Сабақ жоспары: "Егінші мен қасқыр. (Литва ертегісі)"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары: "Егінші мен қасқыр. (Литва ертегісі)"

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Егінші мен қасқыр. (Литва ертегісі)
Жалпы мақсаттары: Оқушыларға ертегі жайлы мағлұмат бере отырып, «Егінші мен қасқыр» ертегісінің негізгі идеясын ашу.
Міндеттері:
- Ас атасы нан екендігін, нанның адам өміріндегі ең маңызды ас екендігін, оның оңайшылықпен келмейтіндігін ертегі мазмұны арқылы айтып ұғындыру;
- Нанның дастарханға келу жолын түсіндіру;
- Нанды ысырап етпеуге үйрету.
1 - тапсырма. «Ой қозғау» сатысы (үй тапсырмасына шолу жасау)
2 – тапсырма. Ой шақыру. «Ойлан, тап»
3 - тапсырма. Миға шабуыл
4 - тапсырма. Көршіңе әңгімелеп бер.(топтық жұмыс)
5 – тапсырма. Кубизм (Жұптық жұмыс)

Сабақ барысы:
Мұғалімнің іс - әрекеті
Ұйымдастыру.
Сыныппен сәлемдесу

Психологиялық дайындық

Мынау - менің оң қолым,
Мынау - менің сол қолым,
Жалықпаймыз, саспаймыз,
Сабақты біз бастаймыз!

Топқа бөліну.
Сынып оқушыларын түстер бойынша 2 топқа отырады.(қызыл, сары)

Бағалау көрсеткіштері
1. Өткен сұрақтарға жауап беруі
2. Ертегіні түсінуі, баяндауы
3. Топпен, жұппен жұмыс жасауы
4. «Екі түрлі түсініктеме күнделігі»

Білу. Ой қозғау,
(үй тапсырмасына шолу жасау)
- «Құмырсқа мен шегіртке» өлеңі шығарманың қай түріне жатады?
- Мысалда не туралы айтылған?
- Құмырсқа шегірткені неліктен илеуіне кіргізбеді?
- Сен құмырсқаның орнында болса, не істер едің?

1 - тапсырма. «Дөңгелек үстел»
мысалдың басты кейіпкерлері шегіртке мен құмырсқаны салыстыр.
Венн диаграмма
• Шегіртке ----------
• Құмырсқа ------------
• Ортақ қасиет ----------------

- Ал бүгін қандай шығарма оқиды екенбіз, білгілерің келе ме?
Түсіну.
2 – тапсырма. Қызығушылықты ояту. «Ойлан, тап»
10: 2= (екінші әрпі)
5: 5 = (үшінші әрпі)
3*3= (бірінші әрпі)
2*1= (бесінші әрпі)
4*2= (төртінші әрпі)
10: 5 = (соңғы әрпі)
Дұрыс шешкенде «Ертегі» сөзі шығады.
- Ертегіні жақсы көресіңдер ме?
- Қандай ертегілерді білесіңдер?

Ертегі мазмұнына қарай, әр алуан ерекшеліктеріне қарай бірнеше түрге бөлуге болады. осындай ертегі түрлері арқылы халықтың ой - арманы, әдет - ғұрпы, мұң – шері, арман – мұраты баяндалған.
● Е Р Т Е Г І

•Тұрмыс - салт ертегілері
• Хайуанаттар туралы ертегілер
• Қиял - ғажайып ертегілер
- «Егінші мен қасқыр» ертегісімен танысамыз.

Қолдану әдісі.
3 - тапсырма. Миға шабуыл
- «Егінші мен қасқыр» ертегісі не туралы болуы мүмкін?
Тірек сөздер: егінші, нан, қасқыр, жер жырту, тырмалау, тұқым себу, қара бидай, баулау керек, маялау, диірменге апару, ұн ғып тарту керек, қамыр ашыту, пісіру.

Мағынаны тану.
1. «Егінші мен қасқыр» ертегісін көрініс арқылы көрсету
Серпілген сауал.
- «Егінші мен қасқыр» ертегісіндегі негізгі айтайын деген ойы не деп ойлайсыңдар?
- Нанның дәмі неліктен дәмді деп ойлайсың?
- Қасқыр неге бұл өте ауыр әрі көп уақыт кететін жұмыс екен. Мұны кәсіп етпей – ақ қояйын деді?

2. Әр топтан бір оқушыдан шығарып рөлге бөліп оқыту.
- Кәсіп етуге ерінген қасқырдың өмірі не болады деп ойлайсыңдар?

Сергіту сәті. Қызыл гүлім-ай

Талдау әдісі.
4 – тапсырма. Жұптық тапсырма. Кубизм.
Текше иіреміз, қай жағы түссе, сол жағының сұрағына жауап береміз.
1. Сипаттаңыз. Егіншінің қасқырға нан табудың жолын үйретуді суретте.
2. Салыстырыңыз. Осы ертегі кейіпкерлерін «Шегіртке мен құмырсқа» ертегісіндегі кейіпкерлермен салыстыр
3. Зерттеңіз. Бұл шығарма неліктен ертегіге жатады деп ойлайсыз?
4. Қолданыңыз. Ертегідегі кейіпкердің қандай қасиетін үлгі етіп алар едің?
5. Талдау жасаңыз. Осы ертегіде кімге қарсы шығар едің? Неге?
6. Дәлелдеңіз. Ертегідегі негізгі ойды көрсететін жерін тауып оқып бер.

Жинақтау әдісі.
«Екі түрлі түсініктеме күнделігі»
Ертегіні оқу барысында егінші мен қасқырдың іс - әрекетіне байланысты қатты әсер еткен тұстарын жазып, оған өз пікірін қалдыру.
• Ертегіден маған әсер еткен тұсы ----------------
• Менің пікірім ---------------------

Ой толғаныс: Қорытынды
« Егінші мен қасқыр» ертегісі ертегінің қай түріне жатады
деп ойлайсыңдар?
Тұрмыс – салт ертегісі. Себебі бұл ертегіде адамның күнделікті өмірінен алынған яғни нанның дайындалу тәсілі айтылған.
- Бұл ертегінің негізгі мазмұны не?
- Осы ертегі мазмұнына сай қандай мақал - мәтел айта ала аласыңдар?
1. Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
2. Ас атасы - нан.
3. Дастарханда наны жоқтың,
Тамағының сәні жоқ
4. Нанға құрмет - елге құрмет.
5. Нан – дастархан байлығы
6. Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.


Үйге тапсырма: «Егінші мен қасқыр» ертегісінің мазмұнын айту және нан туралы мақал-мәтелдер жаттап келу.


Бағалау.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.11.2018
540
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі