РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ТӘРБИЕЛЕУ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ТӘРБИЕЛЕУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде оқушыларды әлеуметтік жауапты тұлға ретінде тәрбиелеу мәселелері қарастырылады. Оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу арқылы әлеуметтік тұлға дайындауды мақсат еткен бұл мақалада қазіргі өзгермелі замандағы рухани қоғамның бірлігі, жастардың өмірлік басымдықтарының жайы, рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің өзекті мәселелелері және әдіс-тәсілдері, оны қолдану жолдары ұсынылады. Тақырыптың өзектілігін ашуда өкімет қарарлары, мазмұнын ашуда түрлі әдебиеттер орынды қолданылып, қорытынды нәтижелері берілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ТӘРБИЕЛЕУ


Г.Б. Жалбырова1, П.Н. Султангалиева2, Жапарова І.Қ.3,


1Бастауыш сынып мұғалімі, Малшыбай селосының № 15 орта мектебі Ұлытау облысы, Қазақстан

2Ағылшын тілі мұғалімі, «Ы.Алтынсарин ат. мектеп-лицейі» КММ, Сәтбаев қаласы, Қазақстан

3Бастауыш сыныпта шетел тілінің мұғалімі, «№16 жалпы білім беретін мектебі» КММ, Сәтпаев қаласы, Қазақстан


Аңдатпа. Мақалада рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде оқушыларды әлеуметтік жауапты тұлға ретінде тәрбиелеу мәселелері қарастырылады. Оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу арқылы әлеуметтік тұлға дайындауды мақсат еткен бұл мақалада қазіргі өзгермелі замандағы рухани қоғамның бірлігі, жастардың өмірлік басымдықтарының жайы, рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің өзекті мәселелелері және әдіс-тәсілдері, оны қолдану жолдары ұсынылады. Тақырыптың өзектілігін ашуда өкімет қарарлары, мазмұнын ашуда түрлі әдебиеттер орынды қолданылып, қорытынды нәтижелері берілген.

Түйін сөздер: тәрбиелеу, баланың әлеуметтенуі, ұлттық құндылықтар, рухани-адамгершілік тәрбие, рухани бірлік, әлеуметтік жауапты тұлға.


Қазақстан Республикасының Ата заңына сәйкес, адам құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық екені белгілі. Онда әр адам еркiндiкті, теңдiк пен татулықты сезініп, «бейбiтшiл азаматтық қоғамда, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды», қазіргі және болашақ ұрпақтар алдында жоғары жауапкершілікті сезіну қажеттігіне баса назар аударылады [1].

Осы орайда мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың биылғы жылғы Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік және балаларды қорғау ісіне соңғы кездері айрықша көңіл бөлініп отырғаны ерекше айтылып отыр. Олай дейтініміз, биылғы жылы ұлттық қордан кәмелетке толмаған балалардың есепшотына белгілі бір сомада қаржы аударуға, балалар мен аналардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде арнайы заң қабылданғаны осының дәлелі [2].

Қазіргі уақытта мектепте оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудың деңгейі біліммен қамтамасыз етуге көбірек бағытталған. Осыған байланысты ұлы педагог К.Д. Ушинский айтқан сөздерді еске сала кетейік: «Моральдық ықпал білімнің басты міндеті, ол басты білімге толтырудан әлдеқайда маңызды...» [3]. Оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту, зайырлы және педагогикалық мәдениетті байланыстыра отырып, жете меңгерген болашақ маманның рухани қалыптасуы мен дамуына бағытталған білім негіздерімен қамтамасыз ету білім беру ұйымдарының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

Сонымен қатар мұғалімдердің кәсіби шеберліктері мен біліктілігін арттыруға, әлеуметтік мәртебесін көтеруге көңіл бөлуді басты назарда ұстауда. Өйткені еліміздің өркендеуіне жол ашатын бірден бір нәрсе, ол – заманға лайық білімді ұрпақ тәрбиелеу екенін біледі. Сол себепті, білім сапасын жоғарылату, заманауи жабдықталған мектептер салу, оны басқаратын озық жүйесіне ұстаздар да лайықты болу керектігі ескеріледі. Сондықтан педагогикалық жоғары оқу орындарына сол мамандықты қалайтын талапты, қабілетті жастарды қабылдау негізге алыну қажеттігі басты назарда болуына үлкен көңіл бөлінуде. Осы тұста мектепке дейінгі тәрбие беру және оқытуды қолға алып, баланы мектепке даярлау мәселелеріне көңіл бөлу, ата-аналардың жауапкершілігін арттыруға байланысты талаптар қою қажет болады. Сондықтан мектеп жасына дейінгі әр балаға бөлінетін қаражаттың мұқтаж отбасына берілуін, мемлекеттік көмекпен шынайы қамтамасыз етіп, халықтың әлеуетін арттыруға қол жеткізіледі.

Тұлғаның рухани-адамгершілік мәдениеті дегеніміз – оның ішкі әлемінің тұтастығы мен үйлесімділігін, өзінен тыс қарап, сыртқы әлеммен қарым-қатынасын үйлестіру қабілетін көрсететін күрделі білім, адамның санасы мен өзін-өзі тануының сапалық сипаттамалары [4].

Жалпы әлеуметтік тұрғыдан жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсетуде мемлекет біршама игілікті істер атқаруда. Балаларға берілетін әлеуметтік шығыстарды біртіндеп ұлғайтып, бюджеттің біршама бөлігін әлеуметтік салаға жұмсауды қамтамасыз етуде. Көп балалы отбасыларды қолдау мақсатында сәби күтіміне берілетін арнайы өтемақыны бір жылдан бір жарым жылға дейін ұзарту осыған дәлел болып отыр.

Бұл мемлекеттің Әділетті Қазақстанды құру жолындағы бір жетістігі. Жалпы ұлтымызды, елімізді біріктіретін нәрсе – халықтың рухани бірлігі мен адамгершілік құндылықтары. Сол үшін ең алдымен экономикалық тұрақтылық болғанда ғана қоғам алдына ауқымды мемлекеттік міндеттерді қоюға және шешуге қабілетті болады. Ол моральдық нұсқаулардың ортақ жүйесі болған кезде, ел өз ана тілін, ұлттық дәстүрін, мәдениетін құрметтейді.

Рухани-адамгершілік тәрбиені дамыту барысында көптеген әдіс- тәсілдерді қолдануға болады. Солардың бірнешеуін атап өтсек, олар: мысал әдісі, жаттығу әдісі, сендіру әдісі, ынталандыру әдісі, т.б.

Мысал әдісі мінез-құлықтың дайын үлгісін, мысалы, белгілі бір тұлғаның жақсы қасиеттері мен жеткен жетістіктерін үлгі ету арқылы тәрбиелеуде көрінеді.

Жаттығу әдісінде жақсы әрекетті бірнеше рет қайталау арқылы бала бойында тұрақты мінез-құлық қалыптастыруда қолданылады.

Сендіру әдісі адамға ықпал ету арқылы оқушының санасына ықпал етсе, ынталандыру әдісі бала жанына жағымды сөздер арқылы адамгершілік мінез-құлықты қалыптастыру: демек, мақұлдау, мақтау, ризашылық білдіру кезінде көрінеді.

Рухани-адамгершілікте басты рөл атқарушы тәрбие болып табылады. Тәрбие қоғамның бірлігін, әлеуметтiк ынтымақтастықты нығайтуды, баланың өмірге деген сенімінің деңгейін арттырады. Ал жеке құндылықтар бейресми қауымдарда, түрлі іс-әрекеттерде, әскери қызметін атқарғанда, БАҚ құралдарының әсерінен, т.б. түрлі орталарда қалыптасады.

Жаңартылған бағдарлама негізінде білім беретін мектептер әлеуметтік-мәдени тұрақтылықты қамтамасыз ететін ең маңызды фактор болып табылады.

Сол үшін мектепте тек ақпараттық білім шоғырланбауы керек, онымен бірге оқушылардың интеллектуалдық, азаматтық, рухани және мәдени өмірге деген әлеуметтік көзқарастарына айрықша көңіл бөліну керек.

Шындығында, ұлы адамдардың ісі мен шығармалары баланы ұлттық құндылықтарға, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, соған еліктеп өсуге талпындырады. Сол себепті сабақта Абай шығармаларының алатын орны ерекше. Оның тәрбиелік мәнін жастарға ұғындыру, терең ойлы лирикасына сүйсіндіру әдебиет пәні мұғалімінің тікелей міндеті болып табылады. «...Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас темірқазық іспетті» деген сөздің мағынасы тереңде екенін осыдан ұғамыз [5]. Өйткені өмірде кездесетін түрлі жағдайларда Абайды оқып, одан толыққанды жауап алуға болатыны, туындаған түрлі мәселелердің шешімін табуға үйрететіні табиғи шындық. Осы тұста тағы бір топ ғалымдардың «рухани-адамгершілік, гуманистік қасиеттерді күнделікті өмірдегі қарым-қатынаста өз іс-әрекетінде ерікті түрде таңдаса, мектеп бағдарламасындағы әдеби шығармаларды, оның ішінде М.Ж. Көпеев секілді озық ойлы, жан-жақты хабардар ақындардың еңбектері білім алушылар бойына толыққанды сіңірілсе, оң нәтижелер беретіні анық» деген сөзі де бұл ойымызды нақтылай түседі [6].

Мектеп ол еліміздің барлық азаматтары өтетін білім мекемесі, сол себепті оған деген оң көзқарас қоғам мен мемлекеттің жағдайын көрсететін құндылық пен адамгершіліктің көрсеткіші болып табылады. Сол себепті осы тұста жіберілген кемшіліктер мен өмірдің осы кезеңінде дұрыс ала алмаған білімнің орнын болашақта толтыру қиынға соғады.

Балалық шақта басынан өткерген жағдайлар мен бойына жинаған тәлім тәрбиесі, білім-білігі, дағдылары, т.б. үйренген нәрселері бала үшін үлкен қару.

Баланың балалық шақтан жасөспірімдік кезеңге ауысуы ерекше психологиялық төзімділікті қажет етеді.

Қазіргі кездегі жаһандану заманындағы тәрбие мақсаты оқушылардың рухани-адамгершілік жағдайын бірлесе қамтамасыз ету, оларды дамыту және тәрбиелеу болып табылады.

Сол үшін келесі міндеттерді қамтитын бағдарламалар жасау өте маңызды:

- қазіргі ұлттық тәрбиенің бағыты;

- оқушылар мен жастардың рухани-адамгершілік дамуы;

- ортақ ұлттық құндылықтар жүйесі оның ішінде рухани-адамгершілік тәрбие;

- негізгі әлеуметтік-педагогикалық шарттар мен принциптер;

- оқушылардың рухани-адамгершілік дамуы мен тәрбиесі.

Жалпы білім беретін оқу орындары әлемдік бәсекеге қабілетті білім беруі керек, оқушылардың қабілеттері мен дарындарын ашып, оларды жоғары технологиялық өмірге дайындау қажет. Сонымен бірге оқу орындары отбасылармен үнемі араласып, ынтымақтастықта болу қажет, әлеуметтенудің басқа субъектілеріне негізделген ұлттық дәстүрлерді сақтауы шарт.

Рухани-адамгершілік кеңістікте қазіргі білім беруде өзінің дамуы нәтижесінде оның жүзеге асуының толықтығына ие болады. Ол міндеттерді атап өтетін болсақ, жеке өзін-өзі анықтауға педагогикалық қолдау көрсету, қабілетін, дарындылығын дамыту, жүйелі ғылыми білім беру үшін қажетті білім, дағды, іскерлік пен дағдылар.

Тұлғаның әлеуметтену жағдайлары үшін өздігінен еркін даму және әлеуметтік жетілу жеткіліксіз болады. Адам жаман мен жақсыны дұрыс ажырата алмаса, өмірді, жұмысты, отбасын, басқа адамдарды, қоғамды, ата анасын да дұрыс тани алмайды. Моральдық тұрғыдан ол бекітетін барлық нәрсе адамның өзінің талпынысымен ғана дамиды. Ғылымды игеру және надандық, мейірімділік, толысқан ақыл мен қараңғы жүрек адамға қауіп төндіреді, оның жеке дамуын шектейді және деформациялайды.

Рухани-адамгершілік даму моральдық таңдау негізінде шешілсе, баланың өзі үшін өзекті бола бастайды, өмірмен, нақты әлеуметтік мәселелермен байланысты болып, толық мәнділікке жетеді.

Адамның рухани-адамгершілік тәрбиесі – бұл педагогикалық, әлеуметтік және рухани компоненттерді қамтитын күрделі және жан-жақты процесс. Әлеуметтік саланың дамуы, еңбек пен қоғамдық қатынастардың сапасының артуы баланың ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды қабылдау деңгейіне тікелей байланысты [7].

Қорытындылай келе, рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде оқушыларды әлеуметтік жауапты тұлға ретінде тәрбиелеу білім беру мекемелерінің әрдайым маңызды міндеттердің бірі болып қала береді. Себебі, қоғамның болашақ даму қарқыны тікелей бүгінгі ұрпақтың азаматтық ұстанымына, өмірлік басымдықтарына, моральдық нормаларына және рухани деңгейіне байланысты. Сондықтан да әлеуметтік жауапты тұлғаны рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, баланың ұлтқа, жалпы адамға деген сүйіспеншілігін дамытып, қазіргі өзгермелі заманда өзара ынтымақтастықта өмір сүруге үйретудің маңызды шарты болып табылады.


Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жылы 30 тамыз.

2. Тоқаев Қ.К. Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм. Қазақстан халқына Жолдау. 2024.

3. Ушинский К.Д. Избранные педагогические сочинения. Т. 1. – М, 1993.

4. Оспанова А.Н. Жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту. Әдістемелік материалдар. - Нұр-Сұлтан, 2021.

5. Омаров Д. Абайдың рухани мұрасы, [Электронды ресурс] / Д. Омаров-http:// asetkz.ru/files/pdf/abaidyn_ruhani_murasy. pdf

6. Досанова А.Ж. М.Ж. Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңінің жастарды гуманистік дүниетаным негіздеріне тәрбиелеудегі орны /А.Ж. Досанова, З.С. Советова, С.К. Ахтанова. - Алматы, 2024.

7. Данилюк А.Я. Концепция духовно-нравственного развития и воспитания граждан /А.Я. Данилюк, А.М. Кондаков, В.А. Тишков. - М.: Просвещение. 2009. – 18 б.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2025
42
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі