Сабақтың ортасы
29минут
|
2.Қызығушылығын ояту
1-тапсырма
«Тақырыптық түйінді сөздер»
әдісі
Сынып оқушылары алдымен «М.Дулатов көркем
деректіфильм» «(http://xitfilms.ru/online/VGdZSWlnZzBsQnM)
көреді. Деректі фильмді көріп болғаннан кейін тақтадан көрсетілген
қос шеңбер - «Сөздер банкісі» бөлігіне шығармаға қатысты түйінді
сөздерді анықтайды. Шығармаға қатысты сөздерді «Біздің тақырып»
деген бөлікке ауыстырып жазады. Шығармадан өздері таңдаған
кейіпкерді сипаттайтын мінездемелерді тауып оқиды.
Сөздер банкісі Біздің тақырып
Еркек балаша, орысша азырақ сөйлеп, тура
мінездеу, жанама мінездеу,шариғат, махаббат, орта бойлы,
қияпатты
3. Мағынаны тану
2-тапсырма «Үштік талдау»
әдісі
Оқушылар шығармадан алынған үзінділерді оқи
отырып, кейіпкер бейнесіне талдау жасайды. Үш оқушыдан тұратын
төмендегідей топқа бөлінеді: сөйлеуші, сұрақ қоюшы және жазып
алушы.
-
Алдымен біреуі
1-үзіндіні оқиды.
-
Сөйлеуші үзінді
бойынша өзінің түсінгенін айтады немесе пікірін
білдіреді.
-
Сұрақ қоюшы сұрақ
қояды және түсініктеме беруді
сұрайды.
-
Жазып алушы қажетті
жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды
жасайды.
-
Үшеуі бірлесе
отырып, шығармадан тура және жанама мінездеулерді
табады.
1-үзінді:... Жамал бір сағаттан кейін есін
жиған соң, ақырғы ақылын жиып: «Мен бүйтіп жүріп тіршілік қыла
алмайды екенмін, мұнан да бұл иттің қолынан өлгенше, басқа жаққа
кетіп өлейін», - деп ойлады.
2-үзінді: - Әйда, Ғали син бір де қорықма,
алхамдулла, біздің қораға рұқсатсыз һеш бір степной қырғызларың
кіре алмас. Əгəр киліп скандал чығармакчы бұлсалар, прямо частьқа
заявить итіп, жилткөләрін қашытармыз, - деп Ғалиды қайраттандырып
қойды.
3-үзінді: «Бұл жiгiт орта бойлы, қияпатты, бетінде азырақ қорасан дағы
бар,жаңа мұрт шығып келе жатқан, сөйлеген сөзі сыпайы,әдепті,
ноғайшалау Ғали есімді бір зат еді».
3-тапсырма. «Лауазымды адам»
әдісі
Оқушылар үлкен шеңберге тұрып, туған айларын
айтады. Әрбір төртінші оқушы өзінің туған айын бір қадам алға шығып
айтып, кіші шеңбер құрады. Бұл оқушы «Лауазымы жоғары адам» тәсілі
бойынша лауазымды адам болып есептеледі, оқушыға оны ерекшелейтін
бас киім беріліп, оқушы тәжді басына киеді. «Лауазымы жоғары адам»
энциклопедиялық сөздікті жарнамалауы керек. Ол сыртқы шеңберден үш
баспа қызметкерін таңдап алып, топ құрады. Бір топта төрт оқушы
болады. Топ мүшелеріне тапсырма жазылған үлестірме қағаздар
таратылады. Үш оқушы үлестірме қағаздағы кестені постерге сызып,
«Поштабай, лау байлатып, мұқтаж,ғибрат,уағда» сөздерінің мағынасын
ашып жазады. Төртінші – «лауазымы жоғары адам» оқушы постердегі
сөздердің мағынасының дұрыстығын тексеріп, жұмысты жарнамалау үшін
сынып бөлмесінің қабырғасына апарып іледі. Сынып оқушылары
«Галерея» әдісі арқылы жарнамаланатын жұмыстарды қарап, өз
көзқарастарын білдіріп, қорытындысын шығарады.
Мұғалім қабілеті жоғары оқушыларды сөздікпен жұмыс жасауға,
қабілеті орта оқушыларды мағынасы анықталған сөздерді дәптеріне
көшіріп жазып алып, есіне сақтауға бағыттайды.
4. Бекіту
4-тапсырма «Дұрыс сұрақтар құрылымы» әдісі
« Дұрыс сұрақтар құрылымы» әдісі арқылы
оқушылардың сабақта алған білімі бекітіледі.
Неге ...?
Егер былай болса...?
Сен не істер едің...?
Түсіндіруіңді өтінемін...?
Сенің көзқарасың бойынша ...?
5.Салыстыру. Кейіпкерлерді салыстырады.
Жұптық жұмыс.
6.Бағалау
Топ спикері «Лауазымды адам» жұмыстың нәтижесін « Біз жақсы
меңгердік..., Топ жақсы меңгерді..., Олардың идеясы ... болды,
Сендер қазір 40 минут бұрын білмеген идеяны білесіңдер...»
кері байланысы арқылы бағалап,
қорытындылайды.
Қабілеті жоғары оқушылар топ спикері
болады.
|
http://xitfilms.ru/online/VGdZSWlnZzBsQnM=
М.Дулатов ( көркем деректі фильм)
М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы
http://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/upload/iblock/6bb/6bb5ff8b1ff963bbe9c3d4d629e6989f.pdf&ln=kz
|
Сабақ
барысында қабілеті жоғары
оқушылардың топ спикері
ретінде бағалау арқылы сыни ойлау, топ мүшелерінің ойын
қорытындылау арқылы шығармашылық қабілетін арттыру көзделеді.
Сабақтың барысындағы«Үштік
талдау», «Дұрыс сұрақтар құрылымы»
әдісінде қабілеті жоғары оқушының көшбасшылық
қабілетін дамыту көзделеді.
|
Сабақ барысында сынып оқушыларының материалды
меңгеру деңгейі әр тапсырма барысында бағалау критерийі бойынша
топтық, өздік бағалау ретінде жүзеге асырылады.
|
Сынып бөлмесіндегі үстелдер мен орындықтар
оқушылардың жүріп-тұруына ыңғайлы болуындай етіп
орналастырылады.
|