Материалдар / Сабақ жоспары "Еңбек етсең ерінбей" 10 сынып

Сабақ жоспары "Еңбек етсең ерінбей" 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
отыз үшінші қарасөзінде қазақтың қолы өнерлі адамын Абайдың әулие санауы, жастарға артық ісмерлер іздеп, өнер арттыруды, түзден өнер іздеуге бағыт-бағдар көрсетуі, қолөнерді дамытуға кері әсер ететін талапсыздық, еріншектік, мақтаншақтық, тамыршылдық кеселдерінен сақтануды айтуы жөнінде ұғындыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
4362
39 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Мерзімі

Пән

Сыныбы

Пән мұғалімі

Тексерген

6


Абайтану

10




Сабақтың тақырыбы: «Еңбек етсең ерінбей» Отыз үшінші қарасөз

Сабақтың жалпы мақсаты: отыз үшінші қарасөзінде қазақтың қолы өнерлі адамын Абайдың әулие санауы, жастарға артық ісмерлер іздеп, өнер арттыруды, түзден өнер іздеуге бағыт-бағдар көрсетуі, қолөнерді дамытуға кері әсер ететін талапсыздық, еріншектік, мақтаншақтық, тамыршылдық кеселдерінен сақтануды айтуы жөнінде ұғындыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, лекция

Сабақтың көрнекілігі:

  1. Ұ.Әбілдаұлы «Абайды оқу әліппесі» Алматы «Рауан» 1994 ж;

  2. М.Мырзахметұлы «Абай жүрген ізбенен» Алматы «Қазақстан» 1985 ж;
    3) Б.Байғалиев «Абай өмірбаяны мұрағат деректерінде» Алматы «Арыс» баспасы, 2001 ж;

  3. Өмірәлиев Құлмат «Абай афоризмі» Алматы «Қазақстан» 1993 ж.

  4. Х.Ж.Сүйінішәлиев «Абайдың қарасөздері» Алматы 1956 ж.

  5. Электрондық оқулық: «Абай қарасөздерінің дауыстап айтылуын компьютерден тыңдату»


I. Қызығушылықты ояту сатысы:

1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.

2) Өткен тақырыпты еске түсіру.

3) Абайға топтастыру.

II. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ



Отыз үшінші сөз. Қазақтың қолы өнерлі адамын Абай әулие санайды. Мал – бір жұттық, ал өнер – мәңгілік. Бірақ, құдайдың берген аз-мұз өнерлі жандарының өзінде де қазақтық кеселдері болады. Оларды Абай санап береді. 1. Талапсыздық. Қолынан келгенге мәз, ал құдайдың берген қасиетін әрмен қарай жетілдіру, ұштауға қыры жоқ. Осы білгеніміз де жетер деп, соған мақтанып, алыстан өнер іздеп, мененде артық бар-ау, солардан үйренсем деген ой жоқ. 2. Еріншектік. Қолына бірер қара біте қалса, тоқмейілсіп, байлыққа бөккен кісімсіп, бойкүйездікке салыну. Мұндай адам бойындағы қасиетті жойып, жадағай болып қалады. 3. Тамыршылдық. Сәл нәрсеге алданып, «жоғары шыққа» мәз болып, тамырым, досым десе ішкен асын жерге қойып, соның ісімен жүріп, өзінің алданғанын білмей, далбасамен өмір өткізу. Сөйтіп жүріп біреуге борышты болып, басы дауға қалып жүргені. Сірә, мұндайлар тамыршылдау адамгершілігін әрі іскерлік деп түсінетін болуы керек. Абай өнерлі жандарға сүйсіне отырып, олардың іс-әрекетіндегі жоғарыда айтылған қазақтың кеселдерінен жойылатын жолдарын көрсеткен.


III. Ойтолғаныс сатысы

  • Отыз үшінші қарасөзін оқу және талдау.


Отыз Үшінші Сөз


Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер

жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі — қазақтың əулиесі сол. Бірақ Құдай Тағала қолына аз-маз өнер берген қазақтың кеселдері болады.

Əуел — бұл ісімді ол ісімнен асырайын деп, артық ісмерлер іздеп жүріп

көріп, біраз істес болып, өнер арттырайын деп, түзден өнер іздемейді, Қолындағы аз-мұзына мақтанып, осы да болады деп, баяғы қазақтың талапсыздығына тартып, жатып алады.

Екінші — ерінбей істей беру керек қой. Бір-екі қара табылса, малға бөге

қалған кісімсіп, "маған мал жоқ па?" дегендей қылып, еріншек, салқау, салғырт, кербездікке салынады.

Үшінші —"дарқансың ғой, өнерлісің ғой, шырағым", немесе "ағеке, нең

кетеді осы ғанамды істеп бер!" дегенде маған да біреу жалынарлыққа жеткен екенмін деп мақтанып кетіп, пайдасыз алдауға, қу тілге алданып, өзінің уақытын өткізеді. Жəне анаған дүниенің қызығы алдауды білген дегізіп, көңілін де мақтандырып кетеді.

Төртінші — тамыршылдау келеді. Бағанағы алдамшы шайтан тамыр

болалық деп, бір болымсызын берген болып, артынан үйтемін-бүйтемін, қарық қыламын, тамырым, досым десе, мен де керектінің бірі болып қалыппын ғой деп жəне жасынан іс істеп үйден шықпағандық қылып, жоқ-барға тырысып, алдағанды білмей, дереу оның жетпегенін жеткіземін деп, тіпті жетпесе өзінен қосып, қылып бер дегенінің бəрін қылып беріп, күні өтіп еңбек қылар уақытынан айрылып, "жоғары шыққа" қарық болып, тамак, киім, борыш есінен шығып кетіп, енді олар қысқан күні біреудің малын бұлдап қарызға алады.

Оны қылып берейін, мұны қылып берейін деп сонымен табысы құралмай, борышы асып, дауға айналып, адамшылықтан айрылып, қор болып кетеді. Осы несі екен? Қазақтың баласының өзі алдағыш бола тұрып жəне өзі біреуге алдатқыш болатындығы қалай?


  • Өмірінен түсінгендерін «Ішіне-сыртына» кестесін толтыру.


Ішіне:

Сыртына:






Сабақты қорыту.













Үй тапсырмасы: Отыз үшінші қарасөзін оқу.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