Материалдар / С. Мұратбеков «Жусан иісі» хикаяты. ҚМЖ

С. Мұратбеков «Жусан иісі» хикаяты. ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
6.1.1.1.Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау.Мақсатына сай тапсырмалар құрастырылған
Авторы:
23 Желтоқсан 2024
243
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Бөлім: ІІІ бөлім: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...-


Мұғалімнің аты-жөні: Қабылова К.Т.


Күні:24.01.2023


Сынып: 10А

13

Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы:

С. Мұратбеков «Жусан иісі» хикаяты


Сабақ негізделген оқу мақсаттары

6.1.1.1.Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау.

Сабақ мақсаты:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтайды.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтайды, талдау жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Шығармаға сюжеттік талдау жасайды.

Сабақтың жоспары

Сабақтың кезеңі, уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Баға-лау

Ресурс-тар

6 мин

Ұйымдастыру кезеңі. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.Топтарға бөліну.

Тәріп сақтаймыз десек, бір рет шапалақтаймыз.

Белсенді боламыз десек екі рет шапалақтаймыз.

Ал, дайынбыз десек, рет шапалақтаймыз.

«Болжау» әдісі




Сабақтың мақсаты, критерийлерімен таныстыру.


Қызығушылықты ояту — Хикаят не себепті «Жусан иісі» деп аталады?

(Оқушы пікірін білу)

Қазақ халқы үшін жусанның орны ерекше болған. Бұл сөзді естігенде əрбір адамның жаны жадырап, көңілі көкке көтеріліп, даламыздың дарқандығы мен қадір-қасиеті санаға келеді. Ғажайып болмыс көз алдыңда көрініс табады. Мəселен, ұлы əмірші Бейбарыс Сұлтан қыпшақ даласының бір түп жусанының иісіне еміреніп, сағынышын басқан деген аңыз бар. Демек, жусан – сағыныштың, ұлы аңсардың, ынтық арманның символы.

Әңгімелеуші кейіпкер хикаятты Аянға деген сағынышымен аяқтайды. Аянның прототипі Науқан Керімов қазіргі кезде Ескелді ауданында Ақын Сара ауылында тұрады. 1937 жылы дүниеге келген. Еңбек ардагері, құрметті зейнеткер. Отбасында он бес бала бар. Өмірлік қосағы Тыматай апа. Кезінде ауыл балаларын ертегілерімен тамсандырған Науқан бүгінде өз немерелеріне ертегі айтып, сүйікті ата атанып отыр.

  1. Сайын Мұратбеков туралы не білеміз?

  2. Жазушының қандай шығармаларын білесіздер?

  3. Жусан дегеніміз не?

  4. Жусанның иісі қандай болады?

Бейнебаянды тамашалау.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

















































2ұпай

















2 ұпай




15 мин





Мағынаны тану

«Алыста қалған балалық шағым...» – деп басталады «Жусан иісі» әңгімесі. «Біздің ауыл Ешкіөлмес деген кішкене қоңыр таудың дәл етегінде еді. Ұзыннан-ұзақ бір көше боп жоғарыдан төмен қарай созылып жататын», – деп жалғасады.

Демек әңгіменің авторға қатысы бар деп ойлайсыңдар ма?

«Ойымнан жарғақ сары тоны қаудыраған, тобығы тайған сол аяғын сүйрете жүгіретін, шілбиген арық, ақсақ қара бала бір кетпейді.»

Әңгіме кім туралы деп ойлайсыңдар?


1 топ. «Кластер» әдісі


Жазушы шығармашылығы туралы кластер құрасты-рыңдар.

Оқулыққа сүйеніп,

С. Мұратбековтің өмірі мен шығармашылығы туралы дәптерде кластер жасату.

С.Мұратбеков – жазушы, ұстаз, Талдықорған өңірінің перзенті, алғашқы туындысы 1954 жылы жарық көрген, шығармалары: «Жабайы алма», «Ауыл оты», «Жусан иісі», 1936-2007 жылдары аралығында өмір сүрген т.с.с.

Дескрипторы:

Жазушы туралы деректерді біледі;

Жазушы шығармаларын атайды.

ҚБ. 2 ұпай.


2-топ. «Ойлан, ізден» әдісі

С.Торайғыров. «Шығамын тірі болсам, адам болып» өлеңі мен С.Мұратбековтің «Жусан иісі» әңгімесін салыстыру


поэзия

проза

Құры-лысы

3-шумақ

қара-сөзбен бері-

леді.

кейіп-керле-рі







Дескрипторы:

Позия мен прозаның айырмашшылығын біледі;

жанр туралы түсінік қалыптасады.

ҚБ. 2 ұпай



3- топ. «Хикаят картасы» әдісі



Шығармаға Сюжеттік талдау жасау.

Басталуы:

Байланысы:

Шиеленісуі:

Шарықтау шегі:

Шешімі:

дескрипторы:

Шығарма мазмұнын біледі;

Сюжетін анықтайды.

СЖ. «Сен маған, мен саған» әдісі. Оқушылар бір біріне сұрақтар қояды.


Әңгімелеуші кейіпкер хикаятты Аянға деген сағынышымен аяқтайды. Аянның прототипі Науқан Керімов қазіргі кезде Ескелді ауданында Ақын Сара ауылында тұрады. 1937 жылы дүниеге келген. Еңбек ардагері, құрметті зейнеткер. Отбасында он бес бала бар. Өмірлік қосағы Тыматай апа. Кезінде ауыл балаларын ертегілерімен тамсандырған Науқан бүгінде өз немерелеріне ертегі айтып, сүйікті ата атанып отыр.

Shape1





4 ұпай























































2 ұпай






















Соңы

Кері байланыс: “МЕНІҢ ОЛЖАМ немесе ӘТТЕГЕН-АЙ!

Бұгінгі сабақтың мақсатына жету үшін тапсырмалар орындадық. Барлық мәлімет түсінікті болды ма? Қандай қателіктер жібердің?

Үйге: 109- бет. 3- тапсырма.






























































Әй, анау кім-ей? - деген. Бәріміз сол нұсқаған жаққа қарадық. Анадай жерде: шолақ жең ақ жейде, тізеден жоғары қысқа қара шалбар киген, кекіл шашы бар, мұнтаздай таза бір бала тұр екен. Біз қараған кезде ол өзінше әлдеқандай боп кейкиіп, екі қолын қалтасына сап шіреніп қойды. Ойынды тастай сала бәріміз бірдей топырлай жүгіріп әлгінің қасына келдік. Адам көрмегендей бір-бірімізді кимелеп, қоршалай, тұра қалдық. Үстіміздегі киімнің кімдікі қара, кімдікі ақ екенін біліп болмайды, баттасқан шаң-топырақ. Шетімізден ит талағанда алым-жұлым, алқа-салқамыз. «Бұл кім-ей? Қайдан келген-ей» деп бірімізді біріміз түртпектей береміз.




Бізді Иманжанов деген шашы аппақ қудай, қолы-басы тоңған адамша дірілдей қалшылдап, көзі қып-қызыл боп жасаурап отыратын қарт кісі оқытты. Бұл кісі -денсаулығының нашарлауы себепті қаладан көшіп келген мұғалім екен. Бізге күн сайын үйінен әкелген қағазды бір-бір парақтан үлестіріп беріп, әріптерді үйрете бастады. Аян екеуміз бір партаға отырғанбыз. Бірінші күннен-ақ ол зеректігімен көзге түсті. Мұғалімнің тақтаға жазған әріптерін айна-қатесіз қағазға түсіріп, тез жаттап алып жүрді.






Сырғанақты тастай бере дәл бірдеңеден құр қалатындай бәріміз бірдей дүрліге дүркіресіп, Аянның үйіне қарай лап қойдық. Артымыз жетпей жатып, алдымыз не боп қалғанын естіп те үлгердік. «Аянның әжесі өліп қапты»,- деген сыбырды алқына тұрып сүйінші сұрағандай бірімізге-біріміз жеткіздік. Жарғақ сары тон киген Аян, күлімдеп тұратын қара көзі шарасынан шыға жаутаңдап, өңі боп-боз есігінің алдында тұр екен.


Ертеде бір жетім бала бопты...- деп ертегісін бастады. Сол күні оның ертегісі түннің жарымында бір-ақ аяқталды. Әуелде тұнжыраған күймен жабырқау басталса да, келе-келе ертегінің күлкілі оқиғасы көбейіп, Аян да бауырын жазып, бәріміз көңілді күлкіге батып қарық боп қалдық. Тіпті Аянның әжесінің өлгенін де ұмытып кетіппіз. Сықылықтап күлісіп мәз-мейрам боп: − Ей, тағы да айтшы. − Тағы да айтшы...- деп жан-жақтан шулап қоя бердік.



Сол күні Аян әжесінің тумаласы Бапай деген шалдың үйіне көшті. Біз көшеде сырғанақ тебуге кіріскенбіз. Дәл осы кезде, азын-аулақ көрпе-жастық тиелген шананы Бапай айдап, Аян езі қоңыр сиырын бұйдасынан жетелеп көшенің басындағы шалдың үйіне көшіп бара жатты. Қоңыр сиыр үйренген қорасынан шыққысы келмей тартыншақтай бастаған, біз бір топ бала шуылдаса қаумалап артынан айдадық. Қоңыр сиыр көзі шарасынан шыға шатынап, танауын пысылдатып басын шайқап-шайқап, Аянды сүзіп жіберердей боп алға қарай оқтана жүрді.



-Аян, балалар үйіне кеткелі жатыр.Ал кемпір келіп , аянның бетінен сүйді, көзіне жас алды.

-қарағым, жолың болсын деді жыламсырап. Аян балалармен қол алысып қоштасты.


Шынында, бүгін Аян қайда?

Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі