«Ақтөбе орта мектебі» КММ-нің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі Э.Б.Джабасова
САБАҚ БАРЫСЫНДА МӘТІНДЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ ТИІМДІ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
Біз білетін сауатты адам әріп танып, қолына қалам ұстай алады. Әріп таныған адам мәтін оқып, оның мағынасын түсіне біледі. Оқыған адам өзі шимақтап, біртіндеп жазуды үйренеді. Бұл – мектеп табалдырығын аттаған кез келген бала машықтанатын қабілеттер. Баршаға аян нәрсені неге тәптіштеп айтып отыр дерсіздер? Сол оқып отырған мәтіннің түрі мен түпкі мағынасын түсіну қаншалықты қиын болуы мүмкін? Бір қарағанда, оп-оңай.
Ал мақаламызға арқау болған медиа сауаттылық тұрғысынан келгенде әріден бастауға тура келеді. Ең алдымен «медианың» не екенін анықтап алайық. Бірден газет-журнал, радио, телевизия, интернет дерсіз. Қолыңыздағы кітап пен смартфон, көше бойындағы жарнама тақтайшалары, дүкеннің маңдайшасы, фильм, көне ескерткіштер, видео ойындар, музыка, аңыз-ертегілер мен ауызекі сөзге дейін медиаға жатады дегенге не дейсіз? Медиа – ағылшынша medium сөзінің көпше түрі, ақпарат жеткізетін кез келген коммуникация құралын осылай атауға болады. Енді технологияның қарыштап дамуымен енген медиасауаттылық ұғымы нені білдіреді?
Біз жоғарыда айтқан ақпарат құралдары арқылы адам күніне қанша ақпарат алатынын білу үшін, 2020 жылы орташа есеппен күн сайын қанша дерек пайда болғанын қарап көрейік. Бұл сан күніне 2,5 квинтиллион байтты құраған. Квинтиллион деген сан мөлшерін бірінші рет көріп тұрсаңыз, жалғыз емессіз. Салыстырып көру үшін 18 нөлі бар екенін айта кетейік. Әрине, осы секілді адам күніне, секундына қанша ақпарат өңдейтінін көрсететін толып жатқан өзге де статистиканы келтіре беруге болады.
Десе де, үй мен жұмыстың арасының өзінде қанша нәрсе көріп, қанша ақпарат оқитыныңызды өзіңіз де біліп отырсыз. Ол мәліметтің барлығына зер салып қарау міндетті емес, миыңыз өзі қабылдап өңдей береді, ал жадыңыз сақтай береді. Бұл ақпараттарға ортақ бір нәрсе бар, ол – авторының болуы. Кез келген ақпаратты таратарда белгілі бір себептің болатынын есте ұстау керек. Ал сол себепті түсіне білу – медиасауаттылықтың негізі.
Бізді қоршаған дижитал заманда ақпараттың қайдан, қандай мақсатпен шыққанын, қаншалықты сенімді екенін анықтау одан сайын қиындай түсті. Дегенмен, мойындағымыз келсе де, келмесе де, бұл бүгінгі күннің ең маңызды қабілеттерінің біріне айналды. Қоршаған ортаны енді танып-біліп, дүниетанымы қалыптасып келе жатқан, болашақта толығымен технология дәуірінде өмір сүретін балаларға бұл, тіпті, өзекті. Медиасауаттылықты балаларды ақпараттан қорғау деп түсінуге әсте болмайды. «Баланың миын улайтын контент көрсетпеймін» деген желеумен теледидарды өшіріп, интернетті шектейтін ата-ананың әрекетімен ақпаратты айыра алатын ұрпақ тәрбиелеудің арасы жер мен көктей.
Медиасауаттылық анықтамаларында бірінші мән беретін нәрсе – адамның сыни ойлай білу қабілеті. Бұл шетінен барлығын сынау емес. Сыни ойлай білетін адам біржақты пікірден аулақ болады, кез келген ақпаратты түрлі ракурстан талдай біледі. Бұл – негізі мектеп жасында қалыптасатын машық. Батыс елдерінде білім алған отандастарымыз біздің білім беру бағдарламамыз осы жерде ақсайтынын жиі алға тартады. Ата-ананың, ұстаздың, не өзінен жасы үлкен адамның айтқанын өздігінен саралап, жеке пікірін білдіру – бұрыс не тәрбиесіздік емес. Кішкентайынан кез келген айтылған нәрсені сұраққа алып, шамасы келгенше талдай білетін балалардың уақыт өте келе сыни ойлау қабілеті қалыптасады. Міне, осы машықты бойына сіңірген бала медиасауаттылықтың негізін меңгерген десек артық емес.
Ақпарат көбейген сайын оның ақиқат не жалған екенін анықтау қиындап кетті. Оған пандемия кезінде толық көз жеткіздік. Коронавирус туралы бұрмаланған ақпараттар әр отбасында талқыланды. Бұған шүбә келтірмейтініміз анық. Вакцина салған жерді магнитпен тексерген талайды көрдік, әлі көретінімізге сенімдімін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қолданысқа пандемиядан қаупі кем емес «инфодемия» терминін енгізді.
Жалған ақпараттың кең тарағаны соншалық, медиа және коммуникация саласында фактчекиң бағыты пайда болды. Ол бойынша деректерді тексеріп, хабарлардың рас-өтірігі анықталады. Былтыр пандемия кезінде індетпен қатар, ақпараттық вирустың кең тарағаны соншалық, Қазақстан үкіметі арнайы stopfake.kz жобасын іске қосуға мәжбүр болды. Бұл салада жалған ақпарат мәселесінің кезек күттірмейтінін көрсетті.
Қоғамда медиасауаттылықтың деңгейін көтермесек, салдары қандай болатыны туралы журналист, фактчекер, Factcheck.kz онлайн басылымының редакторы Павел Банниковпен әңгімелестік. Ол бұл мәселенің салдарын қазірдің өзінде байқауға болатынын айтады.
– Қоғамда медисауаттылықтың төмендігі үрейге, сенімсіздікке, денсаулық саласындағы жобалардың сәтсіз болуына, әлеуметтік поляризацияға, жек көрушілікке алып келетінін былтырдың өзінде анық көрдік. Бәрімізге айқын күнделікті көріністің бірі – халық алаяқтардың алдында қорғансыз қалады. Былтырғы статистиканың өзінен алаяқтардың арбауына түскен адамдардың қаншалықты көп екенін көруге болады. Алаяқтар келтірген залал 2019 жылмен салыстырғанда 180 млрд теңгеге артқан. Бұл құқық қорғау органдарына шағымданғандардың үлесі ғана, ақшаға алданғанын айтқысы келмейтіні қаншама. Қоғамда медиасауаттылықтың төмендігінен туындайтын ең қарапайым мысал осы. Ал болашақта ең қорқыныштысы – қоғамдағы поляризация дер едім. Халықтың біртұтастығы бұзылғанда, медиасауатсыз қоғамда үлкен ақпарат ағынын радикалды топтардың теріс ойлары оңай жаулап алады. Бұл – Қазақстан үшін де ең қауіпті мәселе, – дейді сарапшы.
Расымен, интернет алаяқтарды айыра алмау – қауіпсіздік саласындағы үлкен мәселелердің бірі. Жауапкершілік құқық қорғау органдарының мойнына артылғанмен, бұл да медиасауаттылыққа келіп тіреліп тұр. Осы секілді ақпаратты саралай алмай опық жеген жан қаншама. Бұл, әсіресе, әлеуметтік желі мен интернеттен оқыған кез келген мәліметке сене кететін орта жастан асқан адамдар арасында жиі кездеседі.
Мәселенің өзектілігін анықтадық. Оны шешу үшін не істей аламыз? Дамыған елдердің мысалына зер салсақ, бұл мәселе өткен ғасырдың соңында көтеріле бастаған. Сонда зерттеушілер мен сарапшылар медианың қоғамға теріс әсерін саралай келе, күнделікті тұтынатын ақпараттың қайдан, қалай, қандай мақсатпен тарағанын ажырата білу керек деген тоқтамға келген. Осылайша медиасауаттылық деп аталатын пән Батыста мектеп бағдарламасында оқытылатын болған. Қазір әлемдегі басқа да елдер бұл мәселенің өзекті екенін айтып, көбірек көңіл бөле бастаған. Осында бір қуанышты жаңалықты айтпай кетпеуге болмас. Жақында Қазақстандағы медиасауаттылық бойынша алғашқы оқу құралын мемлекеттік комиссия мақұлдап, білім беру мекемелерінде пайдалануға ұсынды. MediaNet халықаралық журналистика орталығы дайындаған оқу-әдістемелік кешенді еліміздегі оқу орындарында қосымша сабақ ретінде өтуге болады деген сөз. Су жаңа оқулық туралы жоба жетекшісі Алена Кошкинадан сұрастырып білдік.
– Біз алдымен сынап көру үшін оқулықты 2019 жылы орыс тілінде басып шығардық. Оқу құралы Қазақстанның төрт мектебінде, тіпті бір университетте сынақтан өтті. Сонымен қатар, Алматы мен Қарағандыда медиасауаттылық курсының бағдарламасы қабылданды. Мектеп және колледж мұғалімдеріне арналған медиа және ақпараттық сауаттылық бойынша тренингтер 2019 жылы басталып, әлі де өтіп жатыр. Енді Қазақстанның барлық өңірлеріндегі мұғалімдерді оқу құралына негізделген бағдарлама бойынша оқытуды жоспарлап отырмыз. Оқуға тартылған мектептердің толық тізімі жақын арада келісілетін болады, – деді А.Кошкина.
Мақалаға арқау болған мәселенің осылайша іс жүзінде шешім тауып жатқаны қуантады. Енді тек мектеп басшылары бүгін білімді жас ұрпақ тәрбиелеуде олардың медиасауаттылығын көтеру қаншалықты маңызды екенін бірден түсінсе дейміз. Шетелден келген тағы бір «сәндегі» сөздердің бірі ғана деп қабылданбаса екен.
Тіл меңгеру - оқушылардың білім алуында, ойлау қабілетінің дамып, шығармашылығының артуында маңызды рөл атқарады. Семинар - оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуға, олардың танымдық қабілеттерін арттыруға бағытталған тиімді әдіс. Семинар барысында қатысушылар бір-бірімен пікір алмасып, тақырып бойынша өз көзқарастарын білдіреді. Бұл процесте олар жаңа тілдік конструкцияларды, сөздерді, фразаларды меңгереді. Сонымен қатар, семинарлардың интерактивтік форматы оқушылардың тыңдау, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.
Жаңартылған білім беру мазмұнына сай қазақ тілі пәні қоғамға араласуға қажетті тыңдалым, айтылым, оқылым,жазылым дағдыларын дамытады. Бұл дағдылар оқушының өмірде еркін қарым-қатынас жасауына; өзгелермен пікір алмасып, көзқарасын еркін білдіре алуына; өз ойын, көзқарасын жүйелі де нақты жеткізуіне; кез-келген ақпаратты тиімді қолдануына; түрлі ақпаратты құр оқымай, сараптай отырып оқуына; оқығаны бойынша өзіндік қорытынды жасап, тың идеялар жасауға жол ашары сөзсіз. Осы төрт дағдының ішіндегі ең маңыздысы – оқылым дағдысы, себебі оқудың тиімді жолын меңгеріп, оқығаны бойынша анализ жасай алған адам ойын еркін айта да алады, сауатты жаза да алады.
Аудиторияға сұрақ қойылады:
-
Әлем бойынша тұрмыста қолданатын ВАТТ өлшембірлігі кімнің атына аталғанын білесіз бе?
-
Әлем бойынша адамдар телефонның тұтқасын көтеріп АЛЛО дейтін сөздің тарихын білесіз бе?
-
Әлем бойынша ең маңызды транспорт түрі автобус пен пойызды ойлап тапқан өнертапқыштың өмірінің соңында ешкім іздемеген қу кедей болып дүниеден өткенін білесіз бе?
-
Леонардо до Винчиді тек суретші деп танысаңыз қателесесіз. Ол ұлы өнертапқыш болған екен. Оның сызбалары қазіргі техникалардың дүниеге келуіне сеьепші болған екен.
-
Шаңсорғышты кім ойлап тапқан. Тоңазытқышты ше?
Аудиторияға өзекті әрі қызықты сұрақтар қою арқылы ойға шабуыл жасаймыз. Осы сұрақтардың жауабын білгіңіз келсе, мәтінмен жұмысқа мұқият болыңыздар дей отырып, мәтінмен жұмысқа көшеміз.
