«САБАҚ БАРЫСЫНДА ОҚУШЫ ЗЕЙІНІН ТҰРАҚТАНДЫРУ МЕН ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ»
КІРІСПЕ
Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар:
-
Көкірегі байлаулы берік болмақ керек;
-
Сол нәрсені ынтамен ұғу керек
-
Көңілге бекіту керек
-
Ой кеселдерінен қашық болу керек
Талқылайық, Абай атамыз айтып өткендей естігенді ұмытпау үшін ең алдымен ниеті мықты болу керек, ықыласпен тыңдай керек, санасында бекіту керек, ойды бұзатын әдеттерден сақтану керек. Яғни бүгінгі тәжірибе алмасуда сіздерге осы фокусты тұрақтау, оқушының есте сақтау қабілетін дамыту, зейін қойып тыңдау туралы ақпарат бөліскім келеді.
ТҮСІНДІРУ БӨЛІМІ ҚАБІЛЕТ
Неліктен баланың бағытын анықтаған маңызды?
Эпигенетика-нейрондардың белсенділігін арттырып, жаңа байланыс құра алатынын жайлы феноменді зерттейтін ғылым. Яғни адамның қандай да бір эмоциясына әрер ету арқылы, есте сақтау қабілетін төмендетіп, не жоғарлатуға болады. Жалпы қандай да бір ақпаратты есте сақтау үшін 4 сағат уақыт керек екен, жоғарыда айтып өткендей бұл арнайы гендердің 4 сағат ішінде белсенді болуына байланысты. Ал бұл гендер адамның эмоциясымен тікелей байланысты. Егер бала ақпаратты қызық деп тапса онда оның гендерінің белсенділігі артып ақпарат ұзақ мерзімді еске сақтау жадына сақталады. Ал егер оқушыға ақпарат қызық болмаса есте сақтай алмайды. Осы себепті де кей балалар ақындардың өлеңін жаттай алмаса да, тригонометрияның формулаларын ұмытпайды. Осы себепті балалардың қабілетін анықтап, бағыт бойынша оқыту тиімді.
Сабақты қызық өткізудің қандай пайдасы бар?
Оқушының қызығушылығын арттыратындай әдістерді пайдалансақ, олардың сабақты түсініп есте сақтаулары да жақсы болады. Ұзақ монолог, бір сарынды тапсырмалар, қозғалыстың жоқтығы немесе ақпараттың шамадан тыс тым көптігі оқушының сабаққа деген зейінін төмендетеді. Осы тұста оқушылармен бірге іске асыруға болатын белсенді сергіту сәтін ұсынамын.
Сергіту сәті 1 – 3 минут
«Иә / Жоқ» қозғалыс ойыны Келіссе – тұрады, Келіспесе – отырады.
Мысалы:
-
«Барлық оқушы 60 минут бойы зейінін ұстай алады»
-
«Сергіту – уақыт жоғалту»
-
«Қозғалыс есте сақтауға әсер етеді»
-
«Жалқаулық – ой кеселінің бір түрі»
-
«Күлкі сабаққа кедергі»
-
«Қайталау – есте сақтаудың бір жолы»
-
«Қызықсыз ақпарат оңай жатталады»
Қорытынды: Көріп отырмыз, қозғалыс, ойлану, қызығушылық қатар жүргенде – есте сақтау да күшейеді. Бұл әдісті өткен тақырыпты қайталауда немесе бүгінгі тақырып бойынша кері байланыс алуда қолдансақ болады.
ТҮСІНДІРУ БӨЛІМІ ЗЕЙІН
Балалардың зейінінің тұрақты болуы сабақ барысында маңызды. Қазір барлығымыз әлеуметтік желіде отырамыз, рилстардағы видиолардың ұзақтығы 1 минут деп орташа алатын болсақ, біздің миымыз сол бір минутқа ғана зейінін тұрақтай алады. Тіпті кей маркетологтар видионың алғашқы 15 секунды адамды қызықтырмаса, адам ары қарай видионы қарамайды делінген. Сол себепті де балалар қазір ұзақ көлемдегі монологты тыңдай алмайды, кітап оқуға қызықпайды тіпті киноны аяғына дейін көру қиындық тудырады. Мен сіздерге оқушы зейінін тұрақтауға және есте сақтау қабілетін арттыуға арналған сабақта қолдануға болатын әдістер ұсынамын.
Пән мұғалімдері ретінде біз балалардың сабақ барысындағы фокусын тұрақтаудан бастап көрсек болады. Фокус есте сақтағауға септігін тигізеді, көп оқушылар тыңдап отырады бірақ ми ол ақпаратты өңдемейді. Сіздерге әр түрлі пәндерде қолдануға болатын әдістерді ұсынамын.
1-әдіс. Барлық сабақта қолдануға болатын 60 секунд-толық зейін әдісі. Мұғалім сабақтың басында таймер қойып, оқушылар үнсіздікте отырып, тек бір затқа назарын аударады. Мысалы, сағат тілі, тақтадағы сурет, немесе өз тынысы. Бұл әдіс арқылы оқушы зейінін басқара алатынын білу керек.
2-әдіс. Гуманитарлық сабақтарда, яғни тақырып түсіндіретін ұзақ монолог кезінде сигналды ұста әдісін қолданса болады. Мұғалім алдын ала бір сөзді айтып ескертеді. Түсіндіру барсында сол сөзді қолданғанда оқушылар қолдарын көтереді. Бұл әдісті өз ыңғайларыңызға қарай өзгертсеңіздер болады. Екі сөз немесе басқа қимылды қолдану арқылы. Бұл әдіс арқылы оқушының тыңдау фокусы артып, импульсті бақылауы дамиды.
Сергіту сәті Сіздерге осы әдісті іске асыруды ұсынамын. Алдағы уақытта ЗЕЙІН сөзін қолданған кезде, қолымызды шапалақтаймыз.
3-әдіс. Сабақ арасында сергіту сәті ретінде мұқият бол әдісін қолданса болады. Тақтаға немесе экранға бір екі сөйлем беріледі. Әдейі 2-3 жерден дұрыс емес ақпарат беріледі, оқушылар сол ақпаратты табуға тырысу керек. Бұл әдістерді де өз пәніңізге қарай ыңғайласаңыз болады. Сабақты қорытуға кері байланыс алуға, өткен сабақты қайталауға тиімді деп ойлаймын. Бұл жерде оқушы артық ойдан арылып, ұзақ уақытқа зейінін тұрақтауды үйреніп анализ жасайды.
4-әдіс. Көп оқушылар есептер шығарған кезде қарапайым қате жіберіп жатады көбінесе ол асығыстықтың кесірінен. Соның алдын алу үшін 3 минут - 1 есеп әдісін қолданса болады. Мұғалім есепті көрсетеді. Таймер қосылады оқушы ойша есептің шығару жолын зейін қойып ойлайды. Ешқандай қағаз және калькулятор қолданылмайды. Кейін уақыт аяқталғанда есептің шешу жолын ғана айтады. Содан кейін барып есепті шығарады. Осы кезде есеп тез шығарылады, оқушы асығыс шешім қабылдамайды және қате азаяды.
5-әдіс. Жарытылыстану бағыттарында фокус қойып есеп шығару есептің санын емес, сапасын арттырады. Оқушылардың зейінін тұрақтау мақсатындай Қате қайдан шықты әдісін ұсынамын. Бұл жерде дайын шешімі бар есеп беріледі, ішінде 1 логикалық немесе есептік қате болады. Қай жерден неге қате кеткенін табу керек. Осы арқылы терең фокус жасап, себеп-салдарын ойлайды.
ТҮСІНДІРУ БӨЛІМІ КЕҢЕС
Ұстаздар тарапынан сабақ барысындағы ақпараттаң дұрыс қабылдануы қарастырылса. Кураторлар баллардың есте сақтау қабілетінің артуымен жұмыс жасауға болады. Осылай үш жақты жұмыс жасай отыра жақсы нәтижелер шығаруға болады деп ойлаймын. Төменде сіздерге мидың жұмыс істеуін жақсартатын бір неше ойын түрлерін көрсетемін.
1-кеңес. Қарапайым есептер, қиын есептерді баяу не жылдамдыққа шығарғанға қарағанда, оңай есептерді жылдамдыққа шығару мидың жұмысын жақсартады.
2-кеңес. Екі қолды бірдей қолдану, адам өзіне үйреншікті емес жаңа і-іс-қимылдарды жасау арқылы, жаңа нейрондар пайда болып қозғалуына алып келеді. Осы арқылы адамның миы дамиды. Мысалы оң қолмен ұшбұрыш салып, сол қолмен төртбұрыш салып, кейін екеуін бір мезетте салса мидың екі жарты бөлігіде қозғалады.
3-кеңес. Екі немесе одан да көп оқушылармен ойнаса болады. Оқушылар 1ден 10ға дейін санайды. Келесі санағанда бір оқушы кез келген санды басқа бір затқа ауыстырады. Солай ойын сандардың барлығы басқа сөзбен алмасқанша айта береді.
Бонус ретінде қызықты платформа ұсынғым келіп отыр. Барлық сабақтарда, кураторлық сағаттарда оқушының жеке өзі жұмыс жасайтын уақыты болады. Өз басымда өткенін айтайын жаңадан келген кезде физика математика бағынытындағы оқушылардың тыныштық сақтауымен кедергілер болды. Осы уақытта осы платформаны қолдансақ, балалардың тыныштық сақтауына жақсы көмегін тигізді. bouncyballs. Сабақтағы тыныштық – талап қоюдың емес, оқыту сапасының көрсеткіші. Тыныш ортада ғана мұғалімнің сөзі мәнді, оқушының ойы нәтижелі болады.
Струп-тест мәтінді және түсті мидың әр түрлі бөліктері қабылдайды. Екеуін бір мезетте қолдану арқылы, мидың белсенділігін арттырады.
Сергіту сәтіне осы тестті қазір бірге орындап көрсек.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Сабақ барысында оқушы зейінін тұрақтандыру мен есте сақтау қабілетін арттырудың тиімді тәсілдері»

шағым қалдыра аласыз