Материалдар / С есебі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

С есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
Деңгейлі курс оқып жатқан мұғалімдерге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
4542
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абдулаева Жанна Аукеновна І деңгей мұғалімінің C есебі

3 топ портфолиосы

Талдықорған қаласы 29.10.2015ж.


Өзім жұмыс істейтін мектептің өзгеруі үшін менің не істеуім керек?


Мен бұл есепке кіріспес бұрын мектептің өзгеруі үшін менің не істеуім керек? деген сұраққа жауап іздедім. Есепті мына сұрақтарға жауап беру ретінде жазуды алдыма мақсат етіп алдым.

  • Нақты мақсат қоюға не негіз болды? Осы мектепте нақты өзгерістерді жүзеге асыру үшін қажеттіліктер қалай анықталды?

Міне осы сұраққа жауап беріп көрейін. Бұл тараудың мақсаты мектеп мұғалімдерінің жұмысындағы кемшіліктерді анықтап, мектептің бастапқы мүмкіндіктерін зерттеу деректері негізінде мектепке өзгеріс қажеттілігі туралы, оқушылардың ХХI ғасыр талаптарына сәйкес келуі үшін талап етілетін өзгерістерді енгізуді жобалау болып табылады.

Білім беру саласында қол жеткізілген бүкіл әлемдік бітімнің мәні оқушылар үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екеніне саяды.

Заманауи тәсілдің негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХI ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында.

(Мұғалімге арналған нұсқаулық 7 бет)

Өзгеріс енгізу үдерісін басқару оңай емес, әрине, өйткені оның барысында жұмыста әр түрлі қиындықтар мен келіспеушіліктер туындап жатуы ықтимал. Мұғалім ретінде, біз өзімізге әрекет етуге, басқаруға, шешім қабылдауға жеткілікті билік пен өкілеттіктер берілмегендігін түсінеміз, тәжірибе көрсетіп отырғандай, басшы қызметін атқармастан-ақ, біз білікті мұғалім ретінде өзіміздің кәсіби беделімізге және жеке тұлға ретінде моральдық беделімізге сүйене отырып, оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізуге ықпал ете аламыз. Сонымен қатар біз өзіміздің тәжірибелік дағдыларымызды дамытып, стратегиялық тұрғыдан ойлануды меңгере аламыз.(Мұғалімге арналған нұсқаулық 83 бет)

Алдыңғы есебімде атап өткендей мектеп басшысымен, әкімшілікпен, бөлінген көшбасшылармен кездесудегі сұхбаттар, әңгімелер, сауалнамалар алу, суретке түсіру, сұхбаттасу, ата-аналардың пікірі арқылы жүргізілген зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында кедергілер анықталды. І бетпе-бет кезеңінде алған мектепті дамыту жоспарының басымдықтары мен өзекті мәселені мектепке барғанда мүлдем қажет болмай қалды. Себебі, мектептегі тәжірибе кезеңінде мектептің даму жоспарынан басымдықтар анықтағанда, басқа өзекті мәселе анықталғандықтан, менің МДЖ-ның өзекті мәселесі ауысып кетті. Мектеп мұғалімдер құрамының жиі өзгеруі, ауыл тұрғындары тұрақты болмағандықтан, оқушылардың құрамы көп ауысып отырады. Мұғалімдердің сандық және сапалық құрамы 72 мұғалімнің 10-ы жоғары және 19-ы бірінші санатты болуы. ҰБТ бойынша математика мен физика пәнінің білім сапасының көрсеткіші төмен болуы. Жас мамандар мен бастауыш мұғалімдерінің тұрақты болмауы, білім сапасының төмендеуіне әсерін тигізетіні. Оқушылардың сабақта өзін еркін сезінбейтіні, мұғалімдер оқушылардың ойын шектейтіні, оқушылардың сабақтағы белсенділіктерінің төмен деңгейде болуы, мұғалім, оқушы, ата-аналардың арасында кері байланыстың жоқтығын анықтап «Мектептің қазіргі жағдайымен салыстыра отырып болашақтағы қызметін жақсарту үшін, даму жоспарындағы стратегияларды тиімді жүзеге асыру үшін нені, қалай өзгертуіміз керек?» деген сұрақ төңірегінде анықталған мектептің басымдықтары бойынша мектептің дамыту жоспарын жоспарлау керек болды.

Неліктен біз біздің оқыту тәсілдерімізді өзгертуге тиіспіз, содан кейін мәселені шешуге бағытталып: біз бұны қалай істейміз, тек содан кейін ғана- біз сыныпта не істеуіміз керек? деген сұрақты алға тартады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 77 бет).

Мектептің даму жоспары, бірінші кезекте, мектепте қолданылатын іс-құжат.Осы құжат өнімділіктің қазіргі деңгейінің талдауы, қазіргі үдерістер мен болашақ факторлар мектепке қаншалықты әсер ететіндігіне мектептің берген бағасының негізінде жасалады және алдағы жұмысты жетілдіру бойынша басымдық пен міндеттерді анықтайды.

Жоспарлаудың нәтижелігі-әрбір табысты ұйымның маңызды элементі.(Мұғалімге арналған нұсқаулық 88 бет)

Басымдылықтарды шешу жолдарын табу үшін ынталы топ құрып, іске кірістік. Анықталған кедергілерді жою мақсатында ынтымақтастықта, бірлескен жұмыс жасау қажет болды. Сауалнаманы дайындау мен оны алуға мектеп психологы мен деңгейлі мұғалімдер атсалысты.Сауалнаманың нәтижесі дайын болып, анықтамасын жазып болған соң, саралауға отырдық. Ынталы топпен ақылдаса келе, анықталған басымдықтардың салаларын анықтап, оны шешу үшін алдымызға SMART мақсат қойдық. Мектеп ұжымына оқытудың жеті модулін түсіндіру барысында сын тұрғысынан ойлау модульін ала отырып, оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру барысында жұмыс жүргізу. Бұл өзекті мәселені алу себебіміз, мектебімізде мұғалімдердің, оқушылардың құрамы жиі өзгеріп тұратындықтан оқушыларымыздың сабақтағы белсенділіктерін арттыру мақсатында оларды ынтымақтастық пен бірлескен жұмысқа тарту керек деп ойладық.

6 аптаға ұласқан мектептің даму жоспарының тақырыбы: «Оқушыларды сын тұрғысынан ойландыра отырып, қызығушылығын, белсенділігін арттыру» /қосымша 1/

Енді келесі сұраққа жауап берер болсам:

  • Өзгерістерді енгізу үдерісін басқару бойынша өз қызметімді ұйымдастыруды қалай жоспарлаймын?

Ең бірінші өз қызметімді жоспарлау үшін мектепті дамыту жоспарын құруға отырдық. Жоспар құру үшін мақсат, міндеттер мен табыс критерийлері қажет.

Мақсатымыз бен міндеттеріміз:

1.Мұғалімдер арасында ынтымақтастық мәдениетін құру.

2.Мұғалімдердің кәсіби дамуы назарда болады.

3.Сын тұрғысынан ойлаудың әдіс-тәсілдерін мұғалімдер өз іс-тәжірибесіне енгізеді.

Мұғалімдердің табыс критерийлері:

-Мұғалімдер ынтымақтастықта бірлескен жұмысқа тартылады.

-Мұғалімдер коучингке қатысуда жаңа тәсілдерді меңгереді.

-Кәсіби дамуына мүмкіндік туады.

-Сын тұрғысынан ойлаудың маңыздылығын түсінеді.

-Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігіне көз жеткізеді.

-Сын тұрғысынан ойлау арқылы сабақтың сапалылығына қол жеткізеді.

Оқушылардың табыс критерийлері:

-Орта буын оқушылары сын тұрғысынан ойлауға дағдыланады.

-Топта, жұпта әңгіме, тыңдау, өз ойын айту, сұрақ қоюлары қалыптасады.

-Топта диалогқа түсу арқылы өзіндік болжам жасайды, өз идеясын дәлелдей алады.

-Топта «алтын ережені» ұстануға үйренеді.

-Пәнді оқуға белсенділігі артады.