Аудиторияға өнертапқыштар туралы мәтіндер таратылады. 4 топқа бөлініп отырғызылған тыңдаушыларға А3 форматында алдын ала жасалған тапсырмаларды орындау тапсырмасы беріледі. Әлбетте тапсырма орындау үшін таратылған мәліметтерді мұқият оқу керек болады. Тапсырма: А3 форматында белгілі бір заттың суреттері, әртүрлі санда және таңбалар беріледі. Берілген ақпараттарды мәтіннен оқи отырып байланысын тауып, топта отырып үлкен бірақпараттық баяндама дайындап ауызша қорғайды. Сонымен қатар жоғарыда қойылған сұрақтардың жауабын табады. Ескеретін жағдай,берілген мәтін қызықты ақпараттарға толы, әлемді өзгерткен ұлы тұлғалар туралы 40 мәтіндік жинақ ұсынылады.
Мәтінмен жұмыс барысында мынадай негізгі аспектілерге назар аударған жөн:
1. Оқушылардың қызығушылығына сай келетін және олардың білім деңгейіне сәйкес келетін тақырыптарды таңдау.
2. Интерактивті жаттығулар: Оқушылардың белсенді қатысуын қамтамасыз ету үшін, рөлдік ойындар, топтық талқылаулар, пікірталастар секілді әдістерді қолдану.
3. Кері байланыс: Мәтінмен жұмыс барысында алған білімдерін талдау, қателіктерін түзету, әрі жетілдіру үшін маңыздылығын түсіндіру.
4. Шығармашылық тапсырмалар: Оқушылардың өзіндік көзқарастарын білдіруіне, ойларын еркін жеткізуіне мүмкіндік беретін тапсырмаларды енгізу.
5. Технологияларды пайдалану: Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы сабақты заман талабына сай қызықты әрі тиімді өткізу. Мәтінмен жұмыс оқушылардың тіл меңгеруін ғана емес, сонымен қатар олардың критикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін, топта жұмыс істей алу дағдысын дамытады. Менің өткізгелі отырған мәтін мазмұны ерекше деп айтуға болады. Мәтін мазмұны әлемге әйгілі тұлғалар мен өнертапқыш тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы, олардың өнертабыстары туралы айтылады.
Мәтінмен жұмыс барысында берілетін тапсырмалар оқушының мәтін мазмұнын қысқа сұрақтар арқылы есте сақтау, мазмұнын тиянақтау, білімін пысықтау дағдысын дамытса, мәселені анықтау немесе тақырып бойынша көзқарасты білдіру тәрізді жұмыс түрлері оқушының сыни тұрғыдан ойлауын дамыту, зерттеу, дәлелдеу, тұжырым жасау дағдысын дамытуға баулиды. Сонымен бірге мәтінді тақырыпсыз беріп, оқыту, қысқаша мазмұнын айтқызу, әр абзацқа тақырып қойғызу, толық мәтінге тақырып беру, жоспар құру, тірек сөздерін анықтатқызу, сұрақтар құру, қысқаша эссе жазғызу сияқты тапсырмалар да бағдарлама материалын меңгертіп қана қоймай, алған білімдерін тәжірибеде пайдалана білуге бағыттайды.
Кәсіби шеберлік, оқушыны өз пәніңе баурап алу, қызығушылығын арттыру, терең білім беру-ұстаздың талмай ізденуінде. Сондықтан кез келген ұстаз тілді үйрету барысында мәтінмен жұмысты жандандыра отырып, функционалдық сауаттылықты арттыруға тырысады. Мәутін оқушыға білім береді. Оқушыны оқуға үйрететін басты құрал, ойын, тілін дамытады, тәрбиелейді. Сондықтан сөйлеу тілін мәтін арқылы жаттықтырып, жаттығулар жүйесінде дамыту қажет.
Күтілетін Натиже:
-
Мұғалімдер мәтінмен жұмыс арқылы тіл меңгеруі мен ой өрісін кеңейтудегі ролін бағалай алады
-
Мұғалімдер мәтінмен жұмыс арқылы сынып ішінде тиімді қолдану үшін стратегияларды қолдана алады.
-
Оқушылардың тіл меңгеруі мен ой өрісін кеңейту үшін ұсынылған мәтіндер жинағын тиімді қолдана алады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз