жұмыс істеу дағдысы қалыптасып, мәтін бойынша берілген тапсырмаларды ой електерінен өткізіп, талдай алатын болады, өзіндік ой қалыптасады .

5.Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау: екі жұлдыз, бір тілек.

6.Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс-талабын есепке алу: Мақсаттардың орындалуы үшін оқушыларға қолдау, көмек көрсетемін.

7.Реурстар мен жабдықтар: оқулық, карта, постер,суреттер, интернет материалдары.

Сабақ барысы

Уа-қыт

Бөлім

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

5 мин

Кіріспе

1.Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін мұғалім оқушылармен амандасады, сергіту сәтін жасайды. Мұғалім оқушыларды топтарға бөледі

2. Үй тапсырмасы бойынша Ресей республикаларының халқы мен оның құрамы тақырыбы бойынша дайындаған хабарламаларын оқытып, оқушылардың өздеріне бағалатады.

3.Оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау.

1.Оқушылар сергіту сәтін жасайды,топтарға бөлінеді.

2.Оқушылар үй тапсырмасы бойынша Ресей республикаларының халқы мен оның құрамы тақырыбы бойынша дайындаған хабарламаларын оқып, сұрақтарға жауап береді.

20 мин

Тұсаукеср

1. Тақтаға « шаруашылық» және өндірістік, өндірістік емес сфера сөздеріне кластер жазуды тапсырады.


1.Оқушылар берілген тапсырманы орындап, өз ойларын интерактивті тақтаға ақ флипчартқа түсіреді.

15

мин

Негізгі

бөлім


1. Мағынаны тану

Жаңа тақырыпты оқып шығуға бес минут уақыт беріледі. Оқып болған соң, тақырып мазмұны төмендегі кубизм стратегиясы бойынша ашылады.

Кубизм стратегиясы

1. Шаруашылық салалары - зерттеу

2. Отын - энергетика - сипаттау

3. Металлургия және машина жасау - талдау

4. Өнеркәсіптің басқа салалары - салыстыру

Мағынаны дамыту

1. Бүгінгі сабақтан алған білімді тексеру үшін берілетін жуан және жіңішке сұрақтар интерактивті тақтада жазылған. Кезек оқып, оқушылар жауап береді. Мазмұны төмендегідей.

1. Ресей елінің шаруашылығының жіктелуі. 2. Ел жалпы ішкі өнім өндіруден дүние жүзінде нешінші орында. 3. Шаруашылық салаларындағы жетекші орындағы өнеркәсіпті атаңдар. 4. Отын - энергетика кешені қандай процестерді қамтиды. 5. Елдің отын балансының құрылымы қандай. 6. Мұнай өнеркәсібінің негізгі базалары, мұнайдың әлемдік қордағы үлесі. 7. Елдегі мұнайдың неше проценті экспортталады? 8. Негізгі көмір базаларын атаңдар, қоры жөнінен нешінші орында? 9. Су электр станциялары қандай өзендерде салынған, энергияның неше процентін құрайды. 10. Елдегі газ қандай елдерге шығарылады, өндіру базаларын картадан көрсетіңдер?

1.Оқушылар бүгінгі сабақтың негізгі түйінді идеясын айтып қорытындылайды.

2. Жуан және жіңішке сұрақтарға жауап береді.

3. .Оқушылар тапсырмалардың орындалуына қарай, бірін-бірі бағалайды.

5

мин

Қорытынды

1. Мұғалім сабақты қорытындылайды.

2.Үйге тап-ма: §48 оқу, Отын өнеркәсібі және қоршаған орта (шағын жоба қорғау)

1. Оқушылар табыс ағашына бүгінгі сабақтан алған әсерін стикерлерге жазып, кері байланыс жасайды.



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.10.2018
824
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі