Сабақ жоспары "Білім-өмір шырағы" 2 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары "Білім-өмір шырағы" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
• Білімнің арқасында аты әлемге танылған тұлғаларды таныстыра отырып, еңбектену арқылы білімнің жемісі жетістік екенін түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану сабақ жоспары Бекітемін:______________

Мерзімі: ________________________ Сабақ: № 5

Сынып:2 «А», «Ә», «Б», «Д», «К»,

Тақырып: Білім –өмір шырағы

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: ізденпаздық, еңбекқорлық, жауапкершілік

Мұғалім: П.Кушкумбаева

Оқушылар саны:

Сабақтың мақсаты: Білімнің адам өмірінде маңыздылығын түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

  • Білімнің арқасында аты әлемге танылған тұлғаларды таныстыра отырып, еңбектену арқылы білімнің жемісі жетістік екенін түсіндіру.

  • Білім алуда ізденпаз болуға баулу:

  • Оқушыларды жауапкершілікке тәрбиелеу.

Ресурстар: оқулық, дәптер,

(аудио, видео жазбалар, плакатқа салынған сурет, кубик)

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Оқу құралдарына назар аудару.5 Т ережесі

ІІ. Тыныштық сәті

"Қайырлы таң"


Біз, тағы да өзіміздің кең және жарық сыныбымызда отырмыз. бұл жерде отыруларыңның құпиясын білемін. себебі, сендерге білім алу ұнайды. білім арқылы өзіңді, адамдарды, айнала қоршаған ортаны, ғарышты, әлемді танисыңдар, өз табыстарыңды, жетістіктеріңді көрсете аласыңдар, қоғамға қызмет етесіңдер. Бүгінгі сабағымызда білім, білімнің адам өмірінде мәні туралы әңгімелесеміз.

Сабақ барысын талдау

Рисунок 3 ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  • 5-сабақ, 18- бет.Ел аузынан Қазына .

  • Сұрақ:

  • Бұқар жырау неліктен «Қазына білімдінің басында»

  • деп айтты?

  • Білімді адамда қандай қасиеттер болғанда

  • қазынаға айналады?

  • Өмірде біліміңді пайдаланып дұрыс жол тапқан

  • кездеріңді айтып беріңдер?



ІV. Дәйек сөз

Білім- өмір шырағы.

Халық даналығы

  • Ұлдар 2 рет, қыздар 2 рет

  • Барлығы қосылып 1 рет айтады.

  • Дәйексөзден түсінгеніміз.


V. Мұғалімнің сыйы

«Табанды бала» (Аңыз әңгіме)

Мәтінді оқушыларға таныстырамын.

  • Бала өз мақсатына қалай жетті?

  • Баланың ғалым болуына қандай қасиеттері көмектесті?

  • Қазақ халқының қандай ғұлама ғалымдарын білесіңдер?


VІ. Шығармашылық жұмыс (жеке)

  • Кітаптың жыры өлеңін оқушыларға таныстыру.

Өлеңді оқып мағынасын ашу. (Кітаппен жұмыс)

Деме:

"Оңай үйренем".

Ақыл айтсам-

Егеспе.

Оқу деген - "Инемен құдық қазу" емес пе?

Менің әрбір жолымда -

Өмірдегі үлесің.

Мен отырсам қолыңда,

Білмегенді білесің.

Көп пайдадан құр қалма,

Жалқауланып отырып.

Қолдан келіп тұрғанда:

"Кел, балалар, оқылық!"


VІІ. Топпен ән айту. "Бақытты балалық шақ"

Сөзін жазған: Ж.Тұрбеков

Әні:Ә.Еспаев


VІІІ. Үйге тапсырма

  • 6-сабақ, 20- бет. " Бізге сабақ болған бата...»

Жазира Жайлаубекқызының әңгімесі


Бүгінгі сабаққа белсене қатысқан оқушыларға алғыс айтамын!

ЖShape1 инаған -дар санына қарай марапаттаймын!



Соңғы тыныштық сәті

  • Тыныштық... Тыныштық бар жерде... Тыныштық бүкіл әлемде...

  • Рахмет балалар, сау болыңыздар!














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
4434
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі