Материалдар / рухани жанғыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

рухани жанғыру

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2020
346
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

« Рухани жаңғыру-ой сананың кемелденуі»

Мақсатқа жету үшін біздің санамыз

ісімізден озып жүруі , яғни одан бұрын

жаңғырып отыруы тиіс . Бұл саяси және

экономикалық жаңғыруларды толықтырып

қана қоймай , олардың өзегіне айналады.

Нұрсұлтан Назарбаев

Рухани жаңғырудың негізі – халықтың , жеке адамның тұлғаға айналуы.Әр заманның өз міндеті , ұрпаққа қояр талабы бар . Ұлттық жаңғыру – ұлттық сананың кемелденуі .Ұлттық мәдениет сақталмаса , ешқандай жаңғыру болмас еді. Қазіргі заман талабына сай тұтас халық қана емес, жеке адамның өзі қабілетін арттырып ,табысқа жетуге мүмкіндік аламыз. Қазіргі мақсатымыз – білімді болуға ұмтылу.Рухани жаңғыру – адам баласының ішкі әлемінің жаңаруы , сана – сезімі болып жатқан өзгерісті қабылдай білуі. Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берді. «Жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген , ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек»,- деп атап көрсетті. Қазіргі қоғамның көзқарасы қалыптасқан зерделі де , зерек тұлға тәрбиелеу. Ол үшін ілім- білімге ұмтылып, жан-жақты жетілген жөн. Ұлттық салт дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз , әдебиетіміз , ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.Осы жұмыстарды жүзеге асыру үшін әрқайсымыздың санамыз ісімізден озып, жаңғырып отыруы тиіс .жастайынан дін мен дәстүрімізді, тағылымды тарихымызды оқып, сусындап өскен ұрпақ теріс ағымдар мен жат мәдениеттің жетегінде кетпейді. Салт-дәстүрі мен тарихына ерекше мән берген елдің тұғыры биік, іргесі берік болады. Кез келген халықты өзінің төлтума рухани құндылықтары мен ізгі қасиеттері ғана біріктіре алады. Әр халық ел болып ғұмыр кешуі үшін жастардың санасына ұлттық құндылықтарын сіңіріп, рухани болмысымен өмір сүруге баулиды.Елбасының осы мақалада көтерген тағы бір маңызды, өзекті мәселесі-туған жерге деген махаббат. Елбасы: «Қазақ... «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу- шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі», - деп атап өтті. Өзінің туған жерінің, туған өлкесінің көркеюіне үлес қоса білген азамат бүкіл елдің игілігі үшін қызмет ете алады. Патриотизм дегеніміз туған жерге деген сүйіспеншіліктен басталады. Ұрпақ сабақтастығы деген халық болып ұйысып өмір сүру мүмкіндігі, жекешілдік емес, ұжымдық, елдік үрдіс болғандықтан ұлттық құндылықтарымызды дінімізбен сабақтастыра жаңғыртудың маңызы өте зор. Елбасы өз мақалаларында жастарды тектілікке тәрбиелеудің жолдарын нұсқап, тұжырымды ой айтты.Елбасы рухани жаңғыру жолында таяу жылдары атқарылуы тиіс негізгі міндеттерді де нақты анықтап беріп отыр. Соның бірі латын әліпбиіне көшу. Бүгінгі замандастарымыздың жетістіктерінің тарихына да назар аударылды. Бұл идея « Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы да іске асырыла бастады. Біз « жаныңда жүр жақсы адам» деген сөздің байыбына бара бермейміз. Шын мәнінде, Тәуелсіздік дәуірінде өзінің еңбегімен, білімімен,өнерімен озып шыққан қаншама замандастарымыз бар. Соларды насихаттап, үлгі етуіміз керек. Сол азаматтарымыздың еңбектерін жастарға ұсынуымыз керек. Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін процесс. Ендігі мақсатымыз- осы алға қойылған міндеттерді халыққа пайдалы болатындай етіп жүзеге асыруға атсалысу. Біз өз тарихымызбен мақтанып қана қоймай, сол тарихтың қыр-сырын сараптап, ғылыми негізде болашаққа бағдар жасауымыз керек. Рухани жаңғыру дәуіріне тереңде жатқан тамырымызды солдырмай енуіміз керек. Ендігі біздің баршамыздың міндетіміз- Елбасы айқындап берген басымдықтарды іске асыруға көп болып, жұдырықтай жұмылу. Бұл-біздің халқымыздың, қазақстандықтардың қолынан келеді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!