Осы мақсат, міндеттер мен табыс критерийлерін басшылыққа ала отырып, ынталы топпен құрған жоспарымыз мектеп басшысының тарапынан қолдау табатынына сеніміміз болды. Себебі, Джордж Доран айтқандай менің алға қойған мақсаттарым айқын, нақты, шындыққа жанасатын, белгілі бір уақыт ішінде орындалуы мүмкін болуы керек еді, және де мектеп әкімшілігі мен әріптестер қолдамаса жалғыз адамның қандай жақсы жоспар құрып, қандай керемет мақсаттар қойғанымен жүзеге асыруы мүмкін емес болар еді. (Мұғалімге арналған үлестірме 3 апта)

Мектептегі тәжірибе кезеңінің 6 апталық жұмыс жоспарын бекіткеннен кейін сол жоспар бойынша мектепте «Білім мазмұнына жаңалық ендірудің маңыздылығы» тақырыбында таныстырылым өткізіп, мектеп мұғалімдерімен бағдарлама туралы ой бөлісіп, І деңгей бағдарламасының идеясымен қысқаша таныстырып өттім. Осы бас қосуды пайдалана отырып мен әріптестеріме өзімнің тәжірибе кезінде атқаратын іс-шараларымның жоспарымен таныстыра кеттім, оның ішінде тәлімгерлік пен коучингтік үдеріс туралы түсіндірдім. Өзіме қолдау көрсететін, бірлескен ынтымақты орта құру мәселесі тұрды. Мектепте I деңгей бағдарламасын меңгерген 2 әріптесім, ІІ деңгейді меңгерген 3 әріптесім және ІІІ деңгейді меңгерген 4 әріптестерім болғандықтан әрі мектеп басшысы мектеп басшыларының курсын меңгергендіктен қолдау тауып, тәлімгерлік пен коучтық үдерісті жүргізуге өз еркімен ниет ететін әріптестерімді күттім. Коуч ретінде көмектесуге ІІ деңгейлі Ж. есімді әдіс-тәсілдерді тез меңгеретін, жаңашыл, шығармашыл әріптесім, тәлімгерлік үдерісті өзі ниет білдірген ІІІ деңгейлі, ізденімпаз мұғалім С-ны алуды шештік. Тәлімгер екеуіміз ақылдаса келе тәліп ретінде жас маман Д.-ны алуды көздедік. Себебі Д. әріптесіміз жас болса да жаңалыққа құмар, өзінің білмегенін әрдайым ізденіп жүретін мұғалім. Д. әріптесімізге бағдарлама туралы, жаңа әдіс-тәсіл жайында түсіндіргенде, ол өзінің келісімін беретінін айтты. Тәліп ретінде Д. әріптесімізді алдық. Коуч пен тәлімгерге өзімнің бірінші бетпе-бет кезеңіндегі оқыған ресурстарыммен қамтамасыз ете отырып, жеке әңгімелесу, пікір алмасу барысында олардың атқаратын функциялары мен міндеттерін біртіндеп үйретуді, бірінші «Бетпе-бет» кезеңіндегі теориялық білімдерімді жеткізу арқылы, жинаған видеожазбаларды көрсетуді, кәсіби әңгімелер арқылы жүзеге асыруды, коуч пен тәлімгер үшін түсініксіз болған кәсіби білімдерін жетілдіруді жоспарладым. Енді осы бастамамыз алға жылжу үшін тағы да кімдерді тарту керектігі айқындала бастады. Бұл әрекетте біз мектепаралық қоғамдастық құрудың да маңызы зор екенін ескеріп, жоспарға қостық.

Ынталы топпен ақылдасып жоспарға коучинг пен тәлімгерлік жұмыстарды енгізуді қарастырдық. Мұғалімдердің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін коучинг өткізу керек деп ойладық. Ынталы топпен бірлесе отырып коучингтің тақырыптарын таңдап алдық. Өзіміздің алған өзекті мәселе бойынша мынадай екі коучингтердің тақырыптарын «Сын тұрғысынан ойлау», «Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі» коучингтерді енгіздік. Сонымен қатар көшбасшылықты зерделеу тақырыбына (коучинг), ІІІ деңгей және пән мұғалімдеріне құрылымды бақылау, жаңа бастамаға ілесу заман талабы тақырыбына (дөңгелек үстел), табысты оқудағы ынтымақтастық тақырыбында дөңгелек үстел, «Қаншалықты оқыту үдерісіне өзгеріс енгіздік?» тақырыбына дөңгелек үстел ұйымдастыру жоспарланды.

Бұл тақырыптарды алу себебіміз, мұғалімдердің кәсіби дамуын жетілдіру. Жоспарға әрбір коучингке дейінгі және коучингтен кейінгі аралық бақылауды, бағалауды, басқаруды енгіздік. Ынталы топпен аралық бақылауды коучингтен кейін коучингке қатысқан мұғалімдердің сабақтарына қатысу арқылы бақылауды жоспарладық. Коучингке қатысқан мұғалімдер коучингтен үйренген қандайда бір дағдыларын сабақта қалай қолданып жүргендерін, оқушыларының берген кері байланыстарынан көріп, оған баға беруді қарастырдық.

Сонымен қатар тек коучинг өткізу арқылы басымдық толығымен жүзеге аспайтынын ескеріп, тәлімгерлік жұмысты үйлестіру үшін тәлімгерлік пен тәлім алушының алты апта бойы жүргізілетін жұмыстарын да жоспарладық. Мұнда тәлімгер тәлімгерлік үдерісіне өзінің тәжірибесі арқылы үлес қосатынын ескере отырып, тәліпке жеті модуль туралы түсінік беруді, топтық жұмыс арқылы сабақ белсенділігін арттыруды, сабаққа шынайы SMART мақсат қоюға және оған жету жолдарын жоспарлауға, Блум таксономиясын және бағалау түрлері туралы, стратегиялар мен белсенді әдістерді тәлімгерлік жұмыстың орта мерзімді жоспарларында жоспарладық. Тәлімгер мен тәліп арасындағы кәсіби сұхбат арқылы тәліптің кәсіби дамуына ықпал етуді енгіздік.

Біз ынталы топпен тәжірибе барысында құрылуға тиісті кәсіби және желілік қоғамдастыққа мән бердік. Бірақ біз мектеп директорының мұғалімдермен, сыртқы, ішкі ортамен құрған қоғамдастығы және «Зерделі мұғалім» желілік байланысы болғандықтан, осы қоғамдастық аясында бірлесе жұмыс істеуді мақсат еттік. Мектепте құрылған қоғамдастықты басшылыққа ала отырып жұмыс жоспарын құруды енгіздік. Жоспар құру барысында оқушылардың өз бетінше білім алуына бағытталған әрекеттерге талдау жасауды, алты апта бойы жүргізілген жұмыстың қорытындысына сыни талдау жүргізуді жоспарладық.

Келесі ретте:

  • Өзгерістерді енгізу үдерісіне менің тарапымнан кім қатыстырылады? Мектепте және одан тыс жерлерде мен кімге сүйенемін?

Бір ұжым болып жұмыс істеу арқылы басқа мұғалімдер қолдаған жағдайда мұғалімнің жұмысы аса тиімді болмақ. Мектепті жақсарту мүмкіндіктерін дамыту негізінде алқалы қарым-қатынастар және ұжымдық тәжірибе жатыр. Күн сайын бірге жұмыс істейтін адамдардың арасындағы қарым-қатынас деңгейі бұл ұйымның ахуалының ең жақсы көрсеткіші болып табылатыны дәлелдеген.

Бұл тәсіл ынтымақтастық, жәрдемдесу және бірлесіп жұмыс істеуге негізделген кәсіби даму мен оқыту нысанын көздейді. Бұл мектепке мұғалімдер мен оқушылар бірлесіп оқитын оқу қоғамдастығы ретінде қарау дегенді білдіреді.(Мұғалімге арналған нұсқаулық 81 бет). Осы идеяға сүйене отырып, жалпы алты апта мерзім ішінде өзгеріс енгізу үдерісіне кімдер тартылады деген сауалға, әрине бағдарлама мазмұнын түсінген, жаңалыққа жаны құштар әріптестерім дер едім. Мектеп әкімшілігі мен көшбасшыларға сөзіміз жоқ. Ол кісілер тарапынан тек қолдау мен көмек көреміз. Себебі бағдарлама идеясымен бұрыннан таныс, әрі әріптестеріме тәжірибе кезеңіндегі атқарылатын жұмыстардың пайдасы болмаса, зияны тіптен жоқ деуге болады. Сонымен қатар таныстырылым кезінде бағдарлама идеясы мен мақсаты қызықтырған жас мамандар да өз ықыластарымен тәжірибе кезеңінен үйренуге келісімдерін берді. Жоспарға енген барлық іс-әрекеттердің мұғалімдердің ойлары мен идеялары арқылы енгізілгенін баса айтар едім. Көшбасшылар мен деңгейлі мұғалімдердің ұстанымдары дұрыс болғандықтан, іс-әрекетке бағытталған жоспарлы жұмыстарының әсері зор болды. Ал мектептен және одан тыс жерде мен кімге сүйене аламын? деген сауалдың жауабына құрылған қоғамдастық пен желілік байланыс арқылы өзімнің әріптестеріме, оқушыларыма, ата-аналарыма, бағдарлама аясындағы курстастарыма сүйене аламын дер едім. Себебі идея ортақ, мақсат ортақ, іс ортақ. Құрылған қоғамдастықтың аясында ұйымшылдықпен жасалған әрбір жоспарлы іс өз нәтижесін берері сөзсіз. Ал біз көздеген басымдыққа қолжеткізгенімізді қайдан білеміз? Әрине, оқушылар мен мұғалімдер арасындағы қарым-қатынас үдерісін бақылаудан, сабаққа қатысу барысында әріптестер мен оқушылардың рефлексивті жауаптарынан білеміз деп ойлаймын. Коучингке өз қызығушылығымен қатысып, тәжірибесіне өз еркімен белсенді кері байланыс түрлері мен сыни ойлаудың стратегияларын қолданысқа енгізген әріптестеріміздің нәтижелерінен біле аламыз.

Біздің қазіргі ресурстарымызда, соның ішінде уақытты, адамдар мен материалдарды есепке ала отырып, осы мақсатқа қол жеткізе аламыз ба?

Уақыт мәселесі туралы айтқанда алты апта мерзім ішінде біз мектебімізге өзгеріс енгізе алмайтынымыз анық немесе 72 (жетпіс екі) әріптесімнің барлығы дерлік жаңадан еніп отырған әдіс-тәсілдерді меңгеріп кетуі мүмкін емес.

Бірақ, біз шағын ынталы топ мүшелерінің тәжірибесіне оқытудың жаңа тәсілдерін, белсенді стратегияларын қолданысқа енгізу арқылы мектебіміздің оқыту мен оқу үдерісіне жаңаша серпін беріп, ата-аналар пікірі мүддесінен шыға аламыз, оқушыларымыздың сабаққа белсенділігін арттыра аламыз, әріптестеріміздің тәжірибесінде өнімді оқытуға негізделген белсенді стратегия түрлерін қолдану қажеттілігіне көздерін жеткіземіз.

Осылайша алты апталық тәжірибе барысында мектебімнің алға жылжып дамуы үшін бірқатар тың өзгерістерді енгізу арқылы, біршамасын тәжірибе кезінде жүзеге асырсақ, қалғанын жыл бойы қадағалап, іске асыру үшін

І деңгей тыңдаушы мұғалімі ретінде бар күшімді саламын. Сонда ғана өзім енгізген өзгерістердің мектептің дамуы үшін қаншалықты қажет екеніне әріптестерімнің және мектеп әкімшілігінің көзін жеткізетін боламын.


Пайданылған әдебиеттер

1.Мектептің 2015-2016 оқу жылына арналған оқу өндірістік жоспары

2.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 1- деңгей. «НЗМ»ДББҰ,2015






/Қосымша 1/

Мектептегі тәжірибе кезеңіндегі мектептің даму жоспары 12.09.2015 -24.11.2015

Тақырыбы: «Оқушыларды сын тұрғысынан ойландыра отырып, қызығушылығын, белсенділігін арттыру»



Мақсаты мен міндеттері

Табыс критерийлері

1.Мұғалімдер арасында ынтымақтастық мәдениетін құру.

2.Мұғалімдердің кәсіби дамуы назарда болады.

3.Сын тұрғысынан ойлаудың әдіс-тәсілдерін мұғалімдер өз іс-тәжірибесіне енгізеді.


Мұғалім

-Мұғалімдер ынтымақтастықта бірлескен жұмысқа тартылады.

-Мұғалімдер коучингке қатысуда жаңа тәсілдерді меңгереді.

-Кәсіби дамуына мүмкіндік туады.

-Сын тұрғысынан ойлаудың маңыздылығын түсінеді.

-Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігіне көз жеткізеді.

-Сын тұрғысынан ойлау арқылы сабақтың сапалылығына қол жеткізеді.


Оқушы

-Орта буын оқушылары сын тұрғысынан ойлауға дағдыланады.

-Топта, жұпта әңгіме, тыңдау, өз ойын айту, сұрақ қоюлары қалыптасады.

-Топта диалогқа түсу арқылы өзіндік болжам жасайды, өз идеясын дәлелдей алады.

-Топта «алтын ережені» ұстануға үйренеді.

-Пәнді оқуға белсенділігі артады.



Іс-шара

Мақсаты

Жауапты адам

Жұмыс түрі

Мерзімі

Эволюация


Мониториг

Нәтиже

Рефлекcия

1

Мектеп туралы ақпарат жинау. Аудит жүргізу

Мектеп бағытын,

мұғалімдердің әлеуетін анықтау

І деңгей тыңдаушысы

Мектеп директоры мен әкімшілікпен кездесу, пікір алмасу

І апта

1 күн

Мектеп директорымен құрылымдалған сұхбат, әкімшілік мүшелерімен пікір алмасу

Жұмыстың мықты және әлсіз жақтарын саралау, анықтау

Бағдарлама идеясын түсінеді. Ынталы топ құрылады.

Сұхбат, әңгімелесу,

кері байланыс, рефлексивті күнделік

2

" Білім мазмұнына жаңалық ендірудің маңыздылығы " таныстырылым

Бағдарлама идеясын, мақсатын ашу, көрсету, түсіндіру

І деңгей тыңдаушысы

Таныстырылым, слауд-шоу

І апта

2 күн

Таныстырылымға қатысқандардың ойын білу

Таныстырылымның жоспары мен байланыс дәптері

Идеямен танысады. Мақсаты мен міндеттерін түсінеді.

Кәсіби сқхбат, кері байланыс, интервью алу

3

Сауалнама алу

Басымдықтар анықтау мақсатында сауалнамалар құру, нәтижесін саралау

І деңгей мұғалімі, психологтар, ынталы топ мұғалімдері

Мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар, сауалнама,

І апта

3 күн

Сауалнама алынатын ата-аналармен, оқушылар және әріптестермен кездесу

Сауалнама нәтижесін өңдеу, анықтама жазу, диаграммасын құру

Басымдықтар анықталады. Табыс критерийлері құрылады.

Диаграмма, рефлексивті күнделік, ата-анамен бейресми әңгіме, бақылау

4

SWOT талдау жүргізу

Саралау барысында анықталған ақпараттарға талдау жүргізіледі.

І деңгей мұғалімі, психологтар, ынталы топ мұғалімдері

SWOT кестесі

І апта

4 күн

Жинақталған ақпараттарға талдау жасау

Сараланған басымдықтарға диаграмма түсіру

Ақпараттар өңделеді. Басымдықтар мен табыс критерийлері айқын болады

Диаграмма, рефлексивті күнделік, кері байланыс

5

Анықталған басымдықтарға байланысты оқу үдерісін өзгертудің бағыттарын анықтау

Тәлімгер мен коучты анықтап, ынтымақтастық орта қалыптастыру

І деңгей мұғалімі, ынталы топ мүшелері

бағдарлама, нұсқаулық

І апта

5 күн

Тәлімгерлік пен коучингтің жоспарын құру

Тәлімгерлік пен коучинг жүргізудің әдістемесі

Тәлімгер тәлімгерлік етудің,коуч коучинг өткізудің идеясын үйренеді

Тәлімгер және коучпен кәсіби сұхбат, рефлексивті күнделік

6

Қоғамдастық құру

Өзара сенімге негізделген қарым-қатынас арқылы пікір алмасу,желілік байланысқа түсу

деңгейлі мұғалімдер мен өз ниеттерімен қатысушылар

Интернет желісі, скайп, портал, форум, чат т.б.

Үздіксіз жүргізу

Қоғамдастық құру,желілік байланыс

Желілік қоғамдас-

тықтағы ресурстардың

жүйелілігі

Желілік байланыстың қажеттілігін түсінеді.

Рефлексивті күнделік, кері байланыс


Тәлімгерлік үдеріс-кәсіби өсуге басқан қадам (әңгімелесу)

Тәлімгерліктің маңызын ашу, оқыту үрдісіндегі орнын байқату

І деңгей мұғалімі мен тәлімгер

Тәліптер мен тәлімгер

үнемі

Бейнежазбалар, фотосуреттер,

жоспары,

Тәлімгерлік жоспары, байланыс дәптері

Мұғалімдерге әдістемелік, кәсіби көмек беріледі.

Тәлімгермен сұхбат, кері байланыс, рефлексивті күнделік

7

Коуч пен көшбасшы (Кәсіби әңгіме)

Коучтың өз сабағына рефлексия жасату арқылы кедергілерді анықтау

Коуч, І деңгей тыңдаушысы


Әңгіме, талдау

үнемі

Бейнежазба, фотосурет,

Транскрипция

Рефлексия арқылы кедергілерді жеңу жолдары анықталады


Кері байланыс, рефлексивті күнделік жүргізу

8

Коучинг «Оқу үрдісіндегі сын тұрғысынан ойлаудың маңызы»

Коучинг өткізудің қажеттілігін түсіну,сын тұрғысынан ойлауға үйрету

І деңгей тыңдаушысы

Презентация,

флипчарт, мәнмәтін,

маркер,

стикер,

ІІ апта

2 күн

Бейнежазба, фотосурет, коучинг-сессия жоспары

4-6 мұғалім

Коучингтің маңызын түсінеді.

Тақырыптың мазмұны ашылады.

Бейресми сұхбат,

рефлексивті күнделік

9

Сын тұрғысынан ойлау модульін пайдаланып өткізілген сабақтар тізбегі

Коучинг мақсаты арқылы оқу үдерісіне өзгеріс енгізу, тиімділігін анықтау

І деңгей мұғалімі мен пән мұғалімдері

Слайд, мәнмәтін, үлестірмелер, флипчарт, маркер, стикер,

ІІ апта ішінде

Бейнежазбалар, фотосуреттер, ОМЖ, ҚМЖ, сабақты талдау парағы

Сабаққа қатысу парағы, постерлер, оқушылардың дәптерлері

Сын тұрғысынан ойлана алады, жаңа әдіс- тәсілдерді пайдалануды үйренеді

Оқушылармен сұхбат, кері байланыс, рефлексивті күнделік

10

«Оқушы үні» оқушылардың

сабақтағы өзгерістерге көзқарастары

Оқушылардың пікірімен санасу, «үнін» тыңдау,қажет кезінде іске асыру

І деңгей мұғалімі мен оқушылар ұйымы

Слайд,

видеоролик танысты-рылым, флипчарт, маркер, стикер

ІІ апта ішінде

Бейнежазбалар, фотосуреттер,

жоспары,

Оқушылардың толтырған кестелері, постерлер

«Оқушы үні» арқылы пікірлері мен тілектері анықталады.

