Материалдар / Сабақ жоспары "Жабайы жануарлар" 5 сынып

Сабақ жоспары "Жабайы жануарлар" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? Сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістертер енгізуімізге , бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.
Авторы:
21 Желтоқсан 2017
1310
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

САБАҚ: қазақ тілі

Мектеп: Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназия

Күні:

Тақырыбы:

Жалқау жануарлар

Мұғалімнің аты - жөні: Ауезова Майра

СЫНЫП: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

05. Мәтін мазмұнын түсінуге , нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады: Мәтін мазмұнын түсіну , ақпараттарды анықтап сұрақтар құрай алу.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Оқыған мәтіннің мазмұнын аша білу және өмірмен байланыстыра алу

Кейбір оқушылар орындай алады: Мәтінде берілген нақты ақпараттарға өз ойын айту.

Бағалау критерийі


  1. Мәтін бойынша өздері түйген ойларын өзгелермен салыстыра алады.

2 . Осы салыстыруларды диалогте тиімді қолдана алады.

Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады:алдын ала оқыту және пәнді оқуда дұрыс қолдана білу үшін қажетті терминология мен тіркестер жиынтығын қамтитын лексиканы алдын ала орынды жағдайларда пайдалану


Мәтінді дұрыс оқи алады

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Ембауба сөзін анықтайды


Диалог құруға арналған сұрақтар

Жалқаулық пен еріншектік туралы не білесің?


Талқылауға арналған сұрақтар

Жалқаулық сөзін қалай түсінесіңдер?

Не себепті....... деп ойлайсыз?

Қоян еңбекқор

Құндылықтарға баулу

«Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті» деген мақалды негізге ала отырып еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу


Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану



Тақырып бойынша алдыңғы оқу

Төрт-түлік туралы


Жоспар



Жоспарланған уақыт


Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы





7 мин




1 «Ынтымақтастық орнату»

Шаттық шеңбері: Сын есімдерді қосып айтып, бір-біріне тілек айту.

2 «Қар үйіндісі » әдісі арқылы алдыңғы оқуды пысықтау.

3 Төрт- түлік иесі және төлдерімен топқа бөлу.




Қар, суретте бейнеленген төрт-түлік атаулары жазылған суреттер

Ортасы

10мин













10мин







10мин









































































2мин

1-тапсырма.«Оқылым алдындағы болжау» әдісі арқылы «Жалқау жануарлар» мәтініне қатысты тірек сөздерді пайдалана отырып мәтіннің не жайлы екенін болжату.

Қоян,құрғақшылық , мұздай су, арыстан, кезекші, құдық, піл, өкініш,үйінді,ұйқы, мақтапты, лайықты, еңбек, жалқау.


Бағалау критерийі.

-тірек сөздерді пайдаланып мәтіннің не жайлы екенін болжайды.

-ақпараттарды есте сақтайды


2-тапсырма «Джигсо» әдісі арқылы «Жалқау жануарлар» мәтінін оқып, жоспар құрайды.

Әр топтан оқушылар мәтінді бөлімге бөліп оқиды, келесі топқа түсіндіреді.


Бағалау критерийі.

-мәтінді дұрыс оқи алады.

-мазмұнын есте сақтайды


3-тапсырма «Тапсырманы күрделендіру» әдісі бойынша мәтіннен әр топ күрделі сұрақтар қойып, жауап алады, диалог жүргізеді.

1-топ

1 Шөлден азап шеккен жануарлар қандай амал ойлап тапты?

2 Қоян неге ашуланды ?

3 Өзге жануарлар қоянды неге аластады?

2-топ

1 Қоянның іс-әрекетіне қандай баға бересің?

2 Қоянның еркелігін жеңуге не себеп болды ?

3 Егер қоян өз ойын өзгертпегенде әңгіме қалай аяқталар еді ?

3-топ

1 Піл мен қоян достығыберік пе?

2 Қоян жануарлармен табысқанына қуанышты ма?

3 Құдықтың бекітіліп қалуы қоянға қандай мүмкіндік берді?


Бағалау критерийі

-бөлім бойынша сұрақтар қоя біледі

-сұрақтарға нақты, жылдам жауап береді


Жалқау қоян

Баяғы өткен заманда орманда құрғақшылық болыпты. Жаз келсе де бір тамшы су жаңбыр жаумапты. Шөлден азап шеккендер бір шарасын ойлап табуға жиналыпты. Сөйтіп араларындағы біреуінің ұсынысымен құдық қазуға бел буыпты. Барлық жануарлар тіпті құстарға шейін күндіз-түні еңбек етіп құдық қазуға кірісіпті. Бірақ араларындағы қоян ғана: «Мен әлі кішкентаймын!»,-депжалқауланып жұмыс істегісі келмепті.

Қоянның бұл еркелігі өзге жануарлардың ашуын тиіпті. Сөйтіп жануарлардың еңбегі босқа кетпей, қазған құдықтарынан мұздай су шыға бастапты. Мұны көрген олар қуанып, суды қанып ішіп, әрі жуыныпты. Ал құдықтың қазылуына көмектеспеген жалғыз қоян ғана су іше алмапты. Орман патшасы арыстан қоянның құдыққа жақындамауы үшін күн сайын кезекші тағайындапты. Қоян істеген ісіне іштей өкінсе де, бұл өкінішінен ешқандай пайда болмапты. Бір күні түнде кезекшілік кезегі пілге келіпті. Пілмен дос болған қоян «ешкімге білдіртпей су берер» ,-деген оймен қасына барыпты. Сөйтсе піл ұйықтап жатыр екен . Қанша оятса да ұйқысынан тұрмапты. Болмаған соң құлағына барып айқайлапты. Ұйқысынан шошынып оянған піл құдықтың шетінде үйіліп тұрған үйіндіге соқтығысып, үйіндіні құдықтың ішіне құлатып алыпты. Осылайша құдық бітеліп қалыпты. Болған оқиғаға қатты қайғырған піл : «Мұның бәрі менің кесірім! Енді не ішеміз? Ертең жануарлар не дейді?»,- деп жылай бастапты. Қоян : «Достым, қайғырма, бір жолын табармыз. Екеуміз де осы құдықты қазатын болсақ, таң атқанша бітіріп қалармыз»,-депті. Сонда піл: «Сен кішкентай әрі әлсізсің ғой»,-десе қоян: «Енді көр де тұршы менің қалай жұмысістейтінімді!»,-депті.

Шынында да қоян білегін сыбанып, іске кірісіп, таң атқанша пілмен бірге құдықты қазып тастапты. Ертеңіне піл барлық жануарларға қоянның еңбегңн айтып мақтапты. Барлығы шапалақ ұрып, құдықтан су ішуіне енді лайықты болғанын айтыпты.

Қоян су ішкенімен қоймай, өзге жануарлармен қайта татуласқанына да қатты қуаныпты. Өзін орманның бір мүшесіндей бақытты сезініпті. Олай болса, балалар «Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті»,- деп ата-бабаларымыз бекерге айтпаса керек.


Сергіту сәті:Жануарлар іс-әоекетін ишарамен көрсету.









Соңы

5мин











Интернет материал-дары


Саралау –Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?



Бағалау –Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?







Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Тапсырманы күрделендіру» әдісі арқылы оқушы деңгейін саралау



Бағдаршам арқылы бағалау







Сабақ бойынша рефлекция


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және не ліктен?

Сабақ өз мақсатына жетті. Оқылым дағдысы орындалды , түрлі әдіс –тәсілдерді кеңінен пайдаландық .



Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1 Оқылым алдындағы болжау

2 «Джигсо» әдісі

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (Оқыту мен оқуға қатысты)?

1Тапсырмалар көбірек болса

2 Қызықты мәтіндер көбірек кездессе

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері \ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?



Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі