Сыныбы
11Д
Пәні
Геометрия
Уақыты 14 желтоқсан
2015жыл.
Сабақтың
тақырыбы:
«Көпжақтар»
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың
көпжақтар, элементтері, түрлері, бүйір бетінің
ауданы,
толық бетінің ауданы,
көлемдері туралы білімдерін дамыту, әртүрлі
әдіс-
тәсілдерді
қолдану;
Дамытушылық: көпжақтар туралы
білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін
дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды
сүйіспеншілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Күтілетін
нәтиже:
Танымдылық: есептерді шешудің
тәсілерін таңдау және құру; логикалық
ойлауды қалыптастыру,
қорытынды жасау.
Коммуникативтік: ортақ шешім
табуға, әртүрлі ой- пікірлерді ескеру;
Жеке тұлғалық: жаңа заман
талабына сай ғылым мен қоғамдық іс- шарада
дүниетанымын
дамыту.
Кажет құрал –жабдықтар:
үлестірмелі қағаздар, көпжақтар, компьютер,
проектор,
презентация.
Сабақтың өту
барысы:
-
Тақырыпты анықтау,
ұйымдастыру
-
Үй жұмысын
тексеру
-
Оқыту мотивациясын құру
сәті
-
Білімнің
маңыздылығы
-
Есептер
шығару
-
Сергіту сәті-
1мин
-
Рефлексия-
2мин.
Сабақтың
барысы:
-
Сыныпты қарсы алу, сәлемдесу;
«Шаттық шеңбері» - 2 мин.
Мақсаты: ҰБТ- ны жақсы
тапсыруға өз тілектерін айту.
Қайырлы таң,
достым!
Қайырлы күн
болсын,
ҰБТ-да жолың
болып,
Болашағың жарқын
болсын!
-
Сабақтың тақырыбын, мақсатын
анықтау – «Көпжақтар» тақырыбына «Кроссворд
шешу»
Егер сендер мына кроссвордты
дұрыс шешсеңдер, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы
айқындалады.Бүгінгі сабағымыз басқа сабақтардан өте ерекше
болмақ.
Cұрақтары:
-
Барлық қырлары тең тікбұрышты
параллелепипед – куб.
-
У=2х+1 қандай функция-
өспелі.
-
Жазықтықтағы қиылыспайтын
түзулер- параллель
-
Стереометрияның негізгі
фигураларының бірі- жазықтық.
-
Дұрыс пирамиданың бүйір
жағынан түсірілген биіктік- апофема.
-
Нүктенің арақашықтығын
сақтайтын кеңістіктегі түрлендіру-
қозғалыс.
-
Дәлелдеуді қажет ететін
сөйлем- теорема.
-
Дәлелдеуді қажет етпейтін
сөйлем- аксиома.
-
Шеңбердің центрінен оның
кез-келген нүктесіне дейінгі қашықтық-
радиус.
Крассвордты шешу арқылы
оқушылар сабақтың мақсатын өздері
айқындайды.
- Бүгінгі сабағымызды өткізу
үшін сабағымыздың тақырыбы мен мақсатын анықтап
алдық.
«Фронтальды сұрақтар»
қою:
«Призма» тақырыбына
арналған сұрақтар:
-
Призманың қандай анықтамасын
білесіңдер?
-
Призманың түрлері
қандай?
-
Призманың элементтерін
атаңдар.
-
Призманың диагональдық қимасы
қалай өтеді?
-
Дұрыс призма деп қандай
призманы айтамыз?
-
Призманың бүйір бетінің ауданы
мен толық бетінің ауданы қалай есептеледі?
«Пирамида» тақырыбына
арналған сұрақтар:
-
Пирамиданың қандай анықтамасын
білесіңдер?
-
Пирамиданың түрлері
қандай?
-
Пирамиданың элементтерін
атаңдар.
-
Пирамиданың диагональдық
қимасы қалай өтеді?
-
Дұрыс пирамида деп қандай
пирамиданыны айтамыз?
-
Пирамидадан қиық пирамиданы
қалай алуға болады?
«Дұрыс көпжақтар»
тақырыбына арналған сұрақтар:
-
Қанжай көпжақ «дұрыс көпжақ»
деп аталады?
-
Дұрыс көпжақтың түрлерін
атаңдар.
Енді үй жүмысын тексерейік. Ол
үшін «Сәйкестендіру» тапсырмасын
орындайық.
-
«Сәйкестендіру» жұмысы
орындалып болған соң тақтада дұрыс жауаптары көрсетіледі. Әр оқушы
өз жұмысын тексереді. Дұрыс не қате екенін қызыл, жасыл, сары түсті
қағаздарды көтеру арқылы анықтаймыз.
Әр оқушы өзін
бағалайды.
Енді біз көпжақтарға арналған
есептерді шешеміз. Ол үшін жұптық жұмыс
жүргізейік.
Әр жұпқа деңгейлік
тапсырмалар беріледі. Жұптар оқушылардың деңгейіне байланысты
беріледі.
Жұптық жұмысты тексеру
критерийлері беріледі.
Жинақталып, тиімді әдіс-
тәсілдерді қолданып, уақытты үнемдеп, барлық алған білімдеріңді
тиімді қолдануларыңды сұраймын.
Алдымызда ҰБТ күтіп тұр, сол
сынақтан сүрінбей өтулеріңе тілектеспін.
-
Есеп:
Тік бұрышты параллелепипедтің
биіктігі 8см, ал оның табан қабырғалары 6 см және 5 см.
Параллелепипедтің көлемін табыңдар.
Жауабы:
8*6*5=240
см3.
-
Есеп:
Тікбұрышты параллелепипедтің
ұзындығы 22см, ені 10см, биіктігі 16см тең. Параллелепипедтің толық
бетінің ауданын табыңдар.
Жауабы:
1464см2.
-
Есеп:
Пирамиданың табан қабырғалары
6см, 10см, 14см болатын үшбұрыш. Пирамиданың әрбір қыры табанымен
450
бұрыш жасайды. Пирамиданың
көлемін табыңдар.
Жауабы:
70см3.
-Алғашқы дұрыс шығарған жұп
тақтаға жазып, шығарып көрсетеді.
Үлгерімі төмен оқушылармен
жұмыс жүргізу:
№1.
-
Табаны параллелограмм болатын
призманы ...................... деп
атайды.
-
Тік бұрышты параллелепипедтің
өлшемдері 4,5,6 см болса, көлемін тап.
№2.
-
Пирамиданың төбесінен оның
табан жазықтығына түсірілген перпендикуляр
..................................................... деп
аталады.
-
Кубтың қыры 5см болса, көлемін
тап.
№3.
-
Тік бұрышты параллелепипедтің
көлемінің формуласы:
..........................
-
Егер тікбұрышты
параллелепипедтің өлшемдері 2,3,6 болса, оның диагоналі нешеге тең
болады?
№4.
-
Әрі тік, әрі табаны дұрыс
көпбұрыш болатын призманы
................................................... деп
атайды.
-
Призманың элементтерін
ата.
№5.
-
Пирамиданың элементтерін
ата.
-
Кубтың қыры 6см болса, көлемін
тап.
№6.
-
Кубтың көлемі
125см3
болса, оның қыры нешеге тең
болады?
-
Табаны параллелограмм болатын
призманы ...................... деп
атайды.
Қабілетті оқушылармен жұмыс
жүргізу:
Алдымызда ҰБТ күтіп тұр, сол
сынақтан сүрінбей өтулеріңе
тілектеспін.
-Көпжақтар күнделікті
өмірде қолданылады ма?
Иә: архитектурада,
құрылыста, ауыл шаруашылығында.
Біздің негізгі мақсатымыз –
мектептегі алған білімімізді өмірде дұрыс қолдана білу. Сондықтан,
мен сендерге күнделікті өмірмен байланысты есеп ұсынғым
келеді.
Есеп:
-
сурет 2-
сурет
Мына суретте тұрғын үй
берілген. Бұл үйдің шатыры пирамида
тәріздес.
2-суретте осы шатырдың
математикалық моделі берілген және кейбір қырларының ұзындықтары
берілген.
Берілген суретте шатырдың
едені- АВСД квадрат, EFGHKLMN- тұрғын үйдің шатырын ұстап тұратын
бөренелердің пішіні – тікбұрышты параллелепипед болып келеді. Е- АТ
қырының, Ғ- ВТ қырының, G- СТ қырының, H- ДТ қырының ортасы.
Пирамиданың барлық қырлары тең және олар 12см- ге тең. Осы тұрғын
үйдің шатырының көлемін табыңдар.
Жауабы:
288 м3
Рефлексия:
Тест:
1.Өз жұмысымның нәтижесі
ретінде деп санаймын:
А. Теорияны
меңгердім. В. Есеп шығаруды
үйрендім.
С. Өткен материалды
қайталадым.
2.Есеп шығаруда Сізге сабақта
не жетіспеді?
А. Білім. В.
Уақыт. С.
Ықылас.
3.Сабақтағы қиындықтарды
жеңуде кім көмек көрсетті?
А. Сыныптастар. B. Мұғалім. С. Оқулық. D. Ешкім
емес.