Сабақтың тақырыбы: Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі.
Жануарларға ауа, жарық, жылу және су қажет.
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушыларды жануарлар әлемімен таныстыру, тіршілік ортасымен хабар ету.
2) Ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, танымдық белсенділігін арттыру, топпен жұмыс жасауға машықтандыру.
3) Қоршаған ортаны жануарларды қорғауға, аялауға тәрбиелеу .
Сабақтың көрнекілігі: жануарлардың суреттері, мультимедия аппараты.
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, бинго әдісі, топпен жұмыс, топтастыру.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, қазақ тілі
Сабақ жоспары:
-
Ұйымдастыру бөлімі : 2 мин
-
Психологиялық дайындық : 2 мин
-
Үй тапсырмасын тексеру : 12 мин
-
Жаңа тақырыпты түсіндіру : 10 мин
-
Оқулықпен жұмыс : 5 мин
-
Сергіту сәті : 3 мин
-
Қорытынды : 3 мин
-
Бекіту сұрақтары : 4 мин
-
Үйге тапсырма : 1 мин
-
Бағалау : 3 мин.
Сабақтың жүру барысы:
-
Ұйымдастыру бөлімі
-
Сәлематсыздарма оқушылар!? Бүгінгі көңіл-күйіміз қалай?
-
Жақсы.
-
Сыныпты кім кезекші? Гаухар:
-
Бүгін сыныпта оқушылардың барлығы бар.
-
Жарайды, ендеше оқушылар сабағымызды бастамас бұрын, барлығымыз орнымыздан тұрып, тақтадағы өлең жолдарын бірге айтып шығайық:
Психологиялық дайындық.
Әсем гүлдей сүйкімді біз баламыз,
Алдыменен сәлем беріп аламыз.
Озық оймен, ынта – жігер, талаппен,
Білім нәрін бойға жинап аламыз.
-Ендеше оқушылар 2 топқа бөлінейік:
І топ (үй жануары ).
ІІ топ (жабайы аң )
-
Үй тапсырмасын тексеру. Тақырып: « Өсімдіктің көбеюі» сұрақ – жауап арқылы тексеремін.
Бинго әдісі
-
Өсімдік жердің қандай бөліктері арқылы көбейеді?
-
Өсімдіктің қай мүшесі топырақтың астында жатады?
-
Өсімдіктің неше түрі бар?
-
Ағаштардың жапырақтары қашан түседі?
-
Ағаштың сабағы қалай аталады?
-
Жуашық арқылы қандай өсімдіктер көбейеді?
-
Өсімдіктер қалай көбейеді?
-
Картоптың түйнегіндегі бүршіктер қалай аталады?
4. Жаңа сабақ түсіндіру .
Алдымен оқушыларға видеоролик көрсетіледі. Сендер жануарлардың қандай түрлерін білесіңдер? (Құстар, балықтар, жорғалаушылар, қосмекенділер, бунақденелілер, сүтқоректілер)
Әр топқа енетін жануарлардың басты белгісін айтқызу. (Құстар- ұшады.Балықтар- жүзеді.Қосмекенділер- құрлықта да, суда да тіршілік етеді.Сүтқоректілер -балаларын өз сүтімен асырайды.Жорғалаушылар- бауырымен жорғалайды.
Бүгін жаңа тақырып «Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі» туралы оқып, білімдерімізді жетілдіреміз.

Құстар-8600 түрі бар. Айырмашылығы ұшады.
Балықтардың 20 000 түрі бар. Олардың айырмашылығы жүзеді.
Қосмекенділердің-4000 түрі бар. Олардың айырмашылығы құрлықта да,
суда да тіршілік етеді.
Сүтқоректілердің – 5000 түрі бар. Олардың айырмашылығы балаларын өз
сүтімен асырайды.
Жорғалаушылардың – 8000 түрі бар. Олардың айырмашылығы бауырымен
жорғалайды.
Жәндіктердің – 700 000 түрі бар.
Жануарлар әртүрлі азықпен қоректенеді.Олардың көпшілігі ағаштың
жапырағымен және шөппен қоректенеді.Оларды шөпқоректілер
дейді.Оларға бұғы,ақбөкен,ешкі,қой,түйе т.б жатады.
Ақбөкен шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге
бейімделген. Олардың қоныс өзгертуі ауа райына, Ақбөкен жұп тұяқты
жануарлардың ішіндегі ең өсімталы, жылына бір рет төлдейді. Жаппай
төлдеуі мамырдың 1-жартысында өтеді. Бұл кезде күн салқындап,
жауын-шашын көп болады да, оны қазақ халқы «Құралайдың салқыны» деп
атайды. Көбіне егізден, кейде 3 лақ та туады. Ақбөкендер
өсімдіктердің 80-нен астам түрімен қоректенеді. Олардың басты жауы
– қасқыр, ал жас төлдеріне бүркіт, дала қыраны мен қарақұстар да
шабуыл жасайды.
Ақбөкен аусыл, пастереллез ауруларымен ауырады. Ақбөкен – дәмді
еті, құнды мүйізі мен тұяғы, әдемі терісі үшін ауланатын кәсіптік
маңызы бар жануар. Қазақстанда Ақбөкенді аулауға тыйым салынған.
Оның мүйізінен пантокрин дәрісі алынады, тұяғын күйдіріп, одан
алынған күлді денедегі теміреткіге жағады, сусамыр ауруына
шалдыққандарды емдеу үшін пайдаланады
Саршұнақ Далада және тауда мекендейді. Інінен шыққан күйі артық
аяғымен шоқиып тұрып, жан-жағында қауіптің бар-жоғын барлайды.
Төңірек тыныш болса, тұқымдар, шөптермен қоректене бастайды. Егер
маңайда жүгері немесе егістік болса, саршұнақ сол жерге
қоныстанады. Ол астықтың дәні мен сабағын жеп, егіске зиян
келтіреді.
Басқа жан жануарлардың етімен қоректенетін жануарларды жыртқыштар
дейді.Қасқыр,түлкі,барыс,жолбарыс т.б
Барыс мысық тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Дене тұрқы 125 – 135см,
биіктігі 60см (шоқтығынан алғанда), құйрығы 90 – 100см, салмағы
отыз – қырық килограммдай. Түсі көк сұр, теңбіл шұбар, сақина
тәрізді дөңгелек қара дақтары бар, жүні ұзын әрі қалың. Қазақстан
мен Орталық Азияның биік тауларында (2000м-ден астам) кездеседі.
Оның ең көп жүретін жері – басын мәңгі қар басқан тасты тік
беткейлер мен қиялар. Қыста қар қалың түскенде, барыс таудың
орманды белдеуіне дейін төменге түседі. Барыс тұяқты жануарларды,
әсіресе, арқарды, тау текені, тау ешкілерін, еліктерді, ал
құстардан ұлар мен кекіліктерді ұстап жейді. Аулауға тыйым
салынған, санының азайып кетуіне байланысты халықаралық және ұлттық
«Қызыл кітапқа» (1996) енгізілген.
Қасқыр Қасқырдың өзге хайуандардан дара, олардың ешқайсысына
ұқсамайтын қасиеттері көп. Оның бойындағы осындай ерекшеліктерге
негізделіп айтылатын аңыздар да жетерлік. Солардың бірі –
түркілердің түпнегізін көкбөрімен байланыстыруы. Қасқырлардың
ішіндегі көк аспан түстес келетіндері мен ақ қасқырлар аса киелі
хайуан болып есептеледі. Олардың адамдарға көрінуі де сирек. Мұндай
көкбөрілермен кезіккен адам да «тегін адам емес, киелі қасиеттерге
ие кісі» болып табылады.
Қабан сүтқоректілер класының жұптұяқтылар отрядына жататын
жануар.
Қызылорда облысының қамыс-құрақты қопалар мен батпақты жерлерінде,
өзен аңғарларында көп кездеседі. Денесі ірі, екі бүйірі қысыңқы,
мойыны жуан, басы сүйір, тұмсығы конус тәрізді көлденеңнен кесілген
болып келеді. Ұшында жұп тұяғы бар, аяғы мықты, екеуі жақсы
жетілген төрт саусағы болады. Құлағы үлкен және жалпақ, көзі
кішкентай, танауы таңқы. Денесін қалың қылшық басқан. Аталығының
арқасында жалы болады. Қорек таңдамайтын жануар, топырақты қазып
құрт-құмырсқа, өсімдік тамырлары, ұлулар және ұсақ тышқандармен
қоректенеді. Денесін ірі қылтан қаптаған. Ересек қабан шошқаларынын
түсі коңыр, торайларының терісінде ұзынан орналасқан ақ жолақтары
бар. Ірі қабандардың ұзындығы 2 м, салмағы 300 кг. Топтасып өмір
сүреді. Үй шошқасының арғы тегі. Кәсіпшілік жануар
Өсімдіктерді де,жануарларды да жей беретіндерді талғаусыз
қоректілер деп атайды.
Аю жыртқыш аң.Қорек талғамайды.Оның қорегі
балық,аң,мал,жидек,өсімдік түбірлері.
Борсық пен кірпі өсімдіктерді,бунақденелілерді,құрттарды және басқа ұсақ жәндіктерді корек етеді.Кірпі жыланнан қорықпай бас салып,оны жеңіп,жеп қояды.
Оқулықпен жұмыс: Оқушылар жаңа тақырыпты оқып, мазмұнын айтады.
5. Топтық жұмыс
Екі топқада бірдей тапсырма беріледі.
1 – тапсырма жұмбақтар шешу .
Апан-апан,
Ескі шапан.
Иір қобыз,
Жарық жұлдыз. (Түйе)
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)
Асты тас,
Үсті тас,
Ортасында жанды бас. (Тасбақа)
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (Түйе)
Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті-қолын жуады. (Мысық)
Еркін самғап ұшсын деп,
Мәпелейміз,баптаймыз.
Бейбітшілік құсы,- деп,
Қайсы құсты мақтаймыз.
(Көгершін)
Қанаты бар ұшпайды,
Жұрт айламен,ұстайды. (Балық)
2 – тапсырма ребус шешу. Жауабы : Аң патшасы – арыстан
3 – тапсырма 10 сұрақтан тұратын тест беріледі.

Сабақты бекіту сұрақтары:
-
Жануарлар қандай топтарға бөлінеді?
-
Аңдарды қалай бөлеміз?
-
Ағаштың жапырағымен және шөппен қоректенетін жануарларды қалай атаймыз?
-
Ақбөкен қандай жануар?
-
Оның тұмсығы, денесі қандай?
-
Жыртқыш аңдарды ата?
-
Олар немен қоректенеді?
-
Жануарлардың тіршілігіне нелер қажет?
-
Су астында мекендейтін жануарлар қалай тыныс алады?
-
Өсімдіктерді де, жануарларды да жей беретіндерді қалай атаймыз?
Бағалау. Құстар арқылы бағалау
Қызыл құс – 5
Көк құс – 4
Сары
Үйге тапсырма.
Жануарлар туралы түсініп оқу.
Жануарлардың суретін салу .
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ жоспары: "Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі. Жануарларға ауа, жарық, жылу және су қажет."

шағым қалдыра аласыз