Оқушылармен интервью, кері байланыс, рефлексивті күнделік

11

Коучинг «Сын тұрғысынан ойлауды сабаққа пайдаланудың тиімдігі»

Сын тұрғысынан ойлаудың оқу үрдісіндегі тиімділігін жеткізу

Коуч пен І деңгей тыңдаушысы

Презентация,

флипчарт, мәнмәтін,

маркер,

стикер

ІІІ апта

2 күн

Бейнежазба. Фотосурет, коучинг-сессия жоспары, қатысу парағы, байланыс дәптері

4-6 мұғалім

Топтағы диалогты түсінеді.Өзара пікір алмасу мен дәлелдеуге үйренеді.

Пән мұғалімімен кәсіби сұхбат, кері байланыс, рефлексивті күнделік

12

Сын тұрғысынан ойлауды пайдаланып өткізілген сабақтар тізбегі

Коучинг мақсаты арқылы сын тұрғысынан ойлаудың тиімділігін анықтау

І деңгей мұғалімі мен пән мұғалімдері

Слайд, мәнмәтін, үлестірмелер, флипчарт, маркер, стикер,

ІІІ апта ішінде

Бейнежазбалар, фотосуреттер, ОМЖ, ҚМЖ, сабақты талдау парағы

Сабаққа қатысу парағы, постерлер, оқушылардың дәптерлері

Жаңа әдіс- тәсілдерді пайдалануды үйренеді.

Ресурстармен жұмыс жүргізуді меңгереді.

Оқушылармен сұхбат, кері байланыс, рефлексивті күнделік

13

Көшбасшы-

лықты зерделеу (коучинг)

Мектептегі көшбасшы-лықтың маңызы мен мақсаттарын түсіндіру

І деңгей тыңдаушысы

Видеоролик, презентация

ІVапта

2 күн

Бейнежазба. Фотосурет, қатысу дәптері

4-6 мұғалім

Көшбас-шылықтың идеясын түсінеді. Өзара бір-біріне қолдау көрсетеді.

ІІ, ІІІ деңгейлі мұғалімдермен кәсіби сұхбат, кері байланыс, рефлексивті күнделік

14

ІІІ деңгей және пән мұғалімдеріне құрылымды бақылау

Мұғалімдердің сын тұрғысынан ойлануды өз сабағына енгізуін бақылау

І деңгей мұғалімі, коуч

ОМЖ, ҚМЖ және бақылау критерийлері

V апта ішінде

Бақылау парақтары,

бейнежазба, фотосурет

Коучингке қатысқан мұғалімдердің сабағына көшбасшы мен коуч қатысады

Енгізілген өзгерістің сәтті және сәтсіз жақтары анықталады

Оқушылармен сұхбат, кері байланыс, интервью,

рефлексивті күнделік

15

Жаңа бастамаға ілесу заман талабы

(дөңгелек үстел)

Сыртқы ортамен байланыс күшейтіп, жаңа идеялар талқылап, бөлісу, тәжірибе алмасу

Көшбасшылар

Коучинг

VІ апта

Бейне жазба, фотосурет Хаттама,

10 адам

Идеялар талқылап, бөлісу

Дөңгелек үстелге қатысушылармен кәсіби сұхбат

16

Табысты оқудағы ынтымақтастық

Қоғамдастықтың маңызын түсіндіру, ынтымақтыстыққа шақыру

І деңгей тыңдаушысы

Коучинг

VІ апта

Хаттама Постер, фотосурет, бейне жазба

Қатысқандар

Қоғамдастықтың маңызын түсінеді

Қатысушы мұғаліммен кәсіби сұхбат

17

Дөңгелек үстел «Қаншалықты оқыту үдерісіне өзгеріс енгіздік?»

Не ұттық,неден ұтылдық, өзгерістің енгенін неден байқауға болады деген сұрақтарға жауап іздеу

І деңгей тыңдаушысы мен ынталы топ мүшелері

Слайд, мәнмәтін, үлестірмелер, флипчарт, маркер, стикер,

VІ апта

Бейнежазбалар, фотосуреттер, сабақты талдау парағы ,іс-шара жоспары

Өзгерістің мықты және әлсіз тұстарын саралау,талдау

Өзгерістің оқу үдерісіне әсері туралы түсінеді

Оқушылармен сұхбат, кері байланыс, рефлексивті күнделік



3


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!