Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары: Жусан иісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұстазға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді: Күні: 18. 04. 2017 Сыныбы: 7 «А»

Сабақтың тақырыбы:

С. Мұратбеков «Жусан иісі»

Жалпы мақсат:

Әңгіменің мазмұнын ұғындыру.

Сілтеме:

Әдебиет 7-сынып. Р. Құтқожина, Қ. Бітібаева, Е. Арын.

Алматы «Атамұра» 2012

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

Сайын Мұратбековтің өмірі мен шығармашылығы туралы жалпылама мәлімет біледі, «Жусан иісі» повесінің тақырыбын, идеясын, кейіпкерін анықтап, толғаныс пен тебіренісін түсінеді.



Сабақта қолданылатын материалдар:

Кеспе қағаздар, интербелсенді тақта, мультимедиа, оқулық.

Оқыту әдістері:

Топпен жұмыс, жұппен жұмыс (пікір алмасу). «Шын ба, жалған ба», «Жигсо», «Серпілген сауал», «Бір сөйлеммен түйіндеу», бағалау парақшасы.

Табыс критерийі

Жекелеген оқушылар

Кейбір оқушылар

Барлық оқушылар


Повестегі автордың толғанысы мен тебіренісін түсінеді.

Повестің тақырыбы мен идеясын ұғынады.

Повестің мазмұнын меңгереді.


Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.

Оқушылармен амандасып, бүгінгі сабаққа сәттілік тілеу. Оқушыларды кеспе қағаздар арқылы топқа бөлу.

Топқа бөлінеді.

ІІ. Қызығушылықты ояту.

Топпен жұмыс.

Суреттер арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтау.


Қойылған сұрақтарға қол көтеру арқылы дұрыс жауапты таңдайды.

ІІІ. Жаңа тақырып




Топтық жұмыс. «Жигсо» әдісі бойынша «Жусан иісі» туралы повестің төрт бөлімін төрт топқа таратып, төмендегідей тапсырма түрінде әңгімелету.


І топ.

1. Оның есінен кім кетпейді?

2. «Ей, тоқтаңдаршы, мен сендерге бүгін кешегіден де қызық ертегі айтамын» Кімнің сөзі?

3. Ауылға қашан көшіп келді?

4. Ата-анасы қайда?

5. Мәтінде Аян қалай сипатталады?

6. Иманжанов кім?

7. Аян қандай қасиетімен ерекшеленді?

8. Хатты кімге жазғылары келеді?

9. Аянның аяғына не болған?

10. Аянды бірінші кім көрді?

11. Аян хатты қалай бастап жазады?

12. Кемпір-шал балаларға неге ұрсады?




ІІ топ

  1. Ешкіөлмес ненің аты?

  2. Қыста балалар қандай ойын ойнайды?

  3. Ауылды селт еткізген не?

  4. Мәтіннен Аянды суреттеген жерді табыңыз.

  5. Достары Аяннан не күтті?

  6. Аянның іс-әрекеті?

  7. Ауа-райын қалай болжайды?

  8. Әжесі өлген соң кімнің үйінде болды?

  9. Аян ертегісі қалай басталады?

  10. Оның асыға күтетін шағы-?

  11. Аянның сырғанақ туралы ойы?

  12. Аян арманындағы шана?


ІІІ топ.

  1. Түсінде кімді көрді?

  2. Ұйықтар алдында не істеді?

  3. Ненің иісіне ұқсайды?

  4. Әжесінің сөзі ?

  5. Бүгін не туралы ертегі айтты?

  6. Ертегіден кейінгі балалардың көңіл-күйі?

  7. Сүтті Аянға неге әкелді?

  8. Пальтоны неге иіскеді?

  9. Тұржанға неге ренжулі?

  10. Аян есік жақтағы темір пештің...

  11. Ол кімді күтіп жүр?

  12. Сырғанақта ойнауға неге қорқады?


IV топ.

  1. Аян масақтарды не үшін жинайды?

  2. «Осы екеуінің-ақ сыбыр-күбірі бітпейді екен, ә.» Кімнің сөзі?

  3. «Жатарында кемпір:» деп басталатын ойбөлікті тап!

  4. «Тағы бар ма?» деп ол нені сұрайды? Неге?

  5. Асылбек атаға келу себебі?

  6. Көктемде балалар немен айналысады?

  7. Аналардың көңіл-күйі?

  8. Балалар неге намыстанады?

  9. Қаралы қағаз кімге келді?

  10. Аянның көз жасын көрсеткісі келмеу себебі?

  11. Есікбайдың сөзі: ...

  12. Повесть аяқталатын ойбөлікті оқып бер!


Ой шақыру.

    • Оқиға қай кезде болған?

    • Әңгіменің басты кейіпкері кім?

    • Биыл жеңістің неше жылдығын тойлаймыз?


Повесть туралы бейнеролик көрсету.

Кітаппен жұмыс. Повесті топта түсініп оқу.

Повестің мазмұнын ашу. (жазушының айтпақ ойын анықтау).

Повесте соғыс кезіндегі ауыл өмірі және соғыс кесірінен жетім қалған Аян тағдыры баяндалады. Адамдардың психологиясы айтылады. Мінез-құлықтары тілге тиек етіледі.

«Серпілген сауал»

I топ. Аян туралы нақты пікірлерің?

II топ. Аян мен әңгімені баяндап отырған баланың достығы туралы ойларың?

III топ. «Жетім» деген сөзді қалай ұмытамыз?

