Материалдар / Ш. Уәлихановтың Шығыс Түркістан халықтары туралы тарихи көзқарасы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ш. Уәлихановтың Шығыс Түркістан халықтары туралы тарихи көзқарасы

Материал туралы қысқаша түсінік
студенттерге керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Мамыр 2021
283
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Абай – қазақ халқының рухани көсемі» деп жазды Нұрсұлтан Назарбаев. Абай расында халқымыздың рухани көсемі. Абай қашанда қазақ халқының рухани ұлы көшінің басында. Абай сөзі, Абай әндері мәңгі жаңғыра, жаңара бермек. Абайды құрметтеу – өзіңді құрметтеу, Абайды қастерлеу – ұлтыңды қастерлеу деген сөз. Мұның бәрі де Абайға емес, бүгінгі өзімізге, жалпы қазаққа, келешекке керек әңгіме.

Әңгіме Абай туралы жазуда, Абай жайында сөз айтуда да ғана емес, Абайды оқып, ұғына білуде, Абай сөзіне құлақ аса білуде, Абайды жан-тәніңмен бойға сіңіре білуде. Абайды ғана емес, бағзы замандардан бері үзілмей келе жатқан даналығымызды, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би секілді бабалар сөзін, Асанқайғы, Қазтуған, Ақтамберді, Махамбет, Мұрат, Дулат, Жамбыл, Мұқағали мұраларын жаттатып, жас ұрпақтың санасына ұғындыруды парызымыз деп есептеуіміз керек. Мұның өзі түптеп келгенде қазақты қазақ ұғыну, қазақты қазақ түсіну деген сөз! Қазақты сырттан келіп ешкім жарылқамайды. Қазақты жарылқаса тек қазақ қана жарылқайды.

Ұлы даланы еркін мекендеген, алаңсыз, бейқам өмір кешкен қазақ халқының тағдыры туралы Абайдай аяусыз, жанға батырып қатты айтқан жан болған жоқ. Абайдың максимализмі туған халқының мешеу мінезін ғайбаттау емес, керісінше елін талмайтын зерделікке, ойлылыққа шақыру.

Абай өлеңдерін оқу, оның қадір-қасиетін сезіну, асыл ойларын зердеге сақтау ынтасы да, ықыласы да бүгінде бұрынғыдай емес. Тек Абайға ғана емес, жалпы кітапқа құштарлық, кітапқа құмарлық бәсеңдеді. Мұны күнделікті тіршілікте әр отбасынан көріп жүрміз. Теледидар, басқа ақпараттар толқыны, батыстық экспансия өз балаларымызды бауырымыздан, ұлттық әдебиеттен, ұлттық өнерден, ұлттық музыкадан бөліп алып барады. Бұл, шынында да, қорқынышты жағдай. «Қорқамын кейінгі жас балалардан» дегенде Абай осы сұмдықты сезген бе деп ойлайсың. Осы үшін де бізге Абай керек. Абай өлеңдеріне жас ұрпақты үңілдірудің, Абай ойларын жеткіншектеріміздің бойына сіңірудің тура жолын іздестіруіміз керек. Абай өлеңді ермек үшін жазған жоқ, кейінгіге өнеге-білім бермек үшін жазды.

Ойшыл-ақын шығармаларында жалпы психологияның - жан мен тәннің арақатынасы, адамның психология даму жолындағы тәрбие мен білімнің атқаратын қызметі, сондай-ақ бала психологиясы мен қоғамдық психологияның жекелеген мәселелері де (адамның жеке басына және жасына байланысты ерекшеліктері, әдеп, үлгі-өнеге, өзін-өзі тәрбиелеу жайлы, оқудың психология негіздері, ұлттық мінез-құлықты. т. б.) көрініс тапқан. Ол бұл мәселелерді талқылағанда адамның психология өмірінің белгілі бір қырына табиғи-ғылыми тұрғыда толық түсініктеме бере қоймайды. Алайда Абай тұжырымдарының ауқымы мен тереңдігі оның әлем психологтарының еңбектерімен таныс болғандығын айқын дәлелдейді. Оның психологиялық көзқарасы, нақтырақ айтсақ, Аристотель, Әл-Фараби және К. Д. Ушинскийдің көз қарастарымен астарласып жатады. Олардың таным процесіне байланысты материалистік түсініктері жүйелі емес, аллаға сену мен жанның мәңгілігі туралы ұғымдармен араласып отырады. «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес», «Көк тұман - алдындағы келер заман» т. б. өлеңдерін де ойшыл-ақын адамның денесі ғана өледі, ал жаны ешқашанда өлемейді деп тұжырымдайды:

«Ақыл мен жан - мен өзім, тән - менікі,

«Мені» мен «менікінің» мағынасы - екі.

«Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,

«Менікі» өлсе өлсін, оған бекі».

Абайдың өлмектіңмектің жаны кәсіби әрекет негізінде қалыптасқан, сөз енері арқылы сыртқа шығып, ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырған деген ұғымын:

«Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған

жолдарымен тұжырымдауға болады. Абай қоршаған ортаның шындығын мойындай отырып, ақыл мен сананың еңбек барысында қалыптасатындығы туралы «Ақыл, ғылым - бұлар - кәсіби» дейді. Абай түсінігінде адам өзін қоршаған дүниені сезім мүшелері арқылы танып, сол таным деректерін санада қорытып: «көзбенен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабарлады». Абайдың бұл тұжырымдары материалистік философия ой-пікірмен толық үндес келеді. Ақын ғақлияларында қоршаған әлемді тану үшін адамға қажет қасиеттерді атай келіп: «алдымен - «не көрдің, есіттің, әрнешік білдің, соны тездікпенен ұғып...» алу; екінші - «... бір нәрсені естіп, көріп білдің, қош келді, қазір соған ұқсағандарды тексересің. Түгел ұқсаған ба? Яки бірғана жерден ұқсағандығы бар ма? Әрнешік сол іске бір келіскен жері бар нәрселердің бәрін ойлап, білгенін тексеріп, білмегенін сұрап, оқып, тебеннен хабарласып білмей, тыншытпайды» деп көрсетеді.

Абай сезім мүшелерінің шындықты танудағы қызметін дұрыс түсіндіреді. Ақын: «Дүние бірқалыпта тұрмайды, адамның қуаты, өмірі бірқалыпта тұрмайды. Әрбір мақлұққа құдай тағала бірқалыпта тұрмақты берген жоқ», - деп табиғат қана емес, адамның да үнемі өзгеріп отыратындығына ерекше көңіл аударады. Абай адам мен жан-жануарлардың мінез-құлқыдағы айырмашылықтарды: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады», - деп ажыратып берді. Адамның ең басты артықшылығы оның қоғам пайдасы үшін белсенді әрекет жасай алатындығында, «қай өгіз шаһар жасап, құрал жасап; неше түрлі сайман жасап, сыпайылық шеберліктің үдесінен шығарлық қисыны бар?», - деп түсіндіреді Абай.

Абай түрлі ұғымдар мен түсініктердің мәнін айшықты тілмен әсерлі етіп жеткізетін өлеңдері мен философия талдау-ғақлиялары арқылы қазақ халқының қалың бұқарасы арасына психология білімнің таралуына қолайлы жағдай жасады.

Абай өзінің өлең-жырларында ел ішіндегі ұрлық, зорлықты, алтыбақан алауыздықты, күштілікті, жатып ішер жалқаулықты өлтіре сынап, жастарды адал еңбекке, отырықшылыққа, егіншілікке,  өнер-білімге шақырады. Шығыс пен Батыс классиктерінің ағартушылық ой-пікірлерінен мол нәр алған ұлы ақын бала тәрбиесі мәселелеріне де кеңінен тоқталып, өзінің өлеңдері мен қара сөздерінде педагогикалық көзқарасын білдіреді. Адам мінезіндегі орынсыз мақтан, ойсыздық,  салғырттық, күншілдік, көрсеқызарлық сияқты жаман әдеттердің ақыл мен ойды тоздыратынын айта келіп, естігенді есте сақтау, көргеннен үлгі-өнеге алу, жаман әдет-дағдыдан бойын аулақ ұстау, нәпсіні ақылға жеңдіру, ұстамды болу сияқты адамгершілік қасиеттерді насихаттайды. «Егер есті кісінің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмысында бір, ең болмаса айында бір, өмірді қалай өткізгенің жайында өзіңнен өзің есеп ал»,-дейді. Яғни, адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен мәніне ерекше тоқталады. Абай сана-сезімді тәрбиелеудегі қоғамдық ортаның ролін материалистік тұрғыдан түсіндіре білді.

Тәрбие мәселесінде ұлы ақынымыз Абайдың «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», «Жақсы көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін», деген гуманистік ой-пікірлерімен жас ұрпақты өзінің еліне, халқына зор махабатпен қарап, адамгершілік қасиеттермен тәрбиеленуіне зор мән беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Бүгінгі күнде біз бір кісідей «Жаңа заман, жаңа дәуір, жаңа ғасырға» аяқ басып отырмыз. Біздің басты міндеттеріміз – ұрпақты адамгершілік, бауырмалдық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты жақсы қасиеттерге тәрбиелеу және әлемдік мәдениет пен ұлттық мәдениетті кіріктіре меңгерту.

Бала тәрбиесі, ұрпақ  тәрбиесі  тек ата-ана ісі емес, бүкіл  қоғамды толғандыратын мәселе. Өйткені  бүгінгі  бала, ертеңгі халқымыздың, Отанымыздың болашағы.Үйде ата-ана, ересек бауырлар мен туған-туыс, сыртта  көршілер  мен үлкендер, мектеп  пен оқу  орындарында  ұстаздар, жұмыста басшылар  мен әріптестер жалпы  қоғамның әрбір мүшесі жұмылып, алдымен өз бойымыздан ізгілік  пен туралықтың  өнегесін  көрсете отырып, балаларды жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге тәрбиелейік.

Біз Мәңгілік Ел болуға қарай қадам бастық. Ел Президентінің Мәңгілік Ел  идеясы – халықтың үміті мен тірегі. Біз Елбасы тілегін қостаймыз. Тілекке тілек, білекке білек қосып, күш біріктіріп, Отанымыз үшін еңбек етуге дайын болайық!

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Муканов М.М. Психологические исследования рассудка в историко – этническом аспекте. – М., 1996

  2. Жарықбаев Қ.Б., Аймағанбетова О.К. Этнопсихология. – А,.2001

  3. Абай. Екі томдық шығармалар жинағы. Екінші том. А.Жазушы.1986

  4. Абай. Екі томдық шығармалар жинағы. Бірінші том. А.Жазушы. 1986.

  5. Әуезов М. Әр жылдр ойлары. Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы. Алматы. 1959.

  6. Дала даналары. Алматы. Қазақстан даму институты. 2001. – 640 б.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!