Сабақ жоспары «Ахмет Йассауи» Даналық кітабы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары «Ахмет Йассауи» Даналық кітабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Көрнекті ақын, асқан ойшыл, бүкіл түркі жұртының рухани атасы,сопылық әдебиеттің өкілі Ахмет Иассауидің өмірі жайлы мағлұмат беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы: 9

Пәні: Қазақ әдебиеті

Күні: 28.12.2018ж.

Сабақтың тақырыбы: «Ахмет Йассауи» Даналық кітабы

Сабақтың мақсаты:

а) Көрнекті ақын, асқан ойшыл, бүкіл түркі жұртының рухани атасы,сопылық әдебиеттің өкілі Ахмет Иассауидің өмірі жайлы мағлұмат беру.

ә) Ислам дінін уағыздау арқылы ізгілікке, адамгершілікке, мейірімділікке үндеу, жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман қасиеттерден жиренуге шақыру, мұсылман жолына түсуге баулу, түрлі діни секталардан аулақ болуға шақыру;

б) « Даналық кітабынан» үзінділер оқытып, мазмұнын талдату, Иассауи сақтандырған бес нәрсені жаздырып, естерінде қалдыру.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы.

Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, баяндау, түсіндіру, мәнерлеп оқу, талдау.

Көрнекілік: Иассауи суреті, кесенесінің суреті, Түркістан қаласының суреті, бүктемелер және т. б.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын сұрау.

«Жыраулар поэзиясы» қай ғасырдың жемісі? (ІХ ғ.)

«Жыраулар поэзиясы» қандай тақырыпта жазылған?

Жаңа сабақты түсіндіру:

а) Ахмет Йассауи - білімпаз ғалым, көрнекті ақын, ұлы ойшыл, бүкіл түркі жұртының рухани атасы.

ә) Йассауи - сопылық әдебиеттің өкілі. Ол бүкіл өмірін исламды уағыздауға арнады. 63 жасында жер астынан жертөле қылует жасатып: «Мұхаммед пайғамбар жасынан асып кеттім, бұдан әрі өмір сүруім күпірлік болады» деп қалған өмірін жер астында өткізген. Өз замандастары мен жаратушы арасын жалғастыратын көпір болуды армандайды.

б) « Даналық кітабында» ислам дінінің төрт алтын діңгегі («Мағрипат», «Тарихат», «Хақиқат» және «Шариғат») мадақталады. Мұндағы «Мағрипат»- ғылым - білім; «Тарихат»- пәни жалған қызығынан безіп, о дүниеде жарылқанатынына деген сенім, құдайға құлшылық етудің жүйесі; «Хақиқат»- хақ шындық, яғни, сопылық ілімнің негізін айтады; « Шариғат»- мұсылмандық жолы, заңы, қағидасы туралы айтылатын парызды орындау.

г) Иассауи сақтандырған 5 нәрсе:

1. Алланың ақ жолын мойындамаудан қашық бол.

2. Менмен, тәкәппар болма.

3. Дүние - мүлік үшін арыңды сатпа.

4. Арамдықтан аулақ бол.

5. Еріншек болма.

д) Шексіз әлемді, 18 мың ғаламды жаратушы Алла - Тағала.

е) Ахмет Иассауи ұстаздары - Арыстан баб, Иусуф Хамадини.

Қорытындылау:

Ахмет Йассауи сынды ұлы ойшылдарымыздың мұраларын жаңаша талдап, жастарымызға әсерлі етіп ұғындырып беру - біздің басты борышымыз. Қазір не көп, діни секталар көп. Діни секталардан аулақ болып, Алланың ақ жолы - ислам дінін уағыздауымыз керек.

Иассауидің даналық ойлары мәңгі жалғасын табады. Ахмет Иассауи кесенесін қазақ халқы қасиетті жер есебінде құрметтейді. Ол жерде қазақтың хандары, атақты адамдары жерленген.

Сұрақ - жауап әдісі арқылы оқушылардың білімін бекіту.

Білімдерін бағалау.

Үйге тапсырма беру:

1) Қожа Ахмет Иассауи тақырыбында реферат жазу;

2) «Диуани хикмет» өлеңдер жинағы, 37 - хикмет мазмұнын талдау.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.11.2020
380
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі