"Рухани- өнегелі тәрбие"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Рухани- өнегелі тәрбие"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

"Рухани- өнегелі тәрбие"
«Адамға ең бірінші білім емес, рухани –өнегелі тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз білім - адамзаттың қас жауы, ол берілген келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі...» Әбу Насыр Әл-Фараби .
Өскелең жас ұрпақты рухани-өнегелі қасиеттерге тәрбиелеу мәселесі қазіргі заманымызда өзекті болып отыр. Балаларға білім беруде, адамгершіліктің ең құнды қасиеттерін бойына сіңіріп тәрбиелеуде, білім мекемелерінен, тәрбиешілерден, ұстаздардан, ата-аналардан шығармашылықты талап етеді. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі бала. Бала - жасы кәмелетке толмаған, жан - жақты тәрбиені қажет ететін, болашағынан көп үміт күттіретін жеке тұлға. Ал, баланың жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, тәрбие берушілер ата-ана, жанұя, араласатын ортасы, жолдастары, балабақша және мектеп.Жеке баланың бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынасы, мәдениеттілігі жанұядан алынады. Сондықтан жанұя бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.
Осы ұжымның әрбір мүшесі өзара сүйіспеншілікпен, береке-бірлікпен, сыйластықпен бала тәрбиесіне араласса, кәмелетке толғаннан кейін саналы, тәрбиелі жеке тұлға пайда болады. Ал, баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі, тату, берік отбасының әсері мол, себебі оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен ауыстыруға болмайтын баспалдақ.
Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз.
Рухани өнегелі бала ұқыпты, ұстамды, мейірімді, сыпайы, білімді, мәдениетті болуы керек.
Әкем, анам үлкенді сыйла деген,
Сол сөз маған ізгілік, құйған ерен.
Үлкендерден ауысқан, кішілікті,
Үлкендердің өзіне сыйға берем.
Осы астарлы сөзді әрқашанда ұмытпайық.
Әр бала-дара тұлға. Бала тәрбиесінде жаман қылықтар көрсетуден аулақ болып, балаға өнеге бола алсақ- жан-жақты дамыған, шығармашылық қызығуы бар ұрпақ тәрбиелей аламыз.


ЖШС «Рауан» балабақшасы тәрбиешісі: Ж.Кошманова

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.07.2018
411
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі