Материалдар / Рөлдік ойындар арқылы ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру
Аттестацияға арналған Педагогтердің портфолиосын бағалау парағы
ДАЙЫН МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ!
Жүктеп алу
МАТЕРИАЛДЫ ТЕГІН ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ!

Рөлдік ойындар арқылы ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Омарова Шолпан Шамшатовна «№14 «Қонжық» бөбекжай-балабақшасы» МКҚК Бүгінгі таңда жалпы білім беретін орта мектеп жаңа қоғам мектебі, болашақ мектебі , яғни саналы халықтық мәдениетке бағытталған, баланың жекебасының дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына жағдай жасайтын, бәсекеге қабілетті, елдің ертеңі болатын жас ұрпақты өсіріп, дамытатын мектеп болуы тиіс.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Маусым 2022
514
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Рөлдік ойындар арқылы ерекше білім беруге

қажеттілігі бар балалардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру

Омарова Шолпан Шамшатовна

«№14 «Қонжық» бөбекжай-балабақшасы» МКҚК


Бүгінгі таңда жалпы білім беретін орта мектеп жаңа қоғам мектебі, болашақ мектебі , яғни саналы халықтық мәдениетке бағытталған, баланың жекебасының дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына жағдай жасайтын, бәсекеге қабілетті, елдің ертеңі болатын жас ұрпақты өсіріп, дамытатын мектеп болуы тиіс.

Жалпы орта білім беретін мектептерде үлгерімі төмен оқушылардың елу пайызы ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың құрайтындығы бүгінгі күні ғылыми түрде дәлелденіп отыр. К. С. Лебединская, В. И. Лубовской, т. б дефектологтар зерттеулерінде балалардың жас мөлшері бірдей болғанымен, психикалық дамуы әртүрлі, яғни интеллектуалды қабілетінің жасына сәйкес келмейтіндігін ерекше атап көрсетілген.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттеріне: білім бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау және жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жекебасының дамуы үшін жағдай жасау арқылы парасатты байыту», - деп атап көрсеткен. Осыған байланысты қоғам алдына оқушының жекебасын үйлесімді дамытуға бағыттайтын міндеттер қойылып отыр. Отанымыздың әрбір болашақ азаматын жан-жақты тәрбиелеп, білім беру арқылы дамыту ең жауапты іс.

Д.Эльконин бала психикасының дамуында ойынды «Жетекші іс-әрекет» сөз тіркесімен сипаттайды. Д.Эльконин еңбектері балалар ойынның әлеуметтік табиғатын ерекше мәдени құрылым ретінде түсіндіреді, ол ойынды ересектердің қоғамдық өмірін бейнелеу деп анықтайды.

Психикалық дамуының негізгі бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейі, яғни, зейіні, есте сақтауы, ойлауы, кеңістікті бағдарлауы төмен болып келеді. Осы себептерге байланысты психикасы дамуы тежелген (ПДТ) балалардың оку үлгерімі төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушілігі жеті - сегіз жастан анық байқалады. Оның негізгі белгілері: сабаққа белсенділігі байқалмайды, берілген тапсырмаларды үлкендердің көмегінсіз дұрыс орындай алмайды, сыныптастарымен аз араласады, өз ойын ашық айта алмайды, оқу мен жазу, есептеулерде көп қателер жібереді, тез шаршағыш, зейіні тұрақсыз болады, өз өзін төмен бағалауы; қоршаған ортаға сенбеушілікпен қарауы; өз күшіне деген сенімсіздігі. Қазіргі таңда елімізде арнайы білім бердуді қажет ететін балаларға арнайы білім беруді қажет ететін балаларға арнайы мектептер мен жалпы мектептердің ішінен арнайы сыныптар ашылуда.

Арнайы білім беруді қажет ететін балаларды оқыту - түзету процесінде әдістемелік нұс-қауларды дұрыс және жоғары деңгейде ұйымдастырып, төмендегі жұмыс түрлеріне көңіл бөлу керек:

  • Жалпы білім беру циклі сабақтарында, сондай - ақ арнайы оқыту кезінде әр баламен жеке жұмыс жүргізу;

  • Түрліше әдіс, тәсілдермен қажудың алдын алу, яғни, ақыл - ой мен тәжірибелік жұмыстарды алмастырып отыру;

  • Қызықты және әсемделген дидактикалық заттарды дайындау, көрнекіліктің түрліше әдіс тәсілдерін қолдану;

  • Баланың білім алу іскерлігін барынша белсенді етіп, олардың сөйлеуін дамытатын және оқу іскерлігіне қажетті дағдыны қалыптастыру әдістерін қолдану;

  • Дайындық (оқу бағдарламаның нақты бір бөлігін меңгеруге) жұмыстарын жүргізу және қоршаған орта жайлы білімдерін кеңейтуді қамтамасыз ету;

Оқуда және оқудан тыс кездерде баланың барлық іскерлігінің түрін дер кезінде, қажетті жағдайға сәйкес үздіксіз түзетілуіне көңіл

аудару.

Білім беру мекемесінде оқитын ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың әр уақытта нәтижеге жету үшін бақылаудан тыс қалмауы қажет. Сонымен бірге әр баланың физиологиялық, психологиялық жас ерекшеліктерін ескере отырып, сынып жетекшісі, психилог, логопед,дефектолог және ата-ана тығыз байланыста болып, түзету жұмыстары тиімді жүргізілген жағдайда жұмысымыз нәтижелі болады. Психикалық дамуы тежелген балалардың ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып, балаларды мүмкіндіктеріне қарай дамыту, оларға сеніммен қарап, жеке тұлға ретінде өмірге бейімдеу, оқытудың тиімді тәсілдерін іздестіру, пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі жұмыстар атқарылады.

Қазіргі озық технология заманында ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардызаман талабына сай, түрлі әлеуметтік жағдайлардан адаспай, дұрыс жол таба алатын, еңбеккор азамат етіп қалай әзірлеп шығаруға болады деген сұрақ жұмыс жүрген әрбір ұстазды шығармашылық жұмыстар мен инновациялық технология әдіс-тәсілдерін іздеуге итермелейді. Сабақта ойын әдіс-тәсілдерін қолданып, мүмкіндігі шектеулі балдармен, көбінесе, ойын арқылы жұмыс жасаған тиімді. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді. Ойнай жүріп балалар қоршаған орта жайлы білімдерін толықтырады, дербес шешім қабылдауға дағдыланады, ойлау барысында ұтқырлық пен тапқырлық танытады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Түрлі ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттыру мен қатар ерік, сезім түрлерін де дамытады.

Соның ішіндегі ең бір маңызды да қолайлы тәсіл - рөлдік ойындар арқылы ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру. Рөлдік ойын - бұл өмірлік жағдайлардың



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!