Қазақ тілі пәні бойынша 5-сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
I тоқсан
Сабақтың нөмірі: 10
Сабақтың тақырыбы: 2-бөлім: Киім. Сән.Талғам. §10.Киім түрлері және сән туралы түсінік
Сабақтың мақсаты: 5.1.2.1 - әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (ән мәтіні, жарнама) көтерілген мәселені түсіндіру;
5.3.6.1 -мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып, түзету және редакциялау.
Оқушы:
-
мәтінде көтерілген мәселені түсіндіреді;
-
сұрақтарға жауап береді;
-
аралас буынды сөздерді анықтайды.
Қысқаша тезисті конспект
Киім және сән
Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерінен қорғайды. Сондықтан ежелгі дәуірдегі адамдар киімді суықтан, ыстықтан, жараланудан, сырып кетуден денені сақтау үшін киді. Ең алғашқы киімдерді адамдар шөптен, жан-жануарлардың терілерінен жасаған.
Қазіргі кезде кез келген адамның өз қалауынша сәнді киінуіне мүмкіндік бар. Киім тігуге мал, аң терілері, өсімдік, ағаш, балық, құс өнімдері, жасанды материалдар пайдаланылады. Киім түрлеріне қарай баскиім, аяқкиім, сырткиім, ұлттық киімдер болып бөлінеді. Ұлттық киімдер арқылы адамның ұлтын білуге болады.
Сән – киім кию мәдениеті. Ол адамның талғамына байланысты. Сын қоғамға, заманға қарап өзгеріп отырады. Дизайнер – сәннің бағытын, кімге арналатынын, қандай матадан тігілетінін, үлгісін айқындайтын адам. Дизайнерлік киімдер жоғары сапасымен, биік талғамымен, өзіндік идеясымен ерекшеленеді. Сәнгер – көпшіліктің алдына шығып, жаңа киім үлгілерімен таныстыратын адам.
(http://sabaq.kz)
Әдеби тіл нормалары
|
Жуан, жіңішке дауысты дыбыстар біріккен сөздер мен қос сөздерде араласып келеді. Мысалы: шекара, баспасөз, аман-есен, алай-түлей, асты-үсті, асығыс-үсігіс т.б. |
Ресурстар: 5-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығы, «Атамура» баспасы, 2017 ж., 24-25-беттер.
Оқушыға арналған тапсырмалар
1-тапсырма. Мәтінді оқып, нақты ақпарат табыңыз. Екі бөлімге бөліп, әрқайсысына ат қойыңыз.
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
-
Алғашқы киімдер қандай қажеттілікті өтеді?
-
Сән неге өзгеріп отырады деп ойлайсыз?
-
Мәтінде сән әлеміне қатысты мамандық атаулары бар?
-
Мәтіндегі киімдерді топтастырып, кластерге түсіріңіз.
3-тапсырма. Берілген аралас буынды сөздерді бағандарға бөліп жазыңыз.
Аяқкиім, әсемпаз, сәнқұмар, мұғалім, сәндік-қолданбалы, сырткиім, шеберхана, қызмет, қадірлі, дизайнер, сәнқой, ұсақ-түйек, сән-салтанат.
|
Біріккен не қос сөздер |
Буын талғамайтын қосымшалар жалғанатын сөздер |
Басқа тілдерден енген сөздер |
|
|
|
|
Кері байланыс: орындаған тапсырмаңызды «Күнделік» жүйесі, «WhatsApp» мобильді қосымшасы немесе электронды пошта арқылы жіберіңіз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ жоспары . Киім және сән
Сабақ жоспары . Киім және сән
Қазақ тілі пәні бойынша 5-сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
I тоқсан
Сабақтың нөмірі: 10
Сабақтың тақырыбы: 2-бөлім: Киім. Сән.Талғам. §10.Киім түрлері және сән туралы түсінік
Сабақтың мақсаты: 5.1.2.1 - әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (ән мәтіні, жарнама) көтерілген мәселені түсіндіру;
5.3.6.1 -мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып, түзету және редакциялау.
Оқушы:
-
мәтінде көтерілген мәселені түсіндіреді;
-
сұрақтарға жауап береді;
-
аралас буынды сөздерді анықтайды.
Қысқаша тезисті конспект
Киім және сән
Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерінен қорғайды. Сондықтан ежелгі дәуірдегі адамдар киімді суықтан, ыстықтан, жараланудан, сырып кетуден денені сақтау үшін киді. Ең алғашқы киімдерді адамдар шөптен, жан-жануарлардың терілерінен жасаған.
Қазіргі кезде кез келген адамның өз қалауынша сәнді киінуіне мүмкіндік бар. Киім тігуге мал, аң терілері, өсімдік, ағаш, балық, құс өнімдері, жасанды материалдар пайдаланылады. Киім түрлеріне қарай баскиім, аяқкиім, сырткиім, ұлттық киімдер болып бөлінеді. Ұлттық киімдер арқылы адамның ұлтын білуге болады.
Сән – киім кию мәдениеті. Ол адамның талғамына байланысты. Сын қоғамға, заманға қарап өзгеріп отырады. Дизайнер – сәннің бағытын, кімге арналатынын, қандай матадан тігілетінін, үлгісін айқындайтын адам. Дизайнерлік киімдер жоғары сапасымен, биік талғамымен, өзіндік идеясымен ерекшеленеді. Сәнгер – көпшіліктің алдына шығып, жаңа киім үлгілерімен таныстыратын адам.
(http://sabaq.kz)
Әдеби тіл нормалары
|
Жуан, жіңішке дауысты дыбыстар біріккен сөздер мен қос сөздерде араласып келеді. Мысалы: шекара, баспасөз, аман-есен, алай-түлей, асты-үсті, асығыс-үсігіс т.б. |
Ресурстар: 5-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығы, «Атамура» баспасы, 2017 ж., 24-25-беттер.
Оқушыға арналған тапсырмалар
1-тапсырма. Мәтінді оқып, нақты ақпарат табыңыз. Екі бөлімге бөліп, әрқайсысына ат қойыңыз.
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
-
Алғашқы киімдер қандай қажеттілікті өтеді?
-
Сән неге өзгеріп отырады деп ойлайсыз?
-
Мәтінде сән әлеміне қатысты мамандық атаулары бар?
-
Мәтіндегі киімдерді топтастырып, кластерге түсіріңіз.
3-тапсырма. Берілген аралас буынды сөздерді бағандарға бөліп жазыңыз.
Аяқкиім, әсемпаз, сәнқұмар, мұғалім, сәндік-қолданбалы, сырткиім, шеберхана, қызмет, қадірлі, дизайнер, сәнқой, ұсақ-түйек, сән-салтанат.
|
Біріккен не қос сөздер |
Буын талғамайтын қосымшалар жалғанатын сөздер |
Басқа тілдерден енген сөздер |
|
|
|
|
Кері байланыс: орындаған тапсырмаңызды «Күнделік» жүйесі, «WhatsApp» мобильді қосымшасы немесе электронды пошта арқылы жіберіңіз.
шағым қалдыра аласыз













