Материалдар / Рухани жаңғыру Заман талабы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Рухани жаңғыру Заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту. Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет сүйіспеншілік, көкірегі ояу болуға ұмтылу және мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2018
433
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сынып сағатының жоспары



Күні:01.09.2018

Мектеп: «Құрық ауылының №1 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеме



Мұғалімнің аты-жөні: ағылшын тілі пәні мұғалімі Атшибаева Гуляим Нуржаубайқызы






Сынып сағатының тақырыбы:

«Рухани жаңғыру - Рухты оятып сананы сілкіндір»

Сынып сағатының мақсаттары:

Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту. Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет сүйіспеншілік, көкірегі ояу болуға ұмтылу және мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.

Сынып сағатының міндеттері:

баланың өз күшіне сенімділігін нығайту және дұрыс мотивация құру;

баланың қажеттілігін ескере отырып, баланың өздігінен қарым-қатынас міндеттерінің қорытындылауын қолдау;

нақты қарым-қатынас жағдайында қарапайым деңгейде серіктеспен байланыс орнатуды үйрету;

зейін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;


Оқыту нәтижесі:

Оқушылар рухани жаңғырудың – табысты ел болуымыздың кепілі екенін біледі. Түйінді идея: Рухани жаңғыру болашаққа бағдар


Жоспарланатын уақыт

40 минут

Дереккөздер

Оқушы іс-әрекеті

Сынып сағаты барысы


1. Ұйымдастыру.Психологиялық дайындық.
Аспаны ашық еліміздің,
Көркі сұлу жеріміздің,
Біз - бақытты баламыз!
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!

Оқушыларды топ-топқа бөлу үшін қағаздарға топ аттары жазылып жасырылады. Кім қай топты таңдаса, сол топқа кіреді.


Оқушылар үлестірмелі қағаздар арқылы топқа бөлінеді.


1 топ Отаншыл

2 топ Намысшыл

3 топ Білімді


Топтың атаулары жазылған қағаздар таратылады.




2. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Сынып сағатымызды Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастағалы отырмын  “Біз “Ұлы Дала елі” деп аталуымыз керек деп есептеймін. Кейбіреуі өздерін “аспан асты елі, ал кейбірі “Күншығыс елі” деп атайды. Біз ұлы даланың ұрпағымыз. Бұл даланы біздің ата-бабамыз бізге қалдыру үшін қанын төгіп қорғаған. “Қазақстан” деген атаумен қатар, “Ұлы Дала елі” атауы да қолданылса дұрыс болады деп ойлаймын”.

Еліміздің «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»мақаласының көтерген жүгі ауыр.Елбасының мақаласында айрықша атап көрсетілгендей,барлығы ел жастарына арналған. ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САНА ТУРАЛЫ Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын. 1. Бәсекелік қабілет Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. 2. Прагматизм Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек. Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. 3. Ұлттық бірегейлікті сақтау Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. 4. Білімнің салтанат құруы Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетед 5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы Бұл кезеңде елімізде белгілі бір жаңғыру болды. 6. Сананың ашықтығы


Оқушылар тыңдайды.


Мағынаны таныу.

1.Үш топқа қағаз таратылады оқушылар берілген қағазға топ атына сай болу үшін қандай болу керектігін жазады, топтан бір оқушы шығып түсіндірп өтеді.

Мысалы: отаншыл болу үшін не істеу керек? оз отанын сүю т.б.

Видеоролик көрсету.
«Өз еліме қосар үлесім»

Видеоролик көреді.


3.Сұрақ-жауап ойыны.

Сұрақтары.

ҚР елтаңбасында не бейнеленген? – (тұлпар ,шаңырақ,жұлдызша.күн

Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы алды? – (1991 жыл 16 желтоқсан)

«Отан қорғау» дегенді қалай түсінесің?

Әнұранның авторларын ата? – (Ш.Қалдаяқов,Ж.Нәжмединов,Н.Назарбаев.)

ҚР тұңғыш президенті кім? – (Н.Н.Әбішұлы)

ҚР неше облыс бар? – (14 облыс)

Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? – (Тоқтар Әубәкіров)

Конституция күні? – (30 тамыз)




Аяқталмаған сөйлем «Рухани жаңғыру - ........»

«Рухани жаңғыру - дәуір талабына сай жаңғыру» «Рухани жаңғыру - әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу" «Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі» «Рухани жаңғыру – ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту»


Оқушылар сөйлемді аяқтайды.


Топтық жұмыс Постер дайындау және қорғау):

1-топ. Патриот адам кім? Ол өзін қалай көрсетуі керек?

2-топ. Қандай патриот адамды білесіңдер? Олар кімдер? Не үшін?

3-топ: Қазіргі заманның патриоты қандай болуы керек? (мінезі, ерекше қасиеттері, ұстанымы, ұраны). 4-топ: Мен патриотпын себебі???




Қорытынды бөлім: Рефлексия 

Сынып жетекшісінің қорытынды сөзі:

Алда әлі ұзақ жол , үлкен асулар бар . Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім , талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып , мерейін үстем етер , әлем таңғалар , талай-талай жаңалық ашар білімділер керек . Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын , бүгінімізді ертеңіне жалғайтын , қазақ елінің ертеңі , болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік. “Сен де бір кірпіш дүниеге , Кетігін тап та бар қалан!”- деп Ұлы ақын Абай атамыздың сөзімен сабағымды аяқтаймын. 












Ойлану

мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Сынып сағатының атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?



Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!