Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Рухани жаңғыру-тәуелсіз Қазақстанның басым бағыты
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Рухани жаңғыру -тәуелсіз Қазақстан қоғамының басым бағыты
Сағынтаев Қайрат Сағынтайұлы
"Өрлеу" АҚ филиалы ОҚО ПҚБАИ аға оқытушысы
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы өркениеттер жаңғыруы мен өнеркәсітік төңкерістер тұсында Қазақстан қоғамына өте қажет кезде шыққан мақала.
Бұл қарапайым мақала ғана емес, қазақ халқының рухани құндылықтарын қалыпқа түсіру, өз тарихи тұлғаларымызды түгендеу, тарихымызды саралау, заман талабын ескере отырып тура жолға қою мен дамытуға арналған бағдарламалық құжат десем еш қателеспеймін.
Біріншіден, "ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды.Бұл туралы Елбасымыз "Ұлттық бірегейлікті сақтау" тарауында айтып өткен болатын[5].Рухани жаңғыру ұлттық кодты сақтаумен бірге ұлттық бірегейлікті сақтауды да талап етеді.Елбасы айтқандай, ұлттық салт-дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, діни әрі салт-дәстүр жоралғыларымыз, жалпы ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс.Ол құндылықтарды сақтай алмай, жоғалтқан жағдайда ұлттың да жойылатынын тарих дәлелдеп беріп отыр.
– Мақалада айтылған дүние – ұлттың өзінің ұлттық кодын, генетикалық жадысын сақтап қалу деген дүние мен үшін өте маңызды. Өйткені тамырынан үзілген бәйтерек ол жапырақ жаймайтыны сияқты негізгі дәстүріне тамырына сүйенбеген халық ұзаққа бармайды. Бұл экономикалық, саяси жаңғырудан кем түспейтін, тіпті маңызы жағынан солардан кейбір аспектілері бойынша жоғары тұратын нәрсе. Мұны ұлттың жаңғыруы ретінде қарастыру керек. – Ең алдымен Президенттің мақаласындағы ең соңғы сөйлемге назар аударғым келеді. Ол сөйлем өмір сүре білу үшін өзгере білу керек, өзгере білмеген халықтар, тарихтың шаң-тозаңында қалады деген.
Екіншіден, елбасымыз латын әліпбиіне 2025 жылдан бастап көшіп, оған дейін әдістемелік дайындық жұмыстарының жасалатыны туралы айтып қана қоймай, үкіметке нақты тапсырмалар беріп, жаңа латын әліпбиінің үлгісін Қазақстан халқының талқысына салып, 2018 жылы Қазақстан қоғамы болашақта бағдар етер латын әліпбиінің жаңа үлгісін бекітті[1]. Латын әліпбиіне көшу қазақ халқы мен Қазақстан қоғамын қырықыншы жылдары күштеп таңған кирилицадан құтқарып, жаңа қоғам, жаңа бағыт таңдауына барынша мүмкіндік беретіні сөзсіз.Себебі бүгінде бүкіл түркі тілдес мемлекеттер латын әліпбиіне көшті. Біз де өзіміздің ұлттық код, ұлттық мәдениет, ұлттық салт-дәстүріміз бен тілімізді, діліміз бен дінімізді сақтағымыз келсе өзімізбен өзегі өзектес, тарихи тамырлас түркі әлемінің ұлы көшінен кейін қалмауымыз керек[2].Жасыратыны жоқ бодандық көзқарастағы кей қоғам мүшелері еліміздің латын әліпбиіне көшу ондаған жылдар мен қыруар қаржыны қажет ететіндігін, сондықтан қаржыны ысырап етпей, кәзіргі әліпбиімізде қала беруімізді көксеуде.Бірақ мына ақпарат пен автоматика дамыған цифрлы жаңа заманда алға қойған мақсаттарды жұдырықтай жұмыла көтерсек, 2025 жылы толықтай латын әліпбиіне көшетініміз анық, себебі мына жаһандық жағандану жағдайында мүмкін емес нәрсе жоқ екенін уақыт дәлелдіп беріп отыр.
Үшіншіден, білім.Білім болғанда да ұлттық рухани құндылыққа негізделген білім.Елбасының Қазақстанның үшінші жаңғыруына байланысты келелі ойларын қолдай келе, оны жүйелі жүзеге асырудың бір жолы бәсекеге қабілеттілікте дер едім.Бәсекеге қабілетті болу үшін білімді болумен қатар, дұрыс тәрбиеде алу қажет."Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы" деп Әл-Фараби бабамыз айтқандай, біз тәрбие мен білімді қатар жүргізуіміз қажет[4].
Күні кеше ғана елбасымыз Қазақстанның жаңғыруы жағдайында бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін үш тілділіктің бүгінгі дамыған отыз елдің қатарына қосылуға ұмтылған жас мемлекетіміз үшін өте қажеттілігін және оны еш кедергісіз жүзеге асырудың аса маңызы мен мол мүмкіндігін атап өтті.Бүгінгі жас ұландарымыз, ертеңгі ел басқарар тұлғаларымыз екенін ескерсек, дамыған ұлы державалармен еліміздің мүддесі үшін иық тіресіп олардың өзімен өз тілдерінде емін-еркін сөйлесіп, жүйелі жұмыстар жүргізе алулары үшін де үш тілділік біздің қоғамымыз үшін өте қажет.Осы жағдаятты алыстан болжап, үкіметтен жүйелі жұмыс талап етіп отырған елбасымызға мол алғыс айтуымыз керек. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының түп мақсаты халыққа арналғанымен, соның ішінде жастарға деген үлесі басым. Не себеп? Тәуелсіздік алғалы 26 жылдан асты. Егемен ел болған Қазақстанның алғашқы ұрпағы ат жалын тартқан азамат, елдің тізгінін ұстайтын халге жетті. Сондықтан болар аталған мақаланың негізгі көзі жастарға ескерту, олардың көзін ашу, алға жетелеу. Мақалада кездесетін «бәсекелестік», «білім», «ғылым», «тұтастық», «ұлттық код» сынды сөздердің жастар үшін маңызы зор. Себебі білімдінің мыңды жығар заманы келе жатыр. Сандық Қазақстанның болашағы өсіп келе жатқан ұрпақтың қолында[1]. Себебі ХХІ ғасырдың ұрпағы сандық әлемге етене енбесе, Кеңестік кезеңнің дәмін татқан буынның икемі бірден келе бермейді. Басты талап меңгеру. Қай жағынан келсе де кез келген саланы жіті меңгере отырып, жұмыс жасау. Мақалада көрсетілген орындалу керек міндеттердің бәрі дерлік жастар алдында тұрған міндеттер. Тіл үйрену, қабілетті болу, ел үшін тер төгу. Елбасының бұған дейін де «Қазақстанның болашағы – жастардың қолында» деген сөзі де әлі ықпалын жоғалтқан жоқ. Тіпті бұл ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын табатын дана сөз болып қалары анық. Жастардың билікке келуі, олардың сауаттылығы мен ел басқарудағы әрбір міндеттері маңызды рөл атқарады. Шалалыққа бармас үшін әрбір қазақстандық жас осы мақаладағы көрсетілген міндеттер мен тапсырмалар негізінде жұмыс жасауы керек.
Сонымен қатар елбасымыздың мақаласында айтылғандай, туған жер, туған ел бағдарламасымен бірге қазақ жерінің тарихи-туристік белдеулерін түзеу, заманауи қазақ қоғамының қалыптасуына үнсіз бірақ сүбелі үлес қосып жүрген 100 азаматтың есімінің былтырғы жылы анықталуы, ол азаматтармен елбасымыздың арнайы кездесу өткізіп, сұхбат құруы, қазақ зиялылары мен олардың шығармаларын шет елдерде насихаттау болып табылғаны сөзсіз[5].
"Туған жер, туған ел" бағдарламасы өзіміздің өлкеміздің тарихын толық танып білуімізге толық мүмкіндік ашары сөзсіз.Жасыратыны жоқ, тәуелсіздік алғанымызға былтыр 26 жыл болса да әлі күнге тарихымыз бен тарихи тұлғаларымызды толық танып болған жоқпыз.Өзім өмір сүріп отырған Оңтүстік өлкесінің өзі тұңған тарих.Шыңғысқанға алты ай бойына қарымды қарсылық көрсеткен және Әл-Фарабидей ұлы ойшыл ұстаз туған Отырар, Түркістан, Сайрам, Сауран, Баба-ата, Шымкент секілді қалаларымыз, Яссауи, Бабай түкті шашты Әзіз, Исмаил ата, Қараша ана, Қарабура секілді кесенелеріміз, үш жүздің басын біріктірген Ордабасы, Мәртөбе секілді тарихи мекендеріміздің өзі еліміздің тарихында ойып орын алатыны ақиқат.Кейде сол өз өлкеміздің тарихын толық танып, билми ұятты болып жататынымыз да жасырын емес.Осы тарихи қалалар мен қасиетті мекендерімізде, әулиелі кесенелерімізде тарихи туризмді дамыту-бүгінгі мемлекетіміз бен біздердің алдымызда тұрған басты міндетіміз болуға тиіс. Президент «Туған жер» бағдарламасын жасап, туған ел ұғымына айналдыру мәселесін қойып отыр. Киелі жерлердің атласын жасау жөнінде мәселе қойып отыр. Осының барлығы ұлттық модернизацияға серпін беретін болады. – Еліміздің бәсекелесе отырып, дамыған 30 елдің қатарына қосылу кезіндегі рухани байлығымыздың үлесін көбейтуіміз керек. Оны күшейту керек. Өйткені бәсекеге қабілетті болу тек қана экономикаға байланысты емес. Біз құрған қазақ мемлекетіның, яғни біздің мыңдаған жылғы тарихымыздағы құндылықтардың барлығы біздің бойымызда болуы керек.
Елбасын ел руханиятына шұғыл бет бұрғызған жайт, алдымен, Қазақстан үшін қауіпті ішкі және сыртқы күштердің көбейе түсуі болса керек.Ол қандай күштер?.Ол-бүкіл әлемге қауіп төндіріп отырған-экстремизм, ол-терроризм, ол-бізге жат жаңа діни ағымдар, ол-ұлтты өзінің ұлттық келбетінен айырып, тілі мен ділінен, салты мен санасынан, дәстүрі мен ғұрпынан жеріндіріп, өзге мультимәдениеттерді таңуға тырысатын мультимәдениеттердің топтамасы.Ерлері қысқа балақ, қауға сақал өсіріп, әйелдері бет-аузын түгел тұмшалап, кіп-кішкентай қыздарының өзін ұзын көйлек, ұзын орамалмен тұмшалап қойқан жат ағымдағылардың өзіміздің тіліміз бен ділімізге, салтымыз бен дәстүрімізге қарсы келіп, тас атып жатқаны да жасырын емес.Қазақ зиялыларының осы күнге дейін "Бізге ұлттық идеология керек" деп зар қақсауының себебі де осындай келеңсіз жайттарды ерте бастан көре, біле, сезе білгендігі болса керек.
Бұл тек бүгінімізге ғана шолу жасаған мақала емес. Онда болашағы жарқын Қазақстанға апаратын нақты жоспар, мақсат көрсетілген. Қазір әлемдегі жағдай тұрақсыз. Терроризм қаупі жаһанға төнді. Бұл орайда Қазақстан әлем үшін бейбітшіліктің бесігі саналады. Ал рухани жаңғыруға көшу елімізді жаңа асудан асыратынына сенемін. – Елбасы экономикалық реформаларды жариялады. Саяси реформаларға да кірісіп кеттік. Ал енді мынау рухани өрлеу, рухани жаңғыруды біздің дамуымыздың ең басты тұғырларының бірі деп есептеймін. Шынында бүгінгі таңда біздің халқымыз үшін ежелден келе жатқан біздің салтымыз бен дәстүріміз, мәдениетіміз – біздің ұлттық кодымыз.
Қорытындылай келе айтарым, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы еліміздің даму бағыты өрілген өзекті мақала екендігі ақиқат.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Нұрсұлтан Назарбаевтың
“Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа
мүмкіндіктері” атты Жолдауы.
Егемен Қазақстан газеті 10.01.2018
жыл
2. ҚР Президенті
Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол болашаққа бастар жол»
Жолдауы
(http://www.inform.kz/rus/article/2715565).
3. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы (http://adilet.zan.kz/rus/docs/K1400002014/links).
4. «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары (http://today.kz/news/ kazakhstan/2015-05-20/614838-nazvany-100-konkretnyh-sagov-dalnejsego-razvitia-kazahstana).
5. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру.Егемен Қазақстан газеті 24.04.2017 жыл.(https://egemen.kz/article/nursultan-nazarbaev-bolashaqqa-baghdar-rukhani-zhanhghyru)
1. |
Қатысушының аты-жөні |
Сағынтаев Қайрат Сағынтайүлы |
2. |
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы |
Тарих магистрі |
3. |
Жұмыс орны, лауазымы |
"Өрлеу" АҚ филиалы ОҚО ПҚБАИ аға оқытушысы |
4. |
Мақала, баяндама тақырыбы |
|
5. |
Семинар-практикум бағыты |
"Туған жер" бағдарламасы-рухани жаңғыру өзегі |
6. |
Байланыс телефоны |
87751766178 |
7. |
Электрондық пошта |
|
8. |
Қатысу нысаны
|
Тікелей |