IV топ. Автор повесті неге «Жусан иісі» деп атады?

Топтарға таратылған мәліметтермен танысып, постер қорғайды. Басқа топтың оқушылары мұқият тыңдап, түсініп алады.



Сұрақтарға жауап береді.





Повесті оқып,

мазмұнын түсіндіреді.











































Бейнероликтен алған әсерімен, өз ойларын ортаға салады











Топпен ойланып, сауалға жауап береді.




ІV. Сабақты бекіту.


«Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі

І топ. Тақырыбы. (Соғыс кезіндегі ауыл өмірі, жетім қалған балалардың тағдыры)

II. топ. Идеясы. (Жетім көрсең, жебей жүр)

III топ. Басты кейіпкер. ( Аян)

IV топ. Авторы кім? (Сайын Мұратбеков)


Ертегі айтқыш Аян тағдыры қалай өрілді? Аянның прототипі кім? Оның  балалар үйіне  кеткеннен кейінгі өмірі қалай  болды?

Аянның прототипі - Науқан Керімов. Сайын Мұратбеков  бұл шығармасының желісін өзінің балалық шағынан алған екен. Демек соғыстан кейінгі  ауыл балаларының тағдыры.

  Аян, яғни Науқан Керімов бүгінде Ескелді ауданының Ақын Сара  ауылында тұрады.1937 жылы туған. Науқан аға  балалық шағын, өткен өмірін былайша еске алады:

-Біз Сайынмен қатар өстік. Бірге ойнап, бірге

жүрдік. Ол менен үш жыл бұрын мектепке бұрын барды. Жетімдіктің зардабынан мен кейінірек оқыдым. Колхоз бұрын «Біріншілік», кейіннен «Қызыл жұлдыз» деп аталды. Ауылда отыз шақты бала сиыр қораның төбесіндегі шөпке  жиналып, әңгіме құрамыз.Ол кезде менің әке-шешем жоқ. Жастайымнан  таудан отын таситындықтан аяққа шөңге кіріп, содан жүруім қиындай түскен еді. Аяқ ауырса да  анда-санда шөптің төбесіне барамын. Қайдан шығатынын білмеймін, ептеп ертегі айтамын. Мен ғана емес, басқа балалар да айтады. Өзімізге сондай қызықты. Бала кезінен Сайын  қайырымды еді. Кейін жоғары сыныптарға барғанда да менің жағдайымды біліп тұрды.

   Менің анам Күмісай 1936 жылы қайтыс болып, әкем Керібек Қали 1941 жылдың аяғында соғысқа кетті. Содан әкемнің  туысы Шәріп мені қолына алған еді, ол да 1943 жылы колхоздың мал шаруашылығында жүріп қайтыс болды.1946 жылы асырап алған шешем Ибалы да көп ұзамай өмірден озды.Сонымен,1946 жылы тұл жетім қалдым. Содан кейін Қалидың ағасы Қасқырбек деген кісінің әйелі Әсем Есімова асырап алды. Мен 9 жаста едім. Ол кісі колхоздың мал шаруашылығына кетті де, мен әркімнің қолында жүрдім. Соңында мені  мектеп-интернатқа алып кетті.

    Қапалдағы мектеп-интернатқа  орналасқан Науқан Керімов  кино актері Есболған Жайсаңбаевпен бірге оқыған. Бірақ, бір жылдан соң, мұғаліммен келісе алмай, колхоз жұмысына оралады. 1958 жылы сегіз айлық шопандар курсында оқып,1959-1962 жылдары әскер қатарында болады. 1963-1995 жылға дейін мал шаруашылығы саласында ұзақ жыл еңбек етіп, зейнеткерлікке шығады. Үшінші дәрежелі «Даңқ» орденінің иегері.

   Зайыбы Атымтай Байтүгенова екеуі 1963 жылы шаңырақ көтеріп, 11 қыз, 4 ұл тәрбиелеп өсірген. Кезінде ауыл балаларын ертегілерімен тамсандарған Аян бүгінде өз немерелеріне ертегі айтып, сүйікті ата атанып отыр.



Топпен жұмыс жасай отырып, ортақ шешімге келеді.

Тапсырманы дәптерге орындайды.





Ү. Қорытындылау

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ, МЕЙІРІМДІЛІК, ТАТУЛЫҚ, ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ болғанда бейбіт өмір сүріп, әр бала ата-ананың аялы алақаны мен ыстық құшағында алаңсыз өмір кешеді.

Осы пікірге өз көзқарастарын білдіреді.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Аян ертегісін «Баяғыда бір жетім бала болыпты» деген тақырыпта жалғастырыңдар.

Күнделіктеріне жазып алады.

VI. Бағалау


Бағалау парақшасы

оқушы

«Шын ба, жалған ба?»

Постер

«Серпілген сауал»

«Бір сөйлммен түйіндеу»

ұпай

























4 ұпай – «5» 1 ұпай – «2»

3 ұпай – «4»

2 ұпай – «3»

Әр топ басшысы бағалау парақшасын кезең-кезеңімен толтырып отырады, соңында ұпайларды санайды.

VII. Рефлексия


«Қосу, алу, қызықты» әдісі.

+

-

қ

Сабақ барысында жаңа ақпарат алдым.

Маған ұнамады.

Сабақтың қызықты, жағымды жағы.


Кестені толтырады.



















Абай атындағы орта мектеп







Сабақ жоспары

7 «ә» сынып


Жанжигитова Ш.С.

қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі








Доссор-2017



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.01.2018
2722
